Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:45, курсовая работа

Описание работы

Жасанды талшықтардан тоқылған маталардың тобына вискозалық, ацетаттық және триацетаттық жіптер мен олардың үйлесімді құрамаларынан шығатын крептік, тегісті, жаккардты, түкті маталар жатқызылады. Маталардың ассортиментінің алуан түрлі болуы кешенді және текстуриленген жіптердің түрліше құрылымдардан тұруына, өрімдердің түрлеріне және безендіру түрлеріне байланысты болады.

Работа содержит 1 файл

перево.docx

— 93.78 Кб (Скачать)

Поливинилспиртті  талшықтар (винол). Винол суда ериді, ыстық суда шөгіп отырып қалмайды. Құрамында гидроксилды топтардың көп мөлшері бар болғаннан кейін ионалмасатын, бактерицидті және талшықтардың басқа түрлерінің модификациясына оңай түседі.

Винолдан жасалған штапельді  талшықтың жоғары гигроскопиялық қасиетіне  орай оны таза күйінде ғана емес сонымен қатар мақта және вискозды талшықпен араластыра отырып маталарды  жасауда да пайдаланады. Су өтпейтін қалың кенептерді (брезенттерді), арқандарды, транспорттық таспалар мен басқа техникалық бұйымдарды өңдеу үшін винол талшығын қолдануға болады. Винолдан жасалған бұйымдардың тозуға қарсы тұрақтылығы жоғары, ыстық үтіктеуге қолайлы, ыстық дымқыл өңдеулерде формасы мен көлемдерін сақтап тез кебеді. Талшықтың хиямиялық табиғаты қышқылдар мен сілтілердің, органикалық еріткіштердің, микроағзалардың, жарық пен ауа райы құбылыстарының әсеріне қарсы туруға мүмкіндік береді.

Винол – суда еритін қасиеті  берілетін бірден бір дерлік талшық болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

МАТАЛАРДЫҢ СЕРТИФИКАЦИЯСЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

 

РФ «Техникалық реттеу туралы» федералды заңында: сертификаттау – бұл органның техникалық регламенттерінің, стандарттардың ережелерін немесе келісім-шарттарының талаптарын объектілерге сәйкестігін растап сертификациялаудың формасы деп анықталған.

Текстильді өндірістегі  сертификация мынадай мақсаттарда  жүзеге асырылады:

    • РФ бірыңғай тауарлы нарығында кәсіпорындар, ұйымдар мен кәсіпкерлердің әрекеті үшін жағдайларды қалыптастырып, халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ықпалдастықта және халықаралық саудада қатысуға;
    • Өнімнің құзыретті таңдауын жасауда тұтынушыларға жәрдемдесу;
    • Өнім шығарушының арамдығынан тұтынушыны қорғау;
    • ТЛП өнімінің қоршаған орта, РФ азаматтарының өмірі, денсаулығы, мүлкі үшін қауіпсіздігін қадағалау;
    • ТП өнімін ПК-мен растау. 1996 ж. 21 тамыздан №13 қаулысына сәйкес РФ тауарлы нарығында өткізілетін және экспортқа шығарылатын ТЛП өнімі сертификация объектісі болып табылады.

       Біздің  еліміздегі текстильді өндірістегі  сертификация 1992 ж. пайда болды. 1 мамырда 1992 ж. РФ-да  ГОСТ Р  міндетті сертификация жүйесі  енгізілді. Оған сәйкес тамақтану  тауарлары, тұрмыстық техника  мен текстильді және жеңіл  онеркәсібінің (ТЛП) балалар ассортиментінің  тауарлары міндетті түрде сертификациядан  өткізілді. 1997 ж. бірінші жүйенің  орнын басқан ТЛП өнімдерін  сертификациялайтын жүйе жасалынып  бекітілді. Госстандарттың қаулысымен  міндетті сертификациядан өтетун  өнімдердің тізімі бекітілді.  Аталмыш тізімде балалар ассортиментіндегі  бұйымдардың көрсетікіштері көрсетілді: кір жууға, жарыққа, үйкелуге, үтіктеуге, суға түскенде киілетін  киім үшін теңіз суына, дистильденген  суға, терлеуге, ауаның өтпеуіне, үлестік  электрленуге қарсы тұруға, гигроскопияға,  кір жуудан кейін өлшемдердің  өзгеруіне, үйкелуге қарсы берік болуға, бос формальдегидтің санына, шикізатты құрамға төзімді болуын көрсетті.

