Әлеуметтік салық

Дата добавления: 19 Ноября 2011 в 18:38
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (29.62 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Салық реферат.docx

  —  32.06 Кб
 

Жоспары 

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Әлеуметтік салықты төлеушілер және салық салу объектілері

2. Әлеуметтік  салықты есептеу және төлеу  тәртібі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғаннан бері салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді.                                                                       Қазақстан Республикасының Конститутциясында  “Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады деп атап көрсетілген.                        Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыланды – рудың негізгі көзі болып табылады.                                                         Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіәз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.                                                                                      Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасындағы негізгі салықтардың бірі болып табылады.                                                                                                                                            Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медици-налық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген еді.                                              Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің 15-16 пайызын құрайды.                                                                                                              Салық кезеңі                                                                                               Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табыла- ды. Жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларация                     1. Төлеушілер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі деклара- цияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.  
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқса- нының декларациясымен бірге табыс етіледі.  
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлімшенің орна- ласқан жеріндегі салық органына құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етеді. 
 
 
 

Негізгі бөлім

Әлеуметтік  салықты төлеушілер

Мыналар: 
1) дара кәсiпкерлер; 
2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар; 
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары; 
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады. 
2. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлімше- лерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн. 
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша әлеуметтік салықты дербес төлеу- шілер болып танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19 тарауы- ның мақсаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі салық агенттері болып танылады. 
3. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік меке-мелер үшін төленуге жататын әлеуметтік салықты төлеушілер ретінде қарас- тырылуы мүмкін. 
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімше -лері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін әлеуметтік салықты төлеушілер ретінде қарасты -рылуы мүмкін.                                                                                                    Осы бапта белгіленген тәртіппен әлеуметтік салық төлеушілер деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаттары үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.                        Арнаулы салық режимдерiн қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету  ерекшеліктері Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді:                                                                                                                         1) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін – осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып;  
2) оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін – осы Кодекстің 433-438-баптарына сәйкес;  
 3) патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін – осы Кодекстің 429-432-баптарына сәйкес;  
4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – осы Кодекстің 445-447-баптарына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын төлеушілер жүргізеді.
 

Салық салу объектiсi

1. Жұмыс берушiнің  осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағында  айқындалған табыс түрiнде резидент  қызметкерлерге, осы Кодекстiң 192-бабының тармақ-  шаларында айқындалған табыс түрiнде резидент емес қызметкерлерге төлей-тiн шығыстары, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында аталған табыстарды қос- пағанда, осы Кодекстiң 191-бабының 10-тармағында аталған шетелдік персо- налдың табыстары осы Кодекстің 355-бабы 1-тармақшаларында аталған тө- леушілер үшін салық салу объектiсi болып табылады.  
2. Егер күнтізбелік ай үшін осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған салық салу объектісі республикалық бюджет туралы заңда бел- гіленген және осындай күнтізбелік айдың соңғы күні қолданыста болған жа- лақының ең төменгі мөлшерінен төмен болса, әлеуметтік салық салу объекті-сі жалақының ең төменгі мөлшері негізінде айқындалады.  
3. Осы Кодекстiң 156-бабы 1-тармағында белгіленген табыстар, сондай-ақ:      1) грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер; 
2) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi тағайындайтын мемлекеттiк сыйлықақылар, стипендиялар;  
3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн берілетін ақшалай наградалар;  
4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемақы төлемдері;  
5) жұмыс берушiнiң қызметкерлерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн төлейтiн өтемақы төлемдері;  
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары салық салу объек -тісі болып табылмайды.  
4. Осы Кодекстiң 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында атал- ған төлеушiлер үшiн, төлеушiлердiң өздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтiк салық салу объектiсi болып табылады.  
5. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы бапты 3-тармағы 1) тармақшасының ережелерi қолданылады.

Салық ставкалары                                                                                                      1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салық 11 проценттік став- ка бойынша есептеледі. 
2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкер- лер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар өзi үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолда- ныста болған айлық есептiк көрсеткiштің екi еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.                                                                                  Осы тараудың ережесі салық төлеушілер осы Кодекстің 73-бабына сәйкес са- лық есептілігін табыс етуді уақытша тоқтата тұру кезеңінде оларға қолда- нылмайды.  
3. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мү- гедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстiң 135-бабы шарттарына сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық тө- лейдi.  
4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолдана- натын дара кәсiпкерлер үшін әлеуметтiк салық ставкалары осы Кодекстiң 445-бабында белгiленген.  
5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген. 

 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әлеуметтік  салықты есептеу және төлеу тәртібі

Әлеуметтiк салықты  есептеу тәртiбi                                                                      1. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3, 4) тармақшаларында аталған төлеушілер салық кезеңінде әлеуметтiк салықты есептеуді осы Кодекстiң 358 бабының 1 және 3-тармақтарында белгiленген ставкаларды осы Кодекстiң 357-бабына сәйкес айқындалған салық салу объектiсiне қолдану арқылы жүргiзеді. 
2. Арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар әлеуметтiк са- лықты есептеуді осы Кодекстiң 358-бабының 2-тармағында белгiленген став- каларды осы Кодекстің 357-бабының 4-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.  
3. Әлеуметтік салықтың сомасы "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударым- дар сомасына азайтылуға жатады.  
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөл- ге тең деп есептеледі.  
Әлеуметтiк салықты төлеу                                                                                     1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық кезеңінен кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.  
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк са- лық төлеудi осы Кодекстiң 362-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асыра- ды. 
Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi:                  1. Мемлекеттік мекемелер есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіз -дігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады. 
2. Есептi айда осы баптың 1-тармағында көрсетілген әлеуметтiк жәрдемақы- ның төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесi айға ауыстырылады. 
3. Төлеуші осы Кодекстің 355-бабында айқындалған мемлекеттік мекемелер бойынша төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептеуді осы Кодекс- тің 359 және 360-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргі- зеді.                                                                                                                           4. Төлеуші жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 364-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзім -дерде табыс етеді.
 
 

2010 жылы ЖТС, МЗЖ,  әлеуметтік аударымдар  мен әлеуметтік  аударымдар мен  әлеуметтік салық  ставкалары және  төлеу мерзімдері

Дара  кәсіпкерлермен  2010  жылы  төленетін  жеке  табыс  салығы, міндетті  зейнетақы  жарналарын, әлеуметтік  аударымдарды  және  әлеуметтік  салықты  төлеу  мерзімдері

  Төлем-дер  түрлері Жалпы белгіленген  тәртіп  бойынша  жұмыс  жасайтын  дара  кәсіпкерлер Оңайлатылған  декларация негізінде  жұмыс  жасайтын дара кәсіпкерлер Патент  бойынша жұмыс  жасайтын  дара  кәсіпкерлер Біржолғы  талон  бойынша  жұмыс жасайтын  жеке  тұлғалар
1 2
      3
    4
    5
    6
1
          Міндетті  зейнетақы  жарналары
  Қызмет-керлер  үшін Табыс төленген айдан кейінгі айдың 25 күніне дейін (ҚРЗ 22-бабы 4-1-тармағы) Есепті тоқсаннан  кейінгі  екінші айдың 25-інен кешіктірілмей     -     -
  Өзі  үшін Табыс төленген айдан кейінгі айдың 25 күніне дейін (ҚРЗ 22-бабы 4-1-тармағы) Есепті тоқсаннан  кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей (СК 438-бабы) Патент  құнын  төлеу мерзімінде Талондар сатып  алынған 30 күннен кейінгі 15 жұмыс күнінен  кешіктірмей
2
                Жеке  табыс  салығы
  Жеке тұлғалар  үшін Табыс төленген айдан кейінгі айдың 25 күніне дейін (СК 161бабы 3 тармағы) Есепті тоқсаннан  кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей (СК 438-бабы)     -     -
  Өзі үшін Табыс төленген айдан кейінгі айдың 25 күніне дейін (СК 161 -бабы 3 тармағы) Еспті тоқсаннан  кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей (СК 438-бабы) Патент төлеу  мерзмінде Біржолғы талонды  төлеу мерзімі
Страницы:12следующая →
Описание работы
Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғаннан бері салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасының Конститутциясында “Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады деп атап көрсетілген.
Содержание
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Әлеуметтік салықты төлеушілер және салық салу объектілері
2. Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер