Қаржылық есеп берудің маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:15, курсовая работа

Описание работы

Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:
Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
Кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
Жергілікті қаржы органдарына;
Мемлекеттік статистикалық органдарына.

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік есеп.doc

— 198.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Қаржылық есеп – бұл  шаруашылық қызметтің нәтижелерін  сипаттайтын көрсеткіштердің тәртіпке келтірілген жүйесі, ол ағымдағы бухгалтерлік есеп ақпаратына негізделген.

Қаржылық есептің мақсаты  – тұтынушыларды қандай да бір  құрылымдағы қажетті ақпараттармен  қамтамасыз ететін қаржылық жағдайдың  шынайы көрінісін бейнелеу.

Қаржылық есеп субъект (кәсіпорын, ұйым) қызметіндегі жасалған жұмыстар мен шаруашылық операцияларының түпкілікті қаржылық нәтижесін көрсетеді. Субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын элементтердің активтері, міндеттемелерге және жеке меншіккапиталға топтастыруға болады. Топтастырылған ақпараттар қолда бар экономикалық ресурстарды, субъектінің оларды өркендеуге және бақылауға қабілеті жететінін ашып көрсетеді.

Қаржылық есеп негізінде  субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында  аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.

ҚР-нда енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша  халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді.

ҚР-ның заңдарында бұл  тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда  есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай жүзеге асырылады.

Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп  табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқиғалар есептік  баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.

Қаржылық есепті жасау  үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календерлық соңғы  күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер :

 

  1. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы, «Экономика» 2005
  2. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.
  3. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә.  «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж.
  4. Ертісбаев Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» - Қарағанды, 2003ж.
  5. К.Ә. Китебаева «Бухгалтерлік есеп принциптері» - Қарағанды 2002ж.
  6. Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004
  7. «Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2005ж., «БИКО» баспа үйі
  8. «Нормативные акты» - №12 (192),»Қаржы-қаражат», 2003
  9. «Библиотека бухгалтера и предпринимателя» - №7 (156), шілде 2003ж., «БИКО» баспа үйі

 

 

 




Информация о работе Қаржылық есеп берудің маңызы