қазақстанның салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:19, курсовая работа

Описание работы

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетке алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның салық жүйесі.doc

— 65.50 Кб (Скачать)

 

 

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетке алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары  мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды.

1991 жылға дейін,  яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі 1995 жылдың басында салық  реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 14-інде Қазақстан Республикасы Презмдентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сында №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Салықтардың, олардың  төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша былайша  жіктеледі:

Салық салу объектілері  бойынша;

Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;

Пайдалану тәртібі  бойынша;

Объектінің экономикалық белгісі бойынша.

Салықты алатыын  және оған билік жасайтын органға  қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.

Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады және әеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.

Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне  қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты  табыстылығының есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.

Мағлұмдамада  салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын  есептеп, төлейді. Олар салықтардың  түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты жәнежерсалығын төлеушілер салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді.

Жеке табыс  салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай  салық төлеушілер:

Төлем көзінен  салық салынбайтын табыстары  барлар;

Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс  материалдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;

Қазақстан Республикасының  шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

Қазақстан Республикасының  шегінен тыс жерлердегі шетел  банктеріндегі шоттарда ақшасы бар  жеке тұлғалар;

Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялары  табыс етеді.

Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген  мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға хұқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.

Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс  істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы  одан салықты табыс алынған жерде  есептеп, ұстайды (төлейді).

Төртінші әдіспен  салық кәсіпкерлік қызметтің  сан алуан түрлеріне берілетін  патент негізінде төленеді. Патент – арнаулы салық режімін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат. 

Салық есебінің екі әдісі қолданылады:

  1. кассалық әдіс;
  2. есептеу әдісі.

Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.

Есептеу әдісі  бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты  орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.

Қазақстан Республикасының  салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.

    Қазақстан  Республикасының салықтарның, салық  сипатындағы алымдардың тізбесі  мыналарды қамтиды:

1. Салықтар:    

1. Корпорациялық  табыс салығы.

2. Жеке табыс  салығы.

3. Қосылған құнға  салынатын салық.

4. Акциздер.

5. Жер қойнауын  пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

6. Әлеуметтік  салық.

7. Жер салығы.

8. Көлік құралдарына  салынатын салық.

9. Мүлікке салынатын  салық.

2. Алымдар:

1.Заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркегені үшін алынатын  алым.

2.Жеке кәсіпкерлерді  мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

3.Жылжымайтын  мүлікке құқықтарды және олармен  жасалған мәмілелерді мемлекеттік  тіркегені үшін алым.

4.Радиоэлектрондық  құралдарды және жиілігі жоғары  құрылғыларды мемлекеттік тіркегені  үшін алым.

5. Механикалық  көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6.Теңіз, өзен  кемелері мен шағын көлемді  кемелерді мемлекеттік тіркегені  үшін алым.

7. Азаматтық  әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені  үшін алынатын алым.

8. Дәрі-дәрмек  құралдарын мемлекеттік тіркегені  үшін алынатын алым.

9. Автокөлік құралдарының  Қазақстан Республикасының аумағы  арқылы жүру алымы.

10. Аукциондардан алынатын  алым.

11. Елтаңбалық алым.

12. Жекелеген қызмет түрлерімен  айналысу құқығы үшін лицензиялық  алым.

13. Телевизия және радио  хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.

3. Төлемақылар: 

1. Жер учаскелерін пайдаланғаны  үшін төлемақы.

2. Жер бетіндегі көздердің  су ресурстарын пайдаланғаны  үшін төлемақы.

3. Қоршаған ортаны ластағаны  үшін төлемақы.

4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

5. Ерекше қорғалатын табиғи  аумақтарды пайдаланғаны үшін  төлемақы.

6. Орманды пайдаланғаны  үшін төлемақы.

7. Раиожиілік спектрін  пайдаланғаны үшін төлемақы.

8. Кеме жүретін су жолдарын  пайдаланғаны үшін төлемақы.

9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы  орналастыру үшін төлемақы.

4. Мемлекеттік  баж.

5. Кеден төлемдері:  

1. Кеден бажы.

2. Кеден алымдары.

3. Төлемақы.

4. Алымдар.

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарнамаларының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

«Салық» және «Салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда – бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде – экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процесі.

 

            Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары.

 

Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады.

Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның  оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін  жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеуші ролі негізінен мынадай шараларға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.

Үкімет басшысының хабарлағанындай, 1999 жылдың қорытындысы  бойынша, мұнайды экспорттаудан  тек салық түрінде ғана мемлекеттік  бюджетімізге 500 миллион АҚШ доллары  шамасындағы қаржы түспей қалған. Мұндай көлемдегі қаржы республикалық бюджетіміздің төрттен бір бөлігіндей мөлшерді құрайды. Егер бұл көрсеткіш тек қана мұнай саласында орын алған болса, онда еліміздің бүкіл шикізатын экспорттаудан түспей қалған қаражаттың мөлшері қандай болар еді?

Осындай көлеңкелі экономиканың келеңсіз әрекеттерінен еліміздегі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге аса зәру болып отырған тұрғындардың бөлігі көп зардаптар шегуде. Екінші жағынан, салық салынатын базаның кемуінен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде.

Аталған кемшіліктерді  жою үшін, ең алдымен салық заңына жаңадан өзгертулер енгізу аса қажет. Кіріс министрінің атап өткеніндей, жаңадан қабылданған салық кодексінде айтарлықтай өзгерістер енгізілмеген, демек, жіберілген кемшіліктер алдағы уақытта да жіберілуі мүмкін. Әрине енгізілген өзгерістер әбден саралануы және салық жылының басынан бастап іске асуы қажет. Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда үш-бес жылға дейін тұрақты болып қалуы аса маңызды шарт болып табылады. Тұрақсыз экономика жағдайында бұлай болу әрине мүмкін емес, әсіресе жалпы ішкі өнімнің мөлшері дүниежүзілік бағаға тәуелді жағдайында бұл өте қмынға соғады.

Информация о работе қазақстанның салық жүйесі