2001 жылы міндетті сертификацияланатын  өнімнің тізімі оның қысқаруы бойынша қайта қаралып, сапаның кейбір көрсеткіштері алынып тасталды. 2003 жылы «Техникалық реттеу бойынша» заңын егузуіне сәйкес жаңа Ережелер мен екі бөлікке бөлінген өнімнің жаңа Номенклатурасы қабылданды: 1) сертификациялауға міндетті өнім; 2) сәйкестендіруге сай декларациялауға міндетті өнім.

«ТЛП өнімдерін сертификаттаудың Ережелері» тауарлардыі өмір мен  денсаулық үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

«Техникалық реттеу бойынша» заңының 20-бабы сәйкестікті растаудың  формаларын анықтайды. Онда РФ территориясындағы  сәйкестікті растау міндетті және өз бетінше сипатта болуы мүмкін делінген.

Сәйкестікті міндетті түрде растау келесідей формаларда жүзеге асырылады:

    1. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау (сәйкестікті декларациялау);
    2. Міндетті сертификация. Сәйкестікті өз еркімен растау өз еркімен сертификациялау формасында жүзеге асырылады.

Сәйкестік декларациясы. «Техникалық реттеу бойынша» заңында сәйкестік деларациясы келесідей схемалардың біреуі бойынша жүзеге асырылатыны көрсетіледі:

  1. Сәйкестік декаларациясын өз бетінше дәлелдемелердің негізінде қабылдау;
  2. Сәйкестік декаларациясын өз бетінше дәлелдемелердің, сертификаттау бойынша органы мен аккредиттелген сынақ зертханасының (орталықтың) – үшінші жақтың қатысуымен алынған дәлелдемелердің негізінде қабылдау.

Өз бетінше дәлелдемелердің  негізінде сәйкестікті декларациялау  кезінде өтініш беруші дәлелдемелік мәліметтерді (техникалық регламенттердің талаптарына өнімнің сәйкестігін растайтын техникалық құжаттама, жеке меншік сынақтар мен өлшеулердің нәтижелері және т.б.) өздігінен жасайды.

Өз бетінше дәлелдемелердің  және үшінші жақтың қатысуымен алынған  дәлелдемелердің негізінде сәйкестікті  декларациялау кезінде өтініш беруші өз дәлелдемелерге қоса аккредиттелген сынақ зертханасының (орталықтың) ішінде өткізілген сынақтар мен өлшеулердің  нәтижелерінің хаттамаларын қосып, сапа жүйесінің сертификатын береді.

Сәйкестік туралы декларация орыс тілінде жасалынып мына деректері  болуы тиіс:

      • Өтініш берушінің аты-жөні мен орналасу орны;
      • Өнім дайындаушының аты-жөні мен орналасу орны;
      • Сәйкестікті растаушы объектісі туралы мәлімет, бұл объектті идентификациялауға мүмкіндік береді;
      • Техникалық регламенттің аталуы, оның талаптарына сәйкес өнім расталады;
      • Өнімді қолдану кезіндегі мақсатты арнауға сәйкес өнімнің қауіпсіздігі туралы өтініш берушінің өтініші;
      • Өткізілген сынақтар мен зерттеулердің нәтижелері, сапа жүйесінің сертификаты, техникалық регламенттердің талаптарына өнімнің сәйкестігін растау үшін негіз болған құжаттар туралы мәліметтер;
      • Сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мерзімі және т.б. мәліметтер.

         Сәйкестік туралы декларацияның  қолданылу мерзімі техникалық  регламентпен анықталады.  Заңдастырылған декларацияны 3 күннің ішінде техникалық реттеу бойынша атқарушы биліктің федералды органымен рәсімдеу керек.  Дәлелдемелік материалдарды құрайтын декларация, құжаттар өтініш беруші мен техникалық реттеу бойынша атқарушы биліктің федералды органында аяқталу мерзімінің сәтінен бастап 3 жыл арасында сақталады. ТЛП өнімінің міндетті сертификациясы РФ заңдарына, мемлекеттік стандарттардың, санитарлық нормалардың және тұтынушының өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ететін, қоршаған ортаны қорғайтын және тұтынушының мүлкіне зардап тигізуді болдырмаудың және заңнамаларға сәйкес өнімге қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін ережелерге сәйкес өткізіледі.

Міндетті сертификациялаудан өткізілетін ТЛП өнімі РФ Үкіметі  қаулысымен бекітілген міндетті сертификациялаудан өтетін тауарлардың Тізімімен анықталады.

Белгіленген талаптарға сертификацияланған өнімнің сәйкестігін растайтын  құжаттарға сәйкестік сертификаты, сәйкестік белгісі жатады.

Сәйкестіктің ерікті расталуы ұлттық стандарттарға, ұйымдардың стандарттарына, ерікті сертификациялаудың жүйелеріне, келісімдердің талаптарына сәйкестігін  анықтау үшін жүзеге асырылуы мүмкін. Ерікті сәйкестікті растаудың объектілері  ретінде өнім, өндіріс процесстері, эксплуатациясы, тасымалдаулар, сақтау, өткізу мен қалдықтарды жою, жұмыстар мен қызметтер, сондай-ақ басқа объектілер болып табылады, оларға қатысты ерікті сертификаттау мен келісімдердің  стандарттары мен жүйелерімен талаптар қойылады. Ерікті сертификаттау жүйесінде  сертификацияланатын сертификация объектілері ерікті сертификация жүйесінің  сәйкестік белгісімен маркіленуі тиіс. Сәйкестіктің мұндай белгісін қолдану  тәртібі ерікті түрде өтініш берушімен  стандарттау бойынша ұлттық органмен белгіленген тәртіптің оған ыңғайлы  кез келген түрде іске асырылады. Заңмен сонымен қатар нарықта  айналымның арнайы белгісін де қолдану  қарастырылған. Федералды заңмен қарастырылған  тәртіпке сай расталған техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін өнім нарықта айналым  белгісімен маркіленеді. РФ Үкіметі  белгінің бейнесін белгілейді. Аталмыш  белгі арнайы қорғалатын белгі болып  табылмайды және ақпараттық мақсаттарда  ғана қойылады.

ТЛП өніміне сәйкестік  сертификатын берудің қажетті талабы РСФСР белгілеген 1991 ж. 19 сәуірінен  «Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық әл-ауқаты» Заңы бойынша белгілеген тәртіпке сәйкес берілетін оң гигиеналық қорытындының бар болуы болып табылады.

ТЛП өнімін сертификаттаған  кезде сертификаттаудың схемалары  қолданылады. Сертификаттауға өтініш білдіргенде өтініш беруші сертификацияның схемасын ұсынуға құқылы. Сертификациялау органы өтініш берушінің ұсынып жатқан сертификацияның схемасын қабылдамаған жағдайда ол өтініш бойынша қабылдаған шешімде ұсынылған сертификациялау схемасын өткізбеу бойынша дәлелді анықтама беруі тиіс. Схеманы қабылдағанда басты талап мнадай болуы тиіс – сертификацияны өткізгендегі шығындарды азайту жұмыстары бойынша дәлелдерді қамтамасыз ету болып табылады.

ТЛП өнімін сертификациялауды  өткізудің тәртібі міндетті және ерікті сертификация үшін бірдей болып келеді және келесідей рәсімдерден тұрады:

      • Сертификациялау бойынша органға өтініш беру;
      • Өтініш берушінің берген құжаттарын қарастыру;
      • Өтініш бойынша шешім қабылдау, сертификациялау схемасы мен аккредиттелген сынақ лабораториясын таңдау;
      • Өнімді идентификациялау;
      • Өнімнің үлгілерін сұрыптау;
      • Сынақтарды өткізу;
      • Өндіріс жағдайының анализі (сертификациялау схемасымен қарастырылған жағдайда);
      • Өндірістің немесе сапа жүйесінің сертификациясы (сертификациялау схемасымен қарастырылған жағдайда);
      • Жүргізілген сынақтар, тексерулердің нәтижелерін сараптау және сәйкестік сертификатын беру мүмкіндігі немесе оны бермеуі жайындағы шешімді қабылдау;
      • Сертификат пен сәйкестік белгісін қолдануға лицензиясын рәсімдеп беру және Мемлекеттік реестрге ТЛП сертификатталған өнімін енгізу;
      • Сертификатталған өнімді инспекциялық қадағалауды жүргізу (сертификациялау схемасымен қарастырылған жағдайда).
    1. ТЛП өнімін сертификаттау жұмыстарын өткізу үшін өтініш беруші сертификациялау органына өтініш береді. Қолданылатын сертификациялаудың схемасына байланысты өтінішке мынадай құжаттар қосылып берілуі қажет:
      • Өнімді жеткізуге келісімнің немесе контрактының көшірмесі (паритяны сертификациялау жағдайында);
      • Өнімнің шығарылғанын растайтын құжаттың көшірмесі (импортты өнім үшін);
      • Тауарлы-тасымал жүкқұжаттың немесе инвойстың көшірмесі (қажет болған жағдайда);
      • Санитарлы-эпидемиологиялық шешімнің көшірмесі (қажет болған жағдайда);
      • Өрт қауіпсіздігінің сертификатының көшірмесі (қажет болған жағдайда).  Шетелдік тілде берілген құжаттардың өтініш беруші растаған орыс тіліндегі аудармасы болуы тиіс.
    1. Сертификациялау органы өтініш пен құжаттар комплектін қарастырып, оларды тексереді:
      • Мәлімделген аты-жөні бойынша;
      • Мәлімделген өндірушіге қатысын;
      • Өнімнің шығу тегін растайтын және өнімнің ассортименті, сапасы мен саны бойынша мәліметтерді растайтын құжаттар бойынша.
    1. Берілген құжаттарды қараудың нәтижелері  бойынша сертификациялау органы өтінішті рәсімдеп өтініш берушіге жібереді.
    1. Сертификациялау органы сертификаттауға ұсынылған өнімді (сертификаттау схемасына сәйкес) сақтау орнына сарапшыны жіберіп, ұсынылған өнімнің аталуы мен өтініш берушінің берген құжаттарына сәйкестігін тексереді. Сондай ақ сарапшы қаптаманың бар-жоғын және тұтастығын, маркировканың бар-жоғын және мемлекеттік стандарттардың өнімнің маркировкасына  сай болуын тексереді. Сертификаттау органы өнімді идентификациялаудың нәтижелері бойынша өнім өтініште берілген атауға, құжаттардың немесе маркировканың талаптарына сай еместігін анықтаса, өтініш берушіге сертификаттау бойынша жұмыстардың өтілмейтіндігі жайында хабарлама жолданады.
    2. Өнім үлгілерінің іріктеуін белгіленген тәртіпте аталмыш өнімнің тобы бойынша аттестацияланған СО сарапшысы өткізеді. Іріктелініп алынған үлгілердің саны мемлекеттік стандарттарға өнімнің белгілі бір түрлерінің сынақтарына алынған үлгілердің іріктеудің ережелеріне сәйкестігі сай болуы тиіс.  Бақылау ретіндегі үлгілердің іріктеу қажеттілігін СО сарапшысы анықтайды. Сертификаттау мақсаттарына алынатын үлгілердің саны өнімнің біртекті түрлерін сертификаттау Ережелерінде берілген. ПР 50.3.002-95 «Өнімді міндетті сертификациялауды өткізуде қолданылатын үлгілерді қарастырудың жалпы тәртібінде» келтірілген акттың формасымен үлгілердің іріктелуін рәсімдейді. Актқа сертификаттау органының өкілдері мен өтініш берушінің өкілдері қол қояды. Алынған өнім үлгілерін басты өнімнен бөлек қойып, қаптамаға салады да пломбамен бекітеді немесе іріктеу өткен жерде мөр басып қояды. Сертификациялау органы өтініш берушімен келісе отырып, әрі нормативті құжаттаманың талаптарымен сәйкес үлгілерді сақтау орнын, мерзімін, қайтару тәртібін немесе есептен шығаруды белгілейді. СО сарапшысы үлгілерді сынақ зертханасына іріктеу актісі мен сынақ бағдарламасы (техникалық тапсырмасымен) туралы жолдама хатымен қоса жібереді. Сынақ бағдарламасында өнімнің аталуы, сынақ өткізуге тиісті көрсеткіштердің тізімі, сынақтардың әдістеріне нұсқау беретін нормативті құжаттары көрсетілу керек.
    3. Сертификаттаудың мақсаттарына орай өткізілетін сынақтарды техникалық құзырлығы мен тәуелсіз лицензиясы бар сынақ зертханалары өткізеді.  Сынақ зертханаларында СО жіберген сынақтар бағдарламасына сәйкес өнімнің сынақтарын өткізеді. Сынақ нәтижелерін 2 дана көшірме түрінде және сынақ хаттамасы түрінде сертификациялау органына жібереді. Сынақ хаттамасын сынақ зертханасының жетекшісі мен орындаушы бекітіп қол қояды.  Хаттамалардың көшірмелерін зетханада 3 жылдай сақтайды.
    4. Сетификатталатын өнімнің өндіріс жағдайының анализіне (сертификаттау схемасымен қарастырылған жағдайда) мыналар кіреді:
      • Шикізаттың кіріспе бақылауы;
      • Өнімнің, сынақ пен бақылаудың әдістерінің нормативтік құжаттардың бар-жоғы;
      • Технологиялық процесстің ұйымдастырылуы, технологиялық ауысымдары бойынша сапаны бақылау;
      • Технологиялық жабдықталудың күйін бақылау;
      • Метрологиялық қамтамасыз етілудің күйі, өлшеулер құралдарының тексіріс графигі, техникалық қызметтің өткізілуі, жоспарлы-алдын алу жөңдеу, орташа және толықтай жөңдеудің өткізілуі, дайын өнімнің сапасын бақылау;
      • Маркировка, дайын өнімді қаптау, сақтау шаралары мен тасымалдау, өнімснің сапасы жайындағы мәліметтерді тіркеу;
      • Кадр құрамының квалификациясы.

Өндіріс жағдайының анализін өткізудің тәртібі «ГОСТ Р  сертификаттаудың жүйесі. Өнімді сертификаттау  кезіндегі өндіріс жағдайының анализі» сертификацияның Ұсыныстарында  көрсетілген.

    1. Өндіріс жағдайының анализінің нәтижелері бойынша  СО акт жасайды. Аталмыш акт сәйкестік сертификаты берілген кезде және оның әрекет етуінің мерзімін белгілеген кезде ескеріледі.
    2. СО өндіріс жағдайының анализін өткізеді (сертификаттау схемасымен қарасытырылған жағдайда), өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сынақтар нәтижелерінің, сертификатталатын өнімнің идентификациялау нәтижелерінің аналізін жасап, сертификатты беру немесе бермеу туралы шешімді қабылдайды.
    3. Оң шешім қабылданған жағдайда СО өтініш берушіге сәйкестік сертификатын рәсімдеп береді, теріс шешім қабылданған жағдайда оған дәлелденген шешім жолданады. Сәйкестік сертификатына мыналар жатқызылады:
      • Өтініш берушінің аты-жөні мен орналасу орны;
      • Сертификациялаудан өткен өнімді дайындаушының аты-жөні мен орналасу орны;
      • Сәйкестік сертификатын берген СО аталуы мен орны;
      • Сертификация объектісін сәйкестендіретін ақпарат;
      • Техникалық регламенттің аталуы – оның талаптарына сәйкес сертификациялау өткізілді; өткізілген сынақтар мен өлшеулер туралы мәлімет;
      • СО-на өтініш берушінің берген құжаттары жайындағы мәлімет, техникалық регламенттерінің талаптарына өнімнің сәйкестігін тексеру үшін;
      • Сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі.

СО сериялық шығарылатын  өнім сертификатының қолданылу мерзімін 3 жылға белгілейді.

    1. Сертификатталған өнімнің инспекциялық бақылауын РФ Госстандартының территориалды органдарын қажет болған жағдайда СО жүзеге асырады. Инспекциялық тексерудің бағдарламасын СО жасап бекітеді. Инспекциялық бақылауды сәйкестік белгісін қолдануға арналған лицензия мен сертификаттың бүкіл қолданылу мерзімінің ішінде периодты немесе жоспардан тыс тексерулер түрінде өткізеді. Инспекциялық бақылауды келесідей кезеңдерден өткізеді:

Информация о работе Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті