Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 12:33, реферат

Описание работы

Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік –экономикалық дамуының болжамы (бұдан әрі - Болжам) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IY Бюджеттік кодексімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 «Әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысымен әзірленді.

Работа содержит 1 файл

Қарағанды облысының 2011.doc

— 75.50 Кб (Скачать)

Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

Қарағанды облысы

әкімдігінің 2010 жылғы

«23»қыркүйек  2010 жыл № 26/01

қаулысымен  мақұлданды

Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

Кіріспе

Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік –экономикалық дамуының болжамы  (бұдан әрі - Болжам) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына,  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IY Бюджеттік кодексімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 «Әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысымен әзірленді.

Болжам үш жылға  арналған бюджет параметрлері болжамын, бес жылғы кезеңге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері мен басымдықты мақсатты индикаторлары мен тенденцияларын құрайды және жергілікті мемлекеттік органдардың бес жылдық кезеңге арналған Стратегиялық даму жоспарларын, үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджеттерді, аймақты дамыту бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Болжам  келесі негізгі бөлімдерді құрайды:

- облыс экономикасының  экономикалық дамуының тенденциялары;

- облыс экономикасының дамуының факторлары мен жағдайлары;

- 2011-2015 жылдарға  арналған әлеуметтік-экономикалық  дамуының болжамы мен мақсатты  индикаторлары;

- 2011-2013 жылдарға  арналған облыстың бюджет параметрлерінің   болжамы;

- облыстың әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі көрсеткіштері мен бюджет параметрлерінің болжамы (кесте түрінде).  

1. Қарағанды облысының  экономикалық дамуының  тенденциялары

1.1. 2008-2009 жылдардағы экономикалық  өсім   

Еліміздің экономикасын дамытуда аймақтың көрсеткішінің қоры болып жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) саналады.

2000 жылдан 2009 жылдар  бойынша облыстың жалпы өңірлік  өнімінің көлемі үшін өсу қарқыны  байқалады (1 сурет).

Өндірілген жалпы  өңірлік өнімнің көлемі 2008 жылға 1463,0 млрд. теңгені немесе республика ЖӨӨ-нің 9,1%-ын құрайды, бұл республика бойынша (Алматы қ.– 18,4%, Атырау облысынан – 11,2%) кейінгі 3 орын. 2009 жылға – 1467,4 млрд. теңге немесе республика ЖӨӨ-нің  9,1%, сондай-ақ  (Алматы қ.– 19,2%, Атырау облысынан – 10,9%) кейінгі 3 орын.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ-ні өндіру 2008 жылы 1088,4 мың теңгені құрады - бұл республика бойынша 8-ші орын, 2009 жылы– 1087,8 мың теңге (8-ші орын).   
 

Қарағанды облысының жалпы  өңірлік өнімінің

динамикасы

1 сурет

Облыстың жалпы  өңірлік өнім өндірісінің құрылымында  тауарларды өндіретін салалардың үлесі басым. 2008 жылы  - 59,5%, 2009 жылы  – 58,7%. Өнеркәсіпке 2008 жылғы облыс ЖӨӨ-нің 52,4%-ы немесе республика өнеркәсібі ЖӨӨ-нің 14,9%-ы тиесілі, 2009 жылы – сәйкесінше 51,8% және 15,9% (2 сурет).

Экономикалық  өсім  2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ауыл шарушалығы (3,3%), көлік және байланыс (8,2%), сауда (9,7%) дамуымен байланысты болды.   

Қарағанды облысының жалпы  өңірлік өнімінің

құрылымы 2009 жылға, %

2 сурет   
 

2009 жылы облыстың  өнеркәсіптік кәсіпорындары (шағын  кәсіпорындарды, қосалқы өндірістерді, үй шаруашылығы секторын қосқанда) қолданыстағы бағаларда 808,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Есептік кезеңде өнеркәсіптік өнімнің айғақты көлем индексі 95,4% құрады (2008 жылы өнеркәсіптік өндірістің АКИ – 96,7%).

2009 жылы облыста  экономикалық өсім қарқынының бәсеңдеуі айғақты көлемдердің төмендеуінің негізгі себебі өнеркәсіп өнімінің (95,4%), тазартылған мыс өндірісі көлемінің 19,6%-ға, мыс сымының 3,1 есеге («Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС №2 кентермиялық пешін жоспарлы жөндеу жұмысы), мырыштың 82%-ға төмендеуі (Балқаш мырыш зауытының қайта құруға тоқтатылуы) ықпал етті.

2009 жылы  өңірлік деңгейде кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен  23 жоба жүзеге асырылды, оларда 601 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олардың ішінде 19 өндірісте озат технологиялар енгізілген. Олардың арасында, талшық оптикалық кабель өндірісі «Қазорталықэлектрөткізгіш», әртүрлі мақсаттағы болат сым өндіру цехы «ТД Азия Метиз» ЖШС Қарағанды қ»; құрғақ әдіспен цемент өндіру.

Шаруашылықтың барлық санаттарында ауыл шаруашылығы  өнімінің жалпы көлемі 2009 жылға 80,2 млрд. теңгені құрап, айғақты көлем индексі 109,9%-ды құрады.

Дәнді-дақылдардың  жалпы жиыны 2009 жылы 601,3 мың тоннаны  құрады, яғни 2008 жылдан 58%-ға артық, орташа түсімділік – 8,6 ц/га, картоп өндірісі 215,8 мың тоннаны құрады  (2008 жылға 113,5%), көкөніс – 74,6 мың тонна 2008 жылға қарағанда 12,9%-ға артық. 80 мың тонна астық тұқымдары себілді.

2009 жылы жалпы  облыс бойынша 119,3 мың тонна  ет өндірілді (2008 жылға қарағанда  96,3 пайыз), сүт- 345,7 мың тонна, бұл  2008 жылғы деңгейден 5  пайызға көп. 243 млн. дана жұмыртқа өндірілді, бұл өткен жыл деңгейінен 3,5 пайызға көп, жүн – 1,7 мың тонна (2008 жылға қарағанда 101,2 пайыз).

2009 жылдың қорытындысы  бойынша тамақ өнімінің (сусындарды  қосқанда) айғақты көлем индексі  104,8%-ды құрады ( 59,7 млрд. теңге).

Тасмалданған  жүктің көлемі 2009 жылы 380 млн. тоннаны  немесе 2008 жылғы тасмалданған жүктің көлемінің 101,7%-ын құрады.

Жүк айналымы 4 592,6 млн. тонна-км (2008 жылға 104,8%).

1 287,5 млн. адам тасмалданды, бұл 2008 жылдың көрсеткішінен 104,8%-ды құрайды.

Жолаушылар айналымы 14 092,8 млн. жолаушылар-км (2008 жылдың деңгейінен 103,2%-ды құрады).

2008-2009 жылдары  тұрғын үй құрылысының өсімі  байқалды. 2009 жылы  пайдалануға 491 мың шаршы метр енгізілді (бұл 2008 жылдың көрсеткішінен 101%).  

Инфляциялық үдерістер 

Негізгі тауарлар мен қызметтерге бағаны тежеу  мәселесі әлемдік қаржы тұрақсыздығы жағдайында Үкіметтің, барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарының ерекше бақылауында тұр.

Қабылданған шаралар  нәтижесінде инфляция деңгейі жоспарланған коридорда сақталды және 5,9% құрады, бұл ортареспубликалық деңгейден 0,3 пайыздық тармаққа төмен (ҚР бойынша - 6,2 пайыз).  

Сыртқы  экономикалық қызмет

Экспортталатын  тауарларға әлемдік бағаның төмен  деңгейі, импортқа өндіріс пен сұраныс көлемінің төмендеуі 2009 жылы сыртқы сауда көлемінің төмендеуі ықпал етті.

Бұл кезеңде  облыстың сыртқы сауда айналымы 7 млрд. артық АҚШ долларын құрады, ол 2008 жылдан 39,8%-ға төмен.

Облыстың сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары саудасында 2009 жылда сауда балансының оң сальдосы 4,1 млрд. АҚШ доллары сомасында (2008 ж. - 6,8 АҚШ доллары) қалыптасты.

Облыстың барлық сыртқы сауда айналымының едәуір үлес салмағы «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ мен «Қазақмыс» корпорациясы»  ЖШС-не (72%) тиесілі. Ірі қатысушыларына «Жәйрем КБК» АҚ (жүк айналымы 73 млн. АҚШ доллары), «Шұбаркөл Көмір» АҚ (жүк айналымы 31 млн. АҚШ доллары), «ТЭМК» ЖШС (жүк айналымы 29 млн. АҚШ доллары) жатқызуға болады.

2009 жылы облыстың  сауда айналымындағы экспорт  үлесі 79%-ды құрады. Облыстың сыртқы экономикалық қызметінің қатысушыларымен бір жылда 5615,7 млн. АҚШ долларына операциялар іске асырылды.

Облыстың сыртқы сауда көлемі 2009 жылы 1483,5 млн. АҚШ  долларын құрады.

Қарағанды облысының  кәсіпорындары мен ұйымдары әлемнің 102 елімен сыртқы экономикалық байланыс жасады, оның ішінде 47 елге өнім экспортталды, 95 елден импортталды.

Бюджет 

Экономикалық  өсудің бәсеңдеуі, нарықтағы металлдарға  сұраныстың және бағаның төмендеуі 2008 жылдың екінші жартысында аймақтың шаруашылық етуші субъектілерінің кірістерінің төмендеуіне әсерін тигізді.  Осыған байланысты 2009 жыл үшін кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы төлемінен салықтар мен еңбекті төлеу қорының төмендеуі сипатталды, бұл өз кезегінде облыстың бюджетіне қолайсыз әсерін тигізді. Бірақ, дағдарысқа қарсы шарасында экономикаға қолдау көрсету облыс бюджетіне түсімдердің едәуір төмендеуін жеңуге және бірінші кезекті шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етуге жол берді.

Жұмыспен  қамту және әлеуметтік қорғау

2009 жылы 62 мыңнан  астам жұмыссыз адам Жол картасын есепке алуымен  (2008 жылы – 37 мың жұмыссыз) жұмысқа орналастырылды. Жол картасы шеңберінде - 27 мыңнан астам адам.

Облыс экономикасында 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

Жұмыссыздық деңгейі 2008 жылы 6,2%-дан 2009 жылы 6,1%-ға дейін азайды.

Аймақтық жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру үшін әлеуметтік қорғау объектілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1688 қосымша жұмыс  орындары құрылған, жұмыссыздар қатарынан 1350 адам жұмысқа орналастырылған.

2009 жылы әлеуметтік  жәрдемақы төлеуге 728,8 млн. теңге шамасында қаражат жіберілді.

Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар органы арқылы мүгедектерге, ардагерлер мен   мұқтаж басқа да санаттағы  азаматтарға 1,5 млрд. теңгеден астам жіберілді.

9 интернат-үйін  ұстауға 1,8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2008 жылға қарағанда екі есе  көп. Бұл әлеуметтік қызмет көрсетулердің қазіргі заманғы стандарттарына жақындатуға ықпал етті.   

Негізгі капиталға инвестициялар

2009 жылы негізгі  капиталға инвестиция 214,1 млрд. теңгені  құрады, немесе 2008 жылға 96,5 %-ды құрады.

Негізгі капиталға  инвестицияның едәуір артуы өткен  жылмен салыстыру бойынша «ақпарат және байланыс» 55,1%, «электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату» 32,8%,  «өңдеуші өнеркәсіп» 17,3%  қызмет түрлері бойынша байқалады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың қаражаты  инвестицияның жалпы көлемінің 58 %-на тиесілі.

Облыстың шағын, орта және ірі кәсіпорындарының негізгі  капиталға инвестициясының басым  бөлігі өңдеуші өнеркәсіпте (35,8%), тау-кен  өнеркәсібінде (15,1%), электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату (12,9%), көлік және байланыс (13,9%) және жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, жал және тұтынушыларға қызмет көрсетуде (8,7%) игерілді.  

1.2. 2010 жылғы облыстың  әлеуметтік-экономикалық  дамуының тенденциялары   

2010 жылдың басынан  бастап облыстың экономикасы  үшін өнеркәсіп өндірісі тенденциясының  өсімі сипатталады.

Болжамдық мәліметтер бойынша қара және түсті металлдардың әлемдік бағасы 2010 жылы 2007 жылдың деңгейіне  дейін өсу беталысы байқалды. Ағымдағы жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 2009 жылдың деңгейіне 4,4% күтіледі;

-                    тау-кен өнеркәсібі саласында өнім өндірісі 19,2% күтіледі;

-         өңдеуші өнеркәсіпте – 3,4%;

- металлургиялық салада катодтық мыс 5,7%-ға, ферроқорытпа – 16,3%-ға артады. Металл құю бойынша қызмет көрсету көлемі 1,5 есеге өседі.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыста 2010 жылға жалпы  сомасы 29 млрд.теңгеге 10 инвестициялық  жобаны жүзеге асыру жоспарланды.

Олардың ішінде: "Сарыарқа ENERGY" ЖШС Жалын кен орнында көмір өндіру; "Bapy Mining" ЖШС темір кенін барлау және өндіру;   «Kaztherm» ЖШС болат панель радиаторларын өндіру; "Kazcentrelectroprovod" ЖШС полиэтилен құбырларын өндіру және басқалары.

Өнеркәсіптің  базалық салаларын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да 2010-2014 жылдары өндіріс көлемін кезең-кезеңмен арттыру үшін өндірістік қуаттылықты жаңғырту жұмысы жалғасатын болады.

Салаларды әртараптандырудың  келешегі бар бағыты – металл өңдеу  өнеркәсібі.

Дайын металл бұйымдары  өндірісі көлемінің өсуі күтіледі, оның ішінде құрылыс жинақтамалы  металлконструкциялар 15,7%-ға, металлдық  сыйымдылық – 1,4%-ға.

Елбасының «Жаңа  онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу  – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2010 жылы негізгі бағыттардың бірі «Бизнестің жол картасы – 2020» бюджеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау және дамыту болады.

Информация о работе Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы