Аудит әдістерінің дамуыжәне оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 23:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұуйымдастыру – құқықтық нысандары мен меншіктін сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизіміне түбегейлі әсер етті.
Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды элементтері біріне айналып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................3
I тарау. Аудиттің мәні, мақсаты және түлері.................................5
Аудиттің маңызы мен мақсаты…………………………………5
Аудиттің бағдарламасы мен әдістері…………………………..8
Аудит субьектісі және оның құқылық негізі…….....................10

II тарау.Аудит теориясының негізгі элементтері............................13
2.1 Аудит теориясының негізгі элементтері...................................13
2.2 Аудит қызметінің этикасы...........................................................16
2.3 Сыртқы аудит және оның негізі..................................................17

III тарау. Аудиттің мәлімет көзі........................................................23
3.1 Аудит мәлімет құрамы...............................................................23
3.2 Аудитті ұйымдастыру және оның орындалу тәртібі..............24
3.3 Аудиттің басқа да түрлері және ілеспе қызметтері.................26

Работа содержит 1 файл

курс работа.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

Сыртқы аудиттің обьектісі – ол, шаруашылық субьектілері. Сыртқы аудит қызметін атқарушылар және ауди т фирмалары.  Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік иесінің мүддесін қорғау, яғни, акционердің кәсіпкершілік үшін арнаған қаржы қандай жағдайдаіске асырылуда?- деген сұрақ ерекше орын  алады.

Сыртқы аудиттің мазмұнын кеңірек түсіндіру үшін төөмендегі схеманы келтіреміз.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыртқы аудит  өзінің жұмыс процесінде ішкі аудит  сомасына баға береді. Қаншалықты тиімді жүргізілетінің тиімділігін, сенімділігін, оның аудит барысындағы рөлін анықтайды. Ондағы негізгі мақсат ішкі аудит қаншалықты аудит күдігін жеберетінін, аудит стандартын қандай дәрежеде дұрыс қолданатынын анықтау. Ішкі аудит жұмысын тексерген сыртқы аудит өзінің ойын, жетістіктерін және кемшіліктерін,  жетіспеушіліктерін жазбаша түрде анықтап басшыларына тапсырады.

Сырқы аудит  соңғы жылдары тек қана қаржы  ақпаратын тексеріп қана қоймай кәсіпорын  шаруашылығына экономикалық талдау жасап, оның кәсіпкерлігініңтабыс сомасына баға береді, оның жұмысының табыстылық және экономикалықтиімділігін анықтайды. Сыртқы аудитті қазіргі кезде « Заңды аудит» деп атайды.Себебі,ол тапсырушы алдында тәуелсіз, тек қана сыртқы мәлімет пен пайдаланушылар алдында ғана жауапкершілікте.

Заң күшіндегі  актілеріне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер ақша құралдарын қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі сәйкес шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылықтың банк мекемелері арқылы ақша құралдарырының есеп айырысу операциялары есеп айрысу, валюталық, ағымдағы, ашылған аккредитивтерге және басқада шоттарда сақтауға, ұзақ және қысқа мерзімде несиелер алуға, олардың төленуіне және қайта толықтыруларына міндеттемелер жөніндегі басқа заңды тұлғаларға ақша аудару жолымен жүзеге асырылатын төлемдерге, шоттардағы жаңылыс немесе қате жазылған жазулар бойынша қызмет көрсететін банк мекемелеріне шағым талап жасауға байланысты туындайды.

Банктерден  шот ашу, оны рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ нақты ақшасыз есеп айрысуға байланысты операцияларды жүзеге асыру Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі анықтаған нормативті құжаттарында белгіленген тәртіптің негізніде реттеледі. Яғни, Ұлттық Банк ақша несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің кассалық орындалуын жүзеге асырып жиынтық валюта жоспарын қалыптасытруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, заңды тұлғаларға несие беруді, оның қойылымын анықтауды, қаржыландыруды және есеп айрысу қызметін атқарады. Шаруашылықтың ақша құралдарының айналымына олардың мақсаты жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Банктегі ашылған шоттар арқылы шаруашылықтың тапсырмасы өтініші бойынша нақты ақшасыз жүзеге асыратын операцияларға аудиторлық тексеру жүргізерде, аудитордан банк операцияларын ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып, бағдарлама жасау талап етіледі. Бағдарламада қаралатын басты мәселелер түгелдей қамтылуға тиіс. Тексеру барысында бағдарламаға толықтырулар және өзгерістер енгізіліп отырылады. Банк операцияларының аудиті мынадай басты мәселелерді қамтиды:

- есеп айрысу, валюталық ағымдағы және басқада  шоттар қандай банк мекемелерінде ашылғандығын анықтауды;

- есеп айрысу, валюталық ағымдағы және басқада  шоттарды ашуға байланысты банк  мекемелеріне табыс етілген құжаттарының  шоттарды ашуға берілген өтініш;

Аудитор валюталық шоттағы операциялардың аудитінде келесілерді анықтау қажет:

  • Қандай банк мекемесінде валюталық шот алынғандығын;
  • Банк көшірмесінде сомалардың оларға тіркелген алғашқы құжаттардағы сомаларға сәйкестігін;
  • Сыртқы экономикалық қызмет кезінде есеп айырысулар нысандарының қолдану дұрыстығын;
  • Валюталық шотты ашқаны үшін сыйақы дұрыс төленуін;
  • Валютаны сатып алу және сату бойынша операциялардың есепте дұрыс көрсетілуін;
  • Бағамдық айырмашылықтардың есепте анықталуын және көрсетілуін;
  • Бухгалтерлік өткізбелердің дұрыстығын. Банк көшірмелеріндегі жазулардың №2 журнал-ордермен және бас кітаппен сәйкес келуін;
  • Резидент болып табылатын экспортер – ұйымдардың валюталық түсімдерінің олардың транзиттік валюталық шоттарын толық және өз уақытылы есептелуін және т.б.

Аудитор валюталық  ресми және нарықтық бағамдардың сәйкессіздігінен пайда болған бағам айырмашылығын бағамдық қисықтың сомасынан ажырата білу қажет.

Аудитор валюталарды  сатып алу үшін және сату кезінде бағамдық қисықтан алынған айналымның көп сомасы жылдық жиынтық табыс және шегеріс жасау туралы шамасына ықпал етуі керек.

Аудитор кассалық есеп жүргізу тізімінің сапалы толтырылуына ерекше назар аудару керек.

Аудитор негізгі  құралдардың техникалық қалпында, белсенді бөлігінің тиімді қолданылуына –  бұл шаралар экстенсивті және қарқындық күшейту жолдарымен көтерілетінін талдай отырып, жетілуіне ерекше назар аудару керек. Вексельдер қозғалысы бойынша шоттардың корреспонденциясына тиесілі бөлімдерінде көрсетіледі. Аудитор банктегі арнайы шоттардағы нақты қаражаттарға аудиторлық тексеру жүргізгенде 4223 «Банктердегі арнайы шоттардағы нақты қаражат» шотында сақталатын ақша қаражаттарының көздерін анықтауға тиісті:

  • үкіметтің жәрдемі ретінде бөлінген қаражаты;
  • жергілікті бюджеттен мектепке дейінгі балалар мекемелеріне бөлінген мақсатты қаражаттарды;
  • мәдени ағарту мекемелеріне демалыс үйлеріне, санаторияларға, лагерлерге бөлінген кәсіподақ ұйымдарының және басқада көздерден бөлінген қаржыларды;
  • ата–аналардың бала-бақша мекемелеріне балалары үшін аударған қаржыларын;
  • кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоғырландыруды талап ететін күрделі қаржыландыруға бөлінген қаржыларды.

Сондай-ақ аудитор  жол үстіндегі ақшалай аударымдардың  нақтылығына, бухгалтерлік корреспонденцияларының дұрыс берілгендігіне, бастапқы құжаттарындағы жазулармен есеп регистрлеріндегі, машина жазбалардағы және бас кітаптағы жазулармен сәйкестігіне назар аударуға тиіс.

Қазақстан Республикасында  резиденттер мен резиденттер  еместердің шетел валюталарын әкелуі шектеусіз, ал республиканың аумағына әкетуге шектеу қойылып, кеден заң  талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Шетел валюталарымен жасалған операциялар валюталық кіріс және шығыс ордерін толтыру арқылы жүзеге асырылады. Банк мөрімен және кассирдің орындаушымен бақылаушының қойған қолдарымен куаландырылған банктің валюталық кіріс ордері, кассалық валюталық шығыс ордерін толтыру үшін негіз болып табылады. Тапсырмамен нақты берілген валюта валюталық шығыс ордері толтырылып, банк куаландырылған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі кассалық валюталық кіріс ордерін жазу үшін негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III тарау. Аудиттің  мәлімет көзі

3.1  Аудит  мәлімет құрамы

 

Аудит экономика  мәліметі жүйесіне негізделген. Ол сонымен қатар басқарушылық шешімге негіз болады. Өз кезегінде, мәлімет ағымын тиімді ұйымдастыру үшін белгілі принциптерді анықтау қажет. Ол принциптер: мәлімет қажеттілігін анықау, оны тиімді түрде қажетіне сай етіп дайындау; өндіріс барысын нақты; дұрыс көрсету; бөліну, тұтыну және сату барысының мәліметін анықтау; еңбек, қаржы, материалдар ресурсының есебі;мәліметті жоспар жасауға және басқару барысында қолдану принципі.

Қазіргі кезде  кәсіпорын мәліметіне, мазмұнына  төмендегідей түсініктеме беруге болады. Экономикалық мәлімет, мазмұны жағынан  өте күрделі, құрамы жан-жақты болып  келеді.

Аудит мәліметінің  көзі, олар бухгалтерлік, аналитикалық және есептен тыс мәліметтер.

Аудитор  өзінің  жұмысында осы құжаттар арқылы, фактілерді дәлелдеу мақсатымен жұмыс қағазын жүргізеді. Себебі, тексеру барысындағы фактілер рек құжаттар арқылы анықталады.

Аудит барысындағы  жиналған құжаттарда жүйелеу, мазмұн – мағынасына сәйкес топтау, ол аудитордың жұмыс қағазында тіркеледі.

Аудитор тексеру  актісін жасау үшін сол жұмыс  қағазындағы мәліметтерді талдау арқылы өз ойын, қорытындыларын дәлелдейді.

Қорыта келгенде, аудитор әр түрлі құжаттар арқылы жан-жақты материалдар дайындап шаруашылық субьектісінің табыстылық, қаржылық есептерін тексеріп, таза пайда сомасының дұрыс анықталғандығын дәлелдеп аудиторлық қорытынды дайындайды. Онымен қоса жұмыс қағазындағы жиналған фактілерге сүйене отырып кәсіпорын шаруашылығының тиімді даму жолына байланысты өзінің пікірін айтады.

Аудитор түгендеу жүргізу кезінде орындайтын рәсімдер:

    • Түгендеу комиссиясының мүшелерінің өз міндеттерін қалайша тиімді орындап жатқандығын бақылау;
    • Түгендеу тізімдерінің, салыстыру ведомосттарының (егер олар құрастырылатын болса) толтырылуын қарап шығу;
    • Консигнациялық тауарларға (егер олар бар болса) ерекше көңіл бөлу;
    • Басшылықтың есептеу дәлдігін тексеретіндігіне және айырмашылықтарды, алшақтықтарды жіті қадағалап отырғандығына көз жеткізу;
    • Есептеуші қызметкерлерге және басшылыққа кез келген проблемалық учаскелер туралы сұрақтар қою;
    • Барлық түгендеу тізбелерінің дұрыс толтырылғандығына, жазбалардың сапалы жасалғандығына көз жеткізу;

Есептеудің  адекваттылығы және тауарлы-материалдық  қорлардың бар болуы мен қалпы, күйіне қатысты алынған растаулардың, дәлелдердің сәйкестігі туралы пікір қалыптастырады.

 

3.2 Аудитті ұйымдастыру және оның орындалу тәртібі.

 

Аудит жүргізу үшін шаруашылық субьектілері аудит фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасауы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме хат жазуға тиісті.

Аудитордың  міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдыңдағы  жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет- мақсаттарды орындау үшінкөрсететін қызметіне анықтама беру.

Міндеттеме  хаттың түрі және мазмұны тапсырушы  талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:

  • қаржы есебін тексерудің мақсаты;
  • тапсырушылардың тексеруге мәліметтердің дұрыстығына жауакершілігі;
  • аудит жұмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмы бабындағы қолданатын заң құжаттары және ереже – нұсқаулар, нормативтік құжаттар;
  • тапсырылатын аудит есебінің, аудит қорытындысының үлгісі;
  • жүргізілетін аудит жұмысының  бағдарламасы;
  • аудит жұмысының төлем ақысы.

Аудит келісім – шартының мазмұны бірнеше  бөлімнен тұрады:

Бірінше бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі.

Екінші  бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жұмысын орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық құпиялықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттері аталып көрсетіледі.

Үшінші  бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады.  Мысалы, аудит жжұмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, есептерді уақтылы беру. Қажет болған ағдайда әр түрліанықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттерді орындауы қажет.

Аудиттің мақсаты: аудитор тапсырушыларға қандай қызмет көрсететінін, субьекті шаруашылығына қандай қызмет көрсететінің, субьекті шаруашылығына қанда экономикалық көмегі тиетінін дәлелдеу үшін біріншіден, өзінің мақсатын анықтау қажет.

Сол үшін, аудитор  бухгалтерлік есептің нақты құжаттарына, есептеріне зерттеу, талдау жасау арқылы субьектінің бухгалтерлік есебіндегі кемшіліктерді, экономикалық жұмысындағы кемшіліктерін атап көрсетіп, сол кемшіліктерді түзету жолын айтып, тапсырушы алдында сенімділікке ие болуы қажет.

Аудт мақсатында – аудиторлық күдіктілік орын алады. Онда аудитор, аудитор күдігіне баға беруге міндетті. Негізінде, аудитор күдігі дегеніміз – аудит жұмысы біткенннен кейін анықталатын қаржы есебінде жіберілген қателер.

Оның  өзі аудит теориясында үшке  бөледі:

1. Есеп құрамындағы  күдік ішкі аудит кемшілігіне  сәйкес жіберілетін қателерге байланысты аудит күдігі.

2. Ішкі аудит  күдігі – бұл күдік бухгалтерлік  есептерде жіберілген қателіктерге  байланысты кемшіліктер.

3. Анықталмаған  күдік шаруашылық операцияларының  бухгалтерлік есептке дұрыс алынбау  себебінен болатын күдік.

Күдіксіз –сенімді аудит қорытындысы, аудиторлық тексеру барысында ешқандай қате қаржылық есебі мүлтіксіз дұрыс болған жағдайда, бухгалтерлік есеп заңдылықпен, мемлекет бекіткен ереже – нұсқау талабына, бухгалтерлік – аудиторлық стандартқа сәкес жүргізілген жағдайда ғана беріледі.

 

3.3  Аудиттің  басқа да түрлері және ілеспе  қызметтері

 

Аудитттің басқада  түрлеріне экологиялық, операциялық  және қайырымдылық көрсетуші ұйымдар жатады.

Экологиялық аудит - бұл қоршаған ортаның нақты жадайының ішкі және сыртқы экологиялық стандарттарының алғашқы белгіленген ауытқуларын бағалаудың тәсілі. Бұл тәсіл бойынша кәсіпорынға қауіп тұрған өмірде бар және болашақ экологиялық тәуекелділіктерді анықтауға болады.

Қазіргі кезде экологиялық аудиттті ұйымдастыру бойынша нормативтік – әдістемелік құжаттардың жобалары жасап шығарылған. Осы құжаттарға сәйкес экологиялық аудит міндетті және бастамшыл болып бөлінеді. Бастамшыл экорлогиялық аудит жетекшілердің, сонымен қатар аудиттелініп отырған субьектінің, шешім қабылдайтын басқа да тұлғалардың шешімдері бойынша жүргізіледі.

Информация о работе Аудит әдістерінің дамуыжәне оны жетілдіру жолдары