Дерматомикоздар жайлы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 17:53, лекция

Описание работы

Дерматомикоздар (Оегтаіотусовіз), бұзаутаз (Негрез іопзи-гапз)—патогендік грибтердің — дерматофиттардың қоздыруынан болатын терінің және оның туындыларының инфекциялык аурула-ры. Малдардың арасындаа ең көп тарағандары — трихофития мен микроспория.
Трихофития (Тгісһорһуіае) — шұғыл шектелетін дөңгелектеу дақтардың теріде құралуымен, терінің тақырлануымен немесе жүн қалдықтарының сақталуымен, терінің және фолликулдардың сірі-лік-іріңді экссудат бөлінуімен және қабыршақ құралуымен сипат-талатын малдар мен адамның жұқпалы ауруы.

Работа содержит 1 файл

Дерматомикоздар.doc

— 53.00 Кб (Скачать)

Дерматомикоздар (Оегтаіотусовіз), бұзаутаз (Негрез іопзи-гапз)—патогендік  грибтердің — дерматофиттардың қоздыруынан  болатын терінің және оның туындыларының  инфекциялык аурула-ры. Малдардың  арасындаа ең көп тарағандары  — трихофития мен микроспория.

Трихофития (Тгісһорһуіае) — шұғыл шектелетін дөңгелектеу дақтардың теріде құралуымен, терінің тақырлануымен немесе жүн қалдықтарының сақталуымен, терінің және фолликулдардың сірі-лік-іріңді экссудат бөлінуімен және қабыршақ құралуымен сипат-талатын малдар мен адамның жұқпалы ауруы.

Ауру барлық жерде  кездеседі. Кейінгі кезде малдың күтім жағ-дайының жақсарғанына және спецификалық профилактика жаб-дықтарының практикаға кеңінен енгізілуіне  байланысты трихофи-тиямен ауыру әжептәуір  бәсеңдеді.

Қоздырушы — Ггісһорһуіоп түрінің грибтері көбінесе Гг. іауі-іогпіе, Гг. §урзеит, Гг. е^иогит. Көп жағдайда айыр түяқтыларда трихофитий қоздырушысы — Гг. іаұііогте (уеггисозит), жылқы-да — Гг. ециогит, шошқаларда, иттерде, мысықтарда, жылқыда, бағалы терілі аңдарда, кеміргіштерде — Гг. ^герзеит болып есеп-теледі. Бұл грибтер жетілмеген грибтер тобынан зеңдерге жақын тұратын — Ғип§і ітрегіесіі. Олар тері мен жүнде ғана емес, пішен-де де, сабанда да, ағашта да, тұяқ мүйізінде де, көңде де және бірталай жасанды қоректік орталарда да өседі. Т_ері мен жүнде әр қылшықтың түбірінде оның ұзын бойына дұрыс қатарларымен ор-наласқан мицелийлер түрінде паразиттік өмір сүреді. Грибтердің споралары жалғыз клеткалы, сопақша, мицелийлердің ішіне орна-ласқан, олардың мөлшері 3—8 мкм.

Грибтер өте тезімді. Патологиялық материалда (жүн, тері қа-быршағы) 7 жылға дейін, топырақта 142 күнге дейін, көңде 8 айға дейін сақталады. Споралары 1 сағат бойы 100°С қызуға (құрғақ бу) төтеп береді. Ультрафиолеттік сәулелердің де жоюшы әрекеті бар. Дезинфекциялық дәрулерден ең нәтижелілері — 50°С дейін қыздырылған 1% күйдіргіш натры бар 5% формалин ертіндісі, 10% күйдіргіш натр ертіндісі, 10% Жалғыз хлорлы йод ертіндісі.

Індеттік деректер. Трихофития көбірек ірі қара малын, жылқы-ны, иттерді, мысықтарды зақымдайды. Шошқалар, қойлар мен еш-кілер сирек ауырады. Жабайы хайуандар да, әсіресе, кеміргіштер ауырады. Екі айлықтан бір жасқа дейінгі бұзаулар ауруға аса бейімді.

Инфекция қоздырушының көзі — ауру малдар. Қоздырушыны  енгізу малды күтіп-бағушылар, азықтар, төсеніштер арқылы болуы мүмкін. Қоздырушыны тасымалдаушы эктопаразиттер де бола ала-

опг;

 

ды. Малдың залалдануы ауру малдар мен сау малдар қорада, жа-йылымда, тасымалдағанда жұғысуы арқылы болады. Қоздырушы-ның берілу факторлары гриб жұққан күтім заттары, төсеніш, көң т. б. бола алады. Аурудың таралуына тышқан тәріздес кемір-гіштердің маңызды ролі бар.

Аурудың шығуы жыл  бойы бола береді, бірақ жиірек бұған  дымқылды ауа райы — күз бен  қыс және мал терісінің күтімсіз болуы қолайлы жағдай туғызады. Егер аурумен күрес жүргізу шаралары сапасыз болса шаруашылық түракты түрде аурудан сәтс'з жағдайда қалуы мүмкін.

Патогенезі. Қоздырушының организмге енетін жері — әсіресе зақымданған тері. Теріге түскен соң грибтің споралары немесе ми-целиі жүн фолликулаларының ішіне кіріге еніп, тікелей мүйізденіп кеткен клетка қабыршағының астындағы эпидермисте өсіп-өнеді. Грибтердің эндотоксиндері мен кератиннің толық ыдырамағав енімдері ісіну процесін тудырады, кейіннен қабыршаққа айнала-тын тез жарылғыш күлдіреулер пайда болды, соның салдарынан зақымданған тері түлейді. Грибтердің элементтері лимфа мен қан-ға, ал олармен бірге жаңа зақымданулар тудырып терінің басқа жерлеріне түседі.

Сонымен қабат грибтердің мицелиі мен оның токсиндері тамыр-лық  қынап клеткалардың ісінуі мен дегенеративтік өзгерістерін тудырады, осының нәтижесінде жүннің қорек алуы бұзылады, олар ыдырайды және сыңғақ келеді. Грибтің тері мен жүнде өсіп-өнуіне қарамастан, трихофитияда дене температурасы көтеріледі және лейкоцитоз байқалады, үйткені гриб токсиндері бүкіл организмге де әсер етеді. Кәптеген малдарда зат алмасуының бұзылуынан ше-гіне жеткен арықтық дамыйды.

< Қлиникалық  белгілері. Аурудың бірнеше клиникалық формала-рын ажыратады: сыртқы, тереңдегі (фолликулярлық), кернексіз (атиптік^^Жасырын кезеңі — 8—30 күн.^ Ірі қара малында ең ал-дымен басының, мойнының, сирегірек арқасының, тік ішек түсы-ның және баска жерлердің терісі, ал сүт ішетін және еміп жүрген бұзауларда — ауыздың айналасындағы, көз, маңдай маңы және құлақтар түбінің терілері зақымданады.

Трихофитияның сыртқы формасында әуелі тек терінің сау жер-лерінің үстінде көтеріңкі келгеньжүні ұйпалақтанып шұғыл шек-телген дақтар білінеді. Дақтар біртіндеп үлкейеді және асбестке ұқсас жұқа қабыршақтармен жабынады; 1—2 айдан кейін қабыр-шақтар түсіп, терісі түлеген тақыр жерлері қаладыу Одан кейін жүннің өсуі басталады. Аурудың бұндай формасы ересек ірі қара малында байқалады.

Тереңдегі (фолликулярлық) форма бұзауларда байқалады жә-не терінің зақымданған жерінен  экссудат бөліп шығаратын, кепкен соң  кебіне қалыңдығы 1 см жуық қалың қабыршақ құрайтын көр-некті қабыну процесімен сыпатталады.

206 

Зақымдану уақыт өткен сайын, әсіресе  баста, ұлғая береді және бүкіл бетіне қамыр жағылған сыяқты түрге енеді. Ауру бұзаулар қоңдылығын жоғалтады, жетілуі  мен бойының есуі төмендейді.

Көрнексіз (атиптік) форма  әдетте жазда болады. Тек қана қа-быну белгілерінсіз терінің жүні түсіп  тақырлануы байқалады.

Жылқыда сауырының, бүйірлерінің, басының, мойнының, кеу-десінің, арқасының  терілері жиірек зақымданады; аурудың  келті-рілген клиникалық кез-келген формасы болуы мүмкін.

Иттер мен мысықтарда басының, мойнының және аяғының те-рілері зақымданады (басымырақ тереңдегі  форма).

Қойлар мен ешкілерде  трихофития сирек кездеседі, зақымдану  құлақтарының түбінде, маңдай, мұрын, қабақ, желке, аш бүйірі маңында қомақталады. Аурудың формалары ірі қара малыныкіне сәйкес келеді. Шошқаларда басының, кеудесінің, арқасының тері-лері зақымданады, бірақ ауру ірі қара малыныкіне қарағанда за-рарсыз етеді. Бағалы терілі аңдарда трихофития ауыл шаруашы-лығы малдарынікі сияқты өтеді.

Ауруды аньщтау клиникалық және індеттік деректердің негізін-де қойылады. Диагнозды ауру кең таралмай тұрғанда қоюдың ма-ңызы бар. Күмәнді жағдайда лабораторияға терінің зақымданған жерінің қырындысын жібереді (қабыршақтар, жүн — зақымданған және сау жерлердің аралығындағысы дүрыс). Қажет болса қорек-тік орталарға грибтерді сеуіп өсіреді.

