«Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 08:55, курсовая работа

Описание работы

Салықтар өз қызметін жүзеге асыруда мемлекет экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу механизмы жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету болып табылады, яғни өндірістің дұрыс әрі толық дамуын қамтамасыз ету. Салықтық реттеудің механизмдері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Макро деңгейде салықтық реттеу экономиканы реттеу болып табылса, ал микро деңгейде шаруашылық қызметті реттеу құралы болып табылады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
1. Жеке тұлғаларға салық салудың мәні мен экономикалық мазмұны…...6
1.1 Жеке тұлғаларға салық салудың мазмұны………………………………..6
1.2 Жеке тұлғалаға салынатын салық түрлері…………………………….…11
1.3 Жеке тұлғаларға салынатын салықтың объектісі……………………….21

2. «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
2.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің құрылу және даму тарихы
2.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы
2.3 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің қаржылай жағдайының ұйымдастырылуы

3. «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру
3.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде төленетін жеке тұлғалар салығының салық салу объектісі
3.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғалар салығын есептеп, төлеу тәртібі
3.3 ҚР жеке тұлғаларға салық салуда кездесетін мәселелер
3.4 ҚР- нда жеке тұлғаларға салық салуды жетілдіру бағыттары

Қорытындылар мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………

Работа содержит 1 файл

Жеке табыс салыгы- Кажапиева Айдана.doc

— 540.00 Кб (Скачать)

Салық төлеушi ҚР Салық кодексінде белгiленген жағдайларда енгiзiлген аванстық төлемдердi есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеудi жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей дербес жүзеге асырады.

Салық төлеушiлердің мүлiктiк табысына:

1) Қазақстан  Pecпубликасының заңдарына сәйкес  мемлекеттік қажеттіліктер үшiн  сатып алынған мүлiкті қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын:

а) бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған жылжымайтын мүлiктi;

б) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесiн;

в) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды;;

г) мемлекеттiк  тiркеуге жататын және бiр жылдан кем емес уақыт меншiк құқығындағы  немесе механикалық көлiк құралын  және (немесе) тiркемелердi иелiктен айыру құқығымен басқаруға сенiмхат негiзiнде алынған механикалық көлiк құралдарын және тiркемелердi сату кезiндегi олардың құнының өсiмi;

2) төлем көзiнен  салық салынатын табысты қоспағанда, мүлiктi жалға беруден алынған табыс жатады.

Мүлiктi сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, мүлiктi сату кезiндегi құн  өсiмiнен алынған табыс болып  табылады. Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi сату құны мен бағалау  құны арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады. Заң көмегiн, нотариаттық iс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметтi жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы болып табылады. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы белгiленген ставканы алынған табыс сомасына қолдану жолымен ай сайын есептеледi. Есептi ай үшiн жеке табыс салығының сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс. Төлем көзiнен салық салынбайтын басқа табыстарға Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар жатады [25].

Жеке табыс  салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:

1) төлем көзiнен  салық салынбайтын табыстары  барлар;

3) Қазақстан  Республикасының шегiнен тыс жерлерден  табыстар алатын жеке тұлғалар;

4) Қазақстан  Республикасының шегiнен тыс жерлердегi  шетел банктеріндегi шоттарда ақшасы  бар жеке тұлғалар;

5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

6) Қазақстан  Республикасы Парламентiнің депутаттары,  судьялар;

7) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде табыстары олар үшiн белгіленген салық салынбайтын шектен асып кеткен жеке тұлғалар табыс етеді.

Қазақстан Республикасының  Салық кодексінде көрсетiлген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ұсынады.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тiркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi. Арнаулы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер арнаулы салық режимi қолданылатын қызметiнен түскен табыстарынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпейдi [8].

Қазақстан Республикасынан тыс жерде төленген жеке табыс салығының сомалары Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу кезiнде eceпке алынады. Салықтан есепке алынатын сомасының мөлшерi жеке табыс салығының ставкасын қолдана отырып, осы табыстан Қазақстан Pеспубликасында есептелуi мүмкін салық сомасынан аспауға тиiс.

