Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 14:23, курсовая работа
Әміршілік - әкімшілік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы және нарық экономикалық көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай – ақ салықтар мен алымдардың анықтап, тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты, әр түрлі бағытта екенін байқауға болады. Оның ішінде ең маңыздысы болып, есептік – қаржылық сенімділігін, шаруашылық заңдылықтарын сақтау, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдары басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады.
Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда боуына соқтырмайды. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, ноу-хоу, гудвилл т.б.) сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз ретінде болып келуі мүмкін.
ШЖС
активтерге меншік құқығы
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғандығы, белгілі бір қимылының кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесінің орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағы және болашақтағы түрі болады. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісімшартқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттмеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.
Меншік капиталы – бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есесте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы,резервтік капиталы және бөлінбеген пайда. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижені өлщеу элементі табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы және субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі емес қызмететн алынған табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы, ТМҚ-дан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады.
Шығыстар – бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі және өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:
Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.
Енді
біз қаржылық есеп беруді
Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны жасауға дейін есеп регистрлеріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасымен, бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен сай болуға тиіс.
Бухгалтерлік
баланс 2 БЕС мен есеп беруді
жасау бойынша әдістемелік
Баланс
бас кітапта көрсетілген
Ағымдағы
активтер мен міндеттемелердің
өзара зачет жасалуы рұқсат
етілмейді. Баланстың кейбір
Сонымен,
баланстағы ағымдағы активтер
мен міндеттемелерді анықтау
және олардық мазмұнын ашудың
қаржылық есеп беру үшін
Сонымен ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңында белгіленген тәртіп бойынша түгендеудің көмегімен баланстың барлық баптары расталуы тиіс.
Баланс
мәліметтері бойынша
Информация о работе Қаржылық бақылаудың экономикалық мәні мен түсінігі және оның тиімділігі