Азаматтық құқықтық қатынастар обьектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 20:47, реферат

Описание работы

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 17.32 Кб (Скачать)

Қазақстан экономикасы 

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда  нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика  құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1 % болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60 % Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.Жылы Жалпы ішкі өнім АҚШ долларының айырбас бағамы Инфляция индексі(2000=100) Жан басына шаққандағы ЖІӨ

(АҚШ деңгейінің % үлесі)

1995 78,014,200 61.11 тенге 64 3.81

2000 102,599,902 142.26 тенге 100 3.53

2005 147,453,000 132.88 тенге 140 9.01

Қазақстан бүгінгі таңда  ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Моодy’с Ынвесторс Сервіце, Стандард & Поор’с и Фітцһ Ратінг’с Лтд сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.2005 жылғы 20 желтоқсанда Фітцһ Ратінг’с рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ» деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7 % мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2 %). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде көшпелі мал ш-на негізделді. Мал жыл бойы өрісте бағылады. Жер көшпелі қауымның ортақ меншігі болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншікте болды. Шын мәнінде малдың иесі жайылымға да иелік етті. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттілігі жойылған кезеңнен бастап, әсіресе, 1891 ж. Дала ережесі өмірге енгізілгеннен кейін, көшпелі ш-тың сипаты өзгерді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелілердің едәуір бөлігін жерсіз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуір қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгерді. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлінген жерлердің шекарасы айқындала бастады.9 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелі ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кеміп кетті. Көшпелілердің кедейленген бөлігі отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуіне патша өкіметінің ең шұрайлы жерлерді тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерін тигізді. Шын мәнінде бұл байырғы халықты ата мекендерінен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейін патша үкіметі қазақтардан 45 млн. гектардан астам жерді тартып алып, ішкі Ресейден келген жаңа қоныс тебушілерге алып берді. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты жергілікті халықтың экон. мүдделеріне нұқсан келтірді. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егіншілікке бейімделмеген қазақ көшпелілерінің табиғи дамуын тежеді. Көшпелі ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиімді жүргізуді, сондай-ақ, егіншілік пен отырықшылыққа көшу мәселесін шұғыл күн тәртібіне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресі, атап айтқанда, жерді әділ бөлу, орталықтан көшіріп келген шаруаларға кепілді жер телімдерін қазақтардан тартып алып беруді доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердің біріне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместігі салдарынан көшпелі ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетілді. Мұның өзі олардың еңсесін түсірді, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетілдіруге деген ықыласын кемітті. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшін қиын үдеріс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгілі бір мөлшерде қаржы-қаражат та қажет еді. Ал патша үкіметі қандай да бір көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерінде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдеріс егіншілікті дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өріс алды. Сөйтіп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы сияқты үш түрі қалыптасты. Соңғы екеуінде шөп шабу мен егіншілікті дамыту нәтижесінде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бірлесіп, кейінірек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола обл-ның қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды.Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп еніп, бір жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметінің ауқымын кеңейтті, екінші жағынан, өсімқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттілер бүкіл малды, қауымдық жерлерді өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерін, қыстақтар мен жайлауларды иемденіп алды. Қазақ қоғамының көпшілігі іс жүзінде өндіріс құрал-жабдығы жоқ кедейлер еді. Сауда-саттықты кәсіп етушілер мен өз шаруашылығында жалдама еңбекті пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлік-кәсіпкерлік өріс алды. Сөйтіп, қазақ жеріндегі нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетіне ықпалы күшейді.Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерістерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншігіне айнала бастады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан экономикасында әр түрлі экон. ұстындардың астасуы байқалды.


Информация о работе Азаматтық құқықтық қатынастар обьектілері