Аралық қаржылық есептілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 20:34, курсовая работа

Описание работы

Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушы-лардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1 АРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Аралық қаржы есептілігінің нысаны және мазмұны.....................................5
1.2 Аралық қаржы есептілігінің мақсаты мен құрамы........................................7
1.3 Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкестігін ашу..........9

2 АРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Аралық қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі................11
2.2 Аралық қаржылық есеп берудің баптарын бағалау....................................13
2.3 Бухгалтерлік баланс .......................................................................................15

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................

Работа содержит 1 файл

АРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ .doc

— 174.00 Кб (Скачать)

М А З М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

 

1 АРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1 Аралық қаржы есептілігінің нысаны және мазмұны.....................................5

1.2 Аралық қаржы есептілігінің мақсаты мен құрамы........................................7

1.3 Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкестігін  ашу..........9

 

2 АРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ  ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Аралық қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі................11

2.2 Аралық  қаржылық есеп берудің баптарын бағалау....................................13

2.3 Бухгалтерлік баланс .......................................................................................15

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................19

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.                                      

Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушы-лардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.                                                        

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.                                                                                                                              

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.                  

Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.                                                                                                                            

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Аралық қаржылық  есеп  берудің  мақсаты  өз  пайдаланушыларына  заңды   тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып  табылады.  Аралық қаржылық   есеп берудің   пайдалану-шылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар,  жабдықтаушы-лар, сатып алушылар,  еңбеккерлер,  сондай-ақ  мемлекеттік  органдар,  т. б.  кіреді.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң үйлестіру, бухгалтерлік есеп пен жедел-статистикалық есеп берудің үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс блудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарын- да, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесін- де жинақталады. Аталған деректердің  негізінде талдау жасалынады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Аралық қаржылық есепті ұйымдастыру.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер орындалды:

-аралық қаржылық есептің экономикалық мәніне, теориялық негіздеріне тоқталып, оның түсінігі мен міндеттері анықталды;

-аралық қаржылық есепті ХҚЕС бойынша ұсынуды ұйымдастыру негіздері қарастырылды;

ралық қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесіне тоқталу;

ралық  қаржылық есеп берудің баптарын бағалау;

ухгалтерлік баланс 2 БЕС мен есеп беруді жасау;

ылдық қаржы есептілігінде ашып көрсету;

ралық қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазбасына тоқталу.

Зерттеудің ақпараттық базасын отандық және шетелдік авторлардың монографиялық және периодикалық әдебиетімен қатар аралық қаржылық есеп мәселесіне қатысты қабылданған қазақстандық заңдар мен заңнамалық актілер құрайды.

Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы аралық қаржылық есеп.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы мәліметтері қолданылған.

 

 

 

 

 

1 АРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

 

1.1 Аралық қаржы есептілігінің нысаны және мазмұны

 

Кәсіпорын өзінің аралық қаржы есептілігі ретінде қаржы есептерінің толық жиынтығын жариялайтын болса, онда осы құжаттардың нысаны мен мазмұны қаржылық есептердің толық жиынтығына қойылатын 1 IAS Халықаралық стандартының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Егер компания өзінің аралық қаржы есептілігі ретінде ықшамдалған қаржы есептерінің жиынтығын жариялайтын болса, онда бұл ықшамдалған есептілікке, ең аз дегенде, осы аралық қаржы есептілігінің талап етілетін соңғы жылдық қаржы есептілігіне енгізілген тақырыптар мен аралық сомалардың әрқайсысы және ішінара түсіндірме ескертулер кіруге тиіс, егер қосымша баптардың немесе ескертулердің болмауы ықшамдалған аралық есептіліктің жаңылыс басуына әкелген жағдайда, олар кіргізілуге тиіс.

Акцияға келетін негізгі және таратушы пайда аралық кезең үшін толық немесе ықшамдалған пайдалар мен залалдар туралы есепте ұсынылуға тиіс.

1 IAS Халықаралық стандартында қаржы есептілігінің құрылымы бойынша нұсқаулар бар. 1 IAS Халықаралық стандартын қолдану жөніндегі нұсқаулықта балансты, пайдалар мен залалдар туралы есепті және меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті ұсыну нысандарын көрнекілендіретін мысалдар келтіріледі.

1 IAS Халықаралық стандарты меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп ұйымның қаржы есептілігінің жеке компоненті ретінде ұсынылуын талап етеді, және меншікті капиталдың иелері ретінде әрекет ететін меншікті капитал иелерімен операциялар нәтижесінде туындайтын (меншікті капитал иелеріне төлемдерді қоса) меншікті капиталдағы өзгерістер туралы ақпаратты есептің өзінде де, ескертулерде де ұсынуға рұқсат етеді. Ұйым меншікті капиталдағы өзгерістерді көрсететін аралық есептеулерде соңғы жылдық есептіліктегі сияқты пішімді пайдаланады.

Егер компанияның ең соңғы жылдық есептілігі шоғырландырылған есептілік болса, аралық қаржы есептілігі шоғырландырылған негізде жасалады. Бас компанияның қаржы есептілігінің жекелеген нысандары ең соңғы жылдық қаржы есептілігіндегі шоғырландырылған есептілікпен келісілмейді немесе салыстырыла алмайды. Егер компанияның жылдық қаржы есептілігі шоғырландырылған қаржы есептілігіне толықтыру ретінде бас компанияның қаржы есептілігінің жекелеген нысандарын қамтыған болса, онда осы стандарт бас компанияның қаржы есептілігінің жекелеген нысандарын компанияның аралық қаржы есептілігіне қосуды талап етпейді және қосуға тыйым салмайды.

Ішінара түсіндірме ескертулер

Кәсіпорынның аралық қаржы есептілігін пайдаланушы осы компанияның соңғы жылдық қаржы есептілігін де пайдалана алатын болады. Осылайша, аралық қаржы есептілігіне ескертулерге соңғы жылдық есептіліктің ескертулерінде ұсынылған ақпараттың салыстырмалы түрде маңызды емес жаңартылуын кіргізудің қажеттілігі жоқ. Аралық есептілік күніне қаржылық жағдайдағы және компанияның соңғы жылдық есептілік күнінен басталған қызмет нәтижелеріндегі өзгерістерді пайымдау үшін маңызды болып табылатын оқиғалар мен операцияларды түсіндіру  барынша пайдалы.

Мына төмендегі ақпарат маңызды және аралық қаржы есептілігінде еш жерде әлі ашылмаған болса, компания, ең аз дегенде, оны аралық қаржы есептілігінің ескертулеріне енгізуге тиіс. Ақпарат, әдетте, қаржы жылының негізінде ұсынылуға тиіс. Алайда,  компания сондай-ақ ағымдағы аралық кезеңді пайымдау үшін маңызы бар кез келген оқиғалар мен операциялардың мәнін ашуға тиіс:

-аралық қаржы есептілігінде соңғы жылдық қаржы есептілігінде пайдаланылған есеп саясаты және есептеу әдістері пайдаланылғаны туралы хабарлама немесе, егер бұл саясат және әдістер өзгерген болса, бұл өзгерістің сипаты мен әсеріне сипаттама;

-аралық операциялардың маусымдылығы немесе циклдығы туралы түсіндірме түсініктемелер;

-активтерге, міндеттемелерге, капиталға, таза пайдаға ықпал ететін баптардың сипаты және сомасы немесе қызметінің сипатына, мөлшеріне немесе саласына орай компания үшін ерекше болып табылатын ақша қаражатының ағыны;

-ағымдағы қаржы жылының өткен аралық кезеңдерінде ұсынылған сомаларды бағалаудағы өзгерістердің немесе, егер ағымдағы аралық кезеңге елеулі ықпал ететін болса, өткен қаржы жылдарында ұсынылған сомаларды бағалаудағы өзгерістердің сипаты және сомасы;

-борыштық және үлестік бағалы қағаздардың эмиссиясы, сатып алу және өтеу;

-жай акциялар және басқа акциялар бойынша төленген дивиденд (жалпы көлемі немесе акцияға шаққанда);

-сегмент есептілігінің бастапқы негізі, қайсысы екендігіне қарай, шаруашылық немесе географиялық сегменттер үшін сегмент кірісі және сегмент нәтижесі, осыған орай болып табылады (14-«Сараланымдық есептілік» IAS компаниядан өзінің жылдық қаржы есептілігінде сегменттік деректерді ашуын талап еткен жағдайда ғана компанияның аралық қаржы есептілігінде сегменттік ақпаратты ашу талап етіледі);

-аралық кезеңнің қаржы есептілігінде көрсетілмеген, аралық кезең аяқталғаннан кейін болған елеулі оқиғалар;

-Кәсіпорындарды біріктіруді, еншілес компаниялар мен ұзақ мерзімді инвестицияларды сатып алуды немесе сатуды, қайта құрылымданған және тоқтатылған қызметті қоса, аралық кезең ішінде ұйымның құрамындағы өзгерістердің әсері. Ұйым кәсіпорындар білестіктеріне қатысты ақпаратты  ашу туралы талаптар 3-«Бизнес бірлестіктері» IFRS Халықаралық стандартында қамтылған  ақпаратты ашуға  міндетті; және

-соңғы есептік күннен кейін болған шартты міндеттемелердегі немесе шартты активтердегі өзгерістер.

Жекелеген Стандарттар мен Түсіндірмелер төмендегі көптеген баптар бойынша ақпарат ашуға қатысты мынадай нұсқаулар береді:

-қорларды ықтимал таза сату құнының шамасына дейін есептен шығару және мұндай есептен шығаруларды тиісінше қайтару;

-негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің немесе басқа активтердің құнсыздануынан болған залалды тану және құнсызданудан болған осындай залалды қайтару;

-қайта құрылымдауға жұмсалған шығындар бойынша кез келген бағалау міндеттемелерін қайтару;

-негізгі құралдар объектілерін сатып алу және  шығару;

-негізгі құралдарды сатып алу бойынша міндеттемелер;

-cот дауларын реттеу;

-бұрынғы кезеңдегі қателерді түзету;

-тікелей есептік күні немесе есептік күнге дейін жойылмаған барлық дефолттар немесе заемдар туралы келісімдердің талаптарын бұзу;

-байланысты тараптармен операциялар.

Басқа аралық қаржылық есеп стандарты қаржы есептілігінде жасалынуы тиіс ақпаратты ашуды айқындайды. Бұл мәтінде қаржы есептілігі, әдетте, жылдық қаржы есептілігіне қосылатын және кейде басқа есептерге қосылатын қаржылық есептердің толық жиынтығын білдіреді. Егер ұйымның аралық қаржы есептілігі қаржылық есептердің толық жиынтығынан емес, тек қана ықшамдалған қаржы есептілігінен және іріктелген түсіндірме ескертулерден тұратын болса, талап етілетін жағдайлардан басқа кезде, басқа кезде көзделген ақпаратты ашу талап етілмейді.

 

1.2 Аралық қаржы есептілігінің мақсаты мен құрамы

 

Аралық қаржы есептілігінің мақсаты аралық қаржы есептілігінің ең аз мазмұнын айқындау және аралық кезеңдегі толық және ықшамдалған қаржы есептілігінде тану мен бағалауға арналған қағидаттарды белгілеу болып табылады. Дер уақытындағы және сенімді аралық есептілік инвесторлардың, кредиторлардың және басқа тұлғалардың компанияның пайданы және ақша қаражатының ағындарын құру мүмкіндіктерін анықтау, оның қаржылық жай-күйі мен өтімділігін бағалау қабілетін арттырады.

Аралық қаржы есептілігінің қолданылуы қандайда болмасын қомпаниялардың аралық кезең аяқталғаннан кейін қандай жиілікпен және қаншалықты тездікпен аралық қаржы есептілігін жариялауға тиіс екендігін белгілемейді. Алайда, үкіметтер, бағалы қағаздар айналысын реттейтін органдар, қор биржалары және бухгалтерлік ұйымдар борыштық немесе үлестік бағалы қағаздары нарықта еркін айналатын компаниядан аралық қаржы есептілігін жариялауды жиі талап етеді. Аралық қаржы есептілігі компания Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес аралық қаржы есептілігін жариялауға мәжбүр болған немесе жариялауды шешкен жағдайда қолданылады. Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының комитеті акциялары еркін айналатын компаниялардың осы аралық қаржы есептілігінің ұсынылғанын тану, бағалау және ашу қағидаттарына сәйкес келетін аралық қаржы есептілігін ұсынуын қолдайды. Атап айтқанда, акциялары еркін айналатын компаниялардың мыналарды:

-аралық қаржы есептілігін ең болмағанда олардың қаржы жылының бірінші жартысының аяғындағы жай-күйі бойынша; және

-аралық қаржы есептілігін аралық кезең аяқталғаннан кейін 60 күннен кешіктірмей ұсынуына қолдану көрсетіледі.

Жылдық немесе аралық қаржы есептілігінің Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкестігі жеке бағаланады. Компанияның нақты қаржы жылының ішінде аралық қаржы есептілігін бере алмау немесе стандартқа сәйкес емес аралық қаржы есептілігін беру фактісі компанияның жылдық қаржы есептілігінің, егер олар барлық қалғандары бойынша олардың талаптарына жауап беретін болса, есептіліктің Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес еместігін білдірмейді.

Егер кәсіпорынның аралық қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес ұсынылса, ол осы аралық қаржы есептілігінің барлық талаптарын орындауға тиіс. Осыған байланысты тиісті ақпараттың мәнін ашуды қажет етеді.

Аралық қаржы есептілігінде мынадай терминдер көрсетілген мәндерде пайдаланылады:

Аралық кезең - бұл ұзақтығы толық қаржы жылынан қысқа қаржылық есеп беру кезеңі.

Аралық қаржы есептілігіне қаржы есептілігінің толық жиынтығынан (1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS сипатталғандай) не аралық кезеңдегі ықшамдалған қаржылық есептер жиынтығынан тұратын қаржы есептілігі.

1 IAS Халықаралық стандарты қаржылық есептердің толық жиынтығын айқындайды, оған мынадай құрамдас бөліктер кіреді:

-баланс;

-пайдалар және залалдар туралы есеп;

-меншікті капиталдағы не:

-меншікті капиталдағы барлық өзгерістерді, не

-меншікті капиталдағы меншікті капитал иелері ретінде іс-әрекет жасайтын меншікті капитал иелерімен операциялар нәтижесінде туындайтын өзгерістерден басқа өзгерістерді көрсететін өзгерістер туралы есеп;

-ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп; және

-есеп саясатының маңызды аспектілерінің қысқа сипаттамасын және өзге де түсіндірме ескертулерді қосқандағы ескертулер.

Уақтылы болу және шығындар тұрғысынан және бұрын берілген есептіліктегі қайталауларды болдырмау үшін, компания жылдық қаржылық есептілікпен салыстырғанда аралық күндердегі жай-күйі бойынша азырақ ақпарат ұсынуға мәжбүр болуы мүмкін немесе ұсынуды шеше алады. Осы ықшамдалған қаржы есептері және ішінара түсіндірме ескертулер кіретін аралық қаржы есептілігінің ең аз мазмұнын айқындайды. Аралық қаржы есептілігі жылдық қаржы есептерінің соңғы толық жиынтығымен салыстырғанда жаңартылған ақпарат ұсынуға арналған. Тиісінше, ол жаңа қызметтің жаңа түрлеріне, оқиғалар мен жағдайларға байланыстырылады және есептерде бұрын ұсынылған ақпаратты қайталамайды.

Аралық қаржы есептілігінің кәсіпорынға аралық қаржы есептілігіне ықшамдалған қаржы есептілігінің және ішінара түсіндірме ескертулердің орнына қаржылық есептердің толық жиынтығын  (1 IAS Халықаралық стандартында сипатталғандай) жариялауға тиым салмайды. Аралық қаржы есептілігінің сондай-ақ компанияның ықшамдалған қаржы есептілігіне осы аралық қаржы есептілігінің айқындалғандай, баптар мен ішінара түсіндірме ескертулердің ең аз санынан жоғары ақпарат енгізуіне тиым салмайды. Осы аралық қаржы есептілігінің тану және бағалау жөніндегі нұсқаулар сондай-ақ аралық кезеңдегі толық қаржы есептілігіне қолданылады және мұндай есептілікке осы аралық қаржы есептілігінің талап ететін, сол сияқты басқа да Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары талап ететін барлық ашып көрсетулер (әсіресе) кіреді.

Аралық қаржы есептілігіне ең аз дегенде мынадай құрамдас бөліктер кіруге тиіс:

-ықшамдалған бухгалтерлік баланс;

-пайдалар және залалдар туралы ықшамдалған есеп;

- капиталдағы барлық өзгерістерді, не меншік иелерімен  операциялар-дың және меншік иелерінің бөлістері нәтижесінде туындайтын өзгерістерден басқа өзгерістерді көрсететін ықшамдалған есеп;

-ақша қаражатының қозғалысы туралы ықшамдалған есеп; және

-ішінара түсіндірме жазбалар.

 

1.3 Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкестікті  ашу

 

Кәсіпорынның аралық қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес жасалынса, онда бұл факт ашылуға тиіс. Аралық қаржы есептілігі әрбір қолданылатын Стандарттың және Түсіндірме жөніндегі тұрақты комитет берген әрбір қолданылатын түсіндірменің барлық талаптарын орындамаса ғана, ол Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес деп сипатталмауы тиіс.

Аралық қаржы есептілігін ұсыну талап етілетін кезеңдер

Аралық қаржы есептілігіне төмендегі кезеңдер үшін мынадай аралық қаржылық есептер  (ықшамдалған немесе толық) кіруге тиіс:

-ағымдағы аралық кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша бухгалтерлік баланс және тікелей алдағы қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша салыстырмалы бухгалтерлік баланс;

-тікелей алдыңғы қаржы жылының салыстырылатын аралық кезеңдеріндегі (ағымдағы және осы күн қарсаңындағы жыл үшін) пайдалар және залалдар туралы есептермен салыстырылған ағымдағы аралық кезеңдегі және өспелі қорытындымен ағымдағы қаржы жылындағы пайдалар және залалдар туралы есептер;

-тікелей алдыңғы қаржы жылының салыстырылатын кезеңіндегі есеппен салыстырғандағы ағымдағы қаржы жылындағы өспелі қорытындымен капиталдағы өзгерістерді көрсететін есептілік; және

-тікелей алдыңғы қаржы жылының салыстырылатын кезеңіндегі есеппен салыстырғанда ағымдағы қаржы жылы үшін жалпы қорытындымен ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп.

Шаруашылық қызметі анық маусымдық сипаттағы компания үшін аралық есептілік күнімен аяқталатын он екі ай үшін қаржылық ақпарат және өткен он екі ай үшін салыстырмалы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Тиісінше, шаруашылық қызметі анық маусымдық сипаттағы  компания-лардың алдыңғы параграфта талап етілетін ақпаратқа толықтыру ретінде осындай ақпарат ұсыну мүмкіндігін қарауы қуатталады.

Аралық қаржы есептілігінің мақсаты үшін бапты қалай тану, бағалау, жіктеу немесе ашу туралы шешімдер қабылдау кезінде маңыздылық аралық кезеңдегі қаржы деректеріне қатысты бағалануға тиіс. Маңыздылықты бағалау кезінде аралық өлшемдердің жылдық қаржы деректерінің өлшемдеріне қарағанда баға көрсеткіштеріне көбірек  сүйене алатындығын мойындаған жөн.

1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS  Халықаралық стандарты және 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандарты, егер баптың болмауы немесе дұрыс ұсынылмауы қаржы есептілігін пайдаланушылардың тиісті экономикалық шешімдеріне ықпал ете алатын болса, оны маңызды деп айқындайды. 1 IAS Халықаралық стандарты (мысалы), тоқтатылған қызметті қоса алғанда, маңызды баптарды жекелей ашуды талап етеді, ал 8 IAS Халықаралық стандарты есептік бухгалтерлік бағалардағы өзгерістерді, есеп саясатындағы қателер мен өзгерістерді ашуды талап етеді. Бұл екі Стандартта маңыздылыққа қатысты сандық бағдарлар болмайды.

Маңыздылықты бағалау кезінде әрқашан негіздеме қажет болатындықтан, аралық сандарды түсінуді жеңілдетеді деген дәлелмен тану және ашу туралы шешімді тек қана аралық кезеңдегі деректердің негізінде қабылдауды көздейді. Осылайша, мысалы, ерекше баптар, есеп саясатындағы немесе бағалаулардағы өзгерістер және қателер ашпау жағдайында туындауы мүмкін жаңылыстарды болдырмас үшін аралық кезеңдегі деректерге қатысты маңыздылық негізінде танылады және ашылады. Аралық кезең ішіндегі қаржылық жағдайды және ұйымның қызмет нәтижелерін пайымдау үшін маңызы бар ақпараттың барлығын аралық қаржы есептілігіне қосуды қамтамасыз ету басым мақсат болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

2. АРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ  ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

2.1 Аралық қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі

 

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Аралық қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушы-ларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтау-шылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар және т.б. кіреді. Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық әрі объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы керек. Есеп беру белгіленген мерзімінде жасалған жөн.

Кәсіпорын аралық қаржылық есептілікті құрастырғанда-

а) БЕХС  (IAS) 1 «Қаржылық есеп ұсыну»;

б) ҚЕХС (IRS) 34 «Аралық қаржылық есеп»;

в) ҚЕХС (IAS) 7 «Ақша қаражаттар қозғаласының есебі»;

г) операциялық сегменттер;

д) Басқа да ҚЕХС және ПКИ осы құжаттарды басшылыққа алады:

Экономикалық шешімдерді қабылдау үшін, сыртқы қолданушыларға ақпаратты ұсыну үшін, қаржылық есептілік келесі 1-кестедегі мерзімдерде құрастырылады:

 

Кесте 1-  Қаржылық есептілік мерзімдері

Есеп беру формалар атауы

Есеп беруді құруды жиелігі

Қаржылық жағдайға есеп беру, кезең соңына.

Ай сайын, квартал, жыл

Кезең ішінде тұтастай табыс туралы есеп беру

Ай сайын, квартал, жыл

Кезең ішіндегі ақша қозғалысы туралы есеп беру

Квартал сайын, жыл

Кезең ішіндегі меншікті капиталдағы өзгеріске есеп беру

Квартал сайын, жыл

Ескертулер, ішінде есеп саясаты мен басқа да түсіндірме ақпарат керекті элементтерінің қысқаша мазмұны

Жылдық есеп беруге

Аралық қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, мәнді және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылатындығы белгілі. Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорын қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:

-инвесторлар–жасаған инвестицияның тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивиденттерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

-кредитор – алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
жабдықтаушылар – кредиторлық қарыздарды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

-сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;

-қызметкерлер – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбекақысын және басқа да төлемдері мен жеңілдіктерін алады, ал акционерлер – тұрақты түрде дивиденд алып тұруды көздейді;

-мемлекеттік органдар – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;

-жұртшылық – жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып келеді.

Аралық қаржылық есеп берудің элементтері. Есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

-Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік  және мүліктік емес игілігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Активтер физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, машиналар және т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, «ноу-хау», т.б.) сондай-ақ активтер дебиторлық қарыздар іспеттес те болып келуі мүмкін.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесінің орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе кәсіпорын келісім-шарттық қатынасқа орырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін.

Меншік капиталы –бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, резервтік капитал, қосымша төленбеген капитал, таратылмаған табыс. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың маңызы зор, сондай-ақ пайдаланылатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.

 

2.2 Аралық  қаржылық есеп берудің баптарын бағалау

 

Жоғарыда аталып өткендей, экономикалық мағынасы бойынша біртектес баптар  топтарға, ал топтар – бөлімдерге бірігеді. Бөлімдердің мазмұны шаруашылық қорлары мен олардың көздерінің жіктемесіне сәйкес келеді.

Актив құрамы.

Бұл бөлімде ұзақ мерзімді активтер көрсетіледі:

2700 «Материалдық емес активтер» -бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы (1 жылдан астам)  шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі. Бұл орайда түсіндірме жазуларда амортизация есептеудің әдісі,  есептеу мерзімі, сондай-ақ есепті кезеңдегі:

а) 2700 «Материалдық емес активтер»;

ә) 2710 «Гудвилл»;

б) 2730 «Басқалар»;

в) 2740 «Материалдық емес активтердің аммортизациясы» деген жинақ-тамалы шоттардың ақпараттарын қолдану қажет.

Негізгі құралдар- бұл материалдық салада, сондай-ақ өндірістен тыс салада қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын материалдық активтер.

Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:

а)  2411 «Жер»;

б) 2412 «Үйлер мен ғимараттар»;

в) 2413 «Машиналар мен жабдықтар»;

г) 2414 «Көлік құралдары»

д) 2930 «Аяқталмаған күрделі құрылыс.

е) 2421 «Үйлер мен ғимараттардың тозуы»;

ж)2423 «Машиналар мен жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы»;

з) 2425 «Көлік құралдарының тозуы».

Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінге қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.

Ұзақ мерзімді инвестициялар - кәсіпорынның табысты активтеріне (бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар және т. б.) жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ мерзімді (1 жылдан ұзақ ) инвестициялары, өзге кәсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі. Онда.

а) 1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар»;

б) 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар»;

в) 2210 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар».

Ағымдағы активтер.

Өңдеу және сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы-материалдық қорлар (шикізат қалдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер).

Алдағы кезең шығындары – есепті күннен бастап 1 жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін.

Ақша қаражаттары. Пайдаланылуына шек қойылған ақша қаражат-тарынан шектеулер 1 жыл ішінде алынып тасталса, олар ағымдағы активтерге қосылады.

Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары – мерзімдері 1 жылға дейін.

Дебиторлық берешек – есепті күннен бастап 1 жыл ішінде алынуы мүмкін.

Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:

а)1210 «Алуға арналған шоттар»;

б) 1130 «Алынған вексельдер»;

в) 1220 «Еншілес серіктестіктердің дебиторлық берешегі»;

г) 1230 «Тәуелді серіктестің берешегі»;

д) 1240 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі»

ж)1280 «Өзге де дебиторлық берешектер» бөлімшесі шоттарының деректері пайдаланылады.

Сомасы 1 жыл ішінде алынбаса, дебиторлық берешек ағымдағы активтерге толықтай қосылады.

Пассив құрамы.

1-бөлім. Меншікті капитал.

Баланс пассивінің 1-ші бөлімінде меншікті капитал туралы ақпарат ашылып көрсетіледі. Жарғылық капитал – кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес, оның меншік иелерінің (қатысушыларының, құрылтайшыларының) салымдары есебінен құралған жарғылық қор.

Түсіндірме жазуларда есепті кезеңде жарғылық капиталда болған өзгерістер жайлы ақпаратты ашып көрсету керек.

Аралық қаржылық есепте мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуге тиіс:

а) мәлімделген, шығарылған және айналымда жүрген ( мәләмделген, жазылатын және төленген капитал) акциялардың саны мен сомасы;

б) төленбеген капитал;

в) акцияның номиналдық және ағымдағы құны;

г) оларға ие адамдардың құқығы, девидендтерді бөлу мен мүлік  бөлігін төлеудің шарттары;

д) ерекшеленген акциялар бойынша төленбеген девидендтер;

е) өтелімі төленіп алынған меншікті акциялар;

ж) болашақта шығаруға мәләмделген акциялар.

Өзге меншікті капитал:

а) номинал құнынан артық төленген капитал;

б) негізгі құралдар мен қаржы инвестициясын қайта бағалау сомасы.

Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорынның қалыптасқан резервтік капиталдың қалдығы көрсетіледі.

Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян).

2-бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, 1 жылдың ішінде өтелуге тиіс бөлігін қоспағанда, мыналар жеке ашылып көрсетілуге тиісті:

а) қамтамасыз етілген несиелер;

б) қамтамасыз етілмеген несиелер;

в) еншілес серіктестіктер ұсынған несиелер,

г) төлемі кейінге қалдырылған салықтар.

Түсіндірме жазбада проценттік ставканы, несиені өтеудің мерзімін, өтеудің тәртібін және шартта көзделген басқа да талаптарды көрсету керек.

3-бөлім. Ағымдағы міндеттемелер.

Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі 1 жылдың ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуға тиісті:

а) қысқа мерзімді несиелер немесе овердрафт;

б) ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;

в) салықтар бойынша берешек;

г) төлеуге арналған девидендтер;

д) еншілес серіктестіктерге берешек»;

е) акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына берешек;

ж) өзге де кредиторлық берешектер.

Төлеуге есептелген шығындар – болжанбаған жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.

Алдағы кезеңдердің табыстары – бұл бапта есепті жылы алынған, бірақ болашақ есепті кезеңге жатқызылатын қаражаттар көрсетіледі.

Егер заңды тұлға міндеттемені ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыруға шешім қабылдаса, ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдық бөлігі ағымдағылардан алынып тасталады. Мұндай жағдайда міндеттеме-лердің сомалары мен қайта қаржыландыру сомалары ашып көрсетіледі.

 

2.3 Бухгалтерлік баланс

 

Бухгалтерлік баланс есеп беруді жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарында анықталған ақпараттардан тұруы тиіс.

Баланс Бас кітапта көрсетілген шоттардың қалдығының негізінде жасалады. Ол міндетгеме, меншік капиталы, активтер деген белімдерден тұрады. Активтер мен міндеттемелер өз кезегінде ұзақ және ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.

Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелердің өзара зачет жасалуы рұқсат етілмейді. Баланстың кейбір баптары басқа баптарға енгізілмеуі керек, немесе бұрып қоюға болмайды (мысалға, дебиторлық қарызды, кредиторлық қарызбен жабуға болмайды).

Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай-ақ пайдаланатындар үшін де ол өте кажет және олардың сол көрсеткіштері бойьшша талдау жасалынады.

Сонымен ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңында белгіленген тәртіп бойынша түгендеудің көмегімен баланстың барлық баптары расталуы тиіс.

Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.

Қаржылық –шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржылық –шаруашылық қызметінің  есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады:

-өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда.

-өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді.

-жалпы табыс - өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан  түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннар соң шығатын  қаржылық нәтижесі.

-кезең шығыстары - өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы пайыздарды төлеу бойынша шығыстары;

-негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) - жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;

-негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) - кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциялардан алынған табысы (негізгі құралдарды материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан, субсидии т. б.).

-салық салынғанға дейінгі әдеттегі кызметінен алынған табысы - негізгі және негізгі емес кызметтерін біріктіргеннен алынған табыс;

-табыс салығы бойынша шығыс - соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;

-салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы (зияны) -салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынған табысы (зияны);

-төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны) - есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;

-таза табыс (зиян) - есептік кезенде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру. Есепте негізгі (немесе операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны (тасқыны) туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай каражаттың және олардың эквиваленттерінің таза кебеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымдағы активттер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі больш табылатын кірістеріне немесе зияндарына карап түзетулер енгізіледі.

Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

Операциондық қызметге тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығыстарынын тұрады.

Жанама әдістер - бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметгердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету (корректир) жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметгері мен қаржылық-шаруашылық қызметінін нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінін нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнін көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.

Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату және берілген несиені өтеу және алу. Инвестициялық қызметке мыналар жатады:

-негізгі кұралдарды, материалдық емес активтерді және баска да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;

-негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарының шығысы;

-қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.

Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінін кұрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.

Оған мыналар жатады:

-шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;

-алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.

Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді, және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу; кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа кәспіорыннын акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б. жатады.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді (таблицаны) пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі (актив қаражатының қозғалысын жанама әдіспен есептеу):

-өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады (+,);

-өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруашьшық қызметінін нәтижсі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, сондай-ақ есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы (зияны) салыстырылады.

Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандайда қызмет түрі (операциондық, инвестициялық немесе қаржылық) сомалардын үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады. Осы жанама әдіс бойынша жасалған кесте жоғарыда келтірілді.

Операциондық қызметтен түскен ақша қаражаттарынын қозғалысын тікелей әдіс бойынша анықтаған кезде олардың қозғалысына әсер ететін факторлардың мазмұны ашылады, яғни ақшалай және ақшасыз жасалған операцияларының ара жігі ашылады.

Егер де операциялар өзінің экономикалық мазмұны бойынша біртектес болып келсе, онда олар есеп беруде бір бапқа біріктірілуі мүмкін. Тікелей әдістің негізінде жасалған ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру нысаны төменде келтіріледі.

 

                                          ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, курстық жұмысты қорыта келгенде, аралық қаржылық (бухгалтерлік) есеп беру кәсіпорын ісінің белгілі бір уақыт аралығына деген, оның қаржылық жағдайы туралы және нәтижесі туралы мәліметтер көздері болып табылады.

Әртүрлі топтағы, саладағы қолданушыларға сай аралық қаржылық есеп беруді құру, жасауда ақпараттық қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін нақты нормалар мен ережелерді бекіту қажет

Қаржылық есеп беру жылдық және аралық болып екіге бөлінеді. Жылдық есеп беру бухгалтерлік баланс, кіріс пен шығыс жөнінде есеп беру, оларға деген түсініктеме жазбадан және мінездемеден тұрады.

Қаржылық есеп беру жеткілікті және анық түрдегі ақпарат болуға, түсінікті, толықты, салыстырмалы, мәнді түрде және тағы басқа осы сияқты критерийлер түрінде  болуы керек.

Бухгалтерлік баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай-ақ пайдаланатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.Ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңында белгіленген тәртіп бойынша түгендеудің  көмегімен баланстың барлық баптары расталуы тиіс.

Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары (мерзімі 1  жылдан кем) және облигация, қазыналық вексельдер және т. б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы кәсіпорынның мұқтажын бағалауға көмектеседі.

Ал, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелер қолданылады. Ол кестеде белгілі-бір ақпараттар келтіріледі. Сондай-ақ ақша қаражаттарының үш қызметі бар. Олар: оперативтік, инвестициялық және қаржылық. Олар өз алдарына жеке-жеке процестерді жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.      ХҚЕС 34  Аралық қаржылы есептілік.

 

2.      "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" заң .

 

3.      Әбдіқалықов Т.Ә.Сәтмұрзаев А.А.Қаржылық есепті ұйымдастыру.2006 ж.

 

4.      Қаржылық есеп: оқу  құралы/ Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева-Алматы: Экономика, 2001.-330б. 

 

5.      Құлпыбаев С. т.б. Қаржы теориясы. Оқу құралы. –Алматы: Мерей, 2001. -176б.

 

6.      Ілиясов, Қ.Қ., Құлпыбаев,С. Қаржы: жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы: LEM, 2005.-552б.

             

7.      Ержанов М.С. Ержанова С.М. Учетная политика на казахстанском предприятий. Алматы 2004 г.

 

8.      Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп: оқу құралы. Тасмағанбетова Г. 2005 ж.

 

9.      Кашаев А.Н., Островский О.М. О принципах бухгалтерского учета. Бухгалтерский учет, 2002 г.

 

10. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управ.капиталом. Анализ отчетности. 2005г

 

11. Радостовец В.К., Кеулімжаев К.Г. Бухгалтерлік есеп теориясы Алматы 1996 ж.

 

12. Радостовец В.В., Омаров А.Ш., Тасмағанбетов А. Организация финансового учета 2004 г.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

 

 

20

 

Информация о работе Аралық қаржылық есептілік