Қазақстан мен Туркия туристік байланыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 13:37, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың міндеті:
1. Түркияның табиғи рекреациялық және туристік ресурстарын анықтау.
2. Түркия туризмінің өзіндік ерекшелігін ашып көрсету.
3. Туризмнің ішкі нарыққа тигізген әсерін анықтау.
4. Түркияның қазіргі туризм индустриясын талдау.
5. Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы туризмнің деңгейін көтерудегі рөлін көрсету. Екі ел арасындағы туристік байланыстың маңыздылығы мен тәжірибе алмасудың болашағына талдау жасау.

Содержание

КІРІСПЕ
1ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ ТҮРКИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ...................................................................................................5
1.1Жалпы елдің табиғаты және оның өзіндік ерекшелігі..................................5
1.2Тарихы мен мәдениеті........................................................................................9
1.3Маңызды туристік аудандары.........................................................................10
2ТҮРКИЯ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ БІРІ..........................................................................................................................14
2.1Туристерді тартатын ірі қалалары..................................................................14
2.2Туризмнің жақсы дамыған түрлері.................................................................20
2.3Туристік инфрақұрылымы...............................................................................22
3ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ.........................................................................25
3.1Түрік- қазақ туристік байланыстарын нығайту және дамыту
жолдары..................................................................................................................25
3.2Түркия Қазақстандағы емдік туризмнің дамуына өз үлесін қоса алады.......................................................................................................................30
3.3Қазақстан мен Түркияның мамандары туризм саласында өзара тәжірибе алмасуы...................................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................34

Работа содержит 1 файл

моя курсовая.doc

— 893.50 Кб (Скачать)

                                                           МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ 

1ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ ТҮРКИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ...................................................................................................5 

1.1Жалпы елдің табиғаты және оның өзіндік   ерекшелігі..................................5

1.2Тарихы мен мәдениеті........................................................................................9

1.3Маңызды туристік аудандары.........................................................................10 

2ТҮРКИЯ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ   БІРІ..........................................................................................................................14 

2.1Туристерді тартатын ірі қалалары..................................................................14

2.2Туризмнің жақсы дамыған түрлері.................................................................20

2.3Туристік инфрақұрылымы...............................................................................22 

3ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ.........................................................................25 

3.1Түрік- қазақ  туристік байланыстарын  нығайту және дамыту

жолдары..................................................................................................................25

3.2Түркия Қазақстандағы емдік туризмнің дамуына өз үлесін қоса алады.......................................................................................................................30

3.3Қазақстан мен Түркияның мамандары туризм саласында өзара тәжірибе алмасуы...................................................................................................................31 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................34 
 
 
 

                                                
 
 
 
 
 
 
 

                                             

                                                   КІРІСПЕ     

       

          Қазіргі уақытта туристік жолмен дүниежүзінің бірқатар мемлекеттері жақсы дамып, мемлекеттік бюджетке көптеген кіріс кіргізуде. Олардың қатарында туристік жолмен көптеген елдермен тығыз байланыс орнатқан Түркия мемлекеті де бар. Бұл мемлекетте туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономикалық саласы болып табылады.

          Осы тұрғыда таңдап алынған курстық жұмыс «Түркияның халықаралық туризмі». Тақырыбымның аясы кең, әрі ауқымды мәселелерді қамтиды.   Оның ішінде жалпы туризм саласының өзіндік ерекшеліктері, оны шешудегі қойылатын талаптардың орындалуы және Түркиядағы туризмнің ел экономикасындағы алатын рөлін анықтау болып табылады.

          Түркияда туризм нақты елдің және оның халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани, сонымен қатар діни құндылықтарымен танысуға барша мүмкіндік бере отырып, мемлекет қазынасына пайда әкелетін жүйе ретінде дамуда. Пайда келтірумен қатар, туризм елдің әлем қауымдастығы мен азаматтар алдында танылуының алып факторы болып табылады.

