Аудитолық айғақтарды жіктеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 17:07, реферат

Описание работы

Аудитті жүзеге асыру барысында ақпарат көздеріне мыналар жатады:
1) есеп пен есеп берудің деректері ішінде , бухгалтерлік , статистикалық және оперативті –техникалық мәліметтер;
2) бекітілген нормалар мен нормативтерде бизнес жоспарда, прейскуранттарда, анықтамаларда болатын жоспарлары және нормативті деректер;
3) клиент контрагенттерінің( банктер, жабдықтаушылар, тұтынушылар және басқа серіктестіктер айғақтары;
4) материалдық және материалдық емес мәліметтер көздері және т.б.

Работа содержит 1 файл

Аудитолық айғақтарды жіктеу.docx

— 16.21 Кб (Скачать)

                            Аудитолық айғақтарды  жіктеу

         Аудитті жүзеге асыру барысында ақпарат көздеріне  мыналар жатады:

1) есеп пен есеп берудің деректері ішінде , бухгалтерлік , статистикалық және оперативті –техникалық мәліметтер;

2) бекітілген нормалар мен нормативтерде бизнес жоспарда, прейскуранттарда, анықтамаларда болатын жоспарлары және нормативті деректер;

3) клиент контрагенттерінің(  банктер, жабдықтаушылар, тұтынушылар және басқа серіктестіктер  айғақтары;

4) материалдық   және  материалдық  емес  мәліметтер  көздері және  т.б.

            Аудитор әр түрлі көздерден алған деректер мәліметтердің түрлері бойынша ,кім қалай ұсынады , соған байланысты топтары және дәлелдеу күші  (мәні) бойынша жіктеледі.

           Біріншіден- олар тікелей және жанама айғақтар деп бөліну мүмкін.

         Тікелей айғақ – бұл бастапқы  құжаттармен және есеп тіркелімдермен  бекітілген дәлел. Мәселен түгендеу  және салыстыру тізілімдерімен  бекітілген кем шығу фактісін айтуға болады.Мұндай дәлел өз кезегінде материалдық және материалдық емес көздерге бөлінеді:

 а)құжаттарды және заттай объектіні(объектінің шынайы жай –күйі) материалдық көздерге жатқызуға болады;

 б)материалдық емес көздер –сәттік құбылыстар ,сондай-ақ аудиторға қажеттті мәліметтерге ие  заңды және жеке тұлға.

         Екішіден , құжатттардәлелу мәні бойынша 4 топқа бөлінеді, атап айтқанда бастапқы, жиынтықты, бейресми және қосалқа:

а) бастапқыға шаруашылық операцияларды бейнелейтін немесе олады  шаруашылық операцияларды жүзеге асырудың негізгі болатын немесе операцияларды, фактілерді  оқиғаларды және т.б растайтын құжатттар жатады;

ә) жиынтықты – бұл әр түрлі мәліметтерді  ірілендіріп көрсетеді. Олардың ең басты ерекшелігі – қайталамалығы болып табылады.Жиынтық құжаттардың шаруашылық операциялармен байланысы жоқ. Онда тек қана бастапқы құжаттардың мәліметтері бойынша осы операциялар тіркеледі,

б) қызметкер  өз бастамасымен қандай да бір ережені сақтамай немесе стандаттарға сүйенбей жасайтын құжат бейресми деп аталады;

в) қосалқы құжаттарда тексерілген кәсіпорындардағы зерттелген процестер мен құбылыстар бойынша жеке тұлғаннның пікірі баяндалады.

    Үшіншіден тауар-материалдық құндылықтардың пайдалану деңгейін, сақталуын , сапасы мен санын, орындалған жұмыс пен қызметтің мөлшері және құжат мәліметтерді шынайлығын анықтау үшін қажетті басқа да параметрлерді анықтауға мүмкіндік беретіен заттай объектілер мәліметтердің  материалдық көздері ретінде болады.

     Төртіншіден, аудитор алған барлық акпараттар дәлдік деңгейі бойынша категориялық  шартты түрде дәл және бағдарлы, деп 3 топқа бөлінеді :

а) тұжырымды ақпарат абсолютті дәл болады, өйткені ол бастапқы құжаттарды заттай объектілерді және сәттік құбылыстарды аудитордың тексеруі нәтижесінде қалыптасады;

ә) шарттты түрде  дәл болатын ақпарат аудитор қандай да бір маңызды құжаттардың , фактілердің болмауынан немесе басқа себептер бойынша оның абсолюттік тұрғыдан дәлдігін өз бетінше дәлелдей алмайтын жағдайда қалыптасады;

б) бағдарлы ақпарат  аудитордың есептерінде  мысалы болуы  ықтимал ысырап мөлшері алынбаған  табыс және т.б көрінуі  мүмкін.

Жалпы алғанда, аудитордың қолындағы дәлелдердің толық болуы мен олардың сапасы көбінесе қолданатын аудит әдістерінің жіктелген деңгейіне байланысты болады.

Бесіншіден, жеке топтағыға тексерілген кәсіпорының мамандары ұсынылатын айғақтар жатады . Аудитор оларды қаржылық есептеме мен басқа да ақпарат көздерімен сәйкестігі , шындыққа жанасымдалығын тұрғысынан бағалайды. 
 

Информация о работе Аудитолық айғақтарды жіктеу