Ақша аударымның есебі. Банктердегі басқа арнайы шоттар бойынша операциялардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 19:34, реферат

Описание работы

Аударылған,бірақ әлі кәсіпорындар мен ұйымдардың шотына келіп түспеген,яғни кіріске алынбаған ақшалар-жолдағы ақшалар болып саналады,ал олардың есебі 1020 «аударылған жолдағы ақшалар» деп аталатын шотта жүргізіледі.Бұл шот ай соңында кәсіпорындар мен ұйымдарға басқа кәсіпорын,ұйым немесе фирмалардан аударылған,бірақ әзірге келіп түспеген,яғни кіріске алынбаған жолдағы ақшалар жайлы ақпараттарды қорытындылауға арналған.

Работа содержит 1 файл

Ақша аударымның есебі.doc

— 29.50 Кб (Скачать)

Ақша  аударымның есебі. Банктердегі  басқа арнайы шоттар бойынша                    операциялардың есебі.

Аударылған,бірақ әлі кәсіпорындар мен ұйымдардың шотына келіп түспеген,яғни кіріске алынбаған ақшалар-жолдағы ақшалар болып саналады,ал олардың есебі 1020 «аударылған жолдағы ақшалар» деп аталатын шотта жүргізіледі.Бұл шот ай соңында кәсіпорындар мен ұйымдарға басқа кәсіпорын,ұйым немесе фирмалардан аударылған,бірақ әзірге келіп түспеген,яғни кіріске алынбаған жолдағы ақшалар жайлы ақпараттарды қорытындылауға арналған. Бұл шотта кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің қарамағындағы фирмалардың,бөлімшелердің,сондай-ақ сатып алушылардың ұйымға банк мекемелері,сақтық кассалары,почта бөлімшелері арқылы аударған,бірақ кәсіпорынның тиісті шотына әлі түспеген,аударылғандығы  тиісті құжаттармен дәлелденген ақшаларды есептейді.

 Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады.Бұл шотта ашылған аккредетивтегі ақшалар,чек кітапшаларындағы ақшалар,банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай шоттарда ақшалар есептеледі.

Жалпы барлық кәсіпорындар мен ұйымдар  жоғарыда аталған «аккредетивтегі ақшалар»  деп аталатын шоттарында жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың,фирмалардың аттарына ашылған аккредетивтегі ақшаларын есептейді.Негізінен есеп айырсудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады.Аккредетивті кәсіпорынның заңды немесе жеке тұлғаға аккредетивте көрсетілген келісімшарттың орындалғандығына қарай белгіленген сомманы төлеу туралы тапсырмасы.

Аккредетивтердің  өтелген,өтелмеген және кері шақырылатын,кері шақырылмайтын түрлері болады. Өтелген аккредетивтер-тапсырыс берушінің өзінің шотындағы ақша қаражаты есебінен немесе оған қызмет корсететін банктің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет көрсететін банкке келісімшарт бойынша алдын-ала аударылған қаржысы болып есептеледі.

Өтелмеген аккредетивтер-сатып алушы кәсіпорынмен жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет көрсетуші банк мекемелері арасында аккредетивте көрсетілген қаржы соммаларын аударуға тек қана келісімшарт жасалып келісілген, яғни ақша әзірге аударылмаған болса-өтелмеген аккредетив болып саналады.

Аккредетив  ашу жайлы келісімшартта қарастырылған  келісімдерді жоюға,өзгертуге тек  сатып алушы,яғни қаржы төлеуші  кәсіпорынның ғана құқы болса,ондай  аккредетив-кері шақырылатын аккредетив түріне жатқызылады.

Аккредетив  ашу туралы екі кәсіпорынның арасындағы келісімшартта қарастырылған келісімдерді жабдықтаушы кәсіпорынның келісімінсіз жоюға немесе өзгертуге болмайтын аккредетив-кері шақырылмайтын аккредетив болып саналады.

Аккредетивті  ашу үшін төлем төлеуші кәсіпорын  өзіне қызмет көрсететін банк мекемелеріне арыз береді және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері қажет:

1.жабдықтаушы  ұйымның аты.

2.аккредетив  ашылатын келісімшарттың көшірмесі.

3.аккредетив  ашылатын банктің аты.

4.аккредетивтің  орындалатын уақыты және жері.

5.аккредетивтен  төлем төлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты аты.

6.аккредетивтің  түрі.

7.аккредетивтің  қандай тауарға,затқа немесе орындалатын  жұмысқа төлем төлеуге арналғандығы  және оны төлеу үшін банк  мекемесіне табыс етілетін құжаттардың  тізімі.

8.аккредетивтің  соммасы.

 Жабдықтаушының банкісінде аккредетив мынадай жағдайларда жабылады:

1.аккредетивтің  мерзімі біткенде.

2.аккредетивті  жабу туралы жабдықтаушының берген  арызы бойынша.

Аккредетив  жабылған уақытта пайдаланылмаған сома сатып алушының банкісіндегі тиісті шотына аударылады.

Банктердегі басқа арнайы шоттар бойынша операциялар  есебі 1060 «өзге шоттардағы ақша қаражаты»  шотында есептеледі.

Информация о работе Ақша аударымның есебі. Банктердегі басқа арнайы шоттар бойынша операциялардың есебі