Жіктеп анықтау. Уақ және ірі қара малдарының трихофития-сын микроспорийдан айыра білу керек. Люминисценттік зерттеу әдісін пайдаланып бұны оңай жасауға болады. Місгозрогит түрі-нің грибтерімен зақымданған жүн ультракүлгін сәулелерде жасыл жарқырау береді, ал Ггісһорһуіоп түрінің грибтерімен зақымдан-ғандары сәуле шашыратпайды. Зақымданудың дөңгелек формасы, қалың қабыршақтары жоқ, ал микроскопиялық зерттеулерде қы-шыма кенелері табылатын қышымадан да трихофитияны ажырату қажет. Зарарсыз этиологиялы есекжем, тері қабынуы жекелеген малдарда ғана болады; зақымдану сыпаты бөлек — трихофитияға сыпатты шұғыл шектелген дөңгелек дақтарсыз, жүндер омырылып сынбайды.

Егер емі уақтылы басталып және ұқыпты, жүйелі түрде жүргі-зілсе онда ол қоздырушының таралып кетпеуінің алдын алуға мүм-кіндік береді. Емдеу уақтысында малды оқшаулау керек. ^мдеу мақсатымен ЛТФ-130 вакцинасы және басқа да көптеген дәрулер қолданылады^Препаратты таңдағанда бірнеше рет қолданылуы қажеттігін ескеру керек. Егер препарат майлық негізде дайындал-маған болса (вазелин, өсімдік және минеральдік майлар), онда те-рінің зақымданған жерлерін әуелі вазелинмен майлайды және жұм* сарғаннан кейін жүнін қырқады, қатты қабыршақтарын алып тас-тайды. Фунгицидтік дәрулер — жалғыз йод, трихоцетину' РОСК, СҚ-Д, «ЯМ»[майы сыяқтылар нәтижеліуАзықпен қосып қолданы-

207

 

латын гризеофульвин антибиотигі  сынақтан өтіп жағымды нәтиже көрсетті. Қөптеген басқа да дәрулерді пайдалануға болады — 150— 160°С дейін қыздырылған өсімдік және минеральдік майдйры, кү-кіртті ■—әк ертіндісі, 10% салицилдік спирт, 5—10% салицилдік май, креолиндік линимент және т. б.


Ауру малдар тақырланған  жерге жүн өсіп шыққан соц сауықты деп саналады./Сауыққан соң малдардың терісін жылытылмаған 1,5% күйдіргіш натр ертіндісімен немесе 2% креолин ертіндісімен сүрту керек. ■'

Иммунитет. Трихофитиядан айыққан малдарда иммунитет кұ-ралады және олар, тәртіп бойынша қайталап ауырмайды. Қанның сарысуында антителдер бөлінеді. Кейінгі жылдары трихофитияныц активті спецификалық профилактикасының дәрулері жасалды. ЛТФ-130 вакцинасын ірі қара малы үшін (трихрфитон-130 штам-масының құрғақ вакцинасы), СП-1 жылқы үшін және «Ментавик» бағалы терілі аңдар мен үй қояндары үшін пайдаланылады. Вак-циналар зиянсыз, профилактикалық және емдеу мақсатымен қол-данылады. Егілген малдардыц иммунитеті практика жүзінде өмір бойы сақталады.

Сақтық пен  күресу шаралары, Малдардың күтім ережесін сак-тау, қораларды, инвентарь мен малдың күтім заттарын профилак-тикалық дезинфекциялау, дератизация, барлық жастағы малды толық қүнды жем-шөппен азықтандырудың үлкен маңызы бар. Ау-рудың алғашқы шығуын білу үшін бүкіл малды ай сайын қарап отыру керек, бұның малды тұрғылықты орнына қою алдындағы топтау кезінде үлкен маңызы бар. Аурудан сәтті және қауып төн-ген шаруашылықтарда жаца туған жас бұзауларды профилакти-калық мақсатпен бір айлық жасынан бастап ЛТФ-130 вакцинасы-мен иммундайды.

Ауру анықталса шаруашылық немесе оның белімшесі аурудан сәтсіз деп хабарланады. Ауруларды оңашалайды және фунгицидтік дәрулермен емдейді немесе вакцинотерапия жасалады. Бұл топта-ғы малдарды бағу үшін жеке адамдар бөлінеді. Басқа малды про-филактикалық мақсатпен вакциналайды.

