Кой азыктандыру

Дата добавления: 13 Ноября 2012 в 14:31
Автор: a*********@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (51.06 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Гулка кой азыктандыру.doc

  —  213.50 Кб

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ ………...............................................................................2

1.1.Әдебиетке шолу.............................................................................4

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қойларды азықтандыру және  бордақылау.................................9

2.2. Қойларды бордақылау және оларды жайып семіртудің

ерекшеліктері .....................................................................................12

2.3. Еркек тоқтыларды көктемгі  жайылымда бағып семірту кезіндегі өсуі және сойыс өнімдерінің өзгерістері..................................................14

2.4. Тоқтыларды жазғы жайылымдарда  жайып семірту кезіндегі ет  өнімділігінің өзгерістері.....................................................................17

2.5. Қозыларды жайып семірту, ет өнімділігі және сапасы............22

2.5.1.Биязы жүнді қозыларды  қыс мезгілінде үдемелі  бордақылау  және ет өнімділігі..............................................................................................24

2.5.2.  Қозыларды бордақылауда өндірілген еттің қауіпсіздік көрсеткіштері.......................................................................................26

2.6. Жарамсыздыққа шығарылған  саулықтарды  бордақылау , ет өнімділігі  және өндірілген  қой  етінің  қауіпсіздігі...........................................27

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................31

 

І. КІРІСПЕ  БӨЛІМ

 

Қазақстан - қой шаруашылығы өркендеген мемлекет ТМД елдеріндегі бүкіл қой санының 28%-ті бізде шоғырланған, қой   етінін   төрттен   бірі   бізде   өндіріледі,   жүннің   бестен   бірі, барлық қаракөл елтірісінің үштен бірі Қазақстанда   өндіріледі.

Қой  басқа  малға қарағанда шөл,   шөлейт,  құмайт,  таулы-тасты   жерлердің жайылымдарында  жақсы   жайылады.   Ал   Қазақстанда ондай жайылымдар көп.

Бірден-бір арзан және ең бағалы негізгі азықтың көзі жайылымдағы  жасыл шөп болып табылады. Қысқы  және жазғы жайылымдарды тиімді пайдалану, қойды қалыпты азықтандыруға мүмкіншілік туғызады.

Қой шаруашылығы ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.

Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі.

Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния  ілімі мен технологиясын жақсы  қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.

Нарықтық экономика жағдайында, өндірістің экономикалық тиімділігі өнімнің  бәсекелестігі, ең алдыңғы меже болып  тұрғанда ғылыми дәйектелген жаңа алдыңғы дәрежелі технологияны жасау, ендіру, сала ісін жүргізуде  қой  етін және жүн өндіру үшін, қойдың толық биологиялық мүмкіндігін пайдалану кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан сапалы қозы және жас  қой  етін өндіру кезінде, қозылар мен еркек тоқтыларды олардың жас ағзасының өсу қуаттылығын толық пайдалануға негізделген, жайып семірту және  бордақылаудың  қарқындылығын арттырудың маңызы зор.

Азықтандырудың қолайлы  жағдайын жасау және өсіру кезіндегі  күтімі, жайып семіртумен, бордақылауға жұмсалатын азықты, жұмыс күшін, неғұр-лым үнемдеуді қамтамассыз етеді және өндірістің тиімділігін жоғарылатады. Қазақстан Республикасында оның кең байтақ жері мен табиғи климаттылық жағдайының алуан түрлілігі, экономикалық және басқа себептерге байланысты қарқынды технология жергілікті жағдайлары мен қорларды терең білуге құрылғаны жөн.

Курстық жұмыстың мақсаты – қойларды бордақылаумен және жайып семірту әдістерімен танысу. Ауыл шаруашылық малдары пәнінен алынған білімді тереңдету.

Курстық жұмыстың міндеттері – қой бордақылау және жайып семірту ерекшеліктері, қой етін өндіру және ет сапасын жақсартудың, қозы жүнін, терісін көбейтудің басты ерекшеліктерімен таныстыру. Бордақылау түрлері туралы түсінік беру.

 

                          1.1.Әдебиетке шолу

А.  Н. А. Воробьев (1959), С. И. Боголюбский (1961) жүргізген                            зерттеулерде әр түрлі жүнді, салмағы ауыр қошқарлар мен ірі              саулықты будандастырғанда болмаса, енелерінің салмақтары орташа не ұсақтау болған жағдайларда қандай қозы туатындығын байқай отырып селекциялық шешімге келді.

П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский

(1929), М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ұ. Медеубеков, А. Г. Племянников,  т. б. (1977) құйрықты қой тұқымдарынан  түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет өнімі, оның сапасы, қой дың бордақылау немесе жайылымда семірту кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға болады.

П.Данилюктің(1984) зерттеулері бойынша қаракөл елтірі қойы жайылы

кезінде тәуліктін, 50,6%-тін  жайылуға, 41,6%-тін де-малуға, 3,5%-тін  суатқа баруға, 1,4%-тін су ішуге жұмсайтындығы  анықталды.

             Бордақылаудағы тоқтыны ашытқыланған жемшөп қосындысыме                   Бордақылау да тиімді. Алматы облысы Панфилов ауданының қой бордақылау кешендерінде Н. Омарқожаұлы, Т. Дәулетбеков (1977) жүргізген тәжірибелерде жалпы қоректілігі бойынша 23—25% ірі, 55—56% шырынды, 5—10% құнарлы азықтан тұратын жемшөп қосындысын алдын ала ашытқылап (дрожжевание), жергілікті жемшөпте жетіспейтін минералды элементтер (фосфор, күкірт, мыс, кобальт, йодтың) қосындыларымен байытып бергенде еркек тоқтылардың орташа тәуліктік салмақ қосымы 175-200г болып, 120 күнде 18-24кг қосымша салмақ қосып, 1кг қосымша    салмағынf 4,5—5,а.ө. шығындаған.

          Аса  ірі ғұлама  ғалымдар     П.Н.Кулешов,  М.Ф.Иванов, С.Н.Бололюбский, В.А.Бальмонт, М.Ш.Ермеков, Ә.Е.Елеманов және басқалары-қой шөлейт жайылымның өрісіне жайылуға әбден көндіккен, өте үнемді  де жоғары пайдаланатын мал деп талай рет айтқан болатын.         

      ВАСХНИЛ академигі  И.В.Ларин соңынан К.Ә.Асанов бастаған Қазақстан ғалымдарының ғылыми ізденулерінің озат  практиканың арқасында, республиканың күллі дерлік табиғи-географиялық аймақтарының жағдайында лайықты етіліп, шабындықтар мен жайылымдардың шөбін    жаөсартудың негізгі мәселері жасалып шықты.Жайылымды дұрыстап пайдалану негізіне алатыны-совет ғалымдары (ВАСХНИЛ академигі И.В Ларин, Түтікпен ССР Ғалым академигі Н.ТНечаев және басқалары), академик Қ.Ш.Асанов бастаған қазақстан ғалымдары ашқан өте бір қызықты құбылыс бар,ол мынау; мал өрісін тиімді етіп пайдаланған шақта оның шөбі нашарлап кетпейді, қайта табиғи жағдайдағы күймен салыстырғанда, шөп одан әлдеқайда жақсарып, өңі кіріп  шығады екен.Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы П.Н.Коршаковтың зерттеулері жүннің беріктігі,созылғыштығы, серпімділігі сияқты қасиеттері осы микроэлементке тікелей  байланысты екенін дәлелдеді.

        А.В.Модяновтың(1989) мәлеметтеріне қарағанда, қой буаздығының екінші жартысында коректік заттарды көбірек жұмсайды, организімнің негізгі қызметіне жұмсалатын азық өлшемінің мөлшері 30-40%,қорытылатын протеин 40-50%,кальций мен фосфор екі есе арттырылады.

     О.А.Дупенко, Н.В.Сабанова және В.Г.Попов қойларға таңба салуға қолайлы бояудың рецептісін ұсынады. 

     Қ.Сәбденовтың(2008) мәлімдеуінше, азықтандыру – қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалды.Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізді.  

М.Абдулаевтың(1982) айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан жағдайында қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың сапасын жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға мүмкіндік береді.       

       Б.Құлатаевтың (1985) зерттеуінде, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі қой күніне 6 – 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 – 15 кг шамасында шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл нормалар тиісінше 15 – 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін анықтағанда осының барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына, жазғы мезгілінде, қой басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға күніне 49 ц шөп керек, ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып шығады.

    А.П Данилюктің(1988) зерттеулері бойынша қаракөл елтірі қойы жайылым кезінде тәуліктің 50.6%-тің жайылуға, 41.6%-тін демалуға, 3,5%-тін суатқа баруға,1.4%-тін су ішуге жұмсайтындығы анықталды.  

     Б.Әкімбековтың(1987) мәлімдеуінше, қойды азықтандыруда мүйізді ірі қара малды азықтандыруға кететін барлық жем – шөп түрлерін қолдануға болады. Оның үстіне, қойдың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты қорегіне өсімдік түрін анағұрлым көп пайдаланатындықтан, көптеген жем – шөп түрін жеп, жайылым оты мен басқа да азықтарды басқа малдан жоғары игереді. Сондықтан да олардың осындай жайылым оты мен ең арзан азықтарды ұтымды түрде молынан пайдаланса, өндірісімен өнімінің өзіндік құны арзан болмақ. Мұның шаруашылық экономикасына тигізер пайдасы көп.     

  Т.Күлтебаевтың(1984) зерттеуіне қарағанда, туған шағынан бастап 30 күндігіне дейін қозының өсу қарқынының  коэффициенті-4.56, екі айға жуығында 1,21-139  болған. Ұрғашы тоқтылармен салыстырғанда тұқымдық еркек тоқтылардың азыққа деген мұқтаждығы  біршама жоғары болады.  

      Б.Медеубековтың  (1998) зерттеулерінде, сапалы сүрлем қойдың асқазан қызметін, организмде зат алмасуын жақсартады, дені таза төл алуына, витаминдердің көбейтіп, сүт құрамының жақсаруына септігін тигізеді. *Сүрлем азықтың дәмін кіргізеді, қысқы азық рационын түрлендіреді, ондағы қоректік заттың жақсы қорытылуына әсер етеді. Дұрыс салынған сүрлем көп азықтың бағасы қасиетін өзінде сақтайды. Көк азықтың сүрленуі сүт қышқылы бактерияларының өсімдіктерді тез ашуы әсерінен болады. Олар сүрленетін шырындағы қантты пайдаланады және сүт қышқылын бөліп шығарады, бұл қышқыл азықты қышқылдандырады да шіріткіш бактериялардың дамуына және әрекеттеріне кедергі жасайды. Сүрлеу процесі кезінде азықта сүт қышқылының біраз мөлшері жиналады, ол сүрлемге жақсы иіс пен дәм береді, мұның өзі қойдың сүрленген азықты сүйсініп жеуіне себеп болады.      

      Әр түрлі  азықтың құрамындағы қоректілерінің  мөлшері де түрліше болады, сондықтан бір азық жақсы, екіншісі нашар сүрленеді. Мысалы, республикамыздың қай аймағында болса да қошқарлар қыс айларында қолда – қорада бағылады. Сондықтан да олардың рационы бұл кезде әр түрлі жоғары сапалы, жеңіл қорытылатын, жақсы желінетін азықтардан құралады. Қыста, шағылыстырылмаған кезеңде тоқтылардың рационына тәулігіне есептегенде 1,5 – 2,0 кг сапалы шөп, 2,0 – 2,5 кг сүрлем немесе пішендеме, 1,0 – 1,5 кг тамыр жемістілер, 0,7 – 1,9 кг құрама жем енгізіледі.  Көктем, жаз айларында тоқтылар шөбі шүйгін жақсы жайылымдарда бағылып, қажет болса үстемелеп беріледі. 

