Қаржылық есеп беруді жасау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:12, реферат

Описание работы

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта іріктелудің нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілеген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін. Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды анықтау үшін қажет.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы............................................................................................................3
І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы....................................................................................................................6
1.1. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары
ІІ. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары.........................................................................................9
2.1. Объектілерді түгендеу жұмыстары
2.2. Қателерді түзету


ІІІ. Қаржылық есеп беруді жасау.....................................................................16
3.1. Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
3.2. Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері
3.3. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі
3.4. Қаржылық есеп беру элементтері
3.5. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру
3.6. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
3.7. Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба.
ІV. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау......................................................................................................................27
4.1. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидалынған есеп беруі
4.2. Негізгі және тәуелді заңды тұлғалардың консолидалынған қаржылық есеп беруі
4.3. Бірлескен қызмет бойынша қатысулық үлесті қаржылық есеп беруде көрсетудің ерекшеліктері
4.4. Байланысқан тараптар туралы ақпараттарды ашу

Қорытынды................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................40

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 96.44 Кб (Скачать)

 Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғандығы, белгілі бір қимылының кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесінің орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағы және болашақтағы түрі болады. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісімшартқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттмеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.

 Меншік капиталы – бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есесте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы,резервтік капиталы және бөлінбеген пайда. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

 Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижені өлщеу элементі табыс пен шығыс болып табылады.

 Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы және субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі емес қызмететн алынған табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы, ТМҚ-дан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады.

 Шығыстар – бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі және өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып саналмайды.

 Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:

    • кез келген болашақтағы олжаны осы баптарда көрініс табу ықтималдығы бар, оның түсуі де шығып кетуі де мүмкін;
    • баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

 Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:

  • Бастапқы құны – активтер тараптардың келесімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады, міндеттме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың салдарынан қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады.
  • Ағымдық құны – активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді, міндеттемелер есеп берудегі дисконтталған бағасы бойынша көрініс табады, тап осы сомада өтелуі талап етіледі.
  • Сату құны – активтер өзінің сатылған құны бойынша көрініс табуы мүмкін, міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталған сомасын білдіеді және олардың өтелуін талап етіледі.
  • Дисконтталған құн – активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын көрсетеді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол субъекттің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі.
  • Баланстық құны – актив пен міндеттеме баланстық есеп беоілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.

Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді  бағалау үшін бастапқы құнын негізге  алады және сонымен қоса басқа  да бағалау әдістерін пайдаланады.

 Енді біз қаржылық  есеп беруді жасаудың тәртібі  мен мазмұнын және соған тіркеме  ретінде берілетін түсініктеме  хаттамасын қарастырамыз.

 Есеп берудің негізгі  үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны жасауға дейін есеп регистрлеріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасымен, бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен сай болуға тиіс.

 Бухгалтерлік баланс 2 БЕС мен есеп беруді жасау  бойынша әдістемелік ұсыныстарнда  анықталған ақпараттардан тұруы  тиіс.

 Баланс бас кітапта  көрсетілген шоттардың қалдығы  негізінде жасалады. Ол міндеттеме, меншік капиталы, активтер деген  бөлімдерден тұрады. Активтер мен  міндеттемелер өз кезегінде ұзақ  және ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.

 Ағымдағы активтер  мен міндеттемелердің өзара зачет  жасалуы рұқсат етілмейді. Баланстың  кейбір баптары басқа баптарға  енгізілмеуі керек, немесе бұрып  қоюға болдмайды.

 Сонымен, баланстағы  ағымдағы активтер мен міндеттемелерді  анықтау және олардық мазмұнын  ашудың қаржылық есеп беру  үшін маңызы зор, сондай-ақ  пайдаланатындар үшін де ол  өте қажет және олардың сол  көрсеткіштері бойынша талдау  жасалынады.

 Сонымен ұзақ және  ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер  бухгалтерлік баланста ашылуы  тиіс. Жыл соңында белгіленген  тәртіп бойынша түгендеудің көмегімен  баланстың барлық баптары расталуы  тиіс.

 Баланс мәліметтері  бойынша кәсіпорынның қаржылық  жағдайы талданады.

 

3.5. Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы  есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды.

 Қаржылық-шаруашылық  қызметі туралы есеп беру келесі  көрсеткіштерден тұрады:

- өнімді, жұмысты, қызметті  сатудан түскен табыс; ҚҚС,  акциздер және басқа міндетті  төлемдер мен салықтар шегертілген  түрінде көрсетіледі, қайтарылған  таувар құнын, бағадан және  сатудан жеңілдіктерді қоспағанда;

- өнімнің, жұмыстың, қызметтің  сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның  нақты шығындары, яғни жұмысты,  қызметті өндірумен байланысты  тікедлей шығындар кіреді;

- жалпы табыс өнімді, жұмысты,  қызметті сатқаннан түскен табыстан  өнімнің нақты өзіндік құнын  алып тастағанан соң шығатын  қаржылық нәтижесі;

- кезең шығыстары өнімнің,  жұмыстың, қызметтің өндірістік  өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс,  пайыздарды төлеу бойынша шығыс;

- негізгі қызметтен түскен  табыс – жалпы табыс пен  кезең шығыстарының айырмасы;

- негізгі емес қызметтен  түскен табыс – кәсіпорнның  негізігі қызметімен баланысты  емес операциялардан алынған  табысы;

- салық салынғанаға дейінгі  әдеттегі қызметінен алынған  табысы – негізгі және негізгі  емес қызметтерін біріктіргенне  алынған табыс;

- табыс салығы бойынша  шығыс – 11 БЕС салынған, соның  ережесіне сәйкес есептік кезең  үшін анықталған табыс салығы  бойынша шығысы;

- төтенше жағдайынан алынған  табысы;

- таза табыс.

 Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есеп беру.

Есеп беру 4 БЕС талаптары  бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі  қызметін жүзеге асыру нәтижесінде  алынған ақшалай қаражат ағыны  туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың  эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды  басындағы және аяғындағы ақшалай  қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

4 БЕС стандартына сай  субъекттер жасаған  «Ақша  қаражатының қозғалысы туралы  есеп беру» заңды тұлғаның  қаржылық жағдайындағы өзгерісті  бағалауға мүмкіндік береді, бұл  оларды есептік кезең ішіндегі  операциондық, инвестициялық және  қаржы жөніндегі қызметі тұрғыдан  алғанда қаражаттардың түсуі  мен жұмсалуы туралы хабарламамен  қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есеп субъекттің  есепті жылдың ішіндегі қаржылық  есебінің құрамында беріледі.

 Ақша қаражаттарының  қозғалысы операциондық, қаржылық, инвестициялық қызметі тұрғысынан  алған мағлұматтардың мазмұнын  ашу үшін керек, мұның өзі  заңды тұлғаның қаржы жағдайын  және қызмет түрлерін ықпалын  бағалауға мүмкіндік береді.

 Инвестициялық қызметтен  түсетін ақша қаражаттырының  қозғалысын ашып көрсеткен кезде  тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай  түсім қаражаттары мен төлемдерінің  негізгі түрлері ашып көрсетіледі,  не жанама әдіс пайдаланылуы  мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай  түсім қаражаттары мен төлемдерінің  негізгі түрлері ашылып көрсетіледі.

 Операциондық қызмететегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

 Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

 Операциондық қызметет  тікелей әдісті пайдаланған кезде  ақша қаражаттарының түсуі мен  шығуының нәтижесі; өнімді, жұмысты,  қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, дивиденттерден, пайыздан, роялтиден, шығыстарынан  тұрады.

 Жанама әдістер – бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдісте қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің қкөрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.

 

Таза табысты түзететін  операциялар

Түзетуді жүргізудің тәртібі

Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойыншаесептелген  амортизациясы

Есептелген амортизация  сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын  әкелмейді

Ағымдағы активтердің  сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер

Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары  азаяды, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан  түскен табысы да көрсетіледі

Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері, кредиторлық  қарыздар, салық төлемдері, басқа  да ағымдағы міндеттемелер

Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағынының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан  алынған шығысы да көрсетеді


 

 

Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді саиып алу,сату және берілген несиені өтеу және алу.

 Инвестициялық қызметке  мыналар жатады:

    • Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;
    • Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;
    • Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.

 Инвестицяилық қызмет  бухгалтерлік баланстың ұзақ  мерзімді активтерінің құрамына  кіреді. Оған қаржылық инвестицияға  әсер ететін операциялар да  кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық  қызметінің нәтижесі туралы есеп  беруінде көрініс табады, онда  ол акцияларды сатудан алынған  табыс немесе шығыс ретінде  көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды  және басқа да сатудың нәтижесі  көрініс табады.

 Қаржылық қызмет меншік  капиталы мен қарыз капиталының  құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің  нәтижесі болып табылады:

Оған мыналар жатады:

    • Шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;
    • Алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.

Информация о работе Қаржылық есеп беруді жасау