Қазақстан туристік индустриясының проблемалары мен шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 08:02, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туризмнің дамуына үлкен назар аударып отыр. 2005 жылғы өзінің Жолдауында-ақ Н.Ә.Назарбаев туризмді ел экономикасының орнықты дамуының басымдықты саласының бірі ретінде атап көрсеткен болатын. Туризмді дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, құрылыс бизнесі және тағы басқа салаларға оң ықпалын тигізеді.

Работа содержит 1 файл

реферат тур индустрия.docx

— 53.74 Кб (Скачать)

Кіріспе 

         Мемлекет Басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев туризмнің  дамуына үлкен назар аударып  отыр. 2005 жылғы өзінің Жолдауында-ақ Н.Ә.Назарбаев туризмді ел экономикасының орнықты дамуының басымдықты саласының бірі ретінде атап көрсеткен болатын. Туризмді дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, құрылыс бизнесі және тағы басқа салаларға оң ықпалын тигізеді. Қазақстанда туристік орталық болу үшін барлық алғышарттар бар, атап айтқанда тарихи ескерткіштердің көптігі, еліміздің сұлу табиғаты, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген объектілері осының айғағы. Осыған орай, еліміздің бәсекелестік артықшылығын және кластерлік бастамашылығын ескере отырып, үкімет туристік индустрияны дамытудың ұзақ мерзімге арналған стратегиясын мақұлдады. Әлемдік стандарттар мен осы заманғы талаптарға жауап беретін дамыған туристік кешенді тез арада құру үшін барлық қажетті жағдайлардың жасалуы қажет. Осы бағытта министрлік қандай жұмыстарды жүргізіп отыр? Республиканың статагенттігінің деректері бойынша былтырғы жылы туристер саны 16598,9 мың адамды құрады және 2009 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға артты. Өткен жылдың қорытындылары бойынша республикада шамамен алғанда 1273 қонақ үй шаруашылығы жұмыс істейді, олар былтырғы жылы 58,2 млрд. сомаға қызмет көрсеткен. Министрлік еліміздің ІЖӨ (ішкі жалпы өніміндегі) туризм үлесін арттыру үшін мынадай бағыттарда жұмыстар жүргізуде: шетелдік туристер үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту, туристік сала үшін халықаралық танымал кәсіптік стандарттар негізінде мамандар даярлау, авиатасымалдар тарифтерін төмендетуге бастамашылық жасау, туризм алуан түрлі салаларда қызмет көрсету мен өндірістің ауқымды спектрін қамтитын болғандықтан, ірі демалыс және ойын-сауық орталықтарын салуға инвесторлар тартуға ықпал жасайтын болады. Бүгінгі әлемде мемлекеттің табыс­ты экономикалық дамуы көбінесе оның халықаралық аренадағы ұстанымына, оның мәртебесі мен рейтингіне және имиджіне байланысты болады. Қазақстанды әлемдік аренада таныту мақсатында министрлік қандай шаралар қабылдауда, бұның өзі түптің түбінде шетелдік туристерді тартуға ықпал етеді емес пе?  Қазірде біз еліміздің ұлттық туристік брендін әзірлеуге қатысты жұмыстар жүргізудеміз, дипломатиялық корпусты тарта отырып, жұмыс тобын құрудамыз. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ) шеңберінде еліміздің туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 4-жылдық салалық бағдарлама әзірленді. Бұл салалық бағдарлама ішкі және сырттан келетін туризмді дамытуға бағытталған. Салалық бағдарламаға сәйкес жаңа туристік инфрақұрылымдар жасалады, бұрынғылары қайта жаңартылатын болады, жаңа туристік бағыт ретінде Қазақстанның тартымдылығын арттыру үшін оның оң имиджі қалыптастырылады.

 

1. Қазақстан туристік индустриясы

1.1 Қазақстан туристік индустриясының қазіргі ахуалы

         Туристік саланың  даму серпіні туризм индустриясы  көрсеткіштерінің орнықсыз өсуімен  сипатталады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары  бойынша келушілер саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өсті, сыртқа шығушылар  туризмі 22,3 %-ға өсті, алайда ішкі туризм көлемі 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады.

         Көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кемінде және 65,8 млрд. теңгені құрады. Салыстыра  қарасақ, 2008 жылғы тиісті көрсеткіштің өсуі 2007 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге  дейін).

         Негізгі көрсеткіштердің  төмендеуі әлемдік экономикадағы  жағдаймен түсіндіріледі.

         Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушілер  туризміне де теріс әсер етті, оның көлемі соңғы екі жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейін немесе 18,9 %-га төмендеді.

         Сырттан келушілер  туризмі статистикасының деректері  де сапар мақсаттары бойынша келушілерді  бөлу сияқты көрсеткіштердің төмендегені  көрсетіп отыр, соның ішінде бос  уақыт пен демалыс үшін сапарлар 2008 жылмен салыстырғанда 19,8 %-ға немесе 1541 адамға төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бірлікке немесе 44 %-ға қысқарған.

         2007 - 2010 жылдар ішінде  саланың дамуы Мемлекет басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекітілген Қазақстан  Республикасында туризмді дамытудың  2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын іске асыруға негізделді.

         Бұл кезеңде нормативтік  құқықтық базаны жетілдіру жөнінде  жұмыс жүргізілді. 2008 жылы туристік қызмет мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді  және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан  әрі - Министрлік) туризм мәселелері жөніндегі  бұйрықтары бекітілді .

         Министрлік имиджді  қалыптастыру жөніндегі, оның ішінде Қазақстан  туризмін шетелде ақпараттық насихаттау жөніндегі жұмыстарды тұрақты негізде  жүргізіп отырғанын атап кету керек. Негізгі бағыттары жарнамалық бейнероликтерді  жасау және әлемнің жетекші телеарналарында  көрсету, ірі халықаралық туристік көрмелерге қатысу болып табылады.

         2009 жылғы қазан  айында Астана қаласында Дүниежүзілік  туристік ұйымның (бұдан әрі  - ЮНДТҰ) Бас Ассамблеясының 18-сессиясының  өткізілуі 2009 жылы басты имидждік  оқиға болды, оның жұмысына  ЮНДТҰ ұйымдарының нақты мүшелері, 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат,  сондай-ақ шетелдік әлемдік БАҚ  өкілдері қатысты.

         ЮНДТҰ Бас Ассамблеясы  жұмысының қорытындысы бойынша  әлемдік туризм үшін стратегиялық маңызы бар құжаттар қабылданды:

     1. Жібек жолында туризмді дамыту жөніндегі Астана декларациясы.

     2. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың 29 тамызды - ядролық  қарудан бас тартудың Дүниежүзілік  Күні деп жариялау туралы бастамасын  қолдау туралы.

         Қабылдаған шаралардың арқасында зор туристік әлеуеті, бірегей табиғаты мен бай тарихи-мәдени мұрасы бар ел ретінде Қазақстан  туралы айтыла бастады.

         Жергілікті жерде  туризмнің дамуын тежеп отырған  негізгі проблемалар мен себептерді анықтау мақсатында 2008 жылғы маусымнан  бастап 2009 жылғы шілдеге дейінгі  кезеңде Корея Халықаралық ынтымақтастық  жөніндегі агенттігі зерттеулер жүргізді және 2009 жылғы желтоқсанда  «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық  жедел автомагистралі бойында ұлттық туристік кластерді құру» мастер-жоспары  әзірленді.

         Мастер-жоспардың  ұсынымдары Қазақстан Республикасын  үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде туризмді дамытудың одан әрі пайымдауын қалыптастыру үшін негіз болды.

         Туризмді дамытуда ұлттық кластер құру болжанып отырған, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық  көлік дәлізінің жобасы ерекше орын алады. Осы мақсаттарда халықаралық көлік дәлізінің бойында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында үш санаттағы жол бойы инфрақұрылым объектілерін салу жоспарланып отыр. Мәселен, Ақтөбе облысында 5 жыл ішінде «Greenland», «Ырғыз керуен-сарайы» демалыс базалары тәрізді инвес­тициялық жобалар іске қосылып, Қызылорда облысында 2020 жылға қарай «Бай­қоңыр» туристік орталығы мен «Ғарыш айлағы» сауда ойын-сауық кешені, Қамбаш көлінде, киіз үй отелі, сондай-ақ «Қорқыт Ата» туристік орталығы салынатын болады. Оңтүстік Қазақстан облысында «Көне Түркістан», «Ежелгі Отырар» туристік орталық­тарын құру болжанады, осылайша Ұлы Жібек жолының бойындағы барлық бағдарлар жасалатын болады. Аталған жобаларды іске асыру мемлекеттің белсенді қолдау көрсетуін қажет етеді, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың көлік дәлізінің бойынан жер телімдерін бөлуін, жаңадан құрылып отырған туризм индустриясы объектілеріне инженерлік-коммуникациялар жүргізуді, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша пайыздық ставкаларын субсидиялауды болжайды. Пилоттық жоба шеңберінде алғашқы кластерлік бастамашылықтарға мемлекеттік қолдау көрсету белгіленіп отырған жоспарларды іске асыру үдерісіне туристік саланың көптеген кәсіпкерлерін тартуға жағдайлар жасады. Бұған қазіргі бар жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі де әсерін тигізді және біртіндеп 2006 жылдан бастап елімізде қонақ үйлер салына бастады, өңірлерде туризм индустриясының ескі нысандары жаңартылды, жаңалары салына бастады.

         Туризмді дамыту үшін мемлекеттік қолдау көрсетумен қатар, отандық сондай-ақ шетелдік инвесторлар  тартыла ма?

         Біз жаңа туристік орталықтар құру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды  тарту жөнінде жұмыстар жүргізудеміз. Бұл инвестициялар туризмнің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін, қызмет көрсету саласын дамыту үшін, бәсекелестікке қабілетті туристік индустрия құру үшін, спорттық ойын-сауық, ойын, көлік-логистикалық, сауда орталықтарын құру үшін қажет, туризм мамандарын даярлау және қайта даярлау үшін қажет. Бүгінгі күні көптеген инвестициялық жобалар іске асырылуда. Бұл «Бурабай» халықаралық туристік орталығының құрылысы, қазіргі таңда құрылыстың бірінші кезеңі аяқталуда, оған 402 орындық отель, СПА-орталық пен сауықтыру орталығы кіреді. Сондай-ақ, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында «Кендірлі» халықаралық курортын салу жобасы әзірленді. Бүгінгі таңда ол бойынша Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Халықаралық орнықты даму компаниясы» (SWDC) арасында осы туристік кешеннің және курорттық демалыс аймағының құрылысын салу бойынша бірлескен іс-қимылдар туралы келісімге қол қойылды. Бұл, сондай-ақ, Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауындағы «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталығының жобасы. Үстіміздегі жылғы 6 маусымда Дүниежүзілік Ислам Экономикалық форумы шеңберінде Қазақстан Республикасының Турим және спорт министрлігі мен «ALM Group Of Companies» компаниясы арасында осы жобаны іске асыруға 2 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялар тарту туралы ниеттер туралы хаттамаға қол қойылды. Қазақстанның өңірлері бойынша басқа да барынша өзекті инвестициялық және коммерциялық жобалар пысықталуда, туризм инфрақұрылысын дамыту мақсатында инвестициялар тартуды көздейтін осы жоба­ларға Министрлік қолдау көрсетуде.Бұл жерде көп нәрсе жергілікті билік орындарының бастамашылығына, туризмнің осы өңірді гүлдендіру көзі екенін түсінуіне байланысты. Сонымен бірге, аса қуатты туристік орталықтар құру үшін мемлекет тарапынан да, отандық және шетелдік инвесторлар тарапынан да ақшалай салымдар қажет. Қазіргі кезде бұл бағытта оң қозғалыстар бар екенін айта кету керек. Мәселен, 2010 жылы туристік саладағы инвестициялар көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 58,3 пайызға артты және 194,6 млрд. теңгені құрады.: Тау шаңғысы туризміне назар аударыла ма?

         Әлбетте. Мәселен, Алматы облысында инвестициялық қаражатты  тарта отырып, «Шымбұлақ» курортын, Жамбыл облысында «Көксай» - тау  шаңғысы базасын дамыту болжанады. Болашақта Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарындағы жобаларды іске асыру ойымызда бар. Меніңше, Қазақстанда  тау шаң­ғысы туризмін дамыту аса  өзекті мәселе, оның дамуы жекелеген  өңірлерде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді.

         Бұл мәселе бүгінгі  таңда басты мемлекеттік міндеттердің бірі екендігін атап айтқым келеді. Биылғы жылы Қазақстан Берлинде өткен аса ірі ITB халықаралық туристік көрмесіне қатысу қорытындысы бойынша Азия, Тынық мұхит өңірі мен Австралия елдері арасында тағы да бірінші орынды иеленді. Еуропа, Америка, Таяу Шығыс, Азия, Тынық мұхит өңірі, Австралия, Африка елдері арсында әлемнің континенттері мен өңірлері бойынша бес бірінші жүлде белгіленді, Қазақстан еліміздің туристік имиджі мен әлеуетін таныстыруда ғаламшардың үздік елдері «бестігіне» қосылды. Сонымен бірге, Қазақстанда БҰҰДБ өкілдігімен және Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік Туристік Ұйымының Еуропа өкілдігімен бірлесіп Астана және Алматы қалаларының туристік әлеуетін зерделеу жөніндегі бірлескен жоба іске асырылды. Орталық Азия мемлекеттерінің бірыңғай брендін жасау шеңберінде Ұлы Жібек жолының қазақстандық учаскесінде мәдени туризмді дамыту жүзеге асырылуда. Бұл біздің Мемлекет Басшысының тапсырмасы болап табылады және оның болашағы зор. Ежелгі Жібек жолы тек осында ғана кездесетін, сәулет өнерінің көздің жауын алатын тамаша ансамбльдері мен нысандары бар мәдени мұра болып табылады. Сол себепті алда осы шекара шегіндегі халықаралық туристік өнімді Ұлы Жібек жолы бірыңғай брендімен алға жылжыту жөнінде ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Біз Жібек жолы бойындағы көршілес мемлекеттермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтаса отырып жұмыстар жасаудамыз. Елімізде ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, бұған да дотациялар мен күр­делі өзгерістер қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2 Туристік саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау 

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
  • Туризмнің экономикаға нақты үлесін бағалауға мүмкіндік беретін ТҚШ енгізу
  • Туристік индустрия инфрақұрылымының болуы
  • Туристік саланы дамытуға арналған заңнамалық және нормативтік-құқықтық негіз
  • Халықаралық нарықта экотуризмге жоғары қызығушылық (8,9 млн. адам немесе жалпы әлеуеттің 63 %), оны дамыту үшін Қазақстанда әлеует бар:
    • Алматы қаласында Экологиялық туризмнің ақпараттық ресурстық орталығы жұмыс істейді;
    • қоңақжай үйлер құрылуда;
    • МҰТП жұмыс істейді.
  • Мәдени-тарихи туризмді дамытуға мүмкіндік беретін Қазақстанның бірегей мәдениеті мен тарихы
  • Тау шаңғысы туризмін дамытуға арналған табиғи жағдайлар
  • Кадрлық ресурстарымен қамтамасыз етілу
  • Барлық инфрақұрылым қалаларда және ірі елді мекендерде орналасқан Инфрақұрылымның халықаралық талаптарға сәйкес келмеуі Туристердің қызығушылық танытатын объектілерде көп күн болуы үшін жағдайлардың болмауы
  • Инвесторларға демеу қаржы бөлу, жеңілдіктер беру және салық жеңілдіктерін беру механизмінің жоқтығы;
  • Қазақстандағы экотуризмді дамыту тәсілдері және саясаты қалыптастырылмаған.
  • Туристік объектілерге апарар жолдың сапасының төмендігі/болмауы
  • Кадрлар даярлау бағдарламасының нарықтың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі
Мүмкіндіктер Қауіптер
  • Жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде ауылдық жерлерде ашу
  • Халықаралық туристік қызмет нарығындалу Қазақстанның деңгейінің жоғары болуы, бұл бюджетке инвестицияның және кірістің түсуін қамтамасыз етеді
  • Ұлттық туристік өнімді кұру
  • Сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм бойынша туристердің ағынын көбейту
  • Біркүндік бағдарлар санының көбеюі
  • Туристік ағымдар көлемінің төмендеуі
  • Инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі
  • Қазақстанның туризм үшін қолайсыз ел ретіндегі бейнесінің қалыптасуы, сонымен қатар оның инвестициялық тартымдылығының төмендеуі

Информация о работе Қазақстан туристік индустриясының проблемалары мен шешу жолдары