Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 10:48, курсовая работа
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.
КІРІСПЕ
1-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
§ 1. Шаруашылық етуші субъектілердің түрлері және олардың қызметін ұйымдастыру
§ 2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты
§ 3. Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру. Құжаттау және есептік регистрлер
Пайдаланған әдебиеттер
- кәсіпорын өз мүлкімен
өзімен-өзі болушылығы (кәсіпорын
өз балансында тек заң бойынша
танылған мүліктерді ғана
- толассыз қызметі (есеп
саясатының мәселесі бойынша
қандай да бір қабылданатын
шешім, кәсіпорын өз қызметін
болашақ кезеңде
- есеп саясатын пайдаланудың
жүйелілігі (шаруашылық операциясын
көрсету әдісінің тұрақтылығы,
есеп беру жылының барысында
міндеттеме мен мүлікті
- шаруашылық қызметіндегі
фактілердің мерзімділік
Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы — кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қалыптастыру.
Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын.
Әдістемелік аспектісі деп кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын есептеу, амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; техникалық деп осы әдістердің синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы, есеп регистрлерінде осы әдістің қалай жүзеге асқандығын айтады; ұйымдық деп осы әдістердің бухгалтерлік қызмет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсіпорынды басқару құрылымындағы алатын орнын айтады.
Есеп саясатының әдістемелік белігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп Стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.
Кәсіпорын бухгалтерлік есептің келесідей ережелерін өз бетінше шешуіне болады:
- келіп түскен негізгі
құралдар объектісін бағалау
— бухгалтерлік есептің №6-шы
"Негізгі құралдардың есебінің"
стандарттарындағы әдістемелік
ұсынысына сәйкес, пайдалануға берілген
және кәсіпорынның сатып алуға
төлеген нақты шығындар
- негізгі құралдың амортизациясы - бухгалтерлік есептің №6-шы "Негізгі құралдардың есебінің" стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, амортизацияны есептеудің келесідей тәсілдерінің бірін немесе бірнешеуін пайдалануына болады: құнын есептен шығарудың бірқалыпты (түзу сызықты) әдісі; құнын есептен шығару үшін орындалған жұмыстардың пропорционалды түрде есептелінетін әдісі (өндірістік әдіс); құнын есептен шығарудың сандық сомасы бойынша есептелінетін әдісі (кумулятивтік әдіс); қалдық құнын азайтатын әдісі. Екі және одан да көп әдісті пайдаланған кезде, амортизацияны есептейтін тәсілін және негізгі құралдың қандай түрі бойынша пайдаланатындығын көрсету керек. Негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизацияны есептеудің бір ғана әдісі пайдаланады; негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизациялаудың әртүрлі әдісін пайдалануға болмайды; пайдалы қызмет ету мерзімі-кезеңі, негізгі құралды пайдаланудан алынатын экономикалық олжаны жобалау кезеңі; жою құны - есептен шығарылуымен байланысты шығындары, негізгі құралды жою барысында алынған запас бөлшектердің, қайтып пайдалануға жарайтын құндылықтардың құнын алып тастағаннан шығады;
- негізгі құралдарды жөндеу — жөндеу жұмысын жүргізудің кезеңдігі мен жөндеу жұмысының мерзімі; негізгі құралды жөндеуге арналған резерв қорларын жасауы; жөндеуді жүргізудің тәсілі туралы мәселені кәсіпорынның өзі шешеді;
- материалдық емес активтердің амортизациясы - әрбір материалдық емес активтердің әрбір түрінің пайдалануына қарап пайдалы мерзімі және амортизацияны есептеу әдісін әрбір кәсіпорын өз бетінше анықтай алады;
- болашақ кезеңнің шығыстары — кезеңдері нақты анықталмаған жағдайда, кезең барысында ол өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына жатқызылуы мүмкін, немесе басқа да көздерінің есебінен (тау-кен дайындық жұмыстарына кеткен шығындарына, жаңа өнім түрін игеруге кеткен шығыстарына, жерді игеруге кеткен шығындарына) есептен шығарылуы мүмкін, бірақ аталған жағдайлардың барлығы да, яғни олардың кезеңін және есептеп шығару тәртібін кәсіпорынның өзі анықтайды;
- алдағы шығыстар мен төлем резервтері - кәсіпорын қандай резервтерді және қандай көлемде құруды және олардың пайдадану тәртібін анықтап өзі шешеді (кезекті демалысқа ақы төлеу резервтері, көп жылғы сіңірген еңбегі үшін марапаттау шығыстары, маусымдық салаларда дайындық жұмыстарын жүргізуге кеткен өндірістік шығындары және басқалары);
- күмәнді қарыздар бойынша резервтері - кәсіпорын түгендеу мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың қандайы күмәнді болып табылмайтындығын, резервтерді құрудың әдісін және резервтеуге жататын шығындарын өзі таңдай алады;
- қаржылық инвестиция - кәсіпорын ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны есепке алудың жолдарын өзі қарастырады: қайта бағаланатын құнын ескере отырып, сатып алу құны бойынша немесе ағымдағы мен сатып алу құндарынан алынған ең кіші бағасы бойынша; ұзақ мерзімді инвестицияның қайта бағаланған сомасын қалай көрсетудің мәселесін шешеді: демек ол табыс ретінде де, немесе таратылмаған табыс ретінде болуы мүмкін.