      Сарбасовтың А.Б.(1980) мәліметтерінде, ет өнімділігінің саны мен сапасына әсер етітін негізгі факторлардың бірі малды дұрыс толық құнды рационмен азықтандыру болып табылады. Азық рационын құрғанда, ең алдымен ондағы азық өлшемі мен қорытылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет. Рационда азық өлшемі нормаға сәйкес мол болады, сондықтан бордақылаудағы қойдың азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын, бір өнім мөлшеріне жұмсалатын азық аз жұмсалады.

     Азықтандыру  жағдайы бордақылау процесінің  экономикалық көрсеткішіне ғана  әсер етіп қоймайды, сонымен қатар  еттің сапасына да ықпалына  тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы  суыққа жарымаған арық малды  бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігі май болып кетеді де ет, яғни белокты ет, аз болады. Ұшаның төмен сапалы болып келуі қойды бордақылаудың бастапқы кезінде жақсы азықтандырып каеліп соңынан азықтандыру деңгейін төмендетіп жіберуден де болады. Сондықтан да биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта да жақсы азықтандырып, дұрыс күтіп – бағу қажет.    

      Бордақылаудағы сақа қойдың протеинге  деген қажеттілігі аса жоғары  болмайды. Ал өсіп келе жатқан  қозылар үшін протеин мөлшерінің  ерекше маңызы бар.         

    Академик Е.Ф. Лискуннің (1959) айтуынша, қойдың қай бағытта өсірілетіне қарамастан, олардың ірі болғаны тиімдірек, себебі физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты  ірі қойлар мал азығын тиімді пайдаланады.                         М.В. Юдин мен М.И.Котовтың (1951) пікірінше сақа ааулықтардың қозылары тұсақтардікіне қарағанда ірі, тірілей салмағы жоғары болып туылады да, әрі қарай тез өседі.         Көптеген еңбектердің негізінде И.Н. Дьячков, В.Н. Погодин және В.Р. Поломошников, К.Е. Елемесов, М.А. Ширинсий және басқалары әр түрлі ертірілік типтерге бөліп, солтиптерге байланысты қаракөл қойлары тұқымын ылдандыру жолға қойылды.     

         Н.Омарқожаұлының(1977)  келесі зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың кіретіндіктен олардың да қой рационында  қажетті деңгейде болғаны дұрыс.сүйсініп жейтін, үйреншікті жем – шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем – шөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық рационындағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік заттың қорытылуын нашарлатады 

Страницы:12345следующая →
Описание работы
Қазақстан - қой шаруашылығы өркендеген мемлекет ТМД елдеріндегі бүкіл қой санының 28%-ті бізде шоғырланған, қой етінін төрттен бірі бізде өндіріледі, жүннің бестен бірі, барлық қаракөл елтірісінің үштен бірі Қазақстанда өндіріледі.
Қой басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы-тасты жерлердің жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.
Содержание
І. КІРІСПЕ ………...............................................................................2
1.1.Әдебиетке шолу.............................................................................4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қойларды азықтандыру және бордақылау.................................9
2.2. Қойларды бордақылау және оларды жайып семіртудің
ерекшеліктері .....................................................................................12
2.3. Еркек тоқтыларды көктемгі жайылымда бағып семірту кезіндегі өсуі және сойыс өнімдерінің өзгерістері..................................................14
2.4. Тоқтыларды жазғы жайылымдарда жайып семірту кезіндегі ет өнімділігінің өзгерістері.....................................................................17
2.5. Қозыларды жайып семірту, ет өнімділігі және сапасы............22
2.5.1.Биязы жүнді қозыларды қыс мезгілінде үдемелі бордақылау және ет өнімділігі..............................................................................................24
2.5.2. Қозыларды бордақылауда өндірілген еттің қауіпсіздік көрсеткіштері.......................................................................................26
2.6. Жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды бордақылау , ет өнімділігі және өндірілген қой етінің қауіпсіздігі...........................................27
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................31