Құралдармен жасалатын біршама күрделі әрекеттер

Дата добавления: 09 Марта 2013 в 19:04
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (16.58 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Зоопсихология.doc

  —  59.50 Кб

Жоспар:

Кіріспе

  1. Жануарлардың интеллекттік құлық -әрекеті.
  2. Құралдармен жасалатын біршама күрделі әрекеттер.
  3. Ең жоғарғы деңгей және интеллект.

Қорытынды

Әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жануарлардың  псикихасын зерттейтін саласы зоопсихологиясы  деп аталады. Бірақ та зоопсихология пәні мен міндеттерін қарастырмай тұрып, нені психика деп түсінетінімізді біліп алайық. Левиннің теориясы бойынша психика- объективті шындықтың ең жоғарғы формадағы бейнеленуі. Психика тек жоғарғы деңгейдегі тірі организмдерге тән. Бұл сыртқы ортаны бейнелеу қабілетінен көрінеді. Психика арқылы жануар өз белсенділігін дұрыс бағыттап отырады. Жануарлар психикасы олардың қылықтарынан ажыраусыз болады. Жануар қылығы деп-бүкіл сыртқы белсенділік көріністерін айтамыз. Зоопсихология объектісі –жануардың психикалық әрекеті. Зоопсихология пәні психикалық бейнелеуі, түрлідеңгейдегі жануарлар эволюциясының дамуы туралығылым және онтофиологенездегі дамуды зерттейді.

Жануарлар мен  адамның психикалық процесстердің  пайда болу, дамуын қарастырады. Зоопсихология психиканың пайда болу деңгейінен бастап адамдар психикасына дейін төменгі және жоғарғы шектерін қарастырады.

А.Н.Леонтьевтің  пікірі бойынша психикаға дейінгі  организмдер жәй тітіркену қызметі  мен сипатталады және өмірге маңызды  орта әсеріне таңдамалы тұрғыда ішкі зат алмасу қажеттеріне сай жауап беруге қабілетті. Зат алмасу процесстерінің күрделілігінен қатар жүретін тітіркенудің жоғарғы формасы-сезім. Сезіну бұл түйсіну қабілеті. Бұрын біртұтас болатын организмнің сыртқы орта мен әсерлесу процесі былай жіктеледі. Бір жағынан өмірді сақтау және қамтамасыз етуге тікелей байланыстағы процестер, екінші жағынан өмірді қамтамасыз етуге тек ғана жанама тұрғыдан әсер ететін процестер мен организмнің орта мен байланысынан, өмір тіршілігіне қажетті қасиеттерді жіктей ашу. Логикалық ойлау заттардың, процестердің негізгі мәнін анықтауға болмайды. Жануарлардың танымын тікелей қабылдау мен қарастыру танымымен шектеледі. Дистанттық қабылдау жануарлардағы тек сыртқы сигналдық информация үстіртін сигналдық мәлімет беру үшін қолданылады. Жануарлардың өз іс-қимылын, қулығын бейнелеу арқылы сыртқы ортаны толық таниды. Жануарлардың таным процестерінде шектеулі деңгейде еліктеу формалары кездеседі.

  1. Жануарлардың интеллекттік құлық -әрекеті.

 

Эволюциялық сатының шыңында тұрған омыртқалыларда, әсіресе, приматтарда (маймыл) – “интеллектуалды (интеллект) қылық-әрекет” деп белгіленген жеке ауыспалы қылықтың жаңа формасы туындады. Бұл психикалық құбылыстың ерекшелігі – мұнда жағдайға байланысты қажетті бағыт-бағдар таңдау сынамабайқау қозғалыстарымен қабаттасып келмей, олардан бұрын жүргізіле бастайды. Осыдан жануардың бұдан былайғы әрекетін күні бұрын болжастыратын жаңа айрықша (қарапайым қозғалысты өз ішіне қамтыған), күрделі психикалық әрекет-қылық формасы бөлініп шықты. Сонымен, эволюциялық дамудың ең жоғары кезеңдерінде құрылымды әрекеттің күрделі түрлері қалыптаса бастайды: а) кезіккен міндеттердің шешілу жолын тауып беруші, бағытталған зерттестіру әрекеті; б) мақсатқа жету үшін қажет икемді, ауыспалы қылық бағдарламасын түзу, яғни, орындалған істі бастапқы ниетпен салыстыру. Бұл күрделі әрекет құрылымына тән сипат - өзін-өзі реттеп, басқара алу, яғни, егер бастаған әрекет қажетті мақсатқа жетсе, онда ол тоқтатылады, ал көзделген іс орындалмайтын болса, жануар миына тиісті сигналдар беріліп, мәселені шешудің жолын іздестіру қайта басталады. Жануарлардың бұл қылық формасынан екі маңызды құбылысты байқауға болады: а) экстраполяциялық рефлекс (құбылыстың бір бөлігі бойынша жасалған қорытындыны сол құбылыстың екінші бөлігіне ауыстыра білу) б) естің күрделі түрлерінің дамуы. Осыдан кейбір жануарлар өз қылық-әрекетінде заттың тікелей қабылдануымен шектеліп қоймастан, сол заттың қозғалысын бақылай отырып, мүмкін болар өзгерісті алдын ала тануға қабілетті. Алдын ала білу әрекет-қылығының айрықша формасына ие экстраполяциялық рефлекс жеке ауыспалы қылықтың жоғары интеллектуал түрлерінің туындауына негіз болды. Интеллекттік әрекет-қылықтың пайда болуына жағдай жасайтын және бір фактор – бұл қабылдау процесінің күрделене беруі мен ес беріктігінің ұлғаюы. Мысалы, бір көрген затын тышқан – 10-20 сек. дейін, ит – 10 мин. дейін, маймыл – 16-48 сағ. дейін есте сақтау мүмкіндігіне ие екендігі дәлелденіп отыр ( В.Келлер). Интеллектуалды әрекеттің негізі, қазіргі заман зерттеулері бойынша, әрқилы заттар арасындағы күрделі қатынастарды танып, бейнелей алуда. Жануар (жоғары дамыған) табиғат нысандарының өзара байланыстарын сезе отырып, кезіккен жағдайдың нәтижесін алдын ала білуге қабілетті (И.П.Павлов). Сонымен, сүтқоректілерге тән интеллектуалды әрекет-қылық адам кейіптес маймылдарда ерекше дамуға жетісіп, психика өрістеуінің ең жоғары шегін белгіледі. Бұдан әрі тек адамға тән, жаңа типтегі, тіпті басқаша басқаша психика әлемінің – адам санасының даму тарихы басталады. Адам санасының бастауларын жануар психикасының ұзақ та күрделі даму процесінде байқаймыз. Егер осы даму жолына тұтастай назар салатын болсақ, оның негізгі кезеңдері мен басқарылу заңдылықтарын айқын болжау мүмкін. Жануарлар психикасының дамуы олардың биологиялық эволюциясымен бірге жүріп, осы процестің жалпы заңдарына бағынады. Психикалық кемелденудің әрбәр жаңа басқышы – жануарлар тіршілігінің соны тысқы шарттарына орай пайда болып, олардың дене құрылымының күрделенуінде жаңа қадам іспеттес. Біршама күрделі ортаға бейімделуден жануарлардың өте қарапайым жүйке жүйесі мен арнайы сезімдік мүшелерінің жіктелуі басталады. Осы негізде ортаның айырым қасиеттерін бейнелеу қабілеті – қарапайым сенсорлық психика пайда болды. Ол өз кезегімен жануарлардың құрлық тіршілігіне өтуі, осыдан бас миы қабығының дамуы өмір субъектіне заттарды тұтастай бейнелеуге мүмкіндік берген перцептивтік (нақты қабылдау) психикамен ауысты. Ақырында, қабылдау және қозғалыс органдарының жетіле түсуіне, мидың одан әрі күрделенуіне ықпал еткен тіршілік шарттарының қиындасуы жануарларда заттардың объектив арақатынастарын заттасқан әрекет тобы түрінде сезіп, қабылдау мүмкіндіктерінің туындауына себепші болды. Сонымен, психика дамуы жануардың қоршаған ортаға бейімделу қажеттігімен анықталады да, психикалық бейнелеу – осы бейімделу барысында қалыптасқан тиісті тән мүшелерінің қызметі. Жоғарыда сипатталған барша психикалық құбылыстардан өзгеше, басқаларға ұқсамас, өзіне тән белгілеріне ие бейнелеу формасы бұл – адам санасы. Бұл – ең жоғары даму сатысының белгісі – сананың пайда болуы – психиканы басқаратын заңдардың өзгеруімен өзектес.

 

2.Құралдармен жасалатын біршама күрделі әрекеттер.

Жануарлардың  түрлі заттармен манипуляция  жасайтын барлық жағдайларын құрал  пайдалануға жатқыза беруге болмайды. Мысалы, қарғалардың соллюскаларды ауаға көтеріп, содан кейін оны тастың үстіне тастағанын , ал барылдақ торғай ұлуларды кішкене тұмсығына іліп алады және оны тасқа ұра бастайды, сондай ақ қарғалармен сақалды күшігендер сүйектерді шағ үшін төменге тастайды, күшігендер африкалық түйеқұстың жұмыртқасын тастың үстіне тастай отырып оны ашып алады. Бірақ күшігендер сонымен бірге тасты ауаға көтеріп түйеқұстың інінің үстіне тастай алады. Бұны құралды пайдалану жағдайына жатқызуға болады. Немесе галапагостық тоқылдак құс кішкене тұмсығымен кактустың тікенін теректің дінінен личинкаларды алу үшін пайдаланады. Осы мысалдардан , тек қандай да бір зат жануардың өзінің бір бөлігін ұзарту үшін қызмет еткен жағдайлар ғана құралдарды пайдалануға жатады деп айтуға болады. Құралдарды пайдалану белгілі – бір мәселені ақылмен шешуге алып келеді және бұныегер бұндай жүріс-тұрыс жаулық сипатта болмаған жағдайда интеллектуалды іс-әрекеттің белгісі ретінде есептеуге болады. Және шын мәнісінде, кейбір жағдайларда бұндай жүріс-тұрыстың дамуында үйрену белгілі бір рөл атқаратын болады. Мысалы , туылы салысымен шыбықпен манипуляция жасайтын тоқылдақтың балапаны бастан құртты көре салып шыбықты лақтырады және оны тұмсығымен шоқып алады. Құралдармен жасалатын біршама күрделі әрекеттерді жабайы шимпанзе бақылауға болады. Тамақ табу үшін олар көбінесе таяқтарды , шыбықтарды және басқа да заттарды қолданады. Ғаламдар құралдарды пайдалану әлі интеллектінің белгісі болып табылмайды, бірақ ол шын мәнінде ақылды жүріс-тұрыстар үшін, соның ішінде нақты жағдайларға тәуелді, оның мүлде жаңа формаларының пайда болу үшін алғы шарттар жасайды деп есептейді.(сенегалдық шимпанзе үлкен таяқтардың көмегімен қолымен термиттерді таңдай алатындай етіп термитниктерде тесік жасайды). Бұл жерде біз “мәдени ауыспалалықтың” мысалын көріп отырмыз-тамақ табу тәсілінне маймылдар кейін бүкіл популяция бойынша таралатын, еліктеу жолымен үйренетін болғандықтан, ақпаратты бір ұрпақтан келесіне тектік емес жолмен беру орын алады.

3.Ең жоғарғы деңгей және интеллект.

Жануарлардың  интеллектті әрекеттерінің негізін  жеке заттар арасындағы күрделі байланыстарды  бейнелеуі мен олардың жасалу тәсілдері арқылы түсіндіруге болады. Оны мынадай тәжірибеден аңғарамыз. Тәжірибе құралы екі түтіктен тұрады. Қарғаның көзінше бір түтікке жіпке байланған ет салынады. Қарға еттің бірінші түтіктен екінші түтікке өткенін әйнектен байқап , етті бірден екінші түтік ұшынан тосып алды. Мұндай әрекеттер итте, жыртқыш құстар мен мысықта кездеседі. Тәжірибе жоғары сатыдағы жануарлардың заттар арасындағы қатынасты барлап, олардың қимыл-қозғалысына қарай әрекеттер жасайтындығын көрсетеді. Жоғары сатыдағы жануарлар психикасын қоректік заттармен бірге түрлі нәрселердің түр-түсі мен қимыл-қозғалыстарына да қызықтырып, олар бақылау жасайды. Әсіресе, сүтқоректілердің осындай әрекетін И.П.Павлов жануарлардың риясыз және табанды талпынысы десе, ал Н.Ю.Войтонис жәндіктердің “әуестену импульсі” деп атаған. Мұндай әрекеттер маймылдардың белгілі бір нәрсе бейнесінқабылдау деңгейі мен көзінің көргіштігін арттырады.,олардың мінез құлқы мен дағдысының басқа жануарлармен салыстырғанда күрделене түсуіне әсер етеді. Мұндай ерекшеліктер маймылдың өз тіршілік ортасына бейімделіп, сан алуан жеміс- жидектермен, өзгеде нәрселермен қоректенуіндегі бағдарлау рефлексі мен ізденімпаздық әрекетін жетілдіре түсетін биологиялық факторға байланысты. Маймыл құлқындағы үнемі жан-жағын “зерттеу” әрекеті оның инстинктің дамытады. Алдынғы аяқтарының қысқарып, таным құралына айналуы қолдың көмегімен маңындағы заттарды ұстап-тұтатын қимыл-әрекеттерін жетілдіреді. Мұндай әрекеттер маймылдың орталық жүйке жүйесінде басқа жануарларда жоқ көптеген уақытша байланыстардың жасалуына ықпал етеді. Белсенді бақылау, ажырату рефлекстері нәтижесінде маймылдарда біршама пайымдау тәсілдері пайда болады. Әрине, белгілі жағдайда оларда инстинктті құлық та байқалады. Американдық зерттеушілер Г.Харлау, М.Харлау, С.суами жаңа туған маймыл баласын жасанды “анаға” теліген. Тәжірибе былайша жүргізілген: макака маймылының жаңа туған баласын өз анасының бойындай етіп темірден “маймыл” -тұлып жасап тордың ішіне бірге қойған. Ал екінші маймыл баласын содай тәсілмен жұмсақ матамен қапталған “анаға” теліген. Жұмсақ “ананы”еншілеген маймыл баласы көп уақыттан оның жанында өткізген. Қауіп-қатер төне қалса, соған барып тығылған. Ал металдан жасалған “маймыл” - тұлыпты еншілегені оны қатты өгейсіп, жетімсіреген. Жұмсақ матадан жасалған тұлып жаңа туған маймылға сенім ұялатып, ол өзін қауіпсіз сезінген. Ал темір тұлып ондай әсер тудырмаған. Ересек маймылдың инстинктті құлқы төменгі сатыдағы жануарлардан әлдеқайда ерекше. Мысалы, шимпанзенің туа берілетін инстинктті әрекеті - өзіне ұя жасау. Бақылау барысында маймыл “құрылыс” заттарын таңдауда практикалық талдау жасай алатынын көрсеткен. Бұл тәжірибеде маймылдың ұя салуы кеміруші жәндіктердің ұя салуымен салыстырылған. Олардың екеуінеде бұтақтар, қағаз берілген. Екеуіде ұяларын бір жүйемен жасайды. Ұясының түбіне қатты бұтақтарды төсесе, ал ішіне жұмсақ нәрселер салған. Олардың екеуі бірдей ұяларын берілген жұмсақ заттардан жасай бастайды да біршама мерзімнен кейін қатты бұтақтар берілсе, жасаған ұяларынысырып тастап, оны қатты бұтақтардан тұрақтатып , қайтадан жұмсақ заттарды ішіне төсеп салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Қорытынды

