Цистицеркоз крупного рогатого скота

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 14:56, курсовая работа

Описание работы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтерінде әлемде 4 500 000 000 (4,5 млрд) адам паразитарлық аурулармен зақымданған. Жылына 14 000 000 адам паразитарлық аурулардың себебінен қайтыс болады, әрбір төртінші өлім паразитарлық аурулардың себебінен деп мәлімдейді.
Азықтандыру – адам денсаулығын анықтайтын маңызды фактор. Азықтандыру туралы жаңа ғылымның бастапқы бағыттарына әрі қарай дамуы және бақылау жүйесін күшейту және сапасын қарау және өндіріс шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жатады. Рациондық азықтандыру принципінің бұзылуы өмірді қысқартаын және толыққұнды емес аурулардың дамуына алып келеді. Өндіріс шикізаты мен тамақ өнімдерінің химиялық және биологиялық шығу тегіне жататын заттар мен ластануы да өзекті мәселе.
Адам тамағы организмнің қ

Работа содержит 1 файл

Цистецеркоз крс Койшыбаев Е.М.doc

— 36.50 Кб (Скачать)

Кіріспе

    Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының мәліметтерінде әлемде 4 500 000 000 (4,5 млрд) адам паразитарлық аурулармен зақымданған. Жылына 14 000 000 адам паразитарлық аурулардың себебінен қайтыс болады, әрбір төртінші өлім паразитарлық аурулардың себебінен деп мәлімдейді.

      Азықтандыру – адам денсаулығын  анықтайтын маңызды фактор. Азықтандыру  туралы жаңа ғылымның бастапқы  бағыттарына әрі қарай дамуы  және бақылау жүйесін күшейту  және сапасын қарау және өндіріс  шикізаты мен тамақ өнімдерінің  қауіпсіздігі жатады. Рациондық азықтандыру принципінің бұзылуы өмірді қысқартаын және толыққұнды емес аурулардың дамуына алып келеді. Өндіріс шикізаты мен тамақ өнімдерінің химиялық және биологиялық шығу тегіне жататын заттар мен ластануы да өзекті мәселе.

      Адам  тамағы организмнің қалыпты тіршілік қарекеті үшін қажетті 600 ден астам заттарды  құрау керектігі белгілі. Осы заттардың әрқайсысы күрделі күрделі механизмде биохимиялық процесстерде белгілі бір орын алады. Азықпен түскен органикалық байланыстардың 96 % емдік қасиетке ие, сол себепті адам денсаулығының күйі азық құрамындағы бұл заттардың қандай мөлшерде және қандай арақатынаста қамтамасыз етілуіне байланысты.

      Әр  түрлі қоғамның мақсаты – адам өмірінің сапасын жақсарту. Өмір сапасының  маңызды белгісі – адам денсаулығының күйі. Қоршаған орта сапасы мен өндірістер басқа құрамдас бөліктері болып табылады.

      Цистицеркоз (финноз, ірі қара ет құрты, балан  құрт, өгіз таспа құрты) – жануарлардың бұлшық еттерінің немесе ішкі мүшелеріне гельминт жұмыртқасы енуінен болатын  инвазиялық ауру. Жұмыртқасы цистецерк, ал ауру цистецеркоз ауруына ие болды. Ұзындығы 10 метрге дейін баратын, басы домалақ, аумағы 1-2мм, сколексі қарусыз, мойыны жіңішке, дене стробиласы 2000-ға жуық булықтардан тұрады. Мойнына жақын орналасқан бунақтары кішірек, құйрық жағына қарай көлемі ұлғая түседі. Қосжынысты бунақтарындағы тұқымдық ағзалары тең, дөңгеленген екі бөліктерден құралған.

      Цистицеркті кейде финна деп атайды, оның көлемі ұсақ тары, күріш, бидай дәндеріндей  немесе бұршақтай, көпіршіктің іші  сұйыққа толы, ал ішкі қабықшасына 1 суретте көрсетілгендей 4 сорғышы бар балаңқұрт жабысып тұрады. Цистицеркоз-биогелминт, ларвальдік гелминтоздарға жатады. Ол жалғыз дефинифті қожайыны адамның ішегіде тіршілік етеді. Гелминттердің өніп-өсуіне қарай пісіп жетілген члениктері ашылып нәжіспен бірге сыртқы ортаға бөлініп шығады және олар сыртқы ортада біршама жерге дейін жылжып бара алады. Жүрген жол бойында көптеген жұмыртқаларын бөліп, олармен сыртқы орта жем-шөп залалданады. Аралық қожайыны мүйізді ірі қара, бұйвол, солтүстік бұғылары болып табылады. Олар азық арқылы организмге түске гелминттің жұмыртқалары арқылы зақымданады.

     Тақырыптың  өзектілігі: Цистецеркоз ауруы дүние жүзінің көптеген елдерінде таралған, нақтырақ тоқталсақ, Орта Азия, Кавказ маңы елдерінде, Дағыстанда, оңтүстік жәнешығыс Сібір аймағында жиі кездеседі. Цестодоздар тек тармағына жататын цистицеркоз ауруы тек жануарлар ағзасына ғана зиянын тигізіп қоймай, адам өмірі үшін де қауіпті құрт ауруы болып табылады. Цистецеркоз ауруын тудырушы цестод биогельминт болып есептелінеді, оның дефинитивті иесі – адам. Ал аралық иелері- ірі қара малы, буйволдар, зебу, солтүстік бұғылары. Бұлар ауруды тудырушы құрттардың жұмыртқаларын жайылымда азықпен бірге қабылдағанда туындайды. Аурудың жануарлар арасында туындауы кез келген шаруашылықты экономикалық тұрғыдан шығынға әкеледі. Осыны ескере отырып, аурудың алдын алу мен болдырмау жолдарын қарастыру оң шешімі болмақ.         

     Зерттеудің негізгі мақсаты – жануарлар арасында кездесетін цистецеркоз (финноз) ауруларының таралуын анықтау, одан сауықтыру және сақтандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу. 

      Зерттеудің  міндеттері:

    • Батыс Қазақстан аумағындағы ірі қара малдарының цистецеркозбен зақымдануы;
    • Цистецеркоздардың таралуын анықтау;
    • Цистецеркоздың таралу деңгейі;
    • Цистецеркозды балау;
    • Сауықтыру шаралары;
    • Сақтандыру шаралары.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. Әдебиетке шолу
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Цистецеркоз қоздырғышының жіктелуі 

Топ үсті – надтип – Scolecida (төменділер, амерлық  құрттар)

    Топтама – тип – Plathelminthes – жалпақ құрттар

       Тек тармағы – класс – Cestoda – таспа құрттар

          Тобы – отряд – Cyclophyllidea –  қармалауышы бар құрттар

             Топасты – подотряд – Taeniata – Тенииата

                Тұқымдасы – семейство – Taeniidae – Тениида

                   Туысы – род – Echinococcus - Эхинококкус

                      Түрі – вид -  Echinococcus granulosus –  Эхинококкус     

                                                                                         гранулезус 
 

Информация о работе Цистицеркоз крупного рогатого скота