Ақша қаражат есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 07:08, реферат

Описание работы

Операциялық қызмет, ол кәсіпкерлік ұйымның әдеттегі қозғалыстар нәтижесіндегі ақша қаражат қозғалысы (кірістері, шығыстары).
Инвестициялық қызмет – кәсіпкерлік ұйымның ақша баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтерді сатып алу,сату, өтенілетін несиелерді беру және алу.
Қаржылық операциялар- кәсіпкерлік ұйымның меншік капиталы мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістері болып танылады.

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражат есебі.docx

— 21.21 Кб (Скачать)

                Ақша қаражат есебі 

Ақша қаражат деген  – ол кәсіпорын кассасындағы қолма  қол, ағымдағы банктік шоттардағы  ақша қаражаты. Ақшалай қаражат қозғалысы  – олардың операциялық, инвестициялық  және қаржылық ағымдардың қызметтер  нәтижесіндегі түсімі мен жұмсалуы.

Операциялық қызмет, ол кәсіпкерлік  ұйымның әдеттегі қозғалыстар нәтижесіндегі  ақша қаражат қозғалысы (кірістері, шығыстары).

Инвестициялық қызмет – кәсіпкерлік  ұйымның ақша баламаларына жатпайтын  ұзақ мерзімді активтерді сатып алу,сату, өтенілетін несиелерді беру және алу.

Қаржылық операциялар- кәсіпкерлік  ұйымның меншік капиталы мен қарыз  қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы  өзгерістері болып танылады.

        Тенгемен  ақша есебі № 7 « Ақша қаражат  қозғалысының есебі»  ХҚЕС , №  2ҰҚЕС 7  « Ақша қаражатының  қозғалыс туралы есеп» бөліміне  сәйкес, ал валютамен ақша қаражаты  № 21 «Валюталық өзгерісінің әсері»  ХҚЕС және № 2 ҰҚЕС 30 бөлімі  «Шетел валютасындағы операцияларды  ауыстыру» стандарттарда қарастырылған.  Ақша қаражат қозғалысы туралы  есеп беруде тікелей және жанама  әдістер қолданылады.

 Ақша қаражатының баламалары  – ол, қысқа мерзімді, жоғары өтімді  салымдар, жылдам арада ақша қаражатына  айналуға мүмкіндігі бар, бірақ  осының салдарынан құндылығы   шамалап  өзгерістерге тәуекелденеді  (риску),  ол-  қазыналық вексельдер, коммерциялық құнды қағаздар  және депозиттік, жинақ сертификаттар.

Вексель, ол кәсіпкерлік ұйымның  кредиторлық берешегін белгілі  мерзімге өтеп алалатын бағалы қағаз.  Депозиттік сертификаттар-ол, белгілі  мерзім өткен сон салымшы  өзінің салымдарымен пайыздарын куәләндыратын  банктің бағалы қағазы.

Бухгалтерлік есепте весельдер  сатылған, вексельге айырбасталған  тауарлар және қызметтердің нарықтық құнымен, ақашалай баламасымен немесе барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құнымен есептелінеді. Жалпы сомасы дегенміз бұл пайыз есептелінетін  сомасы болып табылады. Ал вексель  бойынша алынған төлемнің осы  жалпы сомадан артығы пайыз сомасы  болып есептелінеді. Вексельдің атаулы құны вексельде көрсетліген пайыз  сомаларын қоспағандағы  вексель  айналымы  мерзімінң соңындағы  төленуге тиісіт ақшалардың сомасы болып  табылады.  Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй  және аударылмалы  деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Жай вексель дегеніміз  төлем мерзімі келген  кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттемесінің сомасы, төленетін мерзімі мен орын, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.

Айналым үдерісі кезінде  вексель бір адамнан екінші адамға арнайы тіркеліп жазылғаннан кейін  ғана беріледі. Табыстау жазбасы вексельдің теріс жағында немесе қосымша  парғында жағзылады.

Кәсіпкерлік ұйымда ақша қаражат  иелері болып ұйым басшысы мен  бас бухгалтер саналады.

Ақша қаражат есебі  бастапқы құжаттар негізінде жауапты  мамандар бухгалтерлік есеп регистрларға жазады (компьютерде «құру»): касса -№1 ж-о, ағымдағы банктік шот - №2 ж-о, жолдағы ақша қаражат есебі - №3 ж-о, бұл журнал-ордерлерден «Ақша  қаражат қозғалысы туралы» есеп формасы (нысаны) жүзеге асырылады.

 

Кассадағы   тенгемен ақша қаражат есебі.

 

Кәсіпорын жылдам арада ақша қаржатымен есептесу барысында  кәсіпорында  касса үстауға мүмкіндігі бар. Касса, ол кәсіпкерлік ұйымның қолма-қол  ақшасына сақтандыру қамтамасыз ететін өртенбейтін темір жәшігі бар жеке бөлме. Кәсіпорын кассасына ақша қаражаты кірістеледі: құрылтайшылардан салым ретінде, сатыпалушылардан, банктік шоттан кәсіпорын қажетіне, қызметкерлерден пайдаланбаған ақша қайтарылғанда, тугендеу барысында артық шыққан ақшаның орны толтырылғанда.... Кассадан қолақша босатылады : банктік шотқа салынғанда, басқа кәсіпорынға құрылтайшылық ретінде салынғанда, қызметкерлердің жауапкершілігіне (дебиторлық берешек) берілгенде, еңбекақы төленгенді, жеткізушілерге және бюджетке салықтармен төлемдер төлеу қажетіне, басқа кәсіпорындарға кредиторлық берешек төленгенде... Кассалық есепті жүргізуге кассир жауапты тұлға болып танылады, есепті жүргізуге бақылауды бас бухгалтер жасайды.

Қолма-қол ақша арқылы есептесулер  жасау үшін, беттері міндетті түрде  нөмірленген , жібпен тігілген және жеке кәсіпкердің не ұйымның мөрімен  бекітілген, жеке кәсіпкер немесе ұйым бір ғана кассалық кітап жүргізу  қажет. Кассалық кітаптың беттері жеке кәсіпкер не ұйым басқарушысының, бас  бухгалтердің қолымен бекітіледі. Бірінші  және екінші даналарының беттері  бірдей нөмірлермен нөмірленеді. Кассалық кітапта жазулар копировальный  қағазбен, қаламмен екі дана жазылады. Екінші данасы беттері жұлынатын  болуы тиіс және ол кассирдің есебі  үшін қажет – бастапқы құжаттар тіркеліп бухгалтерияға тапсырылады. Бірінші данасы кассалық кітапта  қалады.

Түзетулер мен келісілмеген жайлар кассалық кітапта  жіберілмейді. Кітаптағы қатенің  түзетілуі «Түзетілді» деген  жазумен келісілген болуы тиіс және түзетілген мерзімі көрсетілген  кассир мен бас бухгалтердің қолдарымен расталуы керек.

Касса кіріске алынған  ақша қаражаты кіріс-кассалық ордермен рәсімделеді (кассирмен бас есепшінің  қолы қойылады), ал банктік шоттан чек  бойынша алынады, сондықтан чекке  кіріс кассалық ордер жазылады, кассадан ақша шығыс-кассалық ордер бойынша  босатылады (ұйым басшысымен бас есепші қол қояды, олармен қоса қассир және ақша алушы тұлға), банктік шотқа  хабарлама бойынша салынады, сондықтан  хабарламаға шығыс кассалық ордер  жазылады, цех немесе бөлімше жұмысшыларына  қол ақшамен еңбекақы берілсе (аванс  берілсе) төлем-ведомос (төлем тізімдемесі) бойынша беріледі, сондықтан төлем-ведомоске  шығыс кассалық ордер жазылады. Кассаға  жазылған төлем-ведомосттің ақша қандай да бір себептермен  төленбей қалса (кассадан алынбай қалған ақша) –  ол ақша депонерленген болып аталады.Кассалық қозғалыстарға кассир күнде кассалық кітабінде кассалық есебін жасайды  да кассаның соңғы қалдығын анықтайды. Кіріс-шығыс кассалық ордерлер міндетті түрде тіркеу журналға тіркеліп отырады (№, мерзімін анықтау барысында). Касса  қозғалысы кассалық есеп негізінде  №1 журнал ордерде жүргізіледі.

Кассир  кассалық есебін жасау үшін алдымен  құжаттарын реттеп (кіріс кассалық ордерлерді ретімен бір бөлек  топтастырып, шығыс кассалық ордерлерді ретімен бір бөлектоптастырып) кассалық есебіне тіркейді. Кассалық есебін жасайтын мерзімі кәсіпорынның есеп саясатында белгіленеді.

Кассалық  операциялардың  автоматталған түрінің  жүргізілу барысында, белгіленген  кассалық кітапты жүргізу ережелері  орындалуы тиіс. Қағаздық тасушыларда  басылған кассалық кітап, хронологиялық  тәртіпте біріктіріледі. Кассалық кітаптағы  жазулар қолма-қол ақшаның әр ордер немесе оны алмастыратын құжат  арқылы берілген не қабылданғаннан кейін  толтырылады. Кассир күнделікті, күннің аяғында операциялардың есебін жасайды, кассадағы қолма-қол ақшаның күн  ішіндегі қозғалыстарды, соңғы қалдығын есептеп, кассирдің есебін  жасайды.

 

Кассадағы   валютамен  ақша қаражат есебі.

Кәсіпкерлік ұйымдарда шаруашылық операциялар бойынша валюталық  касса да болуы мүмкін. Есеп жүргізу  тәртібі бірдей, тек бұл жерде  валюта түріне қарай жүргізіледі  және бағамына қарай есеп жасау мерзімде бағам айырмашылық анықталып  отырады. Валюталық курс –бір елдің  ақша бірлігі басқа  елдің ақшасымен  көрінетін бағасы. Валюта бағамын бухгалтерлік есепте көрсетілу нәтижесінде бағам айырмашылық анықталады – оң және теріс. Оң бағам айырмашылық 6250 шоттың К-не жазылады, теріс бағам айырмашылық 7430 шоттың Д-не жазылады. Мысалы, кәсіпкерлік ұйым  15.01.валюта сатыпалды теңгемен  (155000тг) ақша ауыстырғанда валюта бағамы 155тенге болды, ал  18.01. доллар бағамы 163тенгеге көтерілді, сонда валюталық кассада 18.01. он бағам айырмашылық анықталды:

 

Кассадағы ақша қаражатының, құнды қағаздардың, ақша мен байланысты құжаттардың  түгендеуі.

 

Түгендеу кассадағы ақша қаражатына ай сайын жасалады.Түгендеу жасау үшін кәсіпорын басшының бұйырығымен тұрақты комиссия құрылады. Аяқасты түгендеуге басшы жеке бұйырық береді.

Түгендеу  жасауы қолма-қол  ақшаға акті құрудан  басталады. Ақша актіге купюра және сома бойынша кіреді.

Кассаны түгендеу толық ақшалай купюраларды, бағалы қағаздарды, ақшалай құжаттарды, түрі, акт аты көрсетілген, нөмірі, сериясы  және номиналды бағасы бойынша қатаң  бланктік есепті және кассада бар  басқа бағалы заттарда тексеріс кезінде  жүргізіледі.

Нақты ақшалай белгілердің және басқа  бағалы заттардың кассада болуын санағанда, есепке қолма-қол ақша, бағалы қағаздар алынады. Заң бойынша бағалы қағаз ретінде шығаратын акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер және басқа документтер.

Ақша қаражатың  түгендеудегі актідегі жиыны, кассадағы  түгендеу күнге (мерзімге) жасалған кассирдің  есебінің қалдығымен салыстырылады, содан  кейін қорытынды шығарылады. Егер комиссиямен кемшілік немесе артықшылық анықталса, актіде сомасы көрсетіледі.

Мысалы, ұйым басшысы комиссия құрып ұйымның  кассасына түгендеу жасауға бұйрық берді. Комиссия мүшелері: Ұйымның директорының орынбасары  комиссияның төрағасы, ұйымның бухгалтері комиссия мүшесі, кассир жауапты тұлға. Түгендеу басталмастан комиссия жауапты тұлғадан қолхат алып алады, содан кейін түгендеду  бастайды.

Түгендеу  нәтижесінде жетіспеушілік анықталды 3790тг., бұл жерде кассир жетіспеушілікке  түсініктеме береді, жетпеген соманы орнына салады ККО арқылы, немесе осы  сома еңбекақыдан ұсталынады.

Жолдағы ақша қаражатын түгендеуде осы шотта  бар сомасын салыстыру жолымен  жүзеге асады:

    • қолма-қол ақша тапсырылғанда – банк түбіртегімен, пошта бөлімшесімен, инкасатордың банкке тапсырған ақшасымен қоса  жіктелім құжаттар жүретін ведомсттар  және т.б.
    • Меншіктенушімен немесе басқа ұйыммен аударылған – аударымды алғаны құжатта (авизода) көрсетіледі күні, рет нөмірі, сомасы және қызмет көрсеткен банк немесе пошта бөлімшесінің  аты.

Ағымдағы банк шотындағы  теңгемен ақша, ағымдағы шоттағы валютамен  және арнаулы шоттардағы ақша қаражатын  түгендеу, жеке кәсіпкерлердің немесе ұйымның бухгалтерлік қызметінің шоттарындағы көшірмесін қалдықтары салыстыруымен  жүзеге асырылады.

Түгендеу описьтері қағаз  және электронды түрде рәсімделеді. Түгендеу описьтеріндегі жазбалар қатесіз  орындалады. Түгендеу описіндегі соңғы  беттерде бос жолдар сызылады. Түгендеуден  кейін описьте материалды жауапты  адаммен қате табылса, ол жедел түрде (қойманың ашылуынан бұрын) түгендеу комиссиясының мүшесіне айтады. Комиссия қатені тексереді, егер шын болса, берілген ретпен түзетулер енгізіледі. Қатені түзету барлық даналарда қатені сызып, оның үстіне дұрысын жазу арқылы жасалады. Түзетулер келісіліп, комиссияның  барлық мүшесінің және материалды жауапты  адамның қолы қойылумен жасалады.Түгендеу аяқталғанда оның дұрыстығына соңғы  тексерістер жүргізіледі.Оған комиссияның  барлық мүшесінің және материалды жауапты  адам қатысады және актпен рәсімделеді. Нақты қалдықтардың жетіспеушілік пен артықшылықты жабу мақсатымен қате белгілерді описке енгізуге болмайды.

Салыстырмалы ведомстарда  түгендеудің  қорытындысы көрсетіледі  – бухгалтерлік есеп көрсеткіші мен  түгендеу описінің айырмашылығы.

Түгендеу кезде айырмышылық  анықталғанда салыстырмалы ведомсть құрылады, артықшылық -  кіріск болып танылады; кемшілік – шығыс болып танылады. Жасалған іріктеліге (ауыстырылуы) кассир коммосияға толық түсініктеме береді. Түгендеудің қорытындысы түгендеу біткен айдың бухгалтерлік есебінде және қаржылық есепте, ал жылдың түгендеуі  – жылдың қаржылық есебінде көрсетілуі керек.

Мысалы:кәсіпкерлік ұйымның  бір түгендеу тізімінде артықшылық анықталды 1459тг. ; екінші түгендеуде  2029тг. жетіспеушілік анықталды. Сонда, бірінші жағдайда бухгалтерлік жазба  жазылады Д 1010 К 6280 1459тг.; екінші жағдайда Д1280 К1010 2029тг. сомасына. Басшы кінәлі кассир деп  анықтағандықтан Д1250 К1010, кейннен кассир жетіспейқалған соманы кассаға қлдақшамен сала алады  немесе еңбекақысынан ұстатқызады, сонда бухгалтерлік проводкалар  беріледі: бірінші жағдайда Д 1010 К 1250, екінші жағдайда Д3350 К1250. 

 

Кассадағы  ақша қаражаттың синтетикалық есебі.

 

Қолмақол ақшаның есебі  бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік  жоспарының І бөлімінің 1010 есептеледі. Бұл шот активті, негізгі, ақшалай. Кассаға ақша кірістелгенде  1011, 1012.. шот активті болғандықтан Д-леді + , ақша босатылған 1011, 1012..шот К-леді - , мысалы банктік шоттан чек бойынша  ақша кіріске алынды  150000тг.(чекке  кіріс кассалық ордер жазылады) Д 1010 – 150000тг. К 1030- 150000тг., кассадан қвзметкерлерге еңбекақы төлем ведомос бойынша  босатылды 80000тг. (төлем ведомоске  шығыс кассалық ордер жазылады) Д 3350 80000тг. К 1010 80000тг.

Кассирдің кассалық есебінің қозғалыстарын бухгалтер №1 журнал-ордерге  түсіреді.

               

 

Операция  мазмұны

Шот корреспон- денциясы

Дебет

Кредит

1         

Кәсіпорын кассасына  сатыпалушыдан кірістелді              

1011

1210

2

Қызметкер пайдаланбаған  ақшаны кассаға қайтарды

1011

1250

3

Дүкеннен  сатудан түскен түсімді кассаға  қабылдады

1011

6010

4

Сатудан түскен түсімнің ҚҚС сомасы кассаға қабылдады

1011

3130



Информация о работе Ақша қаражат есебі