          Қазіргі уақытта туроператорлардың көпшілігі Жерорта теңізі елдерімен жұмыс жасауда. Ол елдер арасында Түркия аса танымал.

          Түркия дүние жүзінде туристерді ең көп тартатын мемлекеттердің бірі. Туристерді ең көп қабылдайдын елдер арасында Түркия үшінші орынды алады. Жыл сайын бұл мемлекетке әлем туристердің 46% келеді.

          Түрік Республикасы Кіші Азия мен Шығыс Фракия жерінде Еуропа мен Азия аралығында Дарданелла, Мәрмәр теңізінің және Босфор сулары екі құрлықты бөлетін жерде орналасқан мемлекет. Елдің мәдениеті уникалды, ал тарихы ежелгі Византия тарихы сияқты бай мемлекет. Түркия жағалаулары Клеопатра, Ескендір Зұлқарнайын сияқты ұлы тұлғалар есімдерімен байланысты. Түркия дегенде Апостол Павел мен оның «Ефесеняндарға жолдауы», Гай Юлий Цезарьдің «Veni. Vedi. Vici.» сөздері, яғни «Келдің. Көрдің. Жеңдің» деген сөздері Зела деген жерде  Анкараның қасында пайда болған сөздері еске түседі.

          Түркия шоп-турларымен белгілі. Сондай-ақ мемлекет отельдері дүние жүзінде комфортты отельдердің бірі болып келеді. Бірақ ең бастысы тарих және архитектура ескерткіштері көп шоғырланған мемлекет болып табылады.

          Түркия – мозайкалы ел. Ол құрлықтық және аралдық бөліктерден тұрады. Ауылдары мен жағалаулары бір-бірінен ерекшеленетін тұрпат пен мінезге ие. Бір-біріне жақын орналасқан тарихи қалалардың өздері де айырымашылықтарға толы: біреуі шығанақ жағалауында салынып, құмды жағалауы және кең жағажайларымен тамсандырса, келесі теңізге қырлар бойымен саты-көшелер арқылы көтеріле биік жартастардан қарайды; үшіншісі фешенебельді қонақ үйлері мен мейрамханалары бар әсем кеме-клубына айналған.

          Қазіргі таңда, Түркиядағы туризмнің   дамығаны соншалықты, тiптi қалталы туристерден бастап қалтасы жұтаңдау қонақтардың көңiлiнен шығудың амалдары барынша жақсы жолға қойылған. Жалпылама туризм жайлы айтсақ, бiр туристiк турдың пакетi 1000 долларға шамалас. Бiрақ жыл сайын ел бюджетiне түсетiн пайданың өзi 20 миллиард долларға дейiн жетiп қалады. Бұл Түркияның туризм министрлiгi туристердiң жас ерекшелiктерiмен де санасып, қызмет көрсетудiң түр-түрiн ұсынады. Мұстафа Мұтлының айтуынша, егде жастағы адамдар көбiне Стамбұл мен Кониядағы тарихи сарайлар мен ескерткiштердi көруге ұмтылса, жастар мәдени ескерткiштерден гөрi теңiз суының бойында шомылып, қайықта жүзудi ұнатады екен. Өз кезегiнде елдiң туризм саласы шетелдiктерге барлық демалыс түрлерiн ұсынады: қысқы туризм – шаңғы тебу, жазғы туризм – теңiз бойында шомылу, мәдени-архитектуралық туризм – тарихи сарайларға серуен жасау, тағысын тағылары... Мұның бәрi де туристiң жақсы демалып, келесi жылы елге қайта келуi үшiн жасалынған сияқты.

          Осыған байланысты, бұл жұмыста Түркияның турістік жағдайын және оның халыққа маңыздылығы ашып көрсетіледі.

          Жұмыстың мақсаты: Бұл тақырыпта: «Түркиның  халықаралық туризмі» қалам тартып зерттеулер жасауымдағы басты мақсат: Түркияның туризм дамуы үшін қандай туристік-рекреациялық ресурстары бар екенін анықтау және қазіргі туризм индустрия жағдайын анықтау болып табылады.

Сонымен қоса курстық жұмысты жазу барысында  нақты деректерге сүйене отыра жаңалық  енгізу және курстық жұмысты қазіргі  ғылыми зерттеу саласындағы стандартқа сай жазылуын қадағалау.

          Жұмыстың міндеті:

1.  Түркияның табиғи рекреациялық және туристік ресурстарын анықтау.

2. Түркия туризмінің өзіндік ерекшелігін ашып көрсету.

3. Туризмнің ішкі нарыққа тигізген әсерін анықтау.

4. Түркияның қазіргі туризм индустриясын талдау.

5. Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы туризмнің деңгейін көтерудегі рөлін көрсету. Екі ел арасындағы туристік байланыстың маңыздылығы мен тәжірибе алмасудың  болашағына талдау жасау.

          Жоғарыда айтылған міндеттерді шешу үшін әр түрлі әдебиет көздері пайдаланылды: ағымдағы басылымдар, энцеклопедиялық басылымдар, жол сілтеуіштер, анықтама басылымдары мен интернет көздері қолданылған болатын.

Курстық жұмыста Түркияның туризмі дамуының табиғи, тарихи-мәдени алғышарттары қарастырылып, туристік орталықтарына, туризмінің жағдайына талдау жасалады.

Алға  қойылып отырған басты нысан  Түркия туризміндегі жоғарыда айтылған мәселелерді жан жақты зерттеп, қорытынды жасау. 
 
 
 

1ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ ТҮРКИЯНЫҢ СИПАТТАМА 

        1.1Жалпы елдің табиғаты және оның өзіндік ерекшелігі 
 

        Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азия материгінде, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Ол Кіші Азия түбегінде орналасып, шығыста Грузиямен, Әзірбайжанмен, Иранмен, Армениямен, батыста Болгариямен, Грекиямен, оңтүстікте Ирак пен Сириямен шекаралас. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Географиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия материгінің тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты.

      Түркия  Кіші Азия мен Шығыс Фракия территориясында  Еуропа мен Азия арасында орналасқан. Дарданелла, Мәрмәр және Босфор сулары екі құрлықты өзара бөледі.

      Түркияның географиялық картасына қарағанда  юралар және қыраттардың көпшілігі  көзге түседі. Мемлекет қатты тілмденген, табиғи ландшафттарының және өсімдік  байлылығы вертикалды зоналдығымен сипатталады.

Түркияда  биік, тілемденген шатқалдар мен  мұзды шыңдары бар таулары  өзара үйлескен.

Рельфетің сипаттамасы бойынша Түркия таулы  ел: теңіз деңгейінен орташа биіктігі 1000 метр. Территорияның жартысынан көбін Кіші Азиялық тау қыраттары  алады. Олардың құрамында Понтий және Тавр таулары ала араларында Анатолия қыраттары орналасқан.

Понтий  таулары Қара теңіз жағалауына параллель  етіп 100 шақырымға дейін созылған. Батысында таулар Саркарья өзеніне  дейін жетеді. Солтүстігінде Қара теңізге қарай төмендей бастайды, жағалау мен тау арасында 5-10 шақырымдай ғана  сызық қалады. Қызыл-Ирмак, Ешиль Ирмак және Саркарья өзендерінің сағаларында ғана жазық 60-70 шақырымға дейін кеңейе бастайды.

Понтий  тауларының орташа биіктігі 2500 метр. Шығыс  жағында таудың ең биік нүктесі орнласқан – Качкар шыңы – 3931 метр. Батысына қарай Понтий таулары 900 метрге дейін төмендей бастайды. Бұл аймақта максималды биіктік 2000 метрден аспайды.

Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында  күрделі Тавр (Торос) тау жүйесі созылған. Бұл жүйені үш бөлікке бөліп қарастыруға болады: Батыс, Орталық, Шығыс Тавр [1].

