Кәсіпорынға қысқаша сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 19:44, реферат

Описание работы

Мейрамхана бизнесі – тұтынушының жақсы демалуына қолайлы жағдай жасай отырып, сонымен қатар оның эмоционалды және эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра отырып, тұтынушыға жоғары сапалы тағамдар мен қызметтер түрлерін ұсынатын арнайы мамандандырылған қызмет түрі

Работа содержит 1 файл

кәсіпорынға қысқаша сипатама.docx

— 52.23 Кб (Скачать)

    Кіріспе 

            Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы  салалардың жылдам диверсификациялық  дамуы және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға байланысты. Осының ішінде қоғамдық тамақтану саласының дамуы  тиімді үрдіс болып табылады. Себебі, ол біріншіден халықты жұмыспен қамтамасыз етсе, екінші жағынан экономикалық өсу үшін белгілі бір мөлшердегі үлесін қосады. Жалпы қоғамдық тамақтану саласы саудалық қызметке жатады. 2010 жылғы Қазақстан Республикасының саудадағы қызметте алатын үлесі ЖІӨ-ң 12,2%. Қоғамдық тамақтану орындары бірқалыпты дамуда, сонымен қатар еліміздің басқа да экономикалық салаларымен салыстырғанда динамикалық өсуі байқалады. Статистикалық берілгендер бойынша қоғамдық тамақтану саласынан түсетін пайда жылына 700 млн АҚШ долларын құрап отыр (барлық қоғамдық тамақтану орындарын қоса есептегенде). Ал соңғы дағдарысқа дейінгі бес жылда оның өсімі 37% болды. Бұл салаға салынған инвестиция орташа 3-4 жылда қайтарылады. Қоғамдық тамақтану жүйесінде мейрамхана ерекше орын алады.

         Мейрамхана  бизнесі – тұтынушының жақсы  демалуына қолайлы жағдай жасай  отырып, сонымен қатар оның эмоционалды  және эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра отырып, тұтынушыға жоғары сапалы тағамдар мен қызметтер түрлерін ұсынатын арнайы мамандандырылған қызмет түрі.

       Қазақстандағы мейрамханалар қызметі нарықтық экономикаға көшкеннен бастап белгілі  өзгерістерге ие болды. Халықтың әлеуметтік жағдайы жоғарылаған сайын әлеуметтік-мәдени және мәдени демалатын орындарға сұраныс та арта түсті (кафе, мейрамхана, клубтар). Қоғамдық тамақтану нарығында ұсынылатын өнім, қызмет, олардың бағасы, бәсекелестігі тұтынушылар сегментіне байланысты икемделді. Ол үшін маркетинг қызметі қолданылуда.

        Қоғамдық  тамақтану саласындағы маркетинг  ерекшеліктері.              Қоғамдық тамақтандыру саласындағы маркетинг 7 элементтен тұрады:

  • тауар немесе қызмет көрсету;
  • баға;
  • өндіру;
  • коммуникация;
  • қызмет көрсету үрдісі;
  • персонал;
  • физикалық қоршаған орта.

      Қоғамдық тамақтану саласы өндіріс пен тұтыну қызметін тура байланыстырады. Қызмет сферасының басқа да секторларындай қоғамдық тамақтануда тұтыну мен өндіру үрдісі сәйкес келеді. Бұл салада өндіріс үрдісі тауар және қызметті сату мен тұтыну өзара байланыстырылған.                          Сонымен қатар тұтынушыға қызметтердің көптеген түрлері ұсынылады. Қазіргі кезде ұсынылатын қызмет пен тауар бірігіп, «жағымды әсер» деп аталатын инновациялық тауарға айналды. Осыған байланысты қоғамдық тамақтандыру орындары негізгі қызмет түрін өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар қосымша қызметін де жетілдіруде.

        Қоғамдық тамақтандыру қызметіне деген сұраныс елімізде маусымдық сипатта жүзеге асырылып жатыр. Практика бойынша бұл саладағы максималды сатылым көлемі қыста, минималды сатылым көлемі жазда. Осыған байланысты мейрамхана бизнесіндегі маркетингті басқару мәселесі – сұранысты теңестіру. Ол үшін бағаны реттеу, жеңілдіктер қолдану және т.б. шаралар қолданылады. Сонымен қатар мейрамхана бизнесіндегі сұраныс икемді болып табылады. Себебі ол тұтынушының төлем қабілеттілігі мен табысына байланысты болады.