XIX ғасырдың ортасынан бастап, жануарлар әрекетін жүйелі эксперименталды түрде зерттеу бастау алады. Мұндай эксперименталды зерттеулер авторларының бірі-Париж зоопаркінің директоры Ф.Кювье (1773-1837) болды, әйгілі палеонтолог Г.Кювьеенің інісі ол өзінің зерттеулерінде жануарлар әрекетін өздеріне ыңғайлы, әдеттегідей жағдайда зерттей білді. Ф.Кювье жануарларда “ақыл-ой” болатыны туралы біршама фактілерді жинақтады. Әсіресе, оны “ақыл-ой” мен инспикт арасындағы және жануарлардағы ақылы мен адамдағы ақыл арасындағы айырмашылықтар толғандырды. Оның ойынша, жыртқыштарда ақыл-ой формалары кездеседі, әсіресе, ақыл-ойдың формалары айқын көрінетін-бұл фангутантарда Кювьесенің ең ірі жетістігінің өзі, осы фангутантар мен басқа маймылдардың әрекеттерін дұрыс әрі нақты сипаттап беруі болды.

Одан кейін, жануарлар психикасын мен әрекеттерін  салыстырмалы және эксперименталды  түрде зерттеу Ч.Дарвиннің (1809-1882) еңбектерінде көрініс таба білді. Оның жануарлар мен адамдардағы сезіну мен тйсіну көріністері туралы (1872), “Инстинкт” және “Бір баланың өмірбаяндық очеркісі” (1877) еңбектерінде ол ең алғаш болып психиканы зерттеудің объективті әдісін қолданды. Дарвиннің ірі жетістіктерінің бірі, ол ең алғашқы болып уақытқа дейін субъективті сипатқа ес болып келген эмоцияға объективті талдау әдісін жүргізген болатынын. Дарвин жануарлар әрекетін қарапайым-табиғи ортада зерттей келе, әрекеттің негізгі үш категориясын бөліп берді-инспинкт, үйренуге қабілеттілік, элементарлы талдауға қабілеттілік. Қазіргі кезде мұндай жіктеуге көптеген ғалымдар жүгініп отыр.

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Анохин П.К. Теория функциональных систем. М., 1989

2.Выготский Л.С. Развитие высшых психических функций.

3.Зорина З.А. Полетаева И.И. Зоопсихология Элементарное мышление животных М., 2003

4.Леонтев А.Н. Проблемы развития психики М., 1972

 

 

 

 

 

 

 

 


Описание работы
Жануарлардың псикихасын зерттейтін саласы зоопсихологиясы деп аталады. Бірақ та зоопсихология пәні мен міндеттерін қарастырмай тұрып, нені психика деп түсінетінімізді біліп алайық. Левиннің теориясы бойынша психика- объективті шындықтың ең жоғарғы формадағы бейнеленуі.
Содержание
Кіріспе
1. Жануарлардың интеллекттік құлық -әрекеті.
2. Құралдармен жасалатын біршама күрделі әрекеттер.
3. Ең жоғарғы деңгей және интеллект.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі