Казақстан республикасының конституциясы

Дата добавления: 11 Ноября 2012 в 18:39
Автор: a************@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (19.22 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Қазақстан Республикасының конституциясы.docx

  —  21.75 Кб

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

1. Конституцияның  ұғымы

2. Конституцияның мәні

3. Конституцияның ерекше  белгілері

4. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Конституцияның ұғымы

Конституция ұғымын ерте заманда  Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде «Конституция» деген  сөз «саяси құрылыс» ұғымын білдіретін. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз  рентаны, рента шартын бейнеледі. Ұлы  француз төңкерісі қарсаңында «Конституция»  сөзі «Мемлекеттің жай-күйі» ұғымын танытты. Конституция сөзі латынның constitutio – бекіту, орнату деген мағынаны білдірді. Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне  айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын  білдірді. Орта ғасырларда феодалдық  еркіндік туралы құжаттар осылай атала  бастады.

Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған  болатын. Ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы  емес конституциялары бар мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституция деп  аталуы ХІІІ – ХХ ғасырларда қабылданған  көптеген актілер, соның ішінде сот  үрдістері (прецедент), әдет-ғұрып (конституциялық келісім) жататындығынан. Бұлардың бәрі бір-бірімен байланысы жоқ, белгілі  бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан  тұтас акті ретінде қалыптаспаған.

Ең алғашқы жазбалы  Конституцияны (ішкі құрылымдарға бөлінген бірыңғай негізгі заң) АҚШ – тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен Францияда 1791 жылы қабылданған  болатын.

Конституцяның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны  ұлттық құқықтың басқа көздеріне  қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар құқық  нормаларының жүйесі, ол бір жағынан  адам мен қоғамның, екінші жағынан  адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, сонымен бірге  мемлекеттің өзінің ұйымдастыру  негіздерін қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың  негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі  басқару буындарын ұйымдастыру  және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші әрі реттеуші Негізгі Заң  ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.

 

2. Конституцияның мәні

Конституцияның мейлінше көп тараған мағынасы – ең жоғарғы  құдіретті күші бар заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Конституцияның құдіретті күштілігі мынадан  айқын көрінеді: біріншіден, оның нормалары  өзге заңдардың тұжырымдарынан айрықша  басымдылықта болады, екіншіден, жай  заңдар және оған тәуелді нормативтік  актілер осы конституцияда айқындалған  органдар арқылы конституциялық процедураға  сай қабылданулары тиіс, үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік  актілер Ата заңымыздың нормаларына  сәйкес болуы керек.

Қазақстан Республикасының  қазіргі Конституциясы Төртінші Ата заң (1937, 1978, 1993, 1995 жж.) Кейінгі  екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекеттік  тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан  халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата  заңда (1995 ж.) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқытары мен  бостандықтары, соның ішінде жеке адамның  жан-жақты қалыптасуына қажетті  экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы, халық  билігін жүзеге асырудың демократиялық  амалдары, экономикалық қатынастардың  қызмет етуі әлемдік талаптарға сай  бейнеленеді. Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен байқағандай, оның нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс. Ал, Конституцияның өзі референдумда (Қазақстан Республикасы, Ресейде, Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе басқаша да қабылдануы мүмкін. Оның іс жүзіне енгізілуі біржақты – мемлекет басшысының актісі арқылы болуы да мүмкін. Конституцияға құқықтық акт ретінде ғана емес, оны бүкіл қоғамымыздың әділеттілік адамгершілік бағытын ұстаушы қалып ретінде қарауымыз керек. Өзінің мәні жағынан конституция ол қабылданған кездегі саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр түрлі бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.

Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын  көрінеді. Ол үш негізгі қызметті: заң (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын  – адам және адамның өмірін, құқықтары  мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы барлық заң салаларының  заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалары үшін нормалық принцип болып есептеледі. Қазіргі  кездегі Қазақстандағы құқық  жүйесінің қалыптасуы еліміздегі құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата заңының  мәні мен оның алатын орны барған сайын  жоғарылауда.

 

3. Конституцияның ерекше белгілері

Қоғамдық  қатынастардың конституциялық құқытық  реттілігінің дамуын мінездейтін әлемдегі мынандай үш ерекшелікті атап көрсетуге  болады.

1. Конституцияларды, жалпы алғанда конституциялық  құқықты тұрақты социализацияландыру  көрініс табуда. Дүние жүзіндегі  алғашқы конституциялар, әдетте, саяси  сферамен шектелген. Олар жеке (азаматтық) және саяси құқықтар  мен бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда ғана құқық  меншігін (мәні жағынан әлеуметтік-экономикалық  тұрғыда) мәлімдеген.

ХХ ғасырдағы  әлеуметтік шиеленістердің нәтижесінде  конституцияға бүкіл қоғамдық құрылысты  реттеудің белгілі бір нысандарын (саяси, әлеуметтік-мәдениет жүйелерін  қосқанда) енгізу қажеттігі талап  етілді. Осындай дәстүрді іс жүзінде  енгізіп, нығайтуға «социалистік»  деп аталатын елдердің (КСРО) конституциялары  көп әсерлерін тигізді.

Алғашқы жылы кеңестік конституциялары Қазан  революциясынан кейін пайда болды.

2. Конституциялық  құқықты демократизацияландыру.  Бұл тенденция барлық жерлерде  сайлаудың жалпыға бірдей, тең  және төтелігінен туындайды. Өйткені,  біз, Республика Президентінің,  Парламент Мәжілісінің, Сенатының  және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының  мүшелерін жасырын дауыс беру  жағдайында, лауазымына қарамастан, тек Қазақстан Республикасының  «Сайлау туралы» Конституциялық  заңы негізінде ғана өткіземіз.  Бұдан да басқа қазіргі кездегі,  өз егемендігімізді алғаннан  бері дүниеге жаңа демократиялық  институттар келіп, дами бастады.  Солардың бірі - әкімшілік пен  конституциялық әділеттілік, адам  құқығы жөніндегі мемлекеттік  ұйымдар, т.б.

3. Конституциялық  құқықты интернационализациялау. Бұл  тенденцияның басты өзегі әрбір  демократиялық мемлекеттің Ұлттық  конституциялық құқығының халықаралық  құқықпен жақындасып, олардың арасындағы  алшақтықтың бірте-бірте жойылуы.  Жеке мемлекеттің конституциялық  құқық мәселесіндегі айтарлықтай  жетістіктері халықаралық деңгейде  қорытындылап, олар халықаралық  актілерге пактілер, конвенциялар, және т.б. түрінде енеді. Мұнын  өзі әрбір мемлекеттің ұлттық  заңдарына тиісті демократиялық  конституциялық құқықтық институттарды  кіргізуге өз әсерін тигізеді  деген сөз. Қазақстан Республикасының  Конституциясындағы «Республика  бекіткен халықаралық шарттардың  Республика заңдарынан басымдығы  болады және халықаралық шарт  бойынша оны қолдану үшін заң  шығару, талап етілетін жағдайдан  басқа реттерде, тікелей қолданылады»  және «барлық заңдар, Республика  қатысушы болып табылатын халықаралық  шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады», делінген тұжырымдар осының куәсі. Демек, біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе де, тек республика бекіткен халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық жүйелердің, құрамдас бөлігі деп есептеуімізге күмән жоқ..

Конституция түсінігн заңды (юридикалық) конституция  және нақтылы (фактически) конституция  жүктеулерінен ажыратуымыз қажет. Заңды конституция – бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін белгілі  бір құқықтық нормалардың жүйесі. Нақтылы конституция болса, ол өмір өзегінен туындайтын қатынастар. Яғни, мұндай конституция өмірмен тығыз  байланыста болып, одан алшақтамауы  тиіс. Былайша айтқанда, ол өмір шындығы, өмір ақиқаты.

Қазақстан Республикасының конституциялық құығы  деп Қазақстан Республикасы аумағында  әрекет ететін, қоғамның құрылысы негіздерін және мемлекеттік билікті ұйымдастыруды  реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұғынылады.

Конституцияның  сыртқы заң күші бар және ол республиканың  барлық аумағында тікелей қолданылады. Барлық басқа бастаулар конституция  нормаларынан шығады және оған қайшы  келмеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясы  – басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы  заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары  мен міндеттерінің негіздерін, сонымен  қатар жергілікті өзін-өзі басқару  органдарын ұйымдастыру мен олардың  қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.

 

 

 

Қорытынды

 

Халық өзі дауыс беріп  қабылдаған заңын әрдайым әділ деп  есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы  үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.

Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына,  үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен  заңды айналып өтуге тырысушылық  өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.

Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы  заң бекерден-бекерге  шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың  дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет  бола бастады.

Заңды қабылдағаннан соң  оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын  қамтамасыз ету оңай шаруа емес.

Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.

Біздің Негізгі Заң  дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың  бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.

 

 

 

 

 

 

Пайданылған әдебиеттер:

1.«Қазақстан  Республикасының конституциялық  құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.

2.«Қазақстан  Республикасының конституциялық  құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы, 2004  жыл.

3.«Қазақстан  Республикасының Конституциясы»  Астана 2007 жыл.

4.«Салыстырмалы  құқықтану негздері »Табанов. Алматы, 2003 ж.

5.«Құқық  негіздері ».С.Д.Баққұлов Алматы, 2004 ж. 

 

 


Описание работы
Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде «Конституция» деген сөз «саяси құрылыс» ұғымын білдіретін. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі. Ұлы француз төңкерісі қарсаңында «Конституция» сөзі «Мемлекеттің жай-күйі» ұғымын танытты. Конституция сөзі латынның constitutio – бекіту, орнату деген мағынаны білдірді. Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған болатын. Ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы емес конституциялары бар мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституция деп аталуы ХІІІ – ХХ ғасырларда қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-ғұрып (конституциялық келісім) жататындығынан. Бұлардың бәрі бір-бірімен байланысы жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан тұтас акті ретінде қалыптаспаған.
Содержание
1. Конституцияның ұғымы
2. Конституцияның мәні
3. Конституцияның ерекше белгілері
4. Қорытынды