       Қоғамдық тамақтанудағы өнім мен қызметтің өзара бірін-бір толықтыруы. Мейрамхана бизнесі ең алдымен тұтынушыға байланысты, тұтынушы мейрмахананың жұмыс істеу мерзімін ұзартады немесе қысқартады. Сонымен қатар өнімнің сапалығы мен оның дайындалу технологиясы да маңызды. Ал өнім түрлері, құрамы және сапасы бәсекелестік жақсы дамыған мейрамхана бизнесінде нарық сегментін кеңейтуге мүмкіндік береді.

        Қоғамдық тамақтану орындарындағы баға кәсіпорын типі мен мақсатына байланысты. Қазақстандағы қоғамдық тамақтандыру орындарында бәсекелестік баға мен дифференциация стратегиялары қолданылады. Қоғамдық тамақтандыру орнының ұсынатын бағасы оның өмірлік цикліне байланысты. Қоғамдық тамақтандырудағы бағаны қалыптастыру (асхана мен элитті мейрамханаға дейін) 50-1000% саудалық баға қоюмен реттеледі.

         Қоғамдық тамақтандырудағы қызметті жылжыту үшін арнайы жылжыту арналары және жеке коммуникациялар қолданылады. Сауда агенттері ролінде даяшылар қызмет атқарады. Зерттеу бойынша қоғамдық тамақтандыру туралы ақпараттар жеке қарым-қатынас немесе ауызша жарнамалау арқылы (жағымды әсер қалтыру) жүзеге асады.

         Мейрамхана бизнесіндегі қызметтің өзгермелілігі. Бұл жерде персонал біліктілігі маңызды роль атқарады. Бұл арнайы персоналға арналған маркетингтік концепцияны жасау, қызмет көрсету стандартын ұстану, мотивация және қызмет сапасын қадағалау арқылы жүзеге асады. Жалпы мейрамхана бизнесіндегі көрсетілетін қызмет сапасы елімізде өте тұрақсыз, себебі қызмет көрсететін персонал өз қызметін толық деңгейде жүзеге асырмайды немесе немқұрайлылық танытады.

         Сонымен қатар қазіргі заманда мейрамханалық бизнестің қарқынды дамуының обьективті себептері мен негіздері барын, мейрамханалық бизнес-бұл шығармашыл, дүниеге деген көзқарасы кең, базарлық экономиканы жақсы танитын және оның конъюктурасын білетін адамдардың тізбегі екенін білдім. 
 
 
 

    Әдебиетке шолу 

        Кәсіпкерлік теориясының негізін қалаушы XVIII ғасырда ең алғаш рет кәсіпкерді өзі шешім қабылдайтын және қиын жағдайларда өзінің қажеттілігін қанағаттандыра білетін тұлға ретінде қарастырған Ричард Кантильон (1680-1734) болып табылады. Бұл ғалым кәсіпкердің табысы – бұл тәуекелдің жемісі, өйткені болашақтағы пайдасы белгісіз бола тұрып, жалдаған жұмысшыларының жалақысын төлейді, белгілі бір бағамен тауарлар мен шикізаттарды сатып алады деп есептеді.

         Катильон теориясына сәйкес, кәсіпкерлік – болашақты ойлап, іс-әрекеті қалыптасатын, табыс табуға деген үміті мен шығынға ұшырау қаупін ескере отырып, тәуекелге баратын тұлға. Осылайша, кәсіпкер тұрақсыз табыс таба отырып, өзінің қорқынышы мен теуекеліне жұмыс жасайды. Р.Катильон тұрақты табысқа ие мемлекеттік қызметшіден кәсіпкердің айырмашылығын айқындайды. Кәсіпкердің ең басты ерекшелігі – тәуекелге ұмтылуы және осы үшін табыс табуы. Осыдан кәсіпкерлік табыстың болашақ қиын жағдайлардан туатын тәуекел үшін төлем екендігін аңғарамыз.

        Экономикалық ғылымның негізін қалаушылардың бірі Адам Смит (1723-1790) «Халық байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» еңбегінде (1776) кәсіпкерді «тәуекелдік коммерциялық ойдың жүзеге асырушысы» ретінде сипаттаған. А.Смит кәсіпкер маңызды әлеуметтік қызметті – жинау қызметін атқарады деп есептеген. Кәсіпкер өзі қаражат салады, жоспарлайды, өндірісті ұйымдастырады және өз еңбегінің жемісін жейді.

        А.Смит кәсіпкерлердің жеке мүддесі қоғамдық мүддемен ешқашан сәйкес келмейтіндігін айтқан, себебі өндіріс пен ұлттық байлықтың деңгейі неғұрлым жоғары болса табыс соғұрлым аз болады. Табыс деңгейі қоғамдық жағдайға кері әсерін тигізсе, онда кәсіпкерлер ортасы қоғамды жаңылдыруға ұмтылады. А.Смит кәсіпкерлікті ұйымдастыру кезіндегі тауар-бағалық саясатты құруда кең қолданылатын құн теориясын жасады. Оның концепциясы бойынша құннің екі мәні бар: кейде белгілі бір заттың пайдалы екендігін білдірсе, кейде сол заттың қасиеттеріне ие басқа да заттарды алу мүмкіндігі. Бірінші тұтынушылық құнды, екінші айырбас құнды білдіреді.

        Атақты фрунцуз экономисі Жан-Батист Сэй (1767-1832), саяси экономика бойынша бірнеше жұмыстардың авторы, кәсіпкердің өнімді ойлап табуда белсенді ролін көрсетті. Басты назарды ол кәсіпкерлік қызмет негізінде өндірісті ұйымдастыру негізінде өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізу мүмкіндігі жатыр деп есептей отырып, өндірістік салаға бөлді. Ж.Б.Сэй үшін кәсіпкер – өндірістік бірлік шеңберінде адамдарды ұйымдастыратын адам. Ғалым кәсіпкерді өндіріс мен бөлу үдерісінің ортасына қойды. Кәсіпкердің табысы – оның мүмкіндігіне, талантына, өндірісті басқару мен ұйымдастыру бойынша еңбегіне деген сыйлық. Кәсіпкер тұлғаның ақылдылық, орындылық, тәртіпке деген махаббат, шыншылдық, адамдарды тану, қоршаған ортаны түсіну, қанағаттандыратын өнімнің маңыздылығы мен қажеттілігін бағалау қабілеттерін алға тартады. Сонымен қатар, кәсіпкер «өзінің есептерін дұрыс шығаруы және өндіріс шығындарын өнім сатылымда калай болатындығының құнымен салыстыра отырып санауы тиіс».

         Неміс ғалымы, экономист және философ Макс Вебер (1864-1920) кәсіпкерлік қызметте ұтымдылықты көрді. Ол ұтымдылықты қызметтік тиімділік, жұмсалған қаражат пен күштерден ең жоғары пайда алу деп түсінді.

          Кәсіпкерлік теориясына маңызды үлес қосқан Йоган Тюнен (1783-1850) және Г.Мангольд (1824-1868) – бұлар да неміс экономика мектебінен. Й.Тюнен ең алғаш рет тәуекелдің біржақты еместігіне назар ауадарды. Ол кәсіпкерлік табыстан инвестицияланған капиталға, басқару шығынына және сақтандыру сыйлығына пайыз төлеуді алып тастады. Ғалым кәсіпкерлік қызметтің уәжі кәсіпкердің ұту ықтималдығы шығынынан жоғары болады деп есептеді. Г.Мангольд тәуекелді уақыт факторына байланыстырады: тауарларды өндіру мен оларды жүзеге асыру мерзімі неғұрлым ұзақ болса, мүмкін болатын шығындардың тәуекелі соғұрлым жоғары.

        Кәсіпкерлік ұғымына жаңа көзқарас негізін австриялық экономист және әлеуметтанушы Йозеф Шумпетер (1883-19850) қалады. «Экономикалық даму теориясы» (1912) кітабында ол кәсіпкерліктің негізгі мәні өндіріс факторларының жаңа үйлесімін табу және қолдану, яғни жаңалықтарды жүзеге асыру деп санады.

        Британ  экономисі, Нобель сыйлығының иегері Фридман  Хайек (1899-1991) тек бәсеке ғана кәсіпкерге жаңа өнім алуда, шикізаттың жаңа нарығында инновациямен айналысуға итермелейтіндігіне алғаш рет назар аударды.

        Ал, Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болса кәсіпкерді сақтық, есептілік, жақсылыққа ұмтылуы, тәуелсіз, ұқыптылық тән шаруашылықтың жаңа әлеуметтік-психологиялық түрі ретінде сипаттады.

        Г.Л.Багиев пен А.Н.Асаул кәсіпкерлікті жан-жақты  қарап, келесідей анықтамалар берді: 

    - кәсіпкерлік – жаңашылық, төрешілдікке қарсы, арқашан басымдылыққа ие, инновацияға икемделген шаруашылық басқару стилі;

   - кәсіпкерлік – нарықтық қатынастарды дамыту және қалыптастыру шартындағы қызметті жүзеге асыру және ұйымдастыру үдерісі;

    - кәсіпкерлік – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттілігін қанаңаттандыру және пайда табу мақсантыда үздіксіз, әрдайым жаңаланып тұратын тауарлар мен қызметтер өндірісін жүзеге асыру, ұйымдастыру және жоспарлау үдерісі. 

      Осылайша, табысты кәсіпкерлік қызметтің негізі тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

      А. Шулустың пікірінше шағын  кәсіпорындар келесідей экономикалық  қызметтерді атқарады: 

 1. жұмыс беруші;

2. ғылыми техникалық  прогресс католизаторы;

 3. салық төлеуші;

 4. нарықтық қатынастар. 

      Халықаралық еңбек бюросының қызметтері Ф. Нек  шағын кәсіпорындардың дамуының оң факторлары мен мәселелерін, қиындықтарын көрсетті: 

  • қазіргі және болашақтағы даму ірі және шағын өмір сүруге қабілетті;
  • ірі кәсіпорында өз өндірістерінің табысты қызмет етуін қамтамасыз ету үшін шағын кәсіпорындарға мұқтаж;
  • шағын және орта кәсіпорындардың мамандануы олардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді;
  • шағын және орта кәсіпорындар инновациямен жаңашылдықтың маңызды көзі бола алады;
  • шағын және орта бизнес кәсіпорындары техниканы, жұмыс күшін жоғары интенсивтілікпен үйлесімділікте пайдаланады және ірі кәсіпорындармен салыстырғанда аз капиталдылықты пайдаланып жұмыс бастылықты құрады;
  • шағын және орта кәсіпорындар әлеуметтік даму сұрақтарында әсіресе салалық аудандарда тұрақтылық пен өміршеңдікті қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады;
  • көптеген аудандар мен елдерде шағын және орта кәсіпорындар құруға және оларды басқаруға қабілеттілікті аудандар бар.
 

    С.З. Жизнин және В.И. Крупнов шағын бизнестің тәжірибелік артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсетеді.

    Тәжірибелік артықшылықтары:

- әрекеттерінің тәуелсіздігі;

- неғұрлым икемді және оперативті шешім қабылдау мүмкіндігі;

- жергілікті жағдайдың ерекшеліктеріне бейімделу;

- шағын бизнесті күшті ұнату;

- неғұрлым төмен операциялық шығындар;

- материалдық табысқа жету мүмкіндігі;

- ұзақ мерзімді пайда;

- бірнеше мамандықтарда біріктіру;

- ерекше немесе дербес рыноктағы артықшылық;

- кәсіпкерлік рух сақтау. 

   Тәжірибелік кемшіліктері:

  • қызметкерлердің тартылу қиындығы;
  • менеджерлердің мамандануының төмен деңгейі;
  • жеке тұлғалық мәселелері;
  • қаржылық қиындықтар;
  • экономикалық өзгеістерге жоғары сезімталдылығы;
  • міндеттемелердің орындалуын тұрақты бақылау қажеттілігі;
  • эксперттік потенциалдың жеткіліксіздігі;
  • ірі фирмалармен салыстырғанда оперативтік жетіспеушілік.

Информация о работе Кәсіпорынға қысқаша сипаттама