Әлеуметтік- экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 23:45, реферат

Описание работы

Бақылау объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер:
А) микродеңгейде – шаруашылық субъектісі, үй шаруашылығы;
Б) мезодеңгейде – экономика саласы, экономика секторы, аймақ;
В) макродеңгейде – елдің жалпы экономикасы.

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтік.doc

— 58.50 Кб (Скачать)


Әлеуметтік- экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

{1. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың пәні, міндеттері және әдістері.

2. Әлеуметтік- экономикалық статистикада қолданылатын Ұлттық шоттар жүйесінің категориялары және сыныпталуы.}

&&&

$$$002-011-001$3.2.11.1 1. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың пәні, міндеттері және әдістері.

{ Әлеуметтік- экономикалық статистика сапалы анықталған жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды сандық жағынан зерттейді, олардың пропорцияларын, экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарын көрсетеді. Статистиканың  мақсаты- Қазақстан Республикасының жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.

Бақылау объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер:

А) микродеңгейде – шаруашылық субъектісі, үй шаруашылығы;

Б) мезодеңгейде – экономика саласы, экономика секторы, аймақ;

В) макродеңгейде – елдің жалпы экономикасы.

Әлеуметтік- экономикалық статистиканың теориялық негізі  экономикалық теория және философия болып табылады.

              Әлеуметтік- экономикалық статистика статистиканың жалпы теориясының әдістері мен негізгі ережелеріне негізделеді. Қоғамды зерттеудің үш сатысында статистикалық әдістер қолданылады:

1. Статистикалық бақылау.

2. Бақылау нәтижелерін белгілі бір жиынға жинақтау және жалпылау.

3. Ақпараттарды талдау.

Әлеуметтік- экономикалық статистика жалпы әлеуметтік- экономикалық статистикалық зерттеуді ұйымдастырып, алғашқы сатысында келесі функциялар орындалады:

- бастапқы ұйымдарды, категорияларды қалыптастырады, олардың зерттеу міндеттерін анықтайды;

- көрсеткіштердің жүйесін және көрсеткіштердің есептеу методологиясын құрайды;

- алғашқы ақпараттарды жинауға жаппай бақылау ұйымдастыру барлық тұлғаларды, отбасыларды санақ парағы формасы түрінде, барлық кәсіпорындарды бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формасы түрінде есептеу жолымен немесе үй шаруашылықтарына ішінара, жаппай емес бақылау ұйымдастыру жолымен жүргізіледі.

Статистикалық  зерттеудің    екінші сатысында ақпараттардың жинақталуы және

топтастырылуы жиналған барлық фактілерді бөлу және біріктіру жолымен реттеліп, қорытындыланады және бірдей ұқсас белгілері бойынша бір топқа біріктіріледі. Көрсеткіштер сомасы топтар бойынша және барлық жиынтық бойынша есептеледі. Әлеуметтік- экономикалық статистика топтастыру әдісінің көмегімен топтарды, кіші топтарды басты, мәнді белгілері бойынша зерттейді. Мысалы, Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері және жан басына шаққандағы орташа салымдар бойынша топтастырылуы халықтың өмір сүру деңгейін көрсетеді.

Статисткалық жұмыстың үшінші сатысында кеңейтілген ұдайы өндірістің заңдылықтары анықталады, кәсіпорындардың, саладардың, секторлардың және еліміздің тұтас экономикасындағы экономикалық іс-әрекет нәтижелеріне факторлардың ықпалы бағаланады. Қайта өндірудің барлық жақтарының байланысы және тәуекелділік үшін жалпылама көрсеткіштер әдісі қолданылады: қатысты, орташа шамалар, вариация белгілернің көрсеткіштері, динамаика құбылыстары индекстерінің корреляциясын есептеу, детерминация есебі, баланстық, теориялық- ықтималдық әдістері, статистикалық кестелер, графиктер әдістері.

Әлеуметтік- экономикалық статистика салалық статистикамен  байланысады. Олар жеке экономикалық салаларды, бөлімдерді (мысалы, демография) немесе категорияларды (мысалы, бағаларды) зерттейді және макроэкономикалық көрсеткіштерді (еңбек ресурстары, жалпы ішкі өнім және басқалар) есептеу үшін мәліметтерді жинайды.

Әлеуметтік- экономикалық статистика бухгалтерлік есеп пен статистика бойынша халықаралық стандартқа, Ұлттық Шоттар Жүйесінің методологиясына негізделеді. Халықаралық практикада Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттық Шоттар Жүйесі, яғни нарықтық экономиканың  макростатистикалық моделі пайдаланылады.

              Қазақстанда ұлттық экономиканың ерекшелігі ескеріле отырып, Ұлттық Шоттар Жүйесінің статистика тәжірибесіне енгізілуі статистикалық ақпараттарға деген қажеттілікті қанағаттандыруға және халықаралық деңгейдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

              Статистика заңдылықтары оның көрсеткіштерімен анықталады. Статистикалық көрсеткіш – бұл барлық әлеуметтік-экономикалық категорияның нақты орны мен уақыты шартындағы  сандық өлшемі, яғни әлеуметтік-экономикалық статистикалық көрсеткіштердің қалыптасу жүйесін кері зерттейді. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесінің құрамы:

              1. Еңбек және халық туралы көрсеткіштер.

              2. Ұлттық байлықтың көрсеткіштері

              3. Аралық тұтыну және шығындардың көрсеткіштері

              4. Өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштері

              5. Баға, тауар және ақша айналысының көрсеткіштері

              6. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері

              7. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша баланстық құрулардың көрсеткіштері

              8. Әлеуметтік статистика көрсеткіштері

              Әлеуметтік- экономикалық статистиканың негізгі міндеттері:

              - Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша статистикалық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеу және әзірлеу;

              - Қазақстан Респуликасының әлеуметтік- экономикалық жағдайы туралы мәліметтерді жинау және жан-жақты көрсету;

              - мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде талдау жасау үшін және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы және ақиқат мәліметтермен барлық респонденттерді уақытылы қамтамасыз ету;

              - ұлттық байлықтың резервтерін анықтау үшін, жұмыссыздықтың және жұмыс істейтін халықты толық пайдаланбаудың әсерінен  пайда болған өнім шығынын есептеу үшін статистикалық әдістерді қолдану және жетілдіру;

              - арнайы ұйымдастырылған бақылауларды ішінара бақылауда, әсіресе Қазақстанда өмір сүру деңгейін өлшегенде, әлеуметтік статистиканы зерттегенде қолдану;

              - барлық деңгейдегі   экономиканың үйлесімділігіне және теңгерімділігіне статистикалық баға беру;

              - Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша салааралық балансты, қаржылық шотты және макродеңгейдегі басқа да баланстарды   құру және әзірлеу;

              - халықаралық салыстыруларды жүргізу;

              - бизнес тәуекелдігін бағалау үшін әлеуметтік- экономикалық құбылыстардың себепті- нәтижелік байланыстарын үлгілеу және келешекке болжам жасау;

              - бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формаларын жетілдіру;

              - экономикалық статистикалық талдау жасауда статистикалық-математикалық және математикалық әдістерді қолдану.}

&&&             

$$$002-011-099$3.2.11. 2. Әлеуметтік- экономикалық статистикада қолданылатын Ұлттық шоттар жүйесінің категориялары және сыныпталуы

{ Ұлттық Шоттар Жүйесінің құрылуының негізінде шаруашылық айналымының қағидасы, яғни барлық экономикалық айналым: материалдық игіліктердің өндірісі мен қызметер көрсету біртұтас күйінде қалдырылады.  Ұлттық Шоттар Жүйесінде табыс әкелетін кез келген қызмет зерттеледі: тауарлар мен қызметтердің өндірісінен бастайтын табыстарды құру және қаржылық активтер мен міндеттемелердің өзгерісі – ақырғы қаржы нәтижесінің алынуы. Қаржы-несие қатынастары бірінші кезекте тұрады. Ұлттық есептеу мемлекеттің пассивтер және активтер, экономикалық операциялар, барлық шаруашылық субъектілері туралы мәліметтерді бақылайды және жинайды.

              Ұлттық Шоттар Жүйесі категориялары, жіктелуі және түсініктері

              1. Өнімдер – тауарлар мен қызметтер.

              2. Тауарлар – физикалық заттар, экономикалық объектілер, сұраныс бар тауарларға меншіктік құқық таратылады.

              3. Қызметтер – тұтынушылардың тапсырыс бойынша әртүрлі әрекеттері өндірушілер арқылы жүзеге асатын тұтыну заттарының күйі:

              - тұтынушылардың физикалық жағдайы (мысалы, тұтынушыларды тасымалдау, көшіру; медициналық және хирургиялық емдеу, тұтынушылардың сыртқы жақсаруы);

              - тұтынушылардың қабілеттілік жағдайы (мысалы, білім беру, қорғау, қаржылық делдалдық көрсету, т.б.).

              4. Объектілер – тауарлар, қызметтер, ақша қаржылары.

              5. Субъектілер – шаруашылық бірліктері.

              6. Институтциалды бірлік – активтерді иемденетін, міндеттеме қабылдауға қабілетті, шаруашылық субъектілері мен ақпараттарын және экономикалық операцияларды, активтер мен пассивтерді жинақтайтын экономикалық дербес тұлға.

              7. Экономикалық өндіріс – бұл қызметтер, институтциалды бірлік тексерумен    жасалынған, еңбек, капитал, тауарлар, қызметтерді жүзеге асыратын іс - әрекет.

              8. Өндіріс шекарасына қызметтердің келесі түрлері қосылады:

              - басқа бірліктерге, көрсетілген және олардың өндірушілері болып табылмайтын    тауарлар, қызметтер шығаруға арналған барлық жеке және ұжымдық тауарлардың, қызметтердің өндірісі;

              - өздерін өндірушілер арқылы қорлану үшін немесе түпкілікті тұтынуға жұмсалу үшін қалдырылған барлық тауарлардың өндірісі;

              - өзіндік түпкілікті тұтынуға қолдануға арналған қызметтердің өндірісі;

              - заңсыз өндіріс;

              - бүркемелі (жабық) өндіріс.

              9. Резидент – берілген елдің экономикалық аумағында орналасқан және бір жылдың ішінде немесе одан көп уақытта осы елдің экономикалық аумағындағы экономикалық қызметке қатысқан институционалды бірлік.

              10. Ішкі экономика экономикалық аумақтағы резиденттердің де, резидент еместердің де қызметін қамтиды. Ішкі экономиканың негізгі көрсеткіші - жалпы ішкі өнім.

11. Ұлттық экономика экономикалық аймақтағы және оның шекарасынан тыс орналасқан резиденттердің де қызметтерін қамтиды. Ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы ұлттық табыс.

12. Шетелдегі аумақтық деп анклавалардың үкіметтік мекемелер арқылы аумақтарды демократиялық, әскери, ғылыми мақсаттарда пайдалануын айтады.

13. берілген елдің экономикалық аймағы – бұл берілген елдің үкіметімен басқарылатын, осы аумақ ішінде адамдар, тауарлар, ақшалар еркін қозғалыста болатын аумақ және оған жататындар:

- әуе кеңістігі, берілген елдің аумақтық сулары және халықаралық суларда континенталдық шельф және де олардан шикізат, мұнай, газ, отын өндіруге осы елдің құқығы бар;

- шетелдегі аумақтық анклавалар немесе халаықаралық ұйымдар, кәсіпорындар, осы елдің экономикалық аумағына орналасқандар.

Ал басқа елдің экономикалық аумағына жататындар:

- еркін аймақтар, берілген елдегі кәсіпорындар, шетелде жұмыс істейтіндер;

- берілген елдің шекарасынан тыс жердегі аймақтық анклавалар.

14. Экономика секторы – экономикалық қызметпен айналысатын институтционалды бірліктердің жиынтығы, яғни өз атынан активтерді біріктіріп, міндеттемелерді қабылдап, экономикалық қызмет пен операцияларды жүзеге асыратын субъектілердің жиынтығы.

Ұлттық Шоттар Жүйесінің принциптеріне сәйкес, экономикалық бірліктер екі тип бойынша жіктеледі: секторлар және салалар.

Секторлар алтыға бөлінеді, бесеуі – ішкі экономика секторлары, резиденттер, ал алтыншысы сыртқы сектор (резидент еместер).

1-ші сектор – «Қаржылық емес корпорациялар» - алынған табыс пен шыққан шығындардың орнын толтыратын, баға бойынша тауарлар өндіру мен қаржылық қызметтерден басқа қызметтерді көрсететін институционалды бірліктер (кәсіпорындар, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік қонақ үйлер, кафе және т.б.).

2- сектор – «Қаржылық корпорациялар» қаржылық қызметтер көрсететін институционалды бірліктердің жиынтығын қамтиды (Ұлттық Банк, коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қоры, биржалар, ломбард, бағалы қағаздар нарығы, трасталық компаниялар).  Қаржылық қызметтің  екі түрі бар: а) делдалдық қарыз алушыға несие беру мақсатымен өз атынан қаржылық міндеттеме қабылдай отырып, ақшалай қаражаттарды жұмылдырады және осы ағындар сипаттамасын қайта құрып, түрін өзгертеді; б) қосалқы қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты, бұлар – қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымдар, бірақ өз атынан несие бере алмайды.

              3- сектор – «Мемлекеттік басқару органдары» - мемлекет бақылауында тұратын және халыққа мемлекеттік басқару нарықтық қызметін атқаратын  институционалды бірліктер.

              4- сектор – «Үй шаруашылықтары» - жеке адамдар, бірге тұратын отбасылар, заңды статусы жоқ кәсіпкерлер.

5- сектор – «Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар» үй шаруашылықтарына тауар мен қызметті тегін немесе төмен бағамен төлеген жарнасына, берген жәрдеміне жеткізіп береді (саяси партиялар, діни ұйымдар, ауруханалар, клубтар, спорттық қоғамдар, т.б.).  

6- сектор – «Қалған әлем» - Қазақстан Республикасына қатысты басқа да шетелдерді біріктіретін экономикалық бірлестіктер.

15. Экономикалық айналым элементтері: объект, субъект, экономикалық операция.

Информация о работе Әлеуметтік- экономикалық статистиканың ғылыми негіздері