АҚШ мен Канаданың салық жүйесі. Америка Құрама Штаттарының салық жүйесі және оның құқықтық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 12:35, реферат

Описание работы

АҚШ салық жүйесі үш деңгейлі (федералдық, штаттардың және графиктардың, муниципалитеттердің, тауншиптердің) билік органдарына сәйкес жоғарғы, ортаншы және төменгі сатылардан тұрады. Федералдық салық жүйесіндегі салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге тұрғылықты халықтан (жеке тұлғалардан) алынатын федералдық табыс салығы; корпорациялардың пайдасына салынатын салық; әлеуметтік сақтандыруға салынатын федералдық салықтар; федералдық акциздер; кедендік баждар; мұрадан және сыйға тартудан алынатын салықтар жатады.

Работа содержит 1 файл

АҚШ мен Канаданың салық жүйесі.docx

— 15.43 Кб (Скачать)

АҚШ мен Канаданың салық жүйесі. Америка  Құрама Штаттарының салық жүйесі және оның құқықтық негіздері

АҚШ салық  жүйесі үш деңгейлі (федералдық, штаттардың және  графиктардың, муниципалитеттердің, тауншиптердің) билік органдарына  сәйкес жоғарғы, ортаншы және төменгі  сатылардан тұрады. Федералдық салық  жүйесіндегі салықтар мен  басқа  да міндетті төлемдерге  тұрғылықты халықтан (жеке тұлғалардан) алынатын федералдық табыс салығы; корпорациялардың  пайдасына салынатын салық; әлеуметтік  сақтандыруға  салынатын федералдық салықтар; федералдық акциздер; кедендік баждар; мұрадан және сыйға тартудан алынатын  салықтар жатады.

Штаттардың  салық жүйесіндегі салықтар мен  өзге де  міндетті төлемдер ретінде  саудаға салынатын жалпы салықты (немесе әмбебап акцизді); тұрғылықты халықтан алынатын  табыс салығын; корпорациялардың пайдаларына салынатын  салықты;  мұраға және сыйға тартуға  салынатын  салықтарды; мүлік  салығын  атап өтеуге болады.

Саудадан  алынатын жалпы салықтың штаттардан түсетін  жиынтық мөлшері 30% тең  келеді. Осы салықтың ставкаларын  әр шарттардың құзырлы органдары  белгілейтін болғандықтан  олардың  мөлшері әртүрлі болып келеді. Мәселен, Колорадо, Вайоминг, Канзас, Солтүстік  Каролина штаттарында-3% көлемінде алынса, ал Аламба, Айова, Луизиана,  Мичиган, Джорджия, Оңтүстік Дакота штаттарында-8%, Нью-Йоркте -8,25% мөлшерінде алынады. Бұл  жердегі  бір  қызықты жәйт,  осы салық Аляска, Дэлавер және Нью- Джерси штаттарындағы салық  жүйесінде белгіленбеген.

Штаттардағы жеке тұлғалардан алынатын салық  ставкасының мөлшері 2%-тен 12%-ке дейінгі  аралықты қамтиды.Флорида,Невада, Оңтүстік Дакота, Техас, Вашингтон,Вайоминг штаттарында  және Колумбия дистриктінде осы  салықтың түрі салық жүйелеріне енгізілмеген.

Жергілікті  жердегі саудаға салынатын салық, тұрғылықты халықтан алынатын жергілікті табыс салығы, корпорациялардың пайдаларына  салынатын салық, мұралардан  алынатын салық, мүлік салығы, акциздер, экологиялық салықтар графтықтардың, муниципалиттердің, тауншиптердің, мектеп  дистриктерінің, арнайы  дистриктердің және т.б. салық  жүйелерінен орын алған. Осы жергілікті  салықтар 80 мың  әкімшілік бірліктердің қаржылық базасын  жеткілікті  деңгейде қалыптастырып   отырғанын байқаймыз.

Жоғарыда  аталған негізгі жергілікті салықтардан  басқа әрбір құзырлы жергілікті органның өз ұйғарымы бойынша мына  салықтар мен міндетті төлемдер: мейманханалық  қызмет көрсетулерге салынатын салық; коммуналдық қызмет  көрсетуге  салынатын салық; мейманхана, телефон, газ және электр жарығы  үшін төлемақы; іскерлік белсенділігіне салынатын  салық  және т.б. белгіленуі мүмкін.

АҚШ салық  жүйесінің қызмет  атқаруының құқықтық негізгі  ретінде 1954жылы қабылданған  Қшкі табыстар кодексінің  орнын 1986жылы  заңи күшіне енгізілген АҚШ-ның  Салық  кодексі басқан болатын.

АҚШ салық  жүйесін басқару ісі Қаржы  министірлігінің  құзыретіне жатады. Салықтардың төленуіне және салық  заңдарының  дұрыс атқарылуына  жүргізілетін бақылау АҚШ Қаржы  министірлігінің Ішкі табыстар қызметіне  жүктелген. Ішкі  табыстар қызметінің  құзырындағы жеті аймақтық салық  басқармасы мен елу сегіз салық  басқармалары өздеріне тиесілі қызметтерін  атқарады.  

Жапонияның  салық жүйесі

Жапонияның  салық жүйесінің негізін 25мемлекеттік  салықтар мен 30 жергілікті салықтар  құрайды, сондай-ақ осы жүйе 3045қалалар  мен  аудандарды және поселкелерді біріктіретін 47 префектура аумағын  қамтиды.

Жоғарғы кіріс көздері-заңды және жеке тұлғалардан  тікелей алынатын мемелекеттік табыс  салығы (барлық  салықтық түсімдердің  көлемін 50%-ке жоғарлататын салық  деуге  болады), мүлікке салынатын тікелей  салықтар (олардың тобына  елтаңбалық алымды, мұраға салынатын салықты,  лицензияны тіркеуге салынатын салықты, жерлерді өңдеуге және  жақсартуға салынатын  салықты жатқызуға болады), сондай-ақ  тұтынуға салынатын тікелей және жанама  салықтар болып табылады.

Жеке  тұлғалар төлейтін мемлекеттік табыс  салығының  ставкалары 10,20,30,40,және 50% мөлшерінде белгіленген. Префектуралық  табыс салығы 5,10 және 15% ставкалар  көлемінде алынады. Тағы бір айта кететін жәйт, Жапонияның әрбір  тұрғыны әр жыл сайын өздері тапқан табыс көлеміне  қарамастан  мемлекет  қазынасына 3200иен сомасы мөлшерінде  салық төлеп отырады. Автомобиль иелеріне салынатын  салық,  бензинге салынатын акциздер, кедендік баждар, мейманханада тұрғаны  үшін, ресторанда тамақтанғаны үшін, ыстық су көздеріне  түскені үшін алынатын акциздер тиісті бюджеттерді  айтарлықтай көлемдегі  қаражаттармен  толықтыруға септігін  тигізеді.  

Ресей Федерациясының салық жүйесі

Ресей Федерациясының салық жүйесінің құрамы және оның құрылымын құрайтын салықтар мен  басқа да салықтық нысандағы төлемдердің  түрлері тікелей және  жанама салықтар, сондай-ақ заңды тұлғалардан,  жеке тұлғалардан, заңды және жеке  тұлғалардан алынатын салықтар болып  бөлінеді. Жанама салықтарға  мұнай, газ, көмір, бензин және т.б. өңдеу және кен  байыту өнімдері түріндегі өндірістік тауарлар мен спирт, арақ  және басқа  алкоголь өнімдері, темекі өнімдері, сыра сияқты кең сұранысқа ие тауарлардан  қосылған құнға салынатын салық,  саудаға салынатын салық, акциздер, кедендік төлемдер-кедендік тарифтер жатады.

Банктердің, сақтандыру ұйымдарының, басқа да шаруашылық субъектілерінің пайдаларына салынатын  салық, дивидендтік  сомалардан, яғни капиталдан алынатын салық, мүлікке  салынатын салық, ресурстық және экологиялық салықтар, жануарлар  әлемінің объектілерін пайдаланушыларға салынатын салық, заңды тұлғалардан  алынатын тікелей салықтар болып  табылады.

 Жеке  тұлғалардан алынатын табыс салығы , жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын  салық, мұралардан және сыйға  тартудан алынатын салық, лицензиялық және тіркеу үшін алымдар жеке тұлғалар төлейтін тікелей салықтар болып саналады. Ал заңды және жеке тұлғалардан алынатын   салықтар ретінде курорттық салықты, жарнамаға салынатын салықты, аумақтарды дамытуға салынатын салықты, жер, су, экологиялық және орман салықтарын, шетел валютасын, бағалы қағаздарды, алтын кұймаларын сатып алуға салынатын салықты атап өтуге болады.

Енді, осы  Ресейдің салық жүйесіне берген қысқаша  сипаттаманы нақтыландыру мақсатында, оның негізін құрайтын  элементті  салықтар жүйесін қарастырып өтеміз.

Ресей салықтары  жүйесі федералдық салықтар мен алымдар,  регионалдық (аймақтық) салықтар мен  алымдар және жергілікті  салықтар мен алымдар сияқты үш деңгейден  тұрады.

Федералдық  салықтар мен алымдарға: қосылған құнға  салынатын салық; акциздер; ұйымдардың пайдасына (табыстарына) салынатын  салық; капиталдан түсетін табыстарға  салынатын салық; жеке тұлғалардан  алынатын табыс салығы; мемлекеттік  баж; кедендік баждар мен кедендік алымдар; жер қойнауын пайдаланғаны үшін алынатын салық; мемлекеттік  әлеуметтік бюджеттен  тыс  қорларға алынатын жарнамалар;  минералдық-шикізат базасын қалпына  келтіру үшін  алынатын салық; көмірсутектерді  өндіруден түскен қосымша  табысқа  салынатын  салық; жануарлар әлемінің объектілерін және су биологиялық ресурстарын  пайдалану құқығы үшін  алынатын  алым; орман салығы; экологиялық  салық; федералдық лицензиялық алымдар  жатады.

Регионалдық салықтар мен алымдар ретінде  ұйымдардың мүлкіне салынатын салық;  жылжымайтын мүлікке салынатын  салық; жол салығы; көлік салығы; саудадан алынатын салық; ойын бизнесіне  салынатын салық; регионалдық лицензиялық  алымдар белгіленген. Жер салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын  салық, жарнамаға салынатын салық, мұраға немесе сыйға салынатын салық, жергілікті лицензиялық  алымдар  жергілікті салықтар мен алымдарға  жатқызылған.

Ресей Федерациясының Конституциясы, Ресей  Федерациясының Салық кодексі, «Ресей Федерациясының салық органдары туралы» РФ Заңы, «Ресей Федерациясының мемлекеттік  салық қызметі туралы» РФ Президентінің  Жарлығы, РФ салықтар мен алымдар  жөніндегі Министірлігінің бұйрықтары мен  хаттары Ресей Федерациясы  аумағындағы салық органдары  жүзеге асыратын салықтық қызметтердің нормативтік құқықтық базасы болып  табылады. Осыған орай, Ресей Федерациясының салық органдарының құрылымы мынадай  құрамда көрініс тапқан: РФ Салықтар мен алымдар жөніндегі министірлігі; Салықтар мен алымдар жөніндегі  министірліктің Федерация субъектілері бойынша басқармалары; Салықтар мен  алымдар жөніндегі министірліктің регионалдық  инспекциялары; Салықтар мен алымдар жөніндегі министірліктің аудандар бойынша, қалалардағы аудандар бойынша және аудандарға  бөлінбейтін  қалалар  бойынша инспекциялары; Салықтар мен алымдар  жөніндегі  министірліктің ауданаралық инспекциялары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе АҚШ мен Канаданың салық жүйесі. Америка Құрама Штаттарының салық жүйесі және оның құқықтық негіздері