 

2.3 «Идеал-Маркет» ЖШС-де жеке тұлғаларға салықты есептеу тәртібі

Жеке тұлғалардың  мүлік салығына салық салу объектісі  бар тұлғаларды жатқызамыз, яғни меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары,  гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану кезінен бастап оларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады. Мүлік салығы жылжымайтын мүліктерді тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін салық салу объектілерінің құны арқылы есептеледі, яғни жеке тұлғалар үшін тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары немесе аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық салу базасы болып табылады. Бірнеше салық салу объектілері бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болып табылса, жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық базасын әрбір объект бойынша дербес есептейді.

8 кесте. Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі:

1

2

3

1.

1 000 000 теңгеге  дейін  қоса алғанда

салық салу объектілері  құнының 0,05 проценті

2.

1 000 000 теңгеден жоғары 2 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

500 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын соманың  0,08 процентi

3.

2 000 000 теңгеден  жоғары 3 000 000 теңгеге дейiн қоса  алғанда

1 300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың             0,1 процентi

4.

3 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда

2 300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 процентi

5.

4 000 000 теңгеден  жоғары 5 000 000 теңгеге дейiн қоса  алғанда

3 800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың           0,2 процентi

6.

5 000 000 теңгеден  жоғары  6 000 000 теңгеге дейiн қоса  алғанда

5 800 теңге + 5 000 000

теңгеден асатын соманың  0,25 процентi

7.

6 000 000 теңгеден  жоғары 7 000 000 теңгеге дейiн қоса  алғанда

8 300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың             0,3 процентi

8.

7 000 000 теңгеден  жоғары 8 000 000 теңгеге дейiн қоса  алғанда

11 300 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 процентi

9.

8 000 000 теңгеден  жоғары 9 000 000 теңгеге дейiн қоса  алғанда

14 800 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың            0,4 процентi

10.

9 000 000 теңгеден  жоғары 10 000 000 теңгеге дейiн қоса  алғанда

18 800 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 процентi

11.

10 000 000 теңгеден  жоғары 50 000 000 теңгеге дейiн қоса  алғанда 

23 300 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың            0,5 процентi

12.

50 000 000 теңгеден  жоғары 120 000 000 теңгеге дейiн қоса  алғанда

223 300 теңге + 50 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 процентi

13.

120 000 000 теңгеден  жоғары

748 300 теңге + 120 000 000 теңгеден асатын соманың               1 процентi


 

Яғни түсінікті  түрде айта кететін болсақ, жеке тұлғаларға салық салу объектілерінің құнына қарай мынадай жағдайда есептеледі.

Объектінің  бағалау құны 1308324 болса, 308324*0,08%+500теңге=747 теңге жылына мүлік салығы болып есептеледі. Егерде мүліктің құны 18249346 болса, 249346*0,5%+23300 теңге=24547 теңге мүлік салығы. Ал, бағалау құны 175245451 болған жағдайда, 175245451120000000= 55245451*1%552455+748300тенге= 1300755 тенге мүлік салығы болып табылады.

Жеке тұлғалардың  салық салу объектілері бойынша  салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей тиісті салық  ставкасын салық базасына қолдану  арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.  Және де бір жеке тұлғаның атында бірнеше объектісі болған жағдайда әрбір объектіге салық бөлек есептеледі. Сонымен қатар объектінің қираған, бұзылған немесе жойылған кезде, объектінің бұзылғаны, қирағаны немесе жойылғаны жөнінде растайтын уәкілетті орган беретін құжаттар болған жағдайда салықты қайта есептеу жүргізіледі.

Мүлік салығының  төлеу мерзімі салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

Меншік құқығын  берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншік құқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі.

Жылжымайтын мүлікке  және онымен жасалатын мәмілелерге  құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде (бастапқы тіркеуді қоспағанда) уәкілетті  мемлекеттік орган салық салу объектілерінің құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңінде есептелген салық сомасы негізге алына отырып төленеді.

Мыналар жеке тұлғалардың  мүлiк салығын төлеушiлер болып  табылмайды: 

мерзiмдi қызметті өткеру (оқу) кезеңiндегі мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер; 

меншiк құқығындағы  барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген  мөлшері шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қаhарманы» атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;  

меншiк құқығындағы  барлық салық салу объектiлерiнiң  жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;

меншiк құқығындағы  барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр  аралығында  кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған  адамдар.

Жер салығын  төлеушілер мыналар:

тұрақты жер  пайдалану құқығындағы;

жеке меншік құқығындағы;

бастапқы өтеусіз  уақытша жер пайдалану құқығындағы  салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

Мыналар:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз  әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР  Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-анасының бipeyi:     

  тұрғын-үй қоры, соның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi;      

  үй маңындағы жер учаскелерi;     

  өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;     

  гаражға арналған жер учаскелерi бойынша;  

тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша – «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар; 

тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша - жеке тұратын зейнеткерлер;

дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып  табылмайды.

9-кесте. Елдi мекендердiң жерлерiне (үй iргесiндегi жер учаскелерiн қоспағанда) салынатын базалық салық ставкасы жалпы алаңның бiр шаршы метрiне шаққанда мөлшері.

Рет

Елді мекеннің түрі

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан  жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне  салынатын базалық салық  ставкалары (теңге)

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның  іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық  ставкалары  (теңге)

1

2

3

4

1.

Қалалар:

   

2.

Алматы       

28,95

0,96

3.

Астана           

19,30

0,96

4.

Ақтау  

9,65

0,58

5.

Ақтөбе        

6,75

0,58

6.

Атырау            

8,20

0,58

7.

Қарағанды  

9,65

0,58

8.

Қызылорда

8,68

0,58

9.

Көкшетау    

5,79

0,58

10.

Қостанай      

6,27

0,58

11.

Павлодар 

9,65

0,58

12.

Петропавл

5,79

0,58

13.

Талдықорған

9,17

0,58

14.

Тараз  

9,17

0,58

15.

Орал

5,79

0,58

16.

Өскемен

9,65

0,58

17.

Шымкент                              

9,17

0,58

18.

Алматы облысы: 

   

19.

облыстық маңызы бар қалалар 

 

6,75

 

0,39

20.

аудандық маңызы бар қалалар 

 

5,79

 

0,39

21.

Ақмола облысы:

 

 

22.

облыстық маңызы бар қалалар   

 

5,79

 

0,39

23.

аудандық маңызы бар қалалар     

 

5,02

 

0,39

24.

Облыстық маңызы бар басқа қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген  ставканың 85 проценті

 

0,39

25.

Аудандық маңызы бар басқа қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген  ставканың 75 проценті

 

0,19

26.

Кенттер  

      0,96

0,13

27.

Селолар (ауылдар)   

0,48

0,09


 

Үй iргесiндегi жер  учаскелерiне салынатын базалық салық ставкаларын есептейік. Елдi мекендердiң тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға жатады: 

1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:

көлемi 1000 шаршы  метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы  метрi үшiн    0,20 теңге; 

көлемi 1000 шаршы метрден  асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн         6,00 теңге. 

Жергілiктi өкiлдi органдардың  шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн. Осы аталған жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша Атырау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 14-ші желтоқсанындағы №32 шешіміне сәйкес жер салығының ставкасы көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге. Көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға 1 шаршы метрі үшін 4,0 теңгемен бекітілген.

Соған байланысты жер салығының есептелу барысы төмендегіше: жердің көлемі 0,1 га болса, 0,1-ның шаршы метрі 0,1га*10000шаршы метр=1000 шаршы метр, 1000 ш.м.*0,20 тенге=200 тенге 1 жылға салығы. Ал,егерде 0,15 га болған жағдайда 0,15га*10000=1500 шаршы метр, 1500ш.м.-1000ш.м.=1000ш.м.*0,20тенге=200 тенге; 500ш.м.*4 тенге=2000 тенге+200тенге=2200 тенге жылдық салығы болып саналады.

Жеке тұлғалар (өз қызметiнде пайдаланатын жер  учаскелерi бойынша - дара кәсiпкерлердi, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын  есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрмей жүргiзедi.      

   Жеке тұлғалар (өз қызметтерінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша дара кәсіпкерлерді, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi. Салық міндеттемелері ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейін туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектісіне меншік құқығы мемлекеттік тіркелгеннен кейін  отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. 

Меншiк құқығында  салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық  салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан  әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралы салығын төлеушiлер болып табылады.

 Мыналар: 

- салық салу  объектiсi болып табылатын бiр  автокөлiк құралы бойынша Ұлы  Отан соғысына қатысушылар, соларға  теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан  соғысы жылдарында тылдағы жан  қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери  қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

Информация о работе «Идеал-Маркет» ЖШС-нде жеке тұлғаларына салық салу механизмі және оны жетілдіру