Ақшаның айналысы және оның дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 11:17, реферат

Описание работы

Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.
Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнім, оны өндірушілердің белгілі қоғамдыққатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар құны өз сатып алушының тапраса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамасы. Сондықтан да әрбір тауар қажеті тұтыну құның алу құрамы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олар мен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.

Работа содержит 1 файл

Ақшаның айналысы және оның дамуы.docx

— 53.58 Кб (Скачать)

Капиталистік қоғамдық формадамға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына»  формасында жинақтау, яғни ақшаның  қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл  экономикалық дамуға ешқандай да ықпал  еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде  айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар, несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды.

Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретінде байлықтық жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарда қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады. Өндірістік және тауар айналысының кеңеюі барысында металл ақшалар, қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.

Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:

  • кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шарттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
  • банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

[өңдеу]Дүниежүзілік ақша қызметі


Дүниежүзілік  ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді. Бұл қызметі бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейін нағыз ақшалар атқарады. 1967ж. Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті. Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К.Маркстің айтуынша ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағам металл формасын киеді яғни жалпыға беру эквивалент формасына өтеді.[1]

[өңдеу]Ақша айналысы туралы ұғым


Қайта құру кезеңіне дейін  «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал аума айналымы ұғымы бұған кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындарын ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса қолма-қаолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлуінің қарастырады.

Ақша белгілері әртүрлі  жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтері жиынттығымен қамтамасыз етілсе қолма-қолсыз рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жүйе мен қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтық қолында қанша ақша, қанша тауардың болатынын және олардың қандай бағада атылатыны белгілі болған.

Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылуы. Тауар айналымы процесіндегідегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақының жүзеге асыру негізінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасу-ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалысты, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды. Тауар сатып алынғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналысты әрқашан жүреді.

Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызметі тек сату-сатып алумен шектелмейтін түсінеміз.

Ақша айналысын реттеудің  элементі – қолма-қол ақшаның қолдану азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулары қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.

Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуін. Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайда түбірімен өзгертті.

Дамыған елдерге бұл процесс  кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырушыларының 25-27% - ды ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны, несиелік карточкалар, т.б. көмегімен жүргізіледі. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды болу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.

Бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді.

Сондай-ақ:

  • өнімді өндіру және соту процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысуларымен байланысты ақша айналымы,
  • тауарлы емес сипаттасы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы,
  • ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, неше ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.[2]

[өңдеу]Қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар айналымы


Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері айналыста жүреді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

Қолма – қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Біреу ақшаның көп бөлігін салық, тарпа, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, жалгерлік ақы, айыр пұл және т.е.е төлеуге жұмсайды.

Қорыта айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық бөлімдерінің клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің массасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма-қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.

Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) – банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар қолданылды. Олардың арасында кең тарағандары ағымдағы, есеп айырысу және т.б. шоттары. Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы: туралы операциялар бойынша және қаржы міндеттемелері бойынша болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ал екіншіге бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғадан алынатын табыс салығы төне басқа міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік борыштық өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептеу жатады.

Айналыстағы ақша алма-кезек біресе айналыс құралы, біресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегінде,қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір-бірне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналы аясынан екіншісіне өтіп, бірақ айналыс аясынан кетпей оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржылық аударылуы – қолма-қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма-қол төлем айналымы қолма-қол ақша айналысынан ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп мемлекеттің бірыңғай ақша айналымын құрайды.

Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент-қолма-қол ақшаны пайдалану аясын тарылту. Қазір бұл мәселе біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма-қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек сауда мен есеп айырысу үшін есептеу чектерін енгізумен шектелуде.

Эконмикасы дамыған мемлекеттерде ақша айналымын басқаратын экономикалық әдістерді енгізу процесі кең тараған. Мысалы, АҚШ-та халықтың барлық төлемдерінің тек 1,4 бөлігі ғана қолма-қол ақша төлеумен жүргізілсе, қалған төлемдер чектермен, несие карточкалармен және т.е.е. жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз есептесуді жетілдірудің қаржының айналмалылығын жеделденуге айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор. [3]

[өңдеу]Ақша айналысының заңы, массасы және ақша базасы


[өңдеу]Ақшаның металдық теориясы


Бұл теориялық өкілдеріне капиталдық алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантилистер (Томас Мэр, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік сипатты, себебі бұл теориялық пайымдауынша ақшаның рөлінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейдеметалдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М.Сперанский болып табылды. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы ХІХ ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи кезең, яғни ақша жүйесінің жоғары және күрделі формаларына өту кезеңі болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы ХХғ. дүниежүзілік экономиканың шеңберіне сыймады. Өндірістің дамуы ақша базисінің адекватты түрінің болуын талап етті. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді. Металдық теорияның қайта жандануы ХІХғ. екінші жартысында алтын – монета стандартының Германияда 1871-1879жж. енгізілуімен байланысты болуы.

Неміс экономистері (К.Кинс және т.б.) ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын. Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездегі ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж.Рюэфф және М.Дебре, ағылшын экономисі Р.Нарру халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынды. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда. АҚШ-тың экспрезиденті Р.Рейган сайлау алдындағы күрес кезінде алтын стандартын қайта оралуы мүмкін деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезінде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бірақ ол комиссия алтын стандартын енгізу онша қажет емес деген шешімге келеді. Жалпы алтын стандартының мағыналы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру-натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзгіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюының басты себебі, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрізді аса маңызды қасиетінің жоғалуы т.б. пайда болады.

Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны  бағалы метталдық N мөлшеріне берілген құжат ретінде біртіндеп иелерінің  эмиссиялық орталыққа, оның ішінде мемлекетке деген сенім ауысады. Үкіметке деген  сенімсіздік, соғыстар және басқа да форс – мажорлық жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуіне әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.

Қазіргі жағдайдағы алтының  негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретінде қызмет етуімен, несие  алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат  болып қала беруімен сипатталады.

Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басынан өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданылысынан кейін адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдық ақша ретінде қызмет етуінен барып, одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады. Осылайша, Ежелгі Римде жануарлардың суреті бар мыс және қаладан жасалған пластикалар, кейіннен екі жағында суреті бар, және 2 фунт массасындағы кружкалар пайда болды.

[өңдеу]Монета


Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтың құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі. Мемлекет сынаманы (пробаны), массасын, типін ремедмумды, эмиссиялау, ережесін және т.б. белгілейді. Монетада бет жағы – аверс, келесі жағы реверс, кесіндісі-гурт болып ажыратылады.

Егер монетаның коминалды  құны құрамындағы металдық құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері биллонды ақшалар деп аталады.

Монеталық ақшалар айналысы тарихында мынадай түсініктермелер бар:

[өңдеу]Биметаллизм


Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент рөлін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады. Монометализм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.

[өңдеу]Қағаз ақшалар


Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттіліктері мен байланысты.

Бірақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.з.д. І-е тән, яғни ол кездегі теріден тасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың меншігінде болған.

ХІІІғ. Марко Поло Қытайда ағаш қабығынан жасалған ақшаларға кез болды, ол сол уақытта қағаз қызметін атқаратын болса, оның кең тарады. ХVIIғ. аяғында капиталистік тауар өндірісінің дамуынан бастау алады. 1690ж. Солтүстік Америкада, 1716 жылы Францияда,1762 жылы Австрияда, 1795 жылы АҚШ-та қағаз ақша шыға бастады. Ресейде қағаз ақша ассигнациясы Екатерина ІІ-нің басқаруы тұсында 1769 жылы жүргізілді. Ақша императоршаның бейнесімен өрнектелгендіктен, халық оны «катенька» деп атады.

Информация о работе Ақшаның айналысы және оның дамуы