Есейіп келе жатқан жас  малдарды егілу жасына жеткен соң иммундайды. Малдарды қайта топтастыруға тиым салынады. Ауру малдар білінген қораларды тазалайды және дезинфекциялайды. Одан кейін дезинфекция әрбір ауру мал табылған сайын жүргізі-ліп отырылады. Күнделікті дезинфекция он күн сайын бір реттен кем емес болуы қажет. Қораларды, іштегі қондырғыларды дезин-фекциялау үшін 1% күйдіргіш натры бар 5% формалин ертіндісі немесе 10 бөлігі формалиннен, 10 бөлігі керосиннен, 5 бөлігі крео-линнен және 75 бөлігі судан түратын формалиндік-керосин эмуль-сиясы пайдаланылады.

Жердің үстін активті  хлоры 5% кем емес хлорлы әктің шала ертіндісімен, формальдегидтің 4%  ертіндісімен зарарсыздандыра-

208 

ды. Көңді биотермиялық жолмен зарарсыздандырады. Күтім зат-тары, жегу әбзелдері, күтуші адамның киімі де дезинфекциялаиуы керек. Барлық жұмыс әркім ез басының профилактикасын сақтау арқылы жасалады.

Қорытынды дезинфекция  жасалған жағдайда клиникалык ауру малдардың  ақырғы шығуынан 2 ай әткен соң шаруашылық трихо-фитиядан сәтті деп хабарланады.

Бақылау сұрақтары: 1. Ауру қоздырушысының төзімділігі. 2. Қоздырушының негізгі берілу факторлары. 3. Трихофитиямен ■ ауру малдарды емдеу. 4. Трихофитияның спецификалық және жал-пы сақтық шарасы.

Микроспория   (Місгозрогіа) — терінің және оның туындылары-ның сыртқы қабынуымен сыпатталатын  Місго5рогит   грибтерініц түрімен туатын малдар мен адамның жұкпалы ауруы. Таралуы. Ауру барлық жерде кездеседі.

Малдардың микроспорий қоздырушысы — Місгрзрогшп грибте-рі, көпшілігінде М. е^иігшт түрі (жылкыны зақымдайды), М. 1а-позшп (көбінесе мысықтарды, иттерді, бағалы терілі аңдарды за-қымдайды), М. §;урзеит (мысықтарды, иттерді, жылқыны, кейде бұзаулар мен басқа малдарды зақымдайды), М. папит (шошқа-ларды зақымдайды). Грибтің споралары зақымданған жүннің іші мен сыртында тәртіпсіз орналасады.

Індеттік  деректер. Микроспория мысықтарда, иттерде, жылқыда көбірек кездеседі; бағалы терілі аңдар, кеміргіштер, тышқандар, теңіз шошқалары да ауруға бейімді.

Қоздырушының көзі —  ауру малдар; адамдар үшін — ең алды-мен  ауру мысықтар мен иттер. Адам ауруының 85% мысықтардан зарарлануға байланысты деп саналады.

Малдардыц ауруы жылдың кез келген уақытында белгі береді, бірақ кебінесе күз — қыс мерзімінде. Көп жағдайда, әсіресе, баға-лы терілі аңдардың арасында аурудың үлкен  қозулары байқалады. Патогенезі трихофития ауруыныкіндей.

Клиникалық  белгілері. Трихофитиядағы сыяқты сыртқы, терең-дегі және атиптік формалары ажыратылады. Жасырын кезеңі — 22—47 күн.

Жылқыларда басының, мойынның, жауырындарының шоқтығы-ның, сауырының, аяқтарының айналасындағы терілер зақымдана-ды. Сыртқы формада тары дәнінің көлеміндей кішкене қабынулар пайда болады. Одан кейін күлдіреулер жарылады, асбестке ұқсас қабыршақтар құралады. Зақымданған жерлердегі ікундер сынып түседі, қышып дуылдау білінеді.

Тереңдік формасы сирек  кездеседі, бұндағы клиникалық белгі-лер трихофитиядағыдай. Көрнексіз формасы жазда болады, бұл жағдайда жүндер сынып түседі, сондықтан терінің зақымданған жерлері байқала қоймайды.

Мысықтарда микроспория  басымырақ сыртқы және көрнексіз

209

 

(субклиникалық) формаларда өтеді. Бастың, құлақ жарғақтары-ның ішкі бетіндегі, дене және табан терілері зақымданады. Зақым-данған жерлерде жүн түседі, тері түлейді, ісінеді. Көрнексіз фор-мада бұндай белгілер болмайды, әр жерде жүннің кейбір талшық-тары ғана зақымданады. Оларды тек қана люминисценттік әдістің көмегімен табуға болады.

Иттерде ауру сыртқы формада  өтеді, зақымдану беттің, денесі-нің, құйрықтың, кейде табандардың терілерінде  шоғырланады.

Информация о работе Дерматомикоздар жайлы түсінік