Батыс Тавр – Анталья жазығын доға етіп қоршап алған. Бұғаздың батысы мен шығысында  таулар Ликий және Киликий жазық  территорияларын ала отырып теңізге  қарай созылады. Биік тау қыраттары (Бедаг, 3086 м; Эльмалы, 3073 м) терең жазықтармен бөлінген. Батыс Тавр қыраттары арасында, әсіресе солтүстігінде көлдер топтары және терең шұңғымалар топтары орналасқан (Бейшехир, Эргидир, Сугла және тұзды көлдер: аджигель, Акшехир мен Испарта шұңғымасы және т.б. жатады). Бұл аймақтың аты да «түріктің көлдер елі». Орталық Тавр биіктігімен және рельефтің альпілік типтес болуымен ерекшеленеді. Мұндағы көптеген қыраттардың биіктігі 3000 метрден асады. Батысында оңтүстік батысына қарай Орталық Тавр Жерорта теңізіне жақындай келе бірден теңізге қарай үзіледі. Тек қана кейбір аймақтарында аллювиальды жазықтардың тар сызықтарын байқауға болады, мысалы, Анамура, Аланья, Силифке, Финике аудандары. Мерсин қаласы маңында таулар бірден солтүстік-шығысқа қарай бұрылады.

Таврдың солтүстік шығыс жалғасы Бинбог және Тахталы қыраттары алып жатыр, сондай-ақ бұл қыраттар Антитавра  деген атпен белгілі. Қыраттар оңтүстік батыс пен солтүситік шығысқа  қарай созылып Узуняйланамен  бітеді.

Шығыс Тавр оңтүстікке қарай Мұрат өзені және Baн көлінен бастап мемлекеттің шығысына қарай созылған (Хакяри ауданы). Мұндағы ең биік нүктелері 4000 метрге дейін жетеді, ал Джило тау жүйесінде бұл көрсеткіш биіктейді (4168метр).

Шығыс Тавр оңтүстігінде Диярбакыр шұңғымасы  орналасқан. Шұңғыма оңтүстікке қарай Месопотамия жазығына қарай төмендей береді.

Шеткі таулары арасында орналасқан Анатолия қыраттарын Ішкі Анатолия және Шығыс  Анатолия деп бөлуге болады. Ішкі Анатолия аласалау болып келеді. Бұл аймақ  ағынсыз шұңғымалар топтарынан құралған. Мұндағы биіктік батыстан шығысқа қарай 800-12000 метрге дейін биіктей береді. Осындай ойпаттардың бірінде Түркия астанасы Анкара орналасқан. Қыраттардың оңтүстік бөлігінде ежелгі вулкандар тізбегі орналасқан. Орталық және Ішкі Аанатолияның оңтүстігінде көлдер және батпақтар, көбінесе тұзды, орналасқан. Қыраттың орталығында шамамен 1000 метр биіктікте Түркияда көлемі бойынша екінші орында тұрған Тұз көлі орналасқан. Бұл көл өзінің суларының тұзды болуымен ерекшелінеді. Жаз уақытында көл құрғап, түбі тұзды қабатпен жамылады.

Шығыс Анатолия солтүстігінде Понтий таулары  мен оңтүстігінде Шығыс Тавр арасында орналасқан. Батысында аймақты ішкі Анатолиядан Акдаг қыраты бөледі. Шығыс Анатолияда биік таулар орналасқан, шамамен 1500 метрден 5000 метрге дейін. Армения  шекарасының маңында Үлкен Арарат – сөнген вулкан, Түркияның ең биік нүктесі (5165 метр) орналасқан. Бұл массивтің ерекшелігі – конус тәрізді формалары болып табылады. Конус шыңы қарлы мұздықпен жамылған. Үлкен Арарат маңында Кіші Арарат (3925 метр) орналасқан.

Информация о работе Қазақстан мен Туркия туристік байланыстары