Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдаудың банктік технологиялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 21:50, реферат

Описание работы

Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.

Работа содержит 1 файл

Конспект 3.docx

— 16.26 Кб (Скачать)
 

Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдаудың банктік технологиялары

      Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.

     Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.

     Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.

     Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспективадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальді көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді. Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

    • Әлемдік және отандық банктің тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетенің мынадай критерийлерін бөліп қарайды:
    • Қарыз алушының мінездемесі
    • Қаражатты қарызға алу қабілеті
    • Ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті табу қабілеті(қаржылық мүмкіндігі)
    • Капиталы
    • Несиенің қамтамасыз етілуі
    • Несиелік мәміле жасалатын жағдай
    • Бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі)

     Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі. Қарыз алушының заңды тұлға ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлердің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

     Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, нестелік келісім шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде, белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.

     Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі – оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады. Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда мынадай екі шарттың маңызы зор:

     Оның  жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэфициенті негізінде талданады;

     Несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушның арасында тәуекелдің бөлінуін куәләндірады. Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.

Информация о работе Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдаудың банктік технологиялары