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясын есептеудің әдісін кәсіпорынның өзі тандайды: үлестік қатынасу әдісін немесе құндық әдісін.
- табысты тану - №5 "Табыс" деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес (БЕС) табыстар келесідей жағдайларды сақтаған кезде танылады: табыс сомасы барынша дәлелденген деңгейі бойынша бағаланады; экономикалық олжа жасалған мәмілемен байланысты, сондықтан оны алу ықтималдығы бар болса ғана, оны субъекті алады. Жалпы қағидасымен қатар, кейбір операциялары бойынша, табысты танудың қосымша жағдайлары қарастырылуы мүмкін:
- тауарды сату бойынша
- субъектінің сатып алушыға
- көрсеткен қызметі бойынша
— есептік күнге жасалған
- дивидендтер, пайыздар
түріндегі табыстар — пайыздар
активтерден алынатын нақты
- негізгі құралдарды жөндеу есебі. Негізгі құралды жөндеу бухгалтерлік есепте, оның құнын есірмейтін сызбасының (схемасының) бірін қолдануы мүмкін: жөндеу жұмысының атқарылуына қарап ол өнімнің (жұмыстың, қызметтің) нақты өзіндік құнына жатқызылуы мүмкін немесе алдын ала құрылған жөндеу қорына жатқызылуы мүмкін. Аталған схемалардың бірін таңдау, кәсіпорынның қай салаға жататындығымен де байланысты болып келеді;
- материалдардың есебі. Өндіріске жатқызылатын (немесе өндіріске есептен шығарылатын), материалдық ресурстарының нақты өзіндік құнын анықтау тәсілі туралы шешім қабылдау қажет: орташа өлшенген құны бойынша әдісін, ФИФО әдісін, ЛИФО әдісін немесе арнайы теңестірілген (ұқсастырылған) әдісін таңдайды. Шаруашылық жүргізуші субъекті аталған әдістердің бірін ғана таңдай алады және ол барлық тауарлы-материалдық құндылықтарға пайдалануы тиіс;
- басқарушы есеп. Есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушылардың кең түрде пайдалануына арналмаған, сонымен коса, оның есеп беру талабына сай келетін үйлестірілген регистрлері де жоқ, сондықтан оны ішкі бақылау мен жоспарлау мақсатында пайдаланады. Жалпы тұрғыдан алғанда, кәсіпорын ол үшін шоттардың Бас жоспарындағы шоттарды немесе өндіріс шоттарының жүйесіне қосымша немесе жекелеген шоттарын колдануына болады. Бірақ ол кезде кәсіпорынның құрамы, құрылымы және ұйымдық ерекшеліктері ескеріледі;
- өндіріске кеткен шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калъкуляциялау есебінің әдісі. Кәсіпорын калькуляциялау мен есеп объектісін, шығындарды жанама мен тікелей көрсету тәртібін анықтайды. Кәсіпорын өзінің негізгі қызметінің сипатына байланысты өзіндік құннын, калькуляциялауы мен өндіріске кеткен шығынын есептеу үшін нормативтік немесе тапсырыстық, немесе бөлістік әдістерінің бірін немесе бірнешеуінің үйлескен түрін таңдай алады.
Таңдап алынған әдістердің жинақ есебі шалафабрикаттық немесе шалафабрикатсыз нұсқасымен жүргізілуі мүмкін.
- үстеме шығыстарын есептеу және тарату. Кәсіпорын №7 "Тауарлы-материалдық запастардың" бухгалтерлік есеп стандартында келтірілген әдістемелік ұсыныстамасында үстеме шығыстарын құрайтын шығындар тізіміне өндіріс қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, косымшалар мен өзгерістерді енгізуге құқылы; құрал-жабдық пен машинаны пайдалану және күтіп ұстау шығыстары, өндірісті игеруге және дайындауға кеткен шығыстары және басқа да осындай жағдайларға кеткен шығыстары үстеме шығыстарының құрамында, олардың үлес салмағы айтарлықтай көп болмаса, онда олардың есебі жекелеген субшоттарда жүргізілуі мүмкін; үстеме шығыстарының сметалық мөлшерлемесін есептеудің әдістемесі мен олардың тарату тәртібі де көрсетіледі: жоспарлы калькуляцияға енген, үстеме шығыстарының нормативтік деңгейіне парапар (пропорционалды) етіп, тікелей материалдық шығыстарына парапар етіп, тікелей нақты еңбек ақы шығыстарына пара-пар етіп, немесе оңайлатылған экономикалық әдістерді пайдалану арқылы жанама шығындары таратылады, мысалға, бұйымның тұтыну қасиетін және оның өңдеу шығысынан алынған күрделендірілген коэффициенттері бойынша;
- мүліктер мен міндеттемелерді түгендеу. Міндетті түгендеумен қоса, құндылықтардың нақты барын тексеру үшін біршама қосымша түгендеулер де жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде кәсіпорын олардың кезектілігін, түгендеуді жүргізудің күнін, мүліктер мен міндеттемелердің тізімін белгілейді;
- бухгалтерлік есеп нысаны. Кәсіпорын бухгалтерлік есеп нысанын өзі таңдай алады, олардың тізімін және есеп регистрлерін, жүйелілігін, жасау техникасын, өзара байланысын анықтайды;
- нақты (іс жүзінде) пайдаланатын шоттар жоспары. Кәсіпорын шоттардың Бас жоспарын басшылыққа ала отырып, өздеріне пайдаланатын шоттарын іріктей алады, яғни оның құрамына кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін және қаржылық жағдайын, мүліктік құрамын көрсететін синтетикалық шоттарын енгізеді. Содан кейін синтетикалық шоттарына тиісті субшоттарының тізімін жасайды. Сонымен қатар, кәсіпорын аналитикалык есептерінің де толық номенклатуралық объектілерін және олардың кодтық белгілерін белгілейді. Бұл кезде басқарудың, талдаудың, бақылаудың және есеп берудің мақсатын ескереді. Қажет болған жағдайда, арнайы операцияларды көрсету үшін, шоттардың Бас жоспарына кәсіпорын қосымша шоттарды пайдалануына болады. Бірақ ол жағдайда, ол шоттардың Бас жоспарында қаралған негізгі әдістемелік қағидасын сақтауы керек;
- өндіріс ішіндегі есеп беру. Ішкі есеп беруді жүргізудің барлық мәселесін кәсіпорынның өзі шешеді, оның кезектілігін, есеп беру нысаны мен құрамын және есепті беру мерзімін, сондай-ақ потенциалды пайдаланушыларын, есепті жасауға жауапты тұлғаларын анықтайды. Есеп саясатының ұйымдастырушылық бөлігі келесідей мәселелерді қарастырады:
- бухгалтерлік қызметтің
құрылымы мен ұйымдастырушылық
нысаны. Кәсіпорын құрылымдық бөлімше
ретінде, өзінде бухгалтерияны
ұстау керек пе, жоқ, әлде келісім-шарттык
негізде тиісті мамандарды
- есепті орталықтандыру деңгейі. Кәсіпорынның нақты қызметінің жағдайына байланысты есеп орталықтандырылған нысанда ұйымдастырылуы мүмкін, ол кезде кәсіпорынның барлық бөлімшелері біртұтас есептік жұмысқа біріктіріледі; ал орталықтандырылмаған жағдайда, кәсіпорынның жекелеген құрылымдық бөлімшелері дербес бухгалтерия құрып, балансқа дейінгі есеп жұмысының барлық циклын толығымен аяқтап, кәсіпорынға тек балансты жасауға тиісті мәліметтерді береді;
- ішкі өндірістік бақылау. Кәсіпорын ішкі өндірістік бақылау жүйесінің қандай болуын және олардың басты элементтерін анықтап, олардың ішінен алғашқы есептік құжаттарды жасап және рәсімдеп отыратын жауапты тұлғаларды белгілеп бөліп отыруын, олардың есеп қызметіне дер кезінде берілуін және т.б. осы сияқты мәселелерін шешеді. Әрбір қызметкерлердің жауап беретін аясы мен міндеттері айқындалады.