Арифметикалық өрнектер

Дата добавления: 11 Февраля 2013 в 16:27
Автор: A***************@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (25.07 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Арифметикалық өрнектер.docx

  —  27.49 Кб

Арифметикалық өрнектер

 
 
Сандық тұрақтылармен айнымалылармен және стандартты функциялармен кәдімгі арифметикалық амалдарды орындауға болады.  
Стандартты мәндердің есептелу ережесін білдіретін символдық жазуды арифметикалық өрнек дейміз. BASIC тілінде арифметикалық өрнектер жалпы қабыланған табиғи пішімге жазылады. Ол сандардан, айнымалылардың және функциялардың аттарынан арифметикалық амалдардың таңбаларынан және жақшалардан тұрады.  
Арихметикалық амалдардың таңбаларына мыналар жатады:  
• ^ - дәрежеге шығару;  
• * - көбейту;  
• / - бөлу;  
• + -қосу;  
• - - алу.  
Өрнектерді жазуда мына мөмендегі ұсыныстар мен шектеулерді ескеру қажет:  
1. Формулалар ешқандай төменгі немесе жоғары таңбаларсыз бір қатарға жазылуы тиіс:  
Арихметикалық өрнекті жазудың мысалдары:  
Математикалық жазылуы BASIC тілінде жазылуы  
5 5  
а А  
в+5 В+5  
3с 3* С  
а+в  
4+с (А+В)/(4+С)  
2 Әсіресе өзіңе-өзің сенімсіздеу жағдайларда орындалтын амалдардың реттілігін көрсету үшін дөңгелек жақшаны пайдалану қажет. Жақша ішіндегілер бірнеще кезекте есептеледі. Егер жақшаға алынған өрнектің өзі жақшаға алынған болса, онда есептеу ішкі жақшадан басталады. Жақшаның ішінде амалдар солдан оңға қарай амалдардың дәрежесіне сәйкес орындалады:  
• алдымен функцияның мәні есептеледі;  
• одан соң барлық дәрежеге шығару амалдары;  
• бұдан кейін көбейту мен бөлу;  
• ең соңында қосу және бөлу;  
Мысады, BASIC тіліндегі -2+А/В*С+3^2 өрнегі мына -2+А/В*С+3^2 математикалық өрнекке баламалы. Оны есептеу алгаритімі мынандай реттілікпен орындалады:  
• Х= 32;  
• Ү=(А/В)С;  
• Z=-2+Ү+Х.  
3. Арихметикалық амалдың екі таңбасын екі бірінің жаңына бірін қоюға және көбейгіштердің арасындағы көбейту таңбасын қалдырып кетуге болмайды. Мысалы, мына 8ху/-z математикалық өрнекті BASIC тілінде былай жазылады:8*Х*Ү/(-Z). типтері бірдей арихметикалық өрнектермен арифметикалық амалдар орындалғана сол типтегі нәтиже алынады. A%+ B% +10% = бүтін сан, С1* D= нақты сан.  
4. Бүтін және нақты шамалармен орындалатын амалдар нақты нәтиже береді. Мысалы, А*В%= нақты сан, 5.4*3% =16.2  
5. mju Бүтін дәрежеге шығару көптеген рет көбейту арқылы орындалады. Мысалы, A^ 3% =A*A* A C^ N%= C*C*… C. N рет  
6. Егер дәреженің көрсеткіші нақты сан болса, онда нәтижені есептеу ЕХР және LOG функцияның көмегімен жүзеге асырылады: Х^ Y= EXP (Y*LOG(X)). Арихметикалық өрнектерді жазуда кететін қателіктер: 3А+В, 2*-В, SIN +В.

Логикалық өрнектер және операциялар

Кейбір жағдайдарда программада қандай әрекет жасау керектігін таңдау қандайда әрекет жасау керктігін таңдау бір айнымалының мәніне тәуелді болады. Мысалы, квадрат теңдеудің түбірлерін есептеу дискриминантының таңбасына байланысты әр түрлі орындалады.  
Екі өрнектің мәнін салыстыру нәтижесіне ақиқат және жалған болатын логикалық өрнек алынады. BASIC праграммалау тілінде логикалық мәндер сан түрінде беріледі; нөлдік мән жалған ретінде ал нөл емес мән ақиқат ретінде қарастырылады. Егер праграмма екі өрнекті салыстыра отырып логикалық мәнді өзі есептеп шығаратын болса, онда- 1 мәні алынады.  
BASIC праграммалау тілі алты салыстыру операциясын пайдалынылады. Осы операциялардың кейбіреуіне сәйкес келетін стандартты математикалық символдардың таңбалары стандартты пернетақтада болмағандықтан құрама таңбалар ретінде теріліп жазылады:  
Таңба Операция  
> үлкен  
<> тең емес  
>= үлкен немесе тең  
<= кіші немесе тең  
Мұнда «= » таңбасына ерекше назар аудару керек. Жоғарыда біздер бұл таңба таңба меншіктеу операциясын сипаттайды делік. Ал берілген жағдайда «= » таңбасы – бұл логикалық салыстыру операторы. Траслятор берілген таңбаны қалай пайдалану керек екендігін маңынасына қарай өзі анықтайды.  
Логикалық өрнектерде пайдалынылатын операциялар логикалық операциялр деп аталынады.Санды пайдаланғанда нәтижесі де сан болатын арихметикалық операцияға ұқсас логикалық операцияларда логикалық өрнектер пайдалынылады және нәтижеде логикалық өрнектер алынады.  
Логикалық операциялар праграммалауда кеңінен тараған және жиі пайдалынылады. Ол бір шарттың өзіне бірнеше талаптарды біріктіуге мүмкіндік береді.  
BASIC тілінде праграммалауда қызметші сөздердің көмегімен мына төмендегідей алты логикалық операция жиі беріледі:  
• AND- коньюнкция (логикалық көбейту);  
• OR – дизъюнкция (логикалық қосу);  
• NOT- логикалық теріске шығару;  
• XOR – немесе емес;  
• EQV- баламалық (бір мезгілде ақиқат немесе бір мезгілде жалған);  
• IMP- импликация (бірнеше ақиқат болғанда мәні жалған, қалған басқа жағдайлардың бәрінде екінші жалған және ақиқат).  
Біз осы келтірілген логикалық операциялардың ішінен (AND) логикалық көбейтуді; (OR ) логикалық қосуды және (NOT) логикалық теріске шығаруды қарастырамыз. Бұл операциялардығ қолданылуы нәтижесін мына төмендегідей кестеден көреміз:  
А В А AND В А OR В NOTА  
Ақиқат Ақиқат Ақиқат Ақиқат Жалған  
Ақиқат жалған Жалған Ақиқат  
Жалған Ақиқат Жалған Ақиқат Ақиқат  
Жалған Жалған Жалған Жалған  
AND операциясы. Кестеде көрініп тұрғандай А AND В өрегі А және В операциялары ақиқат болғанда ақиқат болады. Сіз өзініз суретіңізді бөлмеңіздің қабырғасына іліп қойғыңыз келді дейік. Қағылатын шегені А аргументімен, ал болғаны В мен белгілейік. Оң нәтиже алу үшін ( суретті қабырғаға ілу) сіздің қолыңызда шеге де және балға да болу керек. Егер сіз қолыңызда осы аталған екі нәрсенің біреуі ғана болса, онда сіздің бөлмеңізді әсемдей алмайсыз.  
OR операциясы. Жоғарыда келтірілген кестеде егер А және В операндыларының кез келгенін мәні (немесе екеунің мәні де) ақиқат болса, А OR В өрнегінің мәні де ақиқат болатындығы көрінеді. Сіз аштығығыңызды аласыз. Ал егер сізді ешқайсы болмаса, онда сіз аш қаласыз. Мұның теріс нәтиже екендігіне келіспеу қиын.  
NOT операциясы. Бұл операция қарастырылған операцияларды ішіндегі ең қарапайымы. Оның әрекеті логикалық өрнектің бастапқы мәнін теріске шығару. Басында ақиқат болса, онда NOT А-ның әрекеті жалған болады. Сіздің қолыңызда жоғары мысалда айтылғандай алмаңыз болсын дейік. Осы алманы жеп қойып сіз жағдайды өзгертесіз, нәтижеде сізде ешнәрсе болмайды, яғни жағдай теріске айналады.

BASIC тілінде программалау негіздері  
 
BASIC тіліндегі нөмірленген қатарлардың (Q BASIC программалау тілінде нөмірлеуге де болады) тізбегінен тұрады. Әрбір қатарда бір немесе бірнеше операторлар болады. Олар бірінен – бірі («:») қос нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Қатардың жазылу пішімі:  
<Қатар нөмірі> <оператор> <ЕП> немесе <қатар нөмірі> <1-оператор>: <2-оператор>...<ЕП>  
Ескерту: <ЕП> жазуы «Енгізу пернесі» дегенді білдіреді.  
Оператор деп – BASIC тілінде жазылған компьютерге берілетін нұсқауды айтамыз. Ол компьютерлерге қандай әрекетті орындау керектігін көрсетеді. Оператор арнайы бөлініп алынған сөздерден және деректерден тұрады.  
Оператордың жазылу пішімі:  
<аты> <мазмұны>  
Мұнда:  
• <аты> - жазылуы қатаң белгіленген және компьютердің нені орындайтындығын білдіретін ағылшын тілінде жазылған арнайы сөз:  
• <мазмұны> бұл операторлардың орындалуы үшін қажетті деректер. Мысалы, LET A=B  
Атынан басқа операторлардың құрамына арнайы бөлініп алынған қызметші сөздер де енеді. Олар операторлардың орындайтын әрекеттерін нақтылай түсу қызметін атқарады. Кейбір операторлардың тек аты ғана болады. Мысалы, STOP.  
BASIC тілінде бір қатар 255 символды қамти алады. Олай болса BASIC тілінің бір қатары экранда бірнеше қатарды алып жатады. Өйткені экрандағы бір қатарға 64 немесе 80 символ ғана сыяды. Программалау тілінен алғаш танысқанда программаның мазмұны түсінікті болу үшін әр қатарға бір оператордан ғана орналастырған жөн. Программаларды жазуда қатарларды 10 қадаммен өзгеретіндей етіп нөмірлеу қабылданған. Бұл жағдай программада қалып кеткен қатарларды қажетті қатар нөмірлері арасына ендіруге мүмкіндік береді. Программа қатарларының нөмірлерінің өсу ретіне қарай орындалады.  
Операторлы қатарларды былай жазамыз:  
• A=5  
• B=7  
• C=A+B  
• PRINT C  
• END  
Мұнда А айнымалысына 5 мәні, В айнымалысына 7 мәнімен жіктеледі, ал PRINT операторы С айнымалысының мәнін баспаға шығару.

BASIC тілінің интерпретаторы  және  
оның командалары

Шын мәнінде компьютерге машина тіліндегі программаларды ғана түсінеді және орындайды. Ал осы BASIC, PASCAL т.б. программалау тілдерін түсінбейді. Бірақ осы аталған тілдерді компьютерге машина тіліне аударып беретін программалар болады. Мұндай программалар компьютердің программаның қамсыздандыруының құрамына енеді және компьютерлер зауытта алғаш жасалғанда оның тұрақты жадына жазылып жіберіледі. BASIC тілінде жазылған программаны аударуға арналған программаны жоғарыда айтқанымыздай BASIC тілінің интерпретаторы деп атайды.  
Интерпретатор компьютердің белгілі бір түріне арналған болады және әр түрлі компьютерлерге арналған интерпретаторларының бірінен – бірінің мүмкіндіктері жағынан ғана айырмашылығы болуы мүмкін. Интерпретатор пайдаланушыға мына төмендегідей мүмкіндіктер жасайды.  
• BASIC тілінде жазылған бастапқы программаның қателіктерін хабарлай отырып ендіреді және жөндейді;  
• Бастапқы программаның құрылғысына шығарады;  
• BASIC тілінің операторын таңдайды, тексереді және орындайды. Жұмыс программасы бойынша есептеу кезінде интерпретатор есептелу процесін бақылауды ұйымдастырады және кездескен қателіктер туралы хабарды экранға шығарады;  
• Бастапқы информацияларды сыртқы тасмалдаушыларда сақтайды.  
Компьютер операторды мынадай екі режімнің бірінде орындайды:  
• Программалау режімі;  
• Тікелей есептеу режімі.  
Программалау режімінде программаның әрбір қатары оператордың орындалу реттілігін көрсететін нөмірден басталады.  
10 К=1  
• PRINT K  
• K=K+1  
• PRINT K  
Бұл режімде оператордың орындалуы арнайы нұсқау бергеннен кейін басталады. Тікелей есептеу режімінде операторлар нөмірсіз теріледі. Мысалы,  
К=1  
PRINT K  
K=K+1  
PRINT K  
Операторлар <ЕП> пернесін басқаннан кейін бірден орындалады. Бұл режім кәдімгі калькуляторлық режімге ұқсас болғандықтан оны кейде калькуляторлық режім деп де атайды. BASIC тілінің интерпретаторларының жұмыс істеуде жеңілдететін өзінің арнайы жүйелік командалары бар.  
Жүйелік команда - әр түрлі әркеттерді орындау үшін интерпретаторға берілетін нұсқауды айтамыз. Мұндай командалар нөмірсіз жазылады.  
Қажетті программаны компьютерге теріп енгізбес бұрын алдымен компьютердің оперативті жадын NEW командасының көмегімен тазартып алу керек. Ол үшін мынадай команда береміз: NEW <ЕП>  
Сонда компьютер жаңа программаны енгізуге дайын тұрады, экранға интерпретатордың жұмысқа дайындық белгісі <ОК> шығады. Осыдан кейін программаның қатарларының нөмірлері мен операторларын пернетақтадан тере отырып программаны енгізуге болады.  
BASIC тілінің интерпретаторында қатар нөмірлерін автоматты түрде нөмірлеуге мүмкіндік беретін арнайы AUTO командасы бар. Оның жазылу пішімі: AUTO N1, N2, N3.  
Мұнда AUTO – команданың аты; N1, N2 - N1 нөмірінен бастап N2 қадаммен нөмірлеу. Мысалы, AUTO 10,5 командасын ендірсек компьютер программа нөмірлерін 10 – қатардан бастап әр қатардың арасына 5 қадам қалдырып нөмірлей бастайды.  
Интерпретатор бұрын ендіріліп қойылған программа қатарларының нөмірлерін қайтадан өзгертіп нөмірлей алады, ол RENUM командсы арқылы жүзеге асырылады. Жазылу пішімі: RENUM N1, N2, N3.  
Мұнда RENUM – команданың аты; N2 – нөмірден бастап, N3 қадаммен жаңа N1 – нөмірге алмастырылады. Интерпретатор программаның барлық қатарларын немесе кейбір қажетсіз деп есептелген қатарларын өшіріп тастай алады, ол DELETE командасы арқылы орындалады. Мысалы, DELETE N1 – N3 командасы программаларын N1 – нөмірлі көрсетілмеген болса, онда қатарлар программаның басынан бастап N3 нөмірге дейін, ал егер N3 нөмірі көрсетілмеген болса, онда N1 – ден бастап программа соңына дейін өшіріледі.  
Программаны толық ендіріп болғаннан кейін оны орындау үшін жұмысқа қосуға болады. Ол <RUN> командасы арқылы жүзеге асырылады, нәтижеде программаны орындау жұмысы ең бастапқы нөмірден басталады. Егер бұл команда RUN N пішінінде берілетін болса, онда программаны орындау жұмысы N – нөмірден басталады.  
Қатардың саны өте көп үлкен программаны компьютерге енгізгенде бүкіл экран толғаннан кейін оның ең жоғарғы қатары экраннан шығып, көрінбей кетеді, бірақ одан ол жойылып кетті деген ой тумауы тиіс, өйткені жадында сақтайды.  
<LIST> командасын беру арқылы енгізілген программаның мәтінін экранға шығаруға және қателіктердің бар немесе жоқ екендігін тексеруге болады. Команданың жазылу пішімі: LIST N1-N4  
Мұнда LIST – команданың аты; N1 және N4 экранға шығарылатын қатарлардың бастапқы және соңғы нөмірлері. Мысалы, LIST 10-40 командасын беру арқылы экранда нөмірлері 10-нан 40-қа дейінгі қатарларды шығаруға болады.  
BASIC тілінің операторларын екі топқа бөлуге болады:  
• орындалатын операторлар – бұл программалар интерпретаторға қандай әркеттің орындалуы қажеттігін көрсетіп программаларда жасалатын әркеттерді анықтайды.  
• орындалмайтын операторлар – бұл деркетердің ерекшеліктерінің жаңа бір тәртіпке келуін сипаттайды, программаға түсініктеме түріндегі ерекшеліктер мен хабарларды ендіруге мүмкіндік береді.

 


Описание работы
Сандық тұрақтылармен айнымалылармен және стандартты функциялармен кәдімгі арифметикалық амалдарды орындауға болады.
Стандартты мәндердің есептелу ережесін білдіретін символдық жазуды арифметикалық өрнек дейміз. BASIC тілінде арифметикалық ө
Содержание
содержание отсутствует