Қазақстандық және халықаралық құқықтағы салық міндеттемесінің орындалуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 22:23, дипломная работа

Описание работы

Дәл осы уақытта, азаматтардың өзінің мемлекетімен арадағы негізгі конституциялық құқықтар мен міндеттердің мазмұнын қайта қарау мен түбегейлі өзгерістерге ұшырату қажеттігі туындады. Осындай қайта қараудың нәтижесінде, салықтарды төлеу міндеттемесі Қазақстан Республикасының құқығында жаңаша дамуы мен іске асырылуына ие болып, өзінің Конституциялық бекітілуін тапты.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................4 – 8б.

1.САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ ИНСТИТУТЫ..........................................9 – 27б.
1.1. Салық міндеттемесінің пайда болу тарихы мен түсінігі.................9 – 18б.
1.2. Салық міндеттемесінің құрамы мен пайда болу негіздері............19 – 27б.

2.САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.........28 – 52б.
2.1. Салық міндеттемесін орындау түсінігі.............................................28 – 38б.
2.2. Салық міндеттемесін орындау тәртібі..............................................38 – 48б.

3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ – САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ КӨЛЕМІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ АЗАЙТУДЫҢ ҚҰРАЛЫ....................................................................................................49 – 72б.
3.1.Халықаралық салықтық жоспарлау...................................................49 – 61б.
3.2. Салықтық жоспарлау құрамы............................................................61– 72б.

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................73 – 75б.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................76 – 80б.

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМКА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ..doc

— 411.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

Л.Н.ГУМИЛЕВ  атындағы  ЕУРАЗИЯ  ҰЛТТЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ  ЗАҢ ИНСТИТУТЫ.

 

 

Қорғауға жіберілді

«Халықаралық  және конституциялық

құқық »  кафедрасының   меңгерушісі

                                 Ф.А.Кожумратова

«___»  _________________  2005жыл.

 

 

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Қазақстандық және халықаралық құқықтағы салық міндеттемесінің орындалуы »

 

Мамандық: 540230 «Халықаралық құқық»

 

 

МПк 4-1(б)

тобының студенті                                                                                   Ә.Б.Нұржанова

 

 

Ғылыми жетекші                                                                                     А.Д.Жундибаева

                        

        

АСТАНА – 2005ж.

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

Л.Н.ГУМИЛЕВ  атындағы  ЕУРАЗИЯ  ҰЛТТЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ  ЗАҢ ИНСТИТУТЫ.

 

 

 

Әсел  Биғазықызы  Нұржанова

 

 

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  ЖӘНЕ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚҰҚЫҚТАҒЫ  САЛЫҚ  МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ  ОРЫНДАЛУЫ» 

 

 

 

Дипломдық  жұмыс

 

 

 

Мамандық: 540230 «Халықаралық  құқық»

 

 

 

 

 

АСТАНА – 2005ж.

 МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ........................................................................................................4 – 8б.

 

1.САЛЫҚ  МІНДЕТТЕМЕСІ ИНСТИТУТЫ..........................................9 – 27б.

1.1. Салық міндеттемесінің  пайда болу тарихы мен түсінігі.................9 – 18б.

1.2. Салық міндеттемесінің  құрамы мен пайда болу негіздері............19 – 27б.

 

2.САЛЫҚ  МІНДЕТТЕМЕСІН   ОРЫНДАУ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.........28 – 52б.

2.1. Салық міндеттемесін орындау түсінігі.............................................28 – 38б.

2.2. Салық міндеттемесін  орындау тәртібі..............................................38 – 48б.  

 

3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ – САЛЫҚ  МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ КӨЛЕМІН ЗАҢДЫ  ТҮРДЕ АЗАЙТУДЫҢ ҚҰРАЛЫ....................................................................................................49 – 72б.

3.1.Халықаралық  салықтық жоспарлау...................................................49 – 61б.

3.2. Салықтық жоспарлау құрамы............................................................61– 72б.

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................73 – 75б.

 

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ................................................................................76 – 80б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Қазақстан Республикасының  өзінің тәуелсіздігін жариялауы  мен мемлекеттің елдің экономикасына  тікелей  араласпау  қағидаларын  ұстануы, мемлекетпен экономиканы  реттеудің тек қана жанама әдістерін  ғана  пайдалануы, өндірістің барлық түрлеріне мемлекеттік монополиядан бас  тарту, осының барлығы, мемлекеттік табыстарды құрайтын жаңа көздерді  іздестіру  қажеттігін  тудырды.

Мемлекет пен  оған тәуелді субъектілердің арасындағы қарым–қатынасты орнату қағидалары түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Осыған  орай  мемлекет - жұмыс беруші ретінде, өзінің барлық тұрғындарын жұмыс  орындарымен қамсыздандыру  және  оларға  мемлекеттік  қазынадан  жалақы  төлеу міндеттерін өзінің мойнына алмайтын болды. Әрбір  еңбекке  жарамды  азамат, қазіргі жеке талаптар мен кәсіпкерлікті қолдау жағдайларында, табысты заңды жолдармен табуға шақырылды. Сонымен қатар, азаматтар  қоғамдық мүдделерге байланысты жұмсалатын  мемлекеттік  шығындардың  орнын толтыруға қатысуға міндетті болды.

Дәл осы уақытта, азаматтардың өзінің мемлекетімен арадағы негізгі  конституциялық құқықтар мен міндеттердің мазмұнын қайта қарау мен  түбегейлі өзгерістерге ұшырату қажеттігі туындады. Осындай қайта  қараудың нәтижесінде, салықтарды төлеу міндеттемесі Қазақстан Республикасының құқығында жаңаша дамуы мен іске асырылуына ие  болып, өзінің Конституциялық бекітілуін тапты.

1993 жылдың 28–қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында, біздің  мемлекет үшін осыған дейін беймәлім болған  жаңа  нормалар  пайда  болды. Олардың қатарында азаматтардың заңи түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі  міндеті  деп  жариялануы.1

Қазіргі мемлекеттің  өзінің әрбір тұлғасымен қатынастарын орнатуда  негізгі қағида:  адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, тұлғаның  өзбетінше шығармашылық дамуы мен өзінің барлық мүмкіндіктерін іске  асыру, және сол

үшін қажетті  барлық   құқықтармен қамтамасыз етілу  туралы постулат болып табылады. Сонымен қатар, адамның қоғам мен мемлекеттегі әлеуметтік және  оның  салдары болып табылатын құқықтық  статусының  сипаттамасы, адамның олардың алдында қамтамасыз  етілген міндеттері мен борыштарынсыз толық болмас еді. Нағыз бостандықты сезіну, осы бостандықтың қайнар көзін, оның пайда болу сипатын сезіну, барлық адамзат пен қазіргі қоғамның мыңжылдық талпыныстарын, яғни әрбір тұлғаға өзінің жеке потенциалын іске асыруына барлық жағдай  жасаған әр адамның қазіргі қоғам мен бүкіл адамзат алдындағы борышын сезіну арқылы   ғана мүмкін. Әр адамның өзінің жекелеген бостандығын сезіну - өзін тұрып жатқан қоғамы мен бар адамзаттың бөлігі ретінде қарастыру арқылы  жүзеге асады.Осыған орай, менің көзқарасым бойынша, адам – тұлғаның еркін және толық дамуы мүмкін болатын қоғам алдында белгілі–бір міндеттерге ие екендігі туралы жағдай Адам құқықтарының жалпы декларациясының жиырма тоғызыншы бабында көрініс тапқаны кездейсоқ емес.2

Азаматтардың  өзінің мемлекетінің шығындарын өтеуге қатысу қажеттігімен ғана, және осыған орай әр азаматпен мемлекеті мен қоғамы алдындағы міндетін өтеу үшін белгілі–бір материалдық мұқтаждықтарды сезінуімен сипатталатын салықтар, салық төлеу туралы конституциялық міндетке «жай ғана» сипат береді. Салық төлеушімен салық төлеу кезінде сезінетін осы «жай ғана» материалдық мұқтаждықтар, әр адамнан мемлекет өмірінде өзінің тарихи рөлін түсінуін қажет ететін басқа конституциялық міндеттерімен (Конституция мен заңдаманы сақтау,басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, ар–намысын сыйлау, отанын қорғау, тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқорлық жасау, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды қастерлеу міндеттері) салыстырғанда қарапайым тұрмыстық қажеттілік болып көрінуі мүмкін.

Бірақ, осыған қарамастан, салық төлеумен байланысты конституциялық міндеттің маңызын асыра бағалау қиын. Мемлекет пен қоғам әлі де өзінің тіршілігі мен қызмет жасауы үшін материалдық негізді қажет етеді. Солай бола тұра, олар осы мақсатпен адамның құқықтары мен бостандықтарының қолсұғылмауы туралы

қағидасына  кері келіп, өзінің әрбір азаматын еркіне қарсы жеке меншігінен айырмас еді. Сондықтан да, мемлекеттік  кірістерді қалыптастыру механизмі конфискациялау шарасын пайдалану арқылы жеке меншіктен айыру жолымен бармады. Және де қоғам мен мемлекетке қажетті көлемдегі қаржыларды, өзінің азаматтарынан – мемлекетіне арналған ерікті қайырымдылық әрекеттерін күту әлі  бола қоймайды.

Қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасының Салық  заңдамасы тез дамып келеді. Қазіргі салықтар