Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 09:19, реферат
Қаржы(фр.finance,лат.Finantia - аяқтау, төлем туралы бұйрық;қолма-қол ақша, табыс) - мемлекеттік аймақтардың,шаруашылық жүргізуші субъектілердің,заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория).Осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
1.Кіріспе
1.1.Қаржы дегеніміз не?
1.2.Қаржыны басқару туралы жалпы түсінік
2.Негізгі бөлім
2.1.Қаржыны басқарудың объектілері және субъектілері
2.2.Қаржыны басқару кодексі
2.3.Қаржы аппараты
2.4.Қаржыны басқару қағидалары
2.5. Қаржыны басқаруды стратегиялық және оперативтік түрде жүргізу
2.6. Қаржыны басқару органдары
3.Қорытынды
3.1.Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері мен әдістері.
3.2.Қаржыны басқаруды ұйымдастыру
3.3.Қаржыны басқару тәртібі және Қазақстан республикасында қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Тақырыбы: Қаржыны басқару туралы жалпы түсінік
Пәні: Қаржы,есеп және несиелеу
Алматы -2011
Жоспар:
1.Кіріспе
1.1.Қаржы дегеніміз не?
1.2.Қаржыны басқару туралы жалпы түсінік
2.Негізгі бөлім
2.1.Қаржыны басқарудың объектілері және субъектілері
2.2.Қаржыны басқару кодексі
2.3.Қаржы аппараты
2.4.Қаржыны басқару қағидалары
2.5. Қаржыны басқаруды стратегиялық және оперативтік түрде жүргізу
2.6. Қаржыны басқару органдары
3.Қорытынды
3.1.Қаржылық жоспарлаудың
(болжаудың) мазмұны,
3.2.Қаржыны басқаруды
3.3.Қаржыны басқару тәртібі және Қазақстан республикасында қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Қаржыны басқару туралы жалпы түсінік
Қаржы(фр.finance,лат.Finantia - аяқтау, төлем туралы бұйрық;қолма-қол ақша, табыс) - мемлекеттік аймақтардың,шаруашылық жүргізуші субъектілердің,заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория).Осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржыны басқару - бұл көзделген нәтижеге жету үшін басқарылатын объектіге мақсатты түрде қолданылатын әдістер мен тәсілдердін жиынтығы.
Қаржыны басқаруды
ерекше әдістер мен тәсілдермен,
Қаржыны басқарудың объектісі ретінде қаржылық катынас,басқару субъектісі ретінде басқаруды жүзеге асыратын үйымдық құрылымдар танылады.Қаржы қатынастарының сынықтамасына сәйкес саласы бойынша екі объектіге жіктеуге болады:шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы және мемлекет қаржысы. Сәйкесінше олардың басқару объектілеріне мыналар жатады: қаржы қызметі (шаруашылық жүргізуші субъектілердін бөлімдері),қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын бұл ұйымдардың жиынтығын қаржы аппараты деп атайды. Қаржыны басқарудың қағидалары:
- басқарудағы демократизм;
- қаржы мәселелеріне саяси көзқарас;
- басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістерді оңтайлы үйлестіру;
- басқарудың ғылымилығы;
- орталық, салалык және аумақтық басқарудын үйлесімділігі;
- басқарудағы жауапкершілік;
шаруашылық шешімдердін сабақтастығы.
Қаржыны басқару тәртібі ҚР стратегиялық және оперативтік түрде жүргізіледі.
Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік билікттің және басқарудың жоғарғы органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы Министрлігі жүзеге асырады.
Оперативтік түрде басқару негізінен қаржы органдарына жүктелген.Олар: қаржы және экономика министрліктері, жергілікті қаржы, салық, кеден, экономика, бақылау басқармалары, әкімшіліктер, маслихаттар т.б.
Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілдік берілген. Президент стратегиялық жоспарларды, республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы есепті әзірлеу тәртібін белгілейді, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бекітеді. Президент Үкімет актілерінің іс-қимылын бүзады (алып тастай-ды) не түгелдей немесе ішінара тоқтатады. Ол Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасын және екі мүшесін қызметке тағайындайды, бұл органдардың жұмысы туралы ақпаратты тындайды.
Қаржыны жалпы басқару
Қазақстан Республикасының заң
Мемлекеттік қаржылық
бақылау:
1) оны жүзеге асыратын органға байланысты
ішкі және сыртқы мемлекеттік қаржылық
бақылау;
2) бюджеттің тиісті деңгейіне байланысты
республикалық және жергілікті мемлекеттік
басқару деңгейінде жүргізілетін болып
бөлінеді.
136-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесі
1.Мемлекеттік қаржылық бақылау
органдарының жүйесін:
1) Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті;
2) мәслихаттардың тексеру комиссиялары;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі
уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі
орган;
4) орталық мемлекеттік органдардың ішкі
бақылау қызметтері;
5) облыстық бюджеттен, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен
қаржыландырылатын атқарушы органдардың
ішкі бақылау қызметтері құрайды.
2.Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей
бағынатын және есеп беретін республикалық
бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды
жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық
бақылаудың жоғары органы болып табылады.
3.Мәслихаттардың тексеру комиссиялары
жергілікті деңгейдегі сыртқы мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
4. Республикалық деңгейдегі ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының
Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау
жөніндегі орган және орталық мемлекеттік
органдардың ішкі бақылау қызметтері
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген
тәртіппен жүзеге асырады.
5. Жергілікті деңгейдегі ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының
Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау
жөніндегі орган және облыстық бюджеттен,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы
органдардың ішкі бақылау қызметтері
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген
тәртіппен жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі
уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі
орган ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды
тиісті қаржы жылына бекітілген жоспар
бойынша жүргізеді.
Жоспардан тыс бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген
мемлекеттік органдардың тапсырмалары,
депутаттық сауалдар бойынша жүргізіледі.
137-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарттары
1. Мемлекеттік қаржылық
бақылау принциптері:
1) тәуелсіздік принципі - мемлекеттік
қаржылық бақылау органдарының және олардың
қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы
кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін
араласушылыққа жол бермеу;
2) объективтілік принципі - бақылауды
Қазақстан Республикасының заңнамасына,
мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына
қатаң сәйкестікпен жүргізу, мүдделер
қақтығысын болдырмау;
3) анықтық принципі - бақылау нәтижелерін
бухгалтерлік, банктік құжаттармен және
бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен
растау;
4) ашықтық принципі - бақылау нәтижелерін
баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық
бақылау органдарының Қазақстан Республикасының
Президентіне, Қазақстан Республикасының
Үкіметіне, мәслихаттарға, мемлекеттік
органдардың басшыларына, жұртшылыққа
есеп берушілігі;
5) құзыреттілік принципі - мемлекеттік
қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің
бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті
кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы;
6) жариялылық принципі - құпиялылық режимін,
қызметтік, коммерциялық немесе заңмен
қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз
етуді ескере отырып, мемлекеттік қаржылық
бақылау нәтижелерін міндетті түрде жариялау
болып табылады.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын
бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық
бақылау жүргізу стандарттарымен айқындалады.
3. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының
Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау
жөніндегі органмен бірлесіп әзірлейді
және Қазақстан Республикасының Президенті
бекітеді.
4. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын
мемлекеттік қаржылық бақылау органдары
орындауға міндетті.
Парламенттің құзырында қаржы проблемаларын шешу заңнамалық актілерді — Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға және кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі заңнамалық бастама құқында жүзеге асырылады.Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін зандар шығарады, негізгі қағидалар мен нормаларды белгілейді, олар: салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге, республикалық бюджетке, білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға, елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарын үйымдастыру мен олардың қызметіне, айналадағы ортаны қорғауға, меншік режіміне және өзге де мүліктік құқыктарға қатысты.
Парламенттің
жұмыс органдары тұрақты
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Министрлер Кабинеті Республика Президенті белгілейтін тәртіппен республикалық бюджетті әзірлеу мен өзгертуге қатысады. Парламентке республикалық бюджетті және оның аткарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.
Жалпы қаржыны басқарудағы Үкіметтің құзыры оның атқарушы биліктің органы ретіндегі мәртебесімен анықталады және мыналарды қамтиды:
- әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзірлеу;
- мемлекеттік
әлеуметтік-экономикалық және
- республикалық бюджетті әзірлеу және оны атқару;
- елдің қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттің қаржы, валюта және материал ресурстарын жасап, пайдаланған кезде заңдылықтың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
- құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
- мемлекеттік меншікті баскаруды үйымдастыру;
- аймактардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу;
- сыртқы экономикалык саясатты жүзеге асыру, басқа мемлекеттермен, ынтымақтастық пен халыкаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу;
- елдің Конституциясымен айқындалған мәртебеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Қаржы тетігі
Негізгі элементтер | ||||||||
Қаржыны жоспарлау, жобалау |
Қаржы тетіктері және ынталандырулар |
Ұйымдастыру-құрылуының құқық режимі | ||||||
Қаржыны жобалау жоспары |
Қаржы көрсеткіштері |
Қаржы мөлшері және жоспарлау нормалар |
Қаржы қорларын бөлу мөлшерлері |
Қаржылай ынталандыру қорлары |
Қаржыны басқару бөлімдері |
Қаржыны реттеудің құқық актілері |
Қаржыны бақылау | |
І-блок |
ІІ-блок |
ІІІ-блок | ||||||
2.Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны,міндеттері мен әдістері.
Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік –экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары менжеке мекеменің сметаларынан жоспарларын жасау болып табылады.
Жоспарлау:
1. экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиді);
2. қарқындылығымен (кәміл техника әдістері қолдануды түсінеді);
3. тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдалынады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептеулі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Қаржылық болжау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін.Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеніңде арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты – болжаланған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын(параметрлер, индикаторлар жүйесін құру арқылы) және олардың бағытын анықтау.
Қаржыны жоспарлау (болжау)
белгілі әдістердің
1. Экстрополяция (немесе коэффициенттер) әдісі . Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп – қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:
- мүмкін болатын ішкі шаруашылық резевтерді анықтауды есепке алмайды;
- материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
3. Математикалық үлгілеу әдісі: процестің үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру.