Компьютерлік технологияның бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатып, өндірісті автоматтандыру мен күшейтудің, жоспарлау мен басқаруды жетілдірудің аса маңызды факторының бірі болып компьютерлік технологияны пайдалану саналады. Қазақстанда жүріп жатқан өзгерістер, білім беру жүйесінің алдына студенттердің болашақтағы кәсіби іс-әрекеттерінде компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы даярлығын жетілдіру міндетін қойып отыр.

Работа содержит 1 файл

kt soj.doc

— 2.87 Мб (Скачать)

К І Р І С П Е

Ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатып, өндірісті автоматтандыру мен күшейтудің, жоспарлау мен басқаруды жетілдірудің аса маңызды факторының бірі болып компьютерлік технологияны пайдалану саналады. Қазақстанда жүріп жатқан өзгерістер, білім беру жүйесінің алдына студенттердің болашақтағы кәсіби іс-әрекеттерінде компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы даярлығын жетілдіру міндетін қойып отыр.

Жаңа заман мамандары меңгеруді қажет ететін білім, іскерлік дағдының да аяса үздіксіз кеңейіп, мазмұны толықтырылуда. Бұл кәсіптік және құзырлылық деңгейі жоғары, өндірістің қарқынды даму жағдайына тез бейімделе білетін, кездескен проблеманың шешімін өздігінен дербес жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру қажеттілігінен туындайды.

Жаңа ғасырға білімді адам болып білімді компьютерлік технологияны жетік меңгергенде ғана енуге болады. Өйткені халықтың іс-әрекеті барған сайын олардың ақпараттануына, компьютердің және телекоммуникацияның көмегімен алған ақпараттарын тиімді өңдеу қабілетіне байланысты. Бұл жоғары кәсіби білім беру жүйесінің алдына студенттердің компьютерлік технологияны практикалық әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру міндетін қояды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының ішінде компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән берген Ж.А.Қараевтың (оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру), А.Ә.Шәріпбаевтың (компьютердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу), С.М.Кеңесбаевтың (болашақ мұғалімдердің ақпараттық технологияны пайдалана білу проблемалары), М.Ф.Баймұхамедованың (компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың моделдері), Ж.Ж.Жаңабаевтың (ақпараттық технологиялардың даму жағдайында мамандардың инженерлік-сызба даярлығын жетілдіру) еңбектерінің кейбір бағыттары аса қызығушылық танытады.

Сонымен, ғылыми еңбектерге жасаған талдау жоғары өнер оқу орындары студенттеріне компьютерлік технологияны жүйелі меңгерту, оны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау мәселесінің күні бүгінге дейін шешімін таппай отырғанын дәлелдейді. Бар-ау, деген зерттеу еңбектерінде көркем графикалық факультеті студенттерін компьютерлік графика технологиясына үйрету (Л.Я.Нодельман), көркемдеу мамандықтары студенттерінің сабақ барысында компьютерлік графика  арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту (В.В.Корешков), компьютерлік графиканы оқыту процесінде студент-дизайнерді кәсіби даярлау (О.В.Арефьева) проблемалары қарастырылады.

Демек, бүгінгі өндірістің талабынан шығатындай компьютерлік технологияны терең меңгерген болашақ өнер маманына деген сұраныстың артуы мен жоғары өнер оқу орындарында компьютерлік технологияны студенттерге меңгертудің бүгінгі жағдайы арасында; компьютерлік технологияның өнер мамандарын даярлаудағы мүмкіндіктері мен оның кәсіби даярлықта толығымен пайдаланылмайтыны арасында; кәсіби іс-әрекеттерде компьютерлік технологияны пайдалануға даярлау қажеттілігі мен оның ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерінің жеткіліксіз зерттелуі мен арнайы оқу кешенімен қамтамасыздандырылмауы арасында қарама-қайшылық бар екені анық байқалады.

Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық және практикалық негіздері (сәндік-қолданбалы өнер және дизайн факультеті материалдарында)» деп таңдауымызға себеп болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

 

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру процесін ақпараттандыру. Қазіргі таңда бұл процесс адамзат өркениеті дамуының қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру, әсіресе, оны өнер саласы мамандарының іс-әрекетіне ендіру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, өнер саласында жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп, жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Осы процестің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда.

«Ақпарат» термині латынның Informatio - «түсіндіру» «мазмұндама» деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп, түсіндіру деген мағынаны білдіреді. Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін қолданылады. Ақпаратты қандай да бір мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге болмайды. Ақпарат белгілі бір мәселелерді шешуге қажетті, ұғынықты және белгілі бір дәрежедегі бағалылығы танылған білім болып табылады. Қазақ Ұлттық энциклопедиясында: «ақпарат» (информация, лат. Informatio – түсіндіру, баяндау, хабардар ету); істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру және т.б. түсінік беріледі. Ақпарат – мәтін, сурет, кесте, графика, сан, әуен, дыбыс, иіс, аралас түрде беріледі. Мысалы: кітапта ақпарат мәтін, сан; халықтың өсімі, сирек кездесетін жануарлардың азаюы кесте; шаруашылықтың дамуы график, диаграмма; жаңа ән дыбыс, әуен түрінде берілетінін түсіндіре отырып, түрлі деректемелер келтіруге болады, мысалы, электрондық оқулықтардағы бейне материалдар.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Технологиялық білім»  термині жиырмасыншы ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды. Бұл термин тұрмыстық құрал – жабдықтарға (үнтаспа, телевизор және т.б.), сол сияқты оқу процесінде техникалық құрал – жабдықтарға байланысты қолданылып келген. 50-60 жылдары «Технологиялық білім» термині бағдарлама оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық процесте әдіс -  тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған.

Кейінгі  жылдары «педагогикалық технология» түсінігінің жаңа даму кезеңі жүріп жатыр. «Педагогикалық технология» мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің біріккен жүйесі арқылы іске асатын, ақпаратты білім беру нәтижесі және рефлексия негізінде білім алуға бағытталған, бір үлгідегі педагогикалық жүйе деген түсінікті береді. Педагогикалық жүйе құрылымы: оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жүйелі дидактикалық, педагогикалық зерттеу жүргізу; студент меңгеруге тиісті ақпарат мазмұнын толықтыра отырып, жүйелеу; қажетті дидактикалық, техникалық оқу құралдарын кешенді қолдану және оны дұрыс қолдануын қадағалап отыру; тәрбиелеу және диагностикалық оқыту жүйесін дамыту; оқушыға жоғары деңгейде сапалы білім беруге кепілдеме беру мәселелерін қарастырады.

Болашақ өнер мамандарының әдіснамалық мәдениет негізін құрайтын жүйе құраушы компоненттерді меңгеруі, оған осының негізінде педагогикалық технологияның жобалау принциптеріне сәйкес жасаған технологиясын жобалауға мүмкіндік береді. Технология сатылары, соның ішінде білім беру технологиясы, педагогикалық технология, оқыту технологиясы болашақ өнер мамандарын оқытудың технологиясын жобалауда негізге алынатын принциптерді (оқу ақпаратының іргелі және практикалық-бағдарлық сипаты мен вербалды емес құралдардың оңтайлы байланысын қамтамасыздандыратын шарттарды анықтау; студенттердің компьютерлік технологиядан даярлық деңгейін бағалау барысында, проблемалылық әдісті біртіндеп жоғарылату арқылы студенттердің оқу әрекетінде репродуктивтік және шығармашылық әдістерінің үйлесімділігін қамтамасыздандыру; материалдық базаның оқытушылар біліктілігінің мүмкіндіктерін бағалаудың, оқу процесін дидактикалық тұрғыда қамтамасыздандыру арқылы ақпараттық технологияны бірізділікте ендіру; оқыту формасы мен оқу процесін ұйымдастырудың мазмұнына және жетекші әдіске тепе-теңдігі бақылау, рейтингі жүйесін пайдалану – студенттердің дербес жұмысын белсендендіру) саралап көрсетуде септігін тигізді.

Ғылыми зерттеулерге жасаған талдау (В.А.Сластенин, Н.В.Кузьмина, И.Я.Лернер, В.И.Орлов және т.б.) оқыту компоненттерінің құрамы әртүрлі болатынын көрсетеді. Солардың ішінде біз В.И.Орловтың көзқарасына көбірек тоқталамыз. Ол оқуды үш компоненттің өзара байланысы ретінде қарастыруды ұсынады: оқытушы мазмұнды оқу ақпаратыоқушылар. Сонымен бірге мазмұнды оқу ақпаратын оқу процесінің маңызды элементі ретінде қарастырады. Мазмұнды оқу ақпараты танымдағы сезімдік және логикалық бастау күшінің бірлігіне байланысты ұдайы тұтастықта болады. Оның жетекші бағыттары: перцептивтілік, ауызша, перцептивті-логикалық болып саналады деп түсіндіреді. Біз осы ой-тұжырымды қолдай отырып, өнер мамандарын даярлауда іргелілік пен практикалық-бағдарлық сипат қажет. Бұл өнер мамандарының әдіснамалық мәдениетін қалыптастыруда негіз болып саналады деп ой түйіндейміз.

Педагогика ғылымында оқыту әдістеріне берілген жіктемелерді (М.И.Махмұтов, А.В.Коржуев және т.б.) негізге ала отырып біз, репродуктивтік және шығармашылық әдістердің оқу әрекетіндегі байланысын анықтаймыз және әрбір оқу сатысындағы оқудың мақсатына, оқыту ақпаратының түрлері мен деңгейлеріне сәйкес келетін әдістерге, мәселен, оқытудың проблемалық әдісі мен жобалау әдісіне тоқталамыз. Олардың атқаратын міндеттеріне мазмұндық сипаттама береміз.

Проблемалық әдіс те жобалау әдісі сияқты студенттерді логикалық ой-әрекетіне бағыттайды, өздігінен білімін жетілдіруге ынталандырады, ал бұл болса әдіснамалық өте маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Әдетте, әдіснаманың ғылыми деңгейін белгілі бір ғылымының әдістері мен принциптерінің және білімдерінің жиынтығы құрайды. Болашақ өнер маманын жеке пәндер бойынша даярлауда әдіснамалық білімнің бұл деңгейі студенттердің ғылыми-жаратылыстану, жалпы техникалық, технологиялық, көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттер әдіснамасы туралы көзқарасын қалыптастыруда байқалады.

Студенттердің ғылыми деңгейіндегі әдіснамалық білімінің өзегін технологиялық іс-әрекет әдіснамасы құрайды. Оны біз, ұғымдық аппаратты қалыптастырудағы принциптер мен әдістер жүйесі ретінде анықтаймыз.

«Ақпараттық технология» ұғымы Ресейде жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдықтарында ақпараттың қалыптасу процесінде пайда болды. Ақпараттық технологияның басты мақсаты – адамның ақпараттық технологияға талдау беруі үшін ақпаратты жасауы және соның негізінде белгілі бір әрекетті жасауда шешім қабылдауы. Ақпараттық технологияны ақпараттың тараушылық түріне, оны өңдеудің құралына әдістеріне қарай екі түрге бөліп қарастырады: дәстүрлі (қағаздағы - адамның жұмысындағы құжаттарды пайдалануға негізделеді) және жаңа (компьютерлік) – есептегіш техниканың құралдарын кең көлемде пайдалануға негізделген.

Оқыту процесінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану:

-  оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейлерін белсендендіруді;

-  болашақ мамандарды көпсалада дамытуды;

-  қоғамды ақпараттандыру жағдайында болашақ өнер мамандарын өмірге даярлауды;

-  көлемді ақпарат процесіне негізделген әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруды қамтамасыздандырады.

«Жаңа ақпараттық технология» ұғымы компьютердің пайда болуымен және кең көлемде білім беру жүйесіне ендірілуімен байланысты. Компьютерді кәсіби тапсырмаларды шешу үшін пайдалана білу маман даярлығының міндетті компонентінің біріне айнала бастады. Сондықтан білім берудің алдына студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану міндеті қойылып отыр.

«Компьютерлік технология» болса, жиырмасыншы ғасырдың соңында, ғылым мен техниканың ерекше дамып, ғылыми-техникалық революцияның негізі қаланған кезеңде кең өріс ала бастады. В.М.Глушковтың пайымдауынша, компьютерлік технология кешенді ғылым мен инженерлік, немесе арнайы пәндерден тұрады, шығармашылықты, жобалауды, ойлап табуды, баға берудің, жасап шығаруды, компьютерленген жүйені функционалдау (іске қосу),  олардың әлеуметтік тәжірибедегі әсері мен қолдану аясының негізі болып табылады. ЮНЕСКО-ның құжаттарында «компьютерлік технология» терминіне үлкен мағына берілген: ақпарат жинау, талдау мен өңдеу, оған қоса ақпаратты өңдеу құралдары, микропроцессорларды басқа да электрондық жүйелермен үйлестіре білу.

Компьютерлік технологияның тарихи даму жолына жасаған талдау, оның мынадай  бағыттарда дамығанын көрсетеді (1-сурет). Компьютерлік технологияның дамып, жетілуін оның қай жерде, қалай қолданылуы мен бағытталуына қарай айқындауға болады (2-сурет). Ол ақпараттық технологиялардың күннен-күнге өркендеуіне байланысты жаңарып отырады. Мысалы, графикалық редакторлауға жаңа түс, материал немесе жаңаша бояулардың әдістері енгізілсе, бұның өзі үлкен жаңалық болып есептеледі.

Компьютерлік технологияны былайша топтастыруға болады: көркем компьютерлік технология; инженерлік-компьютерлік технология; иллюстративті-компьютерлік технология, іс-құжаттық компьютерлік технология, когнитивті-компьютерлік технология және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет – Компьютерлік технологияның бағыттары

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет - Компьютерлік технологияның қолданылуы және бағытталуы

 

Солардың ішінде «Компьютерлік технологияны көркем өнерде қолдану» дегенді – бағдарламалық әрі дербес компьютердің аппарат құралдарын кең көлемде көркем сурет өнерінің дәстүрлі түрлерінде пайдалану деп түсіну қажет. Компьютерлік технология түрлерінің атқаратын міндеттері әртүрлі.

Көркем-компьютерлік технология негізінен кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы өнер, көркем және кітап графикасы, мүсін және т.б. графикалық пәндерге бағытталады. Әйтсе де, ол компьютерлік пәндерді толығымен ауыстыра алмайды. Өзіне тән «Adobe Photo Shop», «Adobe illustrator», «Corel Draw». «Fractal Design Painter», «3D Studio Max» және т.б. мүмкіндіктеріне қарай бағытталап жасалған арнайы бағдарламалармен шектеледі.

Иллюстративті-компьютерлік технология белгілі бір ақпаратты (текст, аудио жазбалар және т.б.) көруге бағытталады немесе оқуға көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Компьютерлік технологияның бұл түрі арқылы білім алушы бағдарламаны үйренеді және мультимедиа технологиясының көмегімен кез-келген пәндегі ақпараттарды алып қарауға мүмкіндік алады. Иллюстративті компьютерлік технология, сондай-ақ ғылыми ізденістердің нәтижелері мен графикалық мазмұнда жиі қолданылады.

Іс-құжаттық компьютерлік технология офистік тапсырмаларды шешуде: графиктер мен диаграммалар құрастыру, кесте таблицаларды көркемдеу және т.б. құжаттарды өңдеуге графикалық көркемдеу, факстарды, фирмалық стиль жасау және т.б. қолданылады.

Когнитивті-компьютерлік технология болса, бағдарламалық қамсыздандыру мен бағдарламаның интерфейстерін жасауға, әсіресе, тестік шешімдерді қабылдайтын бағдарламаларға бағытталады.

Сонымен, жоғарыда айтылғанның бәрі жаңа компьютерлік технологияны күнделікті өмірде (киноиндустрия, компьютерлік моделдеу және дизайн, білім беру саласы, полиграфия, үш көлемдегі графика және анимация, сәулет, видео өндіріс, мультимедиа және т.б.) кең көлемде пайдалануға болатынын дәлелдейді.

Ғалымдардың пайымдауынша, соңғы жылдары «мәтіндік өркениеттен» «бейнелеу өркениетіне» ауысу байқалады. Мәселен, егер ғалым В.Паранджанов, И.Г.Песталоццийдің іліміне сүйене отырып, білім беру саласында бейнелеу жолымен білім беру кеңінен қанат жая бастады деп ескертсе, суретші П.Вайбел өнер мен жаңа компьютерлік технологиялардың арасындағы байланыс сонау Леонардо-да-Винчи заманында-ақ тамырын тереңге жайғанын, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында суретшілер мен компьютер мамандарының бірлесуі арқасында күш жиғанын айтады. Компьютер виртуалды шынайылықты көрсетумен шектелмей, оны трансформациялайтынын атап көрсетті. П.Вайбелдің сөзімен айтқанда: «Жаңа компьютерлік технологиялар суретшілер қабылдауына әсер еткені сонша, өнер саласы толығымен өзгерді. Адам баласының қабылдауы – технологиялық процестердің, компьютерді қолдану көп нәрсеге шындық тұрғыда қарау, ойлау және қиялдау – барлығы бірнеше мыңдаған жылдардағы эволюцияның өнімі». Бұл келтірілген деректемелерді компьютерлік технологиялардың өнер саласына қатысты бір қыры ғана деп қабылдауға болады. Ал жалпы адамның компьютерлік технологиямен жұмыс жасау техникасы жылдар бойы, қызықты өркендеу дәуірлері арқылы дамыды. Ақпаратты тіркеу және сақтау әдісі де сонау тасқа белгі, ою, өсімдіктер мен папирустардың қабығына сурет салу кезеңінен бастама алады. Қазіргі заманда ақпарат тасушылардың міндетін қағаз, фотопленка, магниттік таспалар, магниттік дискілер, оптикалық дискілер, желілер атқарады, оларға ақпарат лазерлік сәулелердің көмегі арқылы жазылады және қолданыс табады.

Компьютерлік технологияның даму деңгейі, алдымен, түбегейлі жаңару мен жетілдіру тенденциясына апаратын ақпараттық және бағдарламалық құралдардың жағдайымен айқындалады. Ақпараттық-бағдарламалық сипаттама арқылы білім жүйесіндегі дидактикалық процесті дамыту бағытына септігін тигізіп отырады.

Компьютерлік технология құрамы үш бағытты қарастырады: жеке техниканы пайдалану арқылы ақпараттық жүйенің техникалық жағдайын қамтамасыз ету, ақпаратты бағдарламалық өңдеуден өткізу техникасы және негізгі ақпаратты белгіленген бағдарлама бойынша техникадан өңдеп шығару.

Барлық өндірістік міндеттер, алдымен, функционалдық жүйе бөліктерімен біріктіріледі. Ал, функционалдық жүйе бөліктері басқарудағы міндеттермен және іс-әрекеттің түрлерімен белгіленеді. Жүйе бөліктері немесе міндеттері өндірістік, маркетингтік, қаржылық, есептік, кадрлық, шұғыл болып келеді. Функционалдық міндеттерді атқаруда үш жүйе бөліктері қызмет атқарады: бағдарламамен қамтамасыз ету, ақпаратпен және техникамен қамтамасыз ету.

Компьютерлік технологияны пайдалану, оқытудың мақсаты мен мазмұнын өзгертіп, оқытуды ұйымдастыруда жаңа әдістер мен формалардың төмендегідей мүмкіндіктерін байқатады:

-  студенттердің-болашақ өнер мамандарының жеке қабілеттерін ашуға және олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетік дамуына;

-  студенттердің танымдық қабілеттерінің қалыптасуына және шығармашылығының, өздігімен  жетілуіне ұмтылуға;

-  оқыту мен тәрбиелеу процесі мазмұнын, формалары мен тәсілдерін үнемі жаңартып отыруға септігін тигізеді.

Студент компьютерлік технологияны толық меңгермей, оның күрделі де қызықты әдістері мен жолдарын зерделемей, алдында тұрған компьютерлік технологияға қатысты тапсырмаларды шешуі мүмкін емес.

Жоғары оқу орындарында мамандардың кәсіби даярлығын ұйымдастыруда компьютерлік технологияны пайдалану реттілікті болжайды: оқытудың құралдары, пәнді зерттеу, кәсіби тапсырмалардың шешімін іздестіру. Сонымен бірге білім алушыларға мынадай білім дағдыларын меңгертуді көздейді: педагогикалық аспаптық құралдардың тұжырымдамалық тұрғыда жасалуын; оқу-ақпараттық ортаның жас маман даярлығының өзінің кәсіби ортасына бейімделе білуін; ақпараттық технология арқылы студенттердің кәсіби-бағдарлық тапсырмаларды шешудегі даярлық деңгейін. Болашақ мамандардың компьютерлік технологияны пайдаланудан практикалық білім негіздерінен тәжірибе жинақтауын қажет етеді. Компьютерлік технологияны меңгеру: олардың атқаратын міндеттерін; жұмыстың негізгі қағидаларын, қолдану саласын білуді; технологиялардың ұсынған негізгі функционалдық мүмкіндіктерін білуді; бағдарламалық құралдармен жұмыс жасау тәсілдерін жетік білуді, оларды шығармашылықпен практикада пайдалануды қарастырады.

Ғылыми-зерттеулерге жасаған талдау бізге компьютерлік технологияның жіктемесін өңделетін ақпараттың түріне қарай топтастыруға және қайсыбір технологияны өнер маманының кәсіби іс-әрекеттерінде пайдалануға болатынын қарастыруға мүмкіндік берді. Жіктеме шартты түрде төрт бағытты қарастырады: компьютерлік технологиялар, компьютерлік технологиялардың құралдары, кәсіби іс-әрекет түрлері, ғылыми-зерттеу жұмысы.

Бірқатар ғалымдардың еңбектерінде осы проблеманың кейбір бағыттары бойынша мынадай компоненттер қарастырылады:

-  мазмұнды компоненттер – бұл бүгінгі білім беру мазмұнына компьютерлік технология негіздерін енгізуді, компьютерлік технология құралдары мен әдістерін барлық оқу пәндеріне пайдалануды болжайды (А.П.Ершов, В.С.Леднев, Е.И.Машбиц, И.В.Роберт, А.Я.Савельев және т.б.);

-  іс-әрекеттік компонент - ақпараттық процесте өнер жүйесіндегі ақпараттық процестердің мәнінде және басқарудың жалпы теориясының негізінде оқыту процесінің ақпараттық моделін құруды көздейді;

-  компьютерлерді математикалық статистика әдістерін жүзеге асыру үшін пайдаланады;

-  оқытудағы формальды және технологиялық мақсаттарға, нәтижелерге және т.б. оқыту технологиясы компоненттеріне мазмұндық сипаттама беріледі (А.И.Берг, В.П.Беспалько, Н.Ф.Талызина, Б.С.Гершунский және т.б.).

Жоғарыда айтылғандар студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау проблемасының теориялық зерттеулерде әлі де болса, нақты шешімін таба қоймағанын, өнер мамандарын компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау процесінен бірегей тұжырымдаманың жоқтығын дәлелдейді. Сонымен бірге бұл процестің жоғары оқу орны жүйесінде теориялық және ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыздандыру мәселелерінің де жеткіліксіз зерттелгенін көрсетеді.

Әдетте, қайсыбір міндеттердің шешімі болмасын, зерттеуді әдіснамалық тәсіл ретінде, зерттеу объектісін қарастыратын көзқарас ретінде, зерттеудің жалпы стратегиясын басқарудың принципі ретінде, іс-әрекеттің жалпы мақсаты мен стратегиясын анықтайтын тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастыратын стратегиялық таңдауды болжайды. Зерттеушілер мұндай тәсілді зерттеудің негізгі әдіснамалық бағдары ретінде анықтайды (В.А.Беликов, И.В.Блауберг, Т.А.Ильина, Э.Г.Юдин және т.б.).

Бүгінгі зерттеулерде болашақ өнер мамандарын компьютерлік-технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау нақты тәсілдер кешенінің көмегімен шешімін табады. Біз соларды негізге ала отырып, өзіміздің зерттеу объектімізге қарай мынадай тәсілдерге аса мән береміз: жүйелілік, технологиялық, тұлғалық-бағдарлық және іс-әрекеттік. Бұл тәсілдер студенттердің – болашақ сәндік-қолданбалы өнер және дизайн мамандарының компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану даярлығын қалыптастырудың жоғары тиімділігін қамтамасыздандырады. Жүйелілік тәсілдің негізгі міндеттері: зерттеліп отырған объект мақсатының тапсырмаларын нақтылау, зерттеу объектісінің құралдарын жасау; жүйелі талдаудың әдіс-тәсілдерінің көмегімен қорытындыланған модельді құру болып табылады. Технологиялық жүйеде Т.А.Ильинаның, В.Д.Симоненконың, Н.В.Фоминнің қағидалары негізге алынады: педагогикалық технология жеке және дербес принциптерді, адамдардың және материалдық-техниканың мүмкіндіктерін оңтайлы жүзеге асыруды ескере отырып іс-әрекет тәсілдің негізінде құрылады; педагогикалық әрекеттер мақсатқа сәйкес құрылады; негізге алынатын педагогикалық технологияның элементі, бір жағынан, жаңадан өндірілуі керек, екіншіден, жоспарлаған білім алушылардың жетуіне кепілдік беруі керек; іс-әрекет нәтижесінің көрсеткіштері, диагностикалық жоспарлары, өлшемдері педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі болып табылады. Тұлғалық-бағдарлық тәсіл болашақ өнер маманының тұлғалық көзқарасын, оның кәсіби білімі мен іскерлігін бірлікте, яғни тұлғаны білікті маман ретінде қарастырады. Іс-әрекеттік тәсіл білім беру стандартының жобасында көрініс алады және технологиялық білім беру тұжырымдамасын әдіснамалық тұрғыда бағдарлаушының бірі болып табылады. Іс-әрекеттік тәсілдің негізгі қағидасы – бұл білім беру процесіндегі және тұлғаны дамытудағы іс-әрекеттің жетекші рөлі. Оны біз модельдің құрылымдық компоненттерін анықтауда ескереміз.

Компьютерлік технологияны оқытуда пайдалану – уақыттың талабы. Бүгінгі күннің басты міндеті, компьютерлерді оқытуда жинақталған тәжірибелерге жан-жақты талдау бере отырып, компьютерлік оқытуды бағдарламалық және әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыру болып табылады. Осыған орай, біз Республиканың бірқатар жоғары оқу орындарының компьютерлік технологияны пайдалану тәжірибесіне талдау береміз және кемшіліктері (адамдармен қарым-қатынастың болмауы; ұжымдық әсердің болмауы; эмоционалдық әсердің құрғақтығы; денсаулыққа зияндығы; консультацияның болмауы; қосымша түсініктемелердің болмауы; білімді тек компьютерлік бағдарламамен бақылау; білімді қолма-қол түзетудің, тұжырымдаманы толықтырудың мүмкіндігінің болмауы және т.б.) мен жетістіктеріне (курс құрылымының, тұжырымдама құрылымының логикасын көре, түсіне білуі; материалды жаңа талап пен байланысты қабылдай білуі; білімді толықтырып, жетілдіруі; ойының нақты болуы; көзқараспен қабылдайтын ақпараттың дәлелді болуы; ойлау логикасының айшықты болуы; басты мәселеге назар аудара білуі; айтылатын ойдың жүйелі болуы; уақытты реттей білуі; компьютерді меңгеруден шеберлігін шыңдай білуі және т.б.) тоқталамыз.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен диссертациялық зерттеулерге  талдау жасау арқылы компьютерлік технологияны меңгерген мамандар даярлығына қойылатын талаптар мен жоғары мектепті бітірушілердің осы технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлық деңгейінің төмендігі арасында қарама-қайшылықтың бар екенін анықтаймыз. Мұндай қарама-қайшылықтың болуы, болашақ мамандарға дәстүрлі кәсіби білім беруде компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдаланудан арнайы даярлық берілмеуіне байланысты деп ой тұжырымдаймыз.

Осының бәрін ескере отырып және ҚР-ның «Білім беру туралы» заңының басты міндетінің бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу мәселелесін негізге ала отырып, біз «Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау тұжырымдамасын» жасаймыз.

Тұжырымдама студентті қазіргі қоғам сұранысына қарай, өзінің күнделікті әрекетінде компьютер құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай, жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеуді; информатика мен коммуникациялық техника құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыруды, шығармашылық қабілетін іскерлігін дамытуды, компьютерлік даярлықты тұрақты түрде, үздіксіз оқудың барлық кезеңдерінде жүзеге асыруды көздейді. Ақпараттандырылған қоғамда өнер саласы мамандарының үздіксіз компьютерлік даярлығының басты мақсаты болып:

-  студенттерді ақпараттық орта жағдайында компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерге пайдалануға даярлау;

-  ақпараттық қоғам тұлғасының менталитетін қалыптастыру;

-  ақпараттық қоғамда компьютерлік технологияның теориясы мен практикасын меңгерген тұлғаның өзін-өзі дамытудағы қабілетін қалыптастыру;

-  әлеуметтің ақпараттануының тез өзгермелі жағдайында өз-өзінің үздіксіз білімін жетілдіруге қажеттілігі мен қабілетін қалыптастыру табылады.

Үздіксіз компьютерлік даярлықты біз, ақпараттық және компьютерлік технологияны кәсіби мақсатта меңгеру мен пайдалану және білім беру стандарттарының пәндер саласында компьютерлік технологияны пайдалану талаптарына сәйкес білім беру мен кәсіби іс-әрекетті ақпараттандыру міндеттерін шешу арқылы қоғамды ақпараттандыру мақсаттарын жүзеге асырудың көпсатылы процесі деп түсінеміз.

Әдетте, студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау процесі күрделі ұйымдастырылатын объект болып саналады. Мұндай объектіні зерттеудің аса ынғайлы әдісіне жүйелілік тәсілін жатқызуға болады. Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру үшін модель жасау қажет. Іс-әрекеттің түріне қарай тұлғалық әлеуеттің құрылымы өзгереді. Тұлғалық әлеует адамның кәсіби даярлығының жиынтығы және іс-әрекет субъекті ретіндегі физиологиялық, психологиялық, әлеуеттік қасиеті деген түсінік береді.

Тұлғаның қалыптасуы, оның сапалық өзгерісі іс-әрекет барысында жүзеге асады. Тұлғаны іс-әрекеттің алғы шарты деп те, нәтижесі деп те қабылдауға болады. Студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қамтамасыздандыратын оқу-танымдық әрекеттерді жобалау психологиялық-педагогикалық міндеттің бірі болып табылады. Осының бәрін ескере отырып, біз «даярлық», «кәсіби іс-әрекетке даярлық» ұғымдарына тоқталамыз. Ғылыми әдебиеттерге талдау беру арқылы олардың мәнін, құрылымын, мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсетеміз. Бірқатар ғалымдардың (А.П.Ершов, А.А.Зенкин, Г.Г.Воробьев және т.б.) болашақ өнер мамандарының кәсіби даярлығының мәні мен құрылымын дербес компьютерді пайдалану тұрғысында анықтағанын, енді бірінің (М.И.Капранова, А.Краснов, В.М.Оксман және т.б.) компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану даярлығын ойлау әрекетінен қажетсіз дегендерді алып тастауға мүмкіндік беретін, ойлаудың шығармашылық элементтерінің өресін көтеретін, жаңа идеяны ұсынуға ықпал ететін бүгінгі заман техникасын пайдалану арқылы өзінің іс-әрекетін құра білетін іскерлік ретінде қарастырғанын негізге ала отырып өнер мамандарының кәсіби әрекеттерінің негізгі ақпараттық компоненттерін анықтаймыз:

-  міндеттерді қоя білу және мақсатты анықтау;

-  кәсіби маңызды ақпаратты анықтау және оны зерттеу;

-  ақпаратты жинау, іздестіру, сақтау, өңдеу және көрсете білу технологиясын жасау;

-  ақпаратты компьютерлік технологияны (электрондық кесте, мәліметтер базасы, мультимедиа, байланыс коммуникациялары және т.б.) пайдалану арқылы өңдеу.

Ғалымдардың іс-әрекет даярлығы саласындағы көзқарастарын, оған берген анықтамаларын қолдай отырып, біз «компьютерлік технологияны пайдалануға даярлық – тұлғаның компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдаланудағы тәжірибесін меңгеру деңгейін көрсететін және мотивациялық, интеллектуалдық-мазмұндық, эмоционалды-еріктік, эксперттік-аналитикалық компоненттерін біріктіретін тұлғаның козғалысты дамудағы сапасы деп өз  анықтамамызды береміз. Мотивациялық компонент кәсіби іс-әрекеттерде компьютерлік технологияны пайдалануға мотивтік, қызығушылықтың, қажеттіліктің, құндылықтардың болуын болжайды. Интеллектуалдық-мазмұндық компонент компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану ерекшеліктері мен пайдалану іскерліктерін меңгеруі туралы білімінің болуын көздейді. Эмоционалдық еріктік компонент компьютерлік технологияны іс-әрекеттерде пайдалану қажеттігін олардың біліктілігін арттырудың шарты ретінде түсінуді болжайды. Шығармашылық-іс-әрекеттік компонент компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде шығармашылықты үйлесімділікте пайдалану іскерлігі мен дағдының болуын қарастырады. Эксперттік-аналитикалық компонент компьютерлік технологияны пайдаланудағы өзінің іс-әрекетіне оң баға бере білу қабілетінің болуына назар аударады. Аталған компоненттер студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру моделін жасауға және өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді (3-сурет,1-кесте). Ұсынылған модель ақпараттық бөлім пәндерінің үлгісінде талаптардың біртіндеп күрделенуімен кезеңдеп жүзеге асырылатын даярлықты қарастырады.

Әдетте, қайсыбір модель болмасын белгілі шарттарды ұстанғанда ғана дұрыс жұмыс жасайды. Осыған орай біз, студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың психологиялық-педагогикалық шарттарын айқындадық: оқыту мазмұнын ғылым мен техника дамуының негізгі бағыттарына сәйкестендіру компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқытуды кәсіби бағыттау; оқыту процесінде студенттердің компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру; меңгерілетін материалды жүйелі талдау,

Біз сонымен бірге студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру мақсатында оқу мазмұнына аса мән бердік. Оқу мазмұнының негізін жалпығылыми және кәсіптік білім, іскерлік, дағды жүйесі құрайды. Бұл ҚР-ның Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көрініс алады. Мамандардың пайымдауынша, қабылданған стандарттар мен пәндер жүйесі, бір жағынан, білім беруде күні бүгінге дейін, жаратылыс ғылымы мен техникалық сала мамандарының даярлығында көрініс алып келе жатқан технократтық тенденцияларды жоюға мүмкіндік берсе, екіншіден – тұлғаның ұжымнан оқшауланбай, бірге қалыптасуына, оның өзін-өзі көрсету үшін жағдайлар жасауға септігін тигізеді. Олар білім алушыларға білім алу бағдарламасын, әлем көрінісін, бүгінгі қоғамның деңгейінен шығатындай білімді меңгеруін, қазіргі мәдениеттің кәсіби, әлеуметтік-гуманитарлық және техникалық компоненттерін меңгеруін қалыптастыруды қамтамасыздандырады, кәсіби біліктілігі жоғары, қоғамның бүгінгі өміріндегі күрделі проблемаларының шешімін таба білетін мамандарды даярлауды көздейді.

Біздің зерттеп отырған - студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау процесі, кәсіби даярлық мазмұнының бір компоненті болып табылады. Бұл процесс, оларды оңтайлы басқарған жағдайда ғана, басқалар сияқты тиімді жүзеге асатын болады. Біздің зерттеуіміз бен педагогикалық тәжірибеміздің талдауы, көптеген студенттер    үшін    компьютерлік    технологияны    өздерінің   іс-әрекетінде пайдалану даярлығын, тұлғаны қалыптастыруды қажет ететін жаңа сапа болып табылады.

 

 


 

 

             

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет – Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру моделі

 

 


1-кесте – Студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері

 

Ком-по-нент-тер

 

Өлшемдері

 

Көрсеткіштері

 

Деңгейлері

Мотивациялық

Компьютер-лік техноло-гияны меңгеруге және пайдалануға ынта-ықыласы

   - компьютерлік технологияның әлеуметтік мәнін ұғынуы;

    - компьютерлік технологияны меңгеруге қызығушылығы;

   -  компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекетте қажетсінуі;

   -  компьютерлік технология арқылы өзін-өзі ұдайы жетілдіруі;

   -  компьютерлік технологияны меңгеруге ынта-ықыласы

Жоғары: компьютерлік технологияны меңгеруге ерекше қызығады, әлеуметтік мәнін жақсы түсінеді, өзін-өзі ұдайы жетілдіреді; компьютерлік технологиядан кәсіби білімі терең, мазмұнды, оның әдіс тәсілдерін жетік меңгерген, бағдармаларды еркін пайдаланады; компьютерлік технологияда тапсырмаларды өздігімен дербес, еркін орындайды, бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді, ақпарат материалдарын еркін қолданады; компьютерлік технологияда ақпарат материалдарын іскерлікпен пайдаланады, қажетті материалдарды жүйелі бірізділікте сұрыптайды, шығармашылық тапсырмаларды орындауда ақпарат материалын ұтымды пайдаланады; өзінің тұлғалық кәсіби қасиеттеріне, жасаған туындыларына әділ баға береді.

Жеткілікті: компьютерлік технологияны меңгеруге қызығады, мәнін түсінеді, бағалайды, өзін-өзі жетілдіреді; компьютерлік технологиядан білімі бар, оның мазмұнын біледі, бағдарламаларды мүмкіндігінше пайдаланады; компьютерлік технологияға тапсырмаларды орындай алады, бастаған ісін аяқтауға тырысады, ақпарат материалдарын пайдаланады; компьютерлік технологияға қажетті материалдарын сұрыптай біледі,  шығармашылық тапсырмаларды орындауда ақпарат материалын пайдаланады; өзінің тұлғалық кәсіби қасиеттеріне, жасаған туындыларына ішінара баға береді.

Орта: компьютерлік технологияны меңгеру қажеттігін түсінеді, ынта-ықыласы бар, ішінара ізденеді: компьютерлік технологиядан білімі үстірт, мазмұнын жетік білмейді, бағдарламалардың бәрін біле бермейді; компьютерлік технологияда тапсырмаларды оқытушының көмегімен орындайды, бастаған ісін үстірт аяқтайды, ақпарат материалын тұрақты пайдаланбайды; компьюетрлік технологияға қажетті ақпарат материалын оқытушының көмегімен сұрыптайды, шығармашылық тапсырмаларды орындауда ақпарат материалдарын өте сирек қолданады; өзінің тұлғалық кәсіби қасиеттеріне, жасаған туындыларын оқытушының көмегімен бағалайды.

Төмен: компьютерлік технологияның мәнін түсінбейді, қажетсінбейді, қызықпайды; компьютерлік технологиядан білімі жоқ, мазмұнын білмейді, бағдарламалардан түсінігі жоқ; компьютерлік технологияда тапсырмаларды орындай білмейді, бастаған ісін аяқтамайды, ақпарат материалдарын пайдаланбайды; компьютерлік технологияға қажетті ақпарат материалын сұрыптай білмейді, шығармашылық тапсырманы орындай алмайды; өзінің тұлғалық кәсіби қасиеттеріне баға бере білмейді, шығармашылық туындылар жасай алмайды

 

Интеллектуалдық-мазмұндық

Компьютер-лік техноло-гиядан білімі

   - компьютерлік технологиядан кәсіби білімінің тереңдігі;

    - компьютерлік технологияның әдіс-тәсілдерінен білімі;

  -  компьютерлік технологияны ақпаратты өңдеуде пайдалану білімі;

    - компьютерлік технология бағдарламаларын пайдаланудағы білімі;

   -   компьютерлік технологияны шығармашылық кескінді жасауда пайдалану білімі

Эмоционалдық-еріктік

Компьютер-лік техноло-гияны кәсіби іс-әрекет-терде пайдалану-дағы еркіндігі

     - компьютерлік технологияны пайдаланудағы ерік-жігері;

    - компьютерлік технология тапсырмаларын орындауда дербестік көрсетуі;

    - компьютерлік технология  тапсырмаларын эмоционалды қабылдауы;

    - компьютерлік технология  тапсырмаларын белгілі бір нәтижеге жеткізуі;

     - компьютерлік технологияны пайдалануда ақпаратты материалдарды еркін енгізу

Шығармашылық-іс-әрекеттік

Компьютер-лік техноло-гиядан практикалық іскерлігі және дағдысы

   - компьютерлік технологияны пайдалану арқылы жаңа ақпаратты ала білу іскерлігі;

  -  компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекетте еркін пайдалана білу іскерлігі;

    - компьютерлік технологияны пайдалануда қажетті материалдарды сұрыптай білу іскерлігі;

    - компьютерлік технологияны пайдалануда нақты бір операцияларды орындай білу іскерлігі;

   - компьютерлік технологияны пайдалануда меңгерген білімін шығармашылықпен пайдалана білу іскерлігі

Эксперттік-аналити-калық

Компьютер-лік техноло-гияны пайдалау арқылы орындаған шығарма-шылық туындыла-рын бағалауы

   - өзінің кәсіби даярлығын әділ бағалауы;

   - компьютерлік технологияны пайдаланудағы даярлық деңгейін бағалауы;

   -  өзінің іс-әрекетінің нәтижесін салыстыруы, бағыттауы, бағалауы;

  -  өзінің тұлғалық кәсіби қасиеттерін ой-елегінен өткізіп, бағалауы;

  -  өзінің іс-әрекетіне өзі талдау беріп, әділ бағалауы

Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау әдістемесін құрылымдауда, біз ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясын (И.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина және т.б.) негізге алдық. Өйткені, зерттеушілердің арасында студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын дамыту туралы бірегей көзқарас қалыптаспаған. Олардың бірі, бұны  информатиканы     меңгеру    процесінде   жасауға    болады    десе,    екіншісі,

даярлықты арнайы курстарда қалыптастыру мүмкіндіктерін жоққа шығармайды. Біз, өз зерттеуіміздің тәжірибелі деректемелеріне сүйене отырып, компьютерлік технологияны оқытумен сәйкестендіре және арнайы курспен байланыстыра пайдалану тиімді нәтижелерге жеткізеді деп ой тұжырымдаймыз.

Сонымен бірге осы айтылғандарды тірек ете отырып, студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың үш кезеңін анықтаймыз:

-  даярлықтың негізгі кезеңі (1 курс – зерттеудің объектісі ретінде);

-  даярлықтың іргелі кезеңі (2 курс - компьютерлік технология оқу құралы ретінде қолданылады;

-  даярлықтың кәсіптік кезеңі (3-4 курстар – компьютерлік технология кәсіби іс-әрекеттің құралы ретінде қолданылады).

Студенттердің даярлығын қалыптастыру мақсатында әрбір кезеңде меңгерілетін білім мазмұнын құрылымдаймаз. Бірінші курста меңгертілетін «Информатика» пәні типтік бағдарламасына қосымша жасалды. Қосымша теориялық білім мен практикалық іскерлікті бекітуге аса мән береді және мынадай міндеттерді: компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану білімін қалыптастырудың негіздерін қалау; студенттерді даярлық деңгейін өздігімен болжай білуге баулу; даярлықты қалыптастыру процесінде оқытудың дәстүрлі формалары мен әдістерін пайдалануға аса назар аудару және т.б. жүзеге асыруды көздейді. Бұл өз кезегінде компьютердің мүмкіндіктерін танып білуге және оны әртүрлі, тапсырманы, соның ішінде, кәсіби тапсырманы шешуде пайдалануға бағдарлайды, нақты айтқанда студенттер компьютерлік сауатты меңгереді.

Әлбетте, негізгі білім беру аясында студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру үшін бұл жеткіліксіз. Сондықтан, жалпыдидактикалық жүйелілік, бірізділік және сабақтастық принциптерді негізге ала отырып, студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау процесін кәсіби даярлықтың барлық кезеңдерінде жүзеге асыру қажет.

Біз осының бәрін ескере отырып, екінші курс студенттеріне арнап «Өнердегі компьютерлік технология» атты арнайы курс даярладық. Ол студенттердің зерттеліп отырған іс-әрекетіне даярлығын қалыптастыру жүйесінде байланыс қызметін атқаруды және арнайы білімдерді тереңірек меңгертуді көздейді.

Арнайы курсты құрылымдауда оның негізін құрайтын ерекшеліктерге аса мән берілді («Мәдени  мұра» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасын» жүзеге асыру мақсатында болашақ дизайнерлер мен сәндік қолданбалы өнер мамандарына компьютерлік технологияны өздерінің кәсіби іс-әрекеттерінде пайдалану саласынан іскерлігін қалыптастыру; арнайы курс мазмұнын студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану даярлығын қалыптастыру мақсатына бағдарланған міндеттердің, формалар мен әдістер мазмұнының тұжырымдамалық бірлігінде құру). Курстың мақсаты – күрделі проблеманы, дизайнерлік, сәндік-қолданбалы өнер жүйесінің мәні мен олардың әдіснамасын компьютерлік технологияны пайдалану арқылы зерттегенде жүйелі тәсіл туралы нақты түсінік беру.

Арнайы курсты жүйелі жүзеге асыру мақсатында оқу-әдістемелік кешен  (ОӘК) жасалды: типтік оқу пәні бағдарламасына қосымша, «Өнердегі компьютерлік технология» оқу құралы, тест тапсырмалары және т.б.

Болашақ дизайнерлерге арнап (2-4 курс) «Компьютерлік графика» бағдарламасы даярланды (6 кредит – 270 сағат) (2-кесте). Бағдарламаның міндеті: компьютерлік графиканың түрлерін және олардың қолданылу аясын; компьютерлік графиканың даму тарихын; графикалық ақпараттарды сақтау тәсілдерін; әр түрлі графикалық пакеттердің («Adobe Photo Shop», «Adobe illustrator», «Corel Draw», «Fractal Design Painter», «3D Studio Max» және т.б.) мүмкіндіктері мен олардың қолданылу аясын меңгерту болды.

Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың мазмұнын анықтау кезінде біз, компьютер сыныбындағы дербес компьютерлердің техникалық жабдықталу сипатына немесе аппараттық бөліміне қойылатын мынадай техникалық талаптарды ескердік:

-  «Pentium», «Celeron» микропроцессорларында жұмыс жасайтын дербес компьютер;

-  қолданатын микропроцессордың тактілік жиілігі 460 МГ-тен кем болмау керек;

-  оперативті жадыда сақтау (RAM) қабілеті 64 Мбайт және (Extended Memory) жадыда сақтау кеңейтілген түрі, егер «Windows 98-2000, ХР» версиялары орнатылған болса, онда кем дегенде 128 Мгбайт-тан кем болмауы тиіс;

-  компьютердің өз жадысының көлемі 8 Гбайт-тан төмен болмауы керек;

-  магнитті жұмсақ дискі 3 ½ дюйм, көлемі 1,44 Мгбайт;

-  100 Мбайт-тық қосымша ақпараттарды жазуға арналған ZIP қондырғысы мен дискетасы;

-  екі шүріппесі бар (манипулятор) «тышқан»;

-  101 шүріппесі және стандарт бойынша қосуға арналған DIN немесе РС/2 қосалқысы бар клавиатура;

-  800 х 600 немесе 1 дюймға 1240 х 768 нүктесі Super VGA мониторы немесе дисплейі;

2-кесте - «Өнердегі компьютерлік технология» атты бағдарламасының тақырыптық жоспары

 

Тақырыбы

 

Практ.

СОӨЖ

СӨЖ

1

2

4

5

6

2-курс (2-кредит)

1.

Corel Draw-векторлы графикалық бағдарламасымен танысу

4

4

4

2.

Бағдарламаның негізгі құралдарымен танысу және оларды қолдану жолдары

4

4

4

3.

Файлға сақтау, ашу, көшіру, экспорттау, импорттау ережелері

4

4

4

4.

Фильтрдің көмегімен түрлі эффектілер жасау

4

4

4

5.

Визитка, бланк бэйдж, фирмалық белгілер, стильдер жасау ережелері

4

4

4

6.

Жарнамалық плакаттар ды жасау жолдары

6

6

6

7.

Мамандыққа қатысты фирмалық белгі немесе логотип жасаудың жолдары

4

4

4

Барлығы:

30

30

30

3- курс (2 кредит)

1.

Adobe Photo Shop растрлы-графикалық бағдарламасымен танысу

4

4

4

2.

Бағдарламаның (АР)  негізгі құралдарымен танысу және оларды қолдану жолдары

4

4

4

3.

Файлға сақтау, ашу, көшіру, экспорттау, импорттау ережелері

4

4

4

4.

Фото фильтрдің көмегімен түрлі эффектілер жасау

4

4

4

5.

Сканнер арқылы фото материалдарды бағдарламаға ендіру жолдары. Түрлі форматтар (JPEG,TIFF, PSD т.б.)

4

4

4

6.

Фото  материалдармен жұмыс жасау жолдары (тазалау, коррекциялау, ретуш, кесу т.б.)

6

6

6

7.

Арнайы тапсырмалар реті (коллаж, плакат, фирмалық стиль, постерлер т.б.)

4

4

4

Барлығы:

30

30

30

4- курс (2 кредит)

1.

3 D Studio Max үш өлшемдегі графикалы-векторлық және анимациялық бағдарлама

4

4

4

2.

Мах бағдарламасындағы құралдар мен стандарттық бейнелермен (ромб, төртбұрыш, призма және т.б.) жұмыс істеу әдістемелері

4

4

4

3.

Бағдарламадағы моделдеу мен визуализациялау

4

4

4

4.

Арнайы эффектіні моделдердің көмегімен беру

4

4

4

5.

Объектіні визуализациялау, фотоны қондыру, фон, қатпарларды коррекциялау

4

4

4

6.

Үй салудың жолдары мен түстерді рет-ретімен қоя білу

4

4

4

7.

Арнайы эффектілер арқылы моделдеудің принциптері мен өзгерістер және текстура (фактура) енгізу

2

2

2

8.

Объектіге камерамен қарау, жарық беру және «Rendering» функциясын қолдану

4

4

4

Барлығы:

30

30

30

 

-  жылдамдығы 40 немесе одан да жоғары компакт-дискіге (лазерлі табақ) жазатын (CD-ROM) қондырғы;

-  MPC (Multimedia Personal Computer) пен бірге тұратын аудио адаптер;

-  ақпаратты кіргізіп шығаратын MIDI порты;

-  дыбыс шығаратын қосымша (sound) қондырғы;

-  баспаға шығаратын принтерлер реті (лазерлі, матрицалы, бүрікпелі-қатарлы (струйный);

-  кең көлемді 600 мм суреттерді шығаруға немесе кесу құралы ретінде пайдалануға арналған қосымша плоттер қондырғысы;

-  фото, слайд бейнелерді компьютерге ендіруге арналған сканнер қондырғысы;

-  жоғары сапада фото-бейне түсіретін сандық фото аппарат;

-  компьютерлі графикаға арналған бағдарламалық оқулықтар, көрнекілік құралдар, көркізбелер.

Жаңа заман технологиясы бойынша студенттерден тест алу және тест түрінде тапсырмалар дайындау үшін «Автоматтандырылған интерактивті тестілеу жүйесі» бағдарламасы даярланды. Бұл жүйе мынадай жетістіктерге қол жеткізеді: әртүрлі пәндер бойынша тестер жасау; тестерде әртүрлі түстер, графикалар, формулалар, суреттер, графика, сызбалар, сұлбалар қолдану; ағымдық тестілеу үшін параметрлер қою; тапсырмаларды тәртіп бойынша орналастыру; тестілеу уақытын белгілеу; сынақ немесе баға түрін анықтау; бағалау өлшемдерін тапсырмаларды объективті бағалау, бағаны реттеу; тапсырма жауабын бірнеше түрде енгізу; нақты бір жауапты таңдау; сәйкестікті орнату; бірізділікті анықтау; таңдау түрі арқылы бірнеше дұрыс жауаптар таңдау; тестілеу нәтижесін журналға шығару және т.б.

Әлбетте, студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану іскерлігін жетілдіруде арнайы пәндердің де рөлі ерекше. Осыған орай біз, арнайы пәндер циклына енетін әрбір пәндер бойынша («Жобалау», «Практикалық оқыту», «Конструктілеу», «Композиция», «Шрифт») студенттердің шығармашылық-конструкторлық даярлығын қалыптастыруды көздейтін «Кескіндерді компьютерде жобалау» бағдарламасын жасадық. Бағдарлама студенттердің көркемдік-эстетикалық талғамын жетілдіруді, объектілерді (заттар, бұйымдар) жобалау, үлгілеу, конструкциялау, іскерлігін қалыптастыруды мақсат тұтады.

Бұл мақсат «Corel Draw», «Corel Photо-Paint», «Adobe Photo Shop» және т.б. бағдарламаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Практикалық сабақ барысында бұйым үлгілерін конструкциялау мен моделдеу, көркемдеп сәндеу жұмыстарын компьютердің көмегімен атқарады, бұйым эскизін құру, графикалық жұмыстар жүргізу, суреттер салу және т.б. жұмыстар осы ақпараттық құралдармен жұмыс жасау жөніндегі білім негізінде, қажетті программалардың мүмкіндіктерін пайдалануға бағдарлайды.

«Corel Draw» бағдарламасы бағыттық бейнелеудегі, суреттер салудағы үлкен мүмкіндігімен әйгілі. Ол: күрделі құралдармен, мәтінмен жұмыс жасауға ыңғайлы. Ондағы қолданылатын құралдарды пайдалана отырып, контурларды құруға, басқаруға, суреттер салуға, оларды әр түрлі түстермен бояуға, геометриялық формаларды келтіруге және бірінен – біріне өзгерту арқылы керекті объектіні алуға болады «Corel Draw» бағдарламасында, әсіресе, суретті бояу мен белгілі бір бұйымға градиенттік түс беру ыңғайлы. Бағдарламада салынған суреттің нәтижелі болуы ондағы түстердің үйлесімділігіне, контурдың дұрыс қойылуына байланысты. Мұнда форманы түрлендіруге, объектінің нобай сызығын орналастыруға, оған «тірі» заттың формасын беруге мүмкіндік бар.

«Corel Draw» бағдарламасы векторлық сызба жұмысын атқара алатындықтан, қай жерде сурет салу, сызба сызу, кесте сызу қажет болса, оны сол жерде қолдануға болады. Компьютерде күрделі жұмыстар жасау үшін Corel Draw-та керекті құралдарды пайдалануы болатындықтан, мұндай әрекетті басқа бағдарламалардан іздеудің қажеті жоқ.

«Corel Draw» бағдарламасының көмегімен жылдам әрі жеңіл түрде түсті плакаттар, күнтізбек,  жарнамалық буклеттер, хабарландырулар дайындап алуға болады. Бұл бағдарламаны жетік меңгеру өте күрделі процесс. Сондықтан «Corel Draw», «Corel Photо-Paint», «Adobe Photo Shop», «3D Studio Max», «Auto Cad», «Braice», «N Design» және т.б. бағдарламаларды жетік меңгерген адам ғана білікті «дизайнер» бола алады. Мәселенің шешімін де тез табады. Мәселен, кез келген бұйымның композициялық шешімін: эскизін түзу, түсін айқындау, пропорциялық үйлесімі мен сәндік әшекей таңдауда «Corel Draw» бағдарламысы арқылы іске асыруға болады.

Нақты айтқанда, «Конструкциялау», «Жобалау», «Композиция» және т.б. пәндерді оқыту барысында компьютерлік технологияны тиімді пайдалану заман талабына сай жоғары білікті дизайнерлер мен сәндік-қолданбалы өнер саласы мамандарын даярлауда көмектеседі.

Студенттердің компьютерлік-технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану даярлығын қалыптастыру мазмұны көрініс алған оқу-әдістемелік құралдарда пәнаралық байланыстарға аса мән беріледі. Өйткені, өнер түрлерінің қайсыбір түрінде болмасын (сәндік-қолданбалы, дизайн, театр, музыка және т.б.) өнердің басқа түрлері көрініс алады. Мысалы, сәндік-қолданбалы өнерде - сурет, кескіндеме, мүсін, этнодизайн, фольклор, археология, қолданылса, дизайнда - сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, этнодизайн, сәулет, көрініс алады, анимацияда - сурет, штрих, фольклор, әдебиет, музыка, тарихи туындылар, сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, мүсін, хорерафия және т.б. пайдаланылады. Демек, сәндік-қолданбалы өнер басқа өнер түрлерімен тығыз байланыста дамып сапалы жаңа біртұтас көркемдік көрініс береді. Оларды бірінен – бірін бөліп қарастыру мүмкін емес. Компьютерлік технологияның информатика, математика, физика, геометрия, эклномика, менеджмент, маркетин және т.б. пәндермен байланысына да аса назар аударылады.

Тәжірибелі – эксперимент жұмысы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында және Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінде үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Экспериментке 167 студент қатысты, оның 86-сы эксперимент тобында, 81-і бақылау тобында болды.

Анықтау эксперименті барысында жүргізілген анкеттік сауалнама нәтижелері төмен деңгейді көрсетті: академияға түскен студенттердің 87 %-ы орта мектеп бітірген. Информатиканы компьютер сыныбында студенттердің 15%-ы өткен – бәрі қалада оқыған, студенттердің басым көпшілігі ауыл мектебінің түлектері. Ауыл мектептерінде информатика машинасыз негізде (57%) немесе ескірген техникада (42%) өткізіледі, кейбір мектептерде информатикадан сапалы сабақ жүргізуге қабілеті бар білікті мамандар жетіспейді. Осындай себептерге байланысты өнер академиясының бірінші курс студенттерінің де дербес компьютер туралы және онымен жұмыс жасау тәсілдері туралы көзқарасы орнықты емес. Бұл көріністі тест нәтижелері де дәлелдейді: информатика саласынан тек 13% студенттің білімі бар, дербес компьютермен жұмыс жасай біледі, орта мектеп бітірушілерге қойылатын талаптарға жауап береді. Студенттер (33%) информатикадан білімінің жоқтығын, мектептерде информатика сабағының өтілмеуімен немесе өте төмен деңгейде жүргізілуімен түсіндіреді. Студенттердің жауабын мектеп мұғалімдері де растайды. Мәселен, мұғалімдер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде: бірқатар ауыл мектептерінде сабақ ескі компьютерде жүргізілетіні (47%), мұғалімдердің компьютерде күрделі жобаларды орындай алмайтыны, тек қарапайым мәтінді терумен шектелетіні (31%), сәндік-қолданбалы өнер, дизайнерлік бағыттардан хабары жоқ екені (54%) анықталды.

Үш кезеңнен тұратын қалыптастыру экспериментінің, бірінші кезеңінде (даярлықтың негізгі кезеңі) бұл олқылықтарды біз «Информатика» пәнінің типтік бағдарламасы бойынша жасалған қосымша арқылы толықтыруға талпындық. Жұмыс барысында студенттер компьютерде әртүрлі сызбалар, құжатқа байланысты түрлі жаттығулар, графикалық белгілер, визиткалар, әрленген мәтіндер және т.б. жасап үйренді, интернетпен жұмыс жасауға дағдыланды. Мәселен, өздеріне керекті мәтіндік, графиктік, жобалық, сәндік-қолданбалы өнерге қатысты бейнелерді, дизайнерлік ақпараттарды алуды және оларды қажетіне қолдануды үйренді.

Демек, жалпы ақпараттық технологиялардың алғашқы Windows ережелерін, бағдарламаларын (Microsoft Word, Paint Brash, Exel, интернет және т.б. түрлері) ерекшеліктерін, онымен жұмыс жасау жолдарын меңгерді.

Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде (даярлықтың іргелі кезеңі) екінші курс студенттеріне «Өнердегі компьютерлік технология» атты арнайы курс меңгертілді. Сабақ процесі барысында студенттер мәтіндік процессорлардың, графикалық редакторлардың, электрондық кестелердің, деректі базалардың, деректі талдау пакетінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдаланды. Проблемалық белгіде лабораториялық – практикалық сабақтар өткізілді. Студенттердің практикалық даярлық деңгейін көтеру үшін, соның ішінде, олардың нақты бір іс-әрекетке көзқарасын анықтау үшін іскерлік ойындары жүргізілді. Іскерлік ойындарында қарастырылған ситуациялар мүмкіндігінше өндірістің жағдайынан туындады және білім алушының бейімділігін нақты анықтауға мүмкіндік берді.

Оқу сабақтарының мақсаты мынадай дидактикалық материалдарымен бірге жүзеге асырылды: тірек конспектілері, логикалық схемалар, компьютерлік оқыту бағдарламалары мен қолданбалы бағдарламалар пакеті; үлестірілетін материал; көрнекі құралдар, бейне және аудиоматериалдар. Тірек конспектілері арқылы әрбір студент  негізгі қағидаларды меңгерді, ірі тақырыптар бойынша логикалық схемалар құрып үйренді, соның негізінде тақытыптар арасындағы байланысты көре білуге дағдыланды, олардың тірек конспектілерімен байланысын танып білді. Компьютерлік оқыту бағдарламасы мен қолданбалы бағдарламалар пакетінің көмегімен тапсырмаларды орындап машықтанды. Әрбір кесіндінің нәтижесі студенттердің компьютерлік технологиядан білімінің айтарлықтай көтерілгенін кәсіптік кезеңге өтуге даяр екенін көрсетті.

Осы кезеңде студенттердің (2-4 курс) компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану іскерлігін жетілдіру мақсатында «Компьютерлік графика» атты арнайы курсы жүзеге асырылды. Курстың мазмұны арнайы бағдарламалар арқылы (Corel Draw, Corel Photо-Paint, Adobe Photo Shop, 3D Studio Max, Auto Cad, Braice, N Design және т.б.) меңгертілді. Нәтижесінде студенттер жүйелі бірізділікте тапсырмаларды орындау арқылы кәсіби мамандыққа қажетті іс-әрекет түрлерін (жобалау, практикалық оқыту, шрифт, құрастыру, композиция және т.б.) үйренді және оларды нақты бір тақырыпты орындауда кешенді пайдалана білді. Мәселен, үйдің ішкі көрінісінің перспективасы (интерьер), оның орналасуы, ішкі детальдары, астыңғы және үстіңгі көріністері, өлшемдері, жиһазы, қосымшалары, фотоны өңдеу, фирмалық стиль, шрифтік композициялар және т.б. Осылайша студенттер берілген тапсырмалардың қаңқасын ретімен жасауды үйренеді.

Қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңінде (даярлықтың кәсіптік кезеңі, 3-4 курс) «Компьютерлік графиканы» меңгеру жалғасын тапты және «Кескіндерді компьютерде жобалау» атты арнайы курс меңгертілді. Үшінші курста  тақырыптардың және тапсырмалардың мазмұны күрделенеді, жасалатын жобаны жандандыру мақсатында түсіне, объемына, түрлі ракурстан қабылдаудағы мүмкіндіктеріне, сондай-ақ қосымша мүмкіндіктеріне және т.б. аса мән беріледі. Төртінші курста студенттер кешенді тапсырмаларды орындайды. Дипломдық жобаны жүзеге асыруда аталған бағдарламалардың мүмкіндіктерін кең көлемде қолданады. Мысалы,

болашақ дизайн және сәндік-қолданбалы өнер мамандары нақты тақырыпта  тапсырмаларды орындайды (толық үй жобасы, интерьері, экстерьер, жиһаз, зергерлік бұйымдар, фирмалық стиль және т.б.). Орындалатын жұмыстары екі бөлімнен тұрады: нобай (эскиз), жоба (4-сурет).

Студенттердің білімі - тесттер жүйесі арқылы, іскерлігі - шығармашылық тапсырмалар арқылы тексеріліп отырды. Тесттерде әртүрлі шрифттер,   түстер,   графиктер  мен  формулалар,  суреттер  мен  схемалар,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-сурет –Компьютерлік технологиялар (3D Studio MAX) арқылы жасалған үйдің ішкі көрінісінің перспективасы (интерьер)

 

сызбалар пайдаланылды. Студенттердің нақты тақырыптарға шығармашылықпен орындаған жобалары олардың компьютер бағдарламаларын жетік меңгергенін, тапсырмаларды орындауда аса тиімді пайдаланатынын көрсетті.

       Студенттердің шығармашылық туындылары академияішілік көрмелерде көрініс алды, республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Мысалы: Алматы қаласы бойынша көше билбордына жарияланған үлкен конкурста  «Графикалық   дизайн»   мамандығының   4  курстың үш студенті жеңімпаз атанды. «Интерьер» мамандыңы бойынша 4 курстың студенті «Алматы метросы» атты жобасымен Вербицкая Юлия бірінші орынды иеленді.

     Сол сияқты, сәндік-қолданбалы өнер мамандығының студенттері де (А.Сақтағанова, Е.Әлмешов, Е.Қуаныш  және т.б.) шет елдің бірнеше конкурстық көрмелерінде жеңімпаз атанды.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы бақылау кезеңінде қайтара жүргізілген анкеталық сауалнаманың нәтижесінде пайдалануға даярлығын қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейлері анықталды. Оның нәтижелері 3-кестеде, ал қорытынды динамикасы 5-суретте көрініс алады. 

 

3-кесте – Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейлерінің көрсеткіштері (ЭТ – 86, БТ – 81) (%)

 

Компоненттері

Кезеңі

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Мотивациялық

 

 

Басы

 

-

-

23,26

24,69

41,86

39,51

34,88

35,8

Соңы

 

23,26

4,94

47,67

25,93

29,07

38,27

-

30,86

Интеллектуалдық-мазмұндық

 

Басы

 

-

-

17,44

19,75

32,56

30,86

50

49,38

Соңы

 

19,77

3,7

41,86

20,99

34,88

30,86

3,49

44,44

Эмоционалдық-еріктік

 

Басы

 

-

-

11,63

13,58

29,07

30,86

59,3

55,56

Соңы

 

18,6

-

38,37

14,81

40,7

34,57

2,33

50,62

Шығармашылық-іс-әрекеттік

 

Басы

 

-

-

17,44

19,75

29,07

34,57

53,49

45,68

Соңы

 

18,6

2,47

34,88

19,75

44,19

35,8

2,33

41,98

Эксперттік-аналитикалық

 

Басы

 

-

-

15,12

17,28

32,56

37,04

52,33

45,68

Соңы

 

11,63

-

45,35

19,75

40,7

37,04

2,33

43,21

 

 

 

 

5-сурет – Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру деңгейлерінің қорытынды

нәтижелері (%)

 

Қорытынды нәтижеден мынаны көруге болады: егер, эксперимент тобында басында ешбір студент жоғары деңгейді көрсетпесе, эксперимент, соңында 18,2 % жоғарылады; жеткілікті деңгейді алғашында 17,55 % көрсетсе, соңында 41,8 % жетті; орта деңгейді басында 32,43 % көрсетсе, соңында  37,43 % болды, төмен деңгейді басында 50,02 % көрсетсе, соңында  2,57 % төмендеді. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.

Сонымен, тәжірибелі-эксперимент жұмысы студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық моделінің, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерінің дұрыстығын, біздің ұсынған әдістемеміздің тиімділігін дәлелдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.   Бүгінгі заман мамандарына қажетті білім, іскерлік, дағды аясының үздіксіз кеңейіп, мазмұнының толықтырылып, жетілуі, кәсіптік және құзырлық деңгейі жоғары, өндірістің қарқынды даму жағдайына тез бейімделе алатын, кездескен проблеманың шешімін өздігімен жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру қажеттігінен туындар отыр.

2.   Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау нақты әдіснамалық тәсілдер кешенінің көмегімен (жүйелілік, технологиялық, тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік) шешімін табады.

3.   Компьютерлік технологияның тарихи даму жолы оның негізгі бағыттарын саралап көрсетуге мүмкіндік береді: күнделікті баспа жүйесі, мультимедиа баспасы, жобалауды автоматтандыру жобасы (САПР), виртуалды жүйе, космостық жүйе, интернет жүйесі, үш өлшемдегі графика және анимация, киноиндустриясы.

4.   Компьютерлік технологияны пайдалануға даярлық тұлғаның компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдаланудағы тәжірибесін меңгеру деңгейін көрсететін және моватициялық, интеллектуалдық-мазмұндық, эмоционалды-еріктік, шығармашылық-іс-әрекеттік, эксперттік-аналитикалық компоненттерін біріктіретін тұлғаның қозғалысты дамудағы сапасы.

5.   Тұжырымдама студенттерді жүйелі бірізділікте компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға бағдарлайды.

6.   Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру моделінің аясында мақсат, міндеттер, компоненттер, кезеңдер, мазмұн, құралдар, өлшемдер мен көрсеткіштер, деңгейлер, шарттар өзара бірлікте қарастырылады.

7.   Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау мазмұны компьютерлік бағдарламаларды  (Corel Draw, Corel Photо-Paint, Adobe Photo Shop, 3D Studio Max, Auto Cad, Braice, N Design және т.б.) кезеңдеп меңгеру арқылы (негізгі, іргелі, кәсіптік даярлық кезеңдері) жүзеге асады.

8.   Психологиялық-педагогикалық шарттар студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қамтамасыздандырады.

9.   Оқу-әдістемелік кешен студенттердің компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға байланысты білімін жүйелеп, іскерлігін жетілдіреді, өздігімен дербес шығармашылық ізденіске бағыттайды.

10.   Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау әдістемесі эксперимент барысында дәлелденген нәтижелерге негізделеді.

Жүргізілген зерттеу бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

1.        Ұсынылып отырған тұжырымдаманы студенттердің кәсіби даярлығында пайдаланған жөн.

2.        Модельді, өлшемдер мен көрсеткіштерді және психологиялық-педагогикалық шарттарды студенттерге компьютерлік технологияны меңгерту барысында негізге алған жөн.

3.        Оқу-әдістемелік кешенді («Информатика» пәніне қосымша, «Өнердегі компьютерлік технология», «Компьютерлік графика», «Автомат-тандырылған интерактивті тестілеу жүйесі», «Кескіндерді компьютерде жобалау»» бағдарламалары, «Компьютерлік графика» оқу құралы, компьютерлік тапсырмалар) оқу процесінде пайдалануға болады.

4.        Зерттеу нәтижелерін өнер мамандарының білімін жетілдіру институттарында пайдалану қажет.

Зерттеу проблемасы күрделі де көпсалалы проблеманы толығымен шешуді мақсат етпейді. Алдағы уақытта: болашақ дизайнерлерді компьютерлік технологияны практикалық әс-әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру; болашақ сәндік-қолданбалы өнер мамандарын оқу компьютерлік технологияны меңгерту процесінде кәсіби даярлау проблемаларды арнайы зерттеуді талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

Пайдаланылған әдебиеттео тізі

1.      Интернет желісі

2.      http://kk.wikipedia.org/wiki/Компьютерлік_технология

3.      www.goole.ru

 

 

Информация о работе Компьютерлік технологияның бағыттары