Активтердің құрамы мен құрылымын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 07:42, реферат

Описание работы

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық құралдарының және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Работа содержит 1 файл

Активтердің құрамын.doc

— 79.50 Кб (Скачать)

АКТИВТЕРДІҢ ҚҰРАМЫН, ҚҰРЫЛЫМЫН ЖӘНЕ

ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ 

    Баланс  активтерінің құрамы мен құрылымының  динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық құралдарының және оның жекелеген  түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

    Қаржылық  есептің маңызды элементі болып  саналатын активтерді талдау барысында  осы активтердің нақты қолда  бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің  жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, оларды рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. Активтердің артуы кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейлі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляцияның әсерін ескеру қажет.

    Активтердің құрамы мен құрылымының динамикасын  «Астана» аксионерлік қоғамының  2008 жылғы баланс мәліметтері бойынша талдау жасау үшін келесі 1-аналитикалық кестені қарастырамыз. 

    1 – кесте 2008 жылдың басымен соңындағы «Астана» АҚ-дағы баланс активтерінің құрамы мен құрылуы 

 
 
Көрсеткіштер
Жыл басында Жыл соңында Ауытқулар (+,-)  
Құрылымдық  өзгерістер
сомасы, мың.тг үлес салмағы, ℅ сомасы, мың.тг үлес салмағы, ℅ сомасы, мың.тг үлес салмағы, ℅
1 Ақша қаражаттары 15669 2 2327 1,4 -13342 -85,15 -0,6
2 Дебиторлық берешектер 693344 87,46 47512 29,2 -645832 -93,15 -58,26
3 ТМҚ 72741 9,2 69294 42,6 -3447 -4,74 33,4
4 Сатуға арналған активтер 10616 1,34 6968 4,3 -4648 -43,78 2,96
5 Басқалары 300 0,04 36975 22,7 36675 +122,25 22,66
  ҚМ активтер сомасы 792370 11,1 162701 2,6 -629669 -79,47 -8,5
6 Негізгі құралдар 6318494 99,9 6131879 99,9 -186615 -3 0
7 Материалдық емес ативтер 169 0,1 118 0,1 -51 -30,12 0
  ҰМ активтер сомасы 6318663 88,9 6131997 97,4 -186666 -3 +8,5
  Активтер жиыны 7111033 100 6294698 100 -816335 - 11,5 0
  Өндірістік  потенциал құны 6391235 89,9 6201173 98,5 -190062 -2,97 +8,5

     

    Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы -816335 мың теңгеге немесе 11,5%-ке төмендегенін көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуының төмендегенін оның жұмысының кері нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғандығын және есепті жылы неге көбірек бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын активтарының мобильділігін анықтау қажет. Ол үшін , ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтау қажет. Өндірістік потенциал – ол кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамығанын сипаттайды және негізгі құралдар, өндірістік запастар мен басқа да ұзақ мерзімді активтердің құрамында есептелетін аяқтамалған активтер құрылыс құндарының сомасын көрсетеді. Өндірістік потенциал жыл басында – 6391235 мың теңгені, жыл соңында – 6201173 мың теңгені құрайды, яғни 190062 мың теңгеге немесе 2,97%-ға төмендеп отыр, оны кері нәтиже деп бағалауға болады. Мұндай нәтижеге себеп болған негізгі құралдар құнының 3%-ға және тауарлы материалдық қорлардың 4,74%-ға абсолютті төмендеуі себеп болды. Оған қарамастан, осы коэффициенттің нақты деңгейі 0,98(6201173/6294698) тең, ол ұсынылған мөлшерден жоғары, сондықтан кәсіпорынның өндірістік потенциалының жа,дайы жеткілікті деп қорытындылауға болады. Қысқа мерзімді активтердің жыл бойы 79,47%-ға немесе 629669 мың теңгеге, ұзақ мерзімді активтердің сомасы 3% немесе 186666 мың теңгеге азайған. Кәсіпорынның активтерінің жұмылдыру коэффициенті 0,11ден 0,02-ге дейін төмендеген. Мұндай жағдайды терісінен бағалауға болады, себебі бұл коэффициенттің төмендеуі кәсіпорынға өзінің береешектерін өтеу, ұйымның тоқтаусыздығын қамтамасыз ету үшін және активтерді жұмылдыру арқылы олардың айналымдылығын жылдамдату үшін беретін мүмкіндіктерден айыраып отыр. Қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін арналған құралдардың абсолютті дайындық деңгейін сипаттайтын көрсеткіш болып мобильділік коэффициенті табылады. Бұл коэффициенттің мөлшері қысқа мерзімді активтердің ең мобильді бөлігінің сомасын олардың брлық сомасына бөлу арқылы анықталады. Қарастырып отырған мәліметтер бойынша мобильділік коэффициент жыл басында 0,02(15669/792370) тең болса, жыл соңында 0,014(2327/162701) дейін төмендеп отыр. Нәтижесінде бұл көрсеткіш кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне кері әсерін тигізуде деген божам бере аламыз. Қарастырып отырған мысал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектер сомасының есепті мерзім ағымында 93,15%-ға төмендегені анықталады. Қысқа мерзімді активтердің барлық құнының ішігдегі дебиторлық берешектердің үлес салмағының көрсеткіші кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Ал біздің мәліметтер бойынша дебиторлық берешектер коэффициенті немесе олардың қысқа мерзімді активтер ішіндегі үлес салмағы жыл басында 087 (693344/792370), жыл соңында – 0,29 (47512/162701) тең, яғни жыл соңында күрт азайғаны байқалады. Алайда бұл көрсеткішті тура оңынан бағалауға болмайды. Нақты оң немесе теріс нәтиже екенін анықтау үшін кәсіпорынның сату көлемінің өзгерісін анықтау қажет. Егерде дебиторлық берешектерді өтеу мерзімін қысқарту нәтижесінде мөлшері азайса, онда мұндай жағдай оңынан бағаланады. Ал егерде дебиторлық берешектердің сомасы сату көлемінің қысқаруына байланысты азайса, онда мұндай жағдай кәсіпорынның іскерлік белсенділігі төмендегені жөнінде айғақтайды. Қарастырып отырған мәліметтер бойынша 122,25%-ға басқа да активтер өскен. Яғни кесте мәліметтері бойынша жыл басында басқада активтер болмағаны тек жыл соңында басқада активтер сомасының пайда болғаны көрініп тұр. Ал сатуға арналған активтер жыл бойы 43,78%-ға немесе 4648 мың теңгеге төмендеген. Алайда ол 2,96 пайыздық пунктке өскен. Сатуға арналған активтер ретінде баланстық құндарының есесі оларды пайдалану арқылы емес, сату арқылы қайтарылатын активтер қаралады. Тауарлы материалдық қорлар маңында әдеттегі іс-әрекет барысында немесе өндіріс процесінде сатуға арналған және өндіріс немесе қызмет көрсету процесінде пайдаланатын шикізат немесе материалдар нысанында болатын активтер түсініледі. Тауарлы материалдық қорлардың салыстырмалы төмендеу қарқыны 4,74%-ға азайғанын жалпы оңынан бағалауға болар еді. Алайда жыл соңындағы қысқа мерзімді активтердің үлес салмағындағы мөлшері 42,6%-ды құрап отар. Бұл жағдай жыл соңында артық тауарлы материалдық қорлардың немсе сұранысы тқмен дайын өнімнің, сондай-ақ шикізат пен материалдардың көбеюін айғақтауы мүмкін. Кәсіпорынның активтерінің ахуалын талдау нәтижесін былай қорытындыладым: активтер бөлімі бойынша балансты қанағатсыз деп бағалауға барлық белгілер бар, өйткені баланс валютасының төмендегені байқалады және қысқа мерзімді активтердің арту қарқыны ұзақ мерзімді активтердің өсу қарқынан өте төмен екені айғақ көрініп тұр. Сондықтанда қосымша пайда мен зияндар есебін қарастырып кейін нақты баға беру керек деп ұсынамын. Өйткені кәсіпорын қаржылық тоқырау кезінде қаржылық дағдарыс ұшырағанға ұқсайды. Әрі қарай, келесі 2-аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет. 

    2 – кесте Кәсіпорынның ағымдағы  активтерінің 

    құрамы  мен құрылымы 

 
 
Көрсеткіштер
Жыл басында Жыл соңында Ауытқуы (+,-)
сомасы, мың.тг үлес салмағы, ℅ сомасы, мың.тг үлес салмағы, ℅
  ҚМ активтер сомасы 792370 100 162701 100 -79,5
1 Ақша қаражаттары 15669 2 2327 1,4 -85,1
2 Дебиторлық берешектер 693344 87,5 47512 29,2 -93,1
3 ТМҚ 72741 9,2 69294 42,6 -4,7
4 Сатылымға арналған активтер 10316 1,3 6593 4,1 -36,1
5 Басқалары 300 0,04 36975 22,7 +23,3
 

    Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымсыз динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильды активтер – яғни ақша қаражаттары бір жылда 13342 мың теңгеге немесе 85,1℅-ға азайған.

    Ағымдағы  активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын  айналым қаражаттарының мобильдік  коэффициенті 1,4 есеге азайған және 1,4℅-ды құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталған  қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.

    Ең  мобильді қаражаттар сомасының азаюы  және айналым қаражаттарының мобильдік  коэффициентінің жылдам төмендеуі  кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің нашарлығын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе болмауы әлі де кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

    Кәсіпорынның  тауарлы материалдық қорлары  есепті жылы 4,7℅-ға төмендеді және ол жыл аяғында 69294 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 33,4пайыздық пунктке  көбейіп отыр. Яғни артық тауарлы  материалдық қорлардың немесе сұранысы төмен дайын өнімнің, сондай-ақ шикізат пен материалдардың көбеюін айғақтауы мүмкін.

    Есепті  жылы дебиторлық берешектер де әжептәуір  төмендеген. Егер оның көлемі жыл басында  – 693344 мың теңгені құраса, жыл  соңында – 47512 мың теңгені құрайды  немесе 93,1℅-ға төмендеген. Дебиторлық берешек неге мұнша төмендегенін және неліктен екендігін түсіндіру керектігін зерттеп, берешектерді өтеудің болшағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді берешектерді анықтау қажет. Кәсіпорын қаржы жағдайына дебиторлық берешектің нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы түрі, яғни берешектің пайда болу себебі әсер етеді.

    Қорыта  келе, ең өтімді активтердің азаюы, өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы  материалдық қорлардың жоғары мөлшерде бар болуы, дебиторлық берешектердің  өнім мен қызмет сату көлемінің төмендеуі себебінен азаюы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтыру және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізу ықтималының өте жоғарылығын айта кету қажет.

Информация о работе Активтердің құрамы мен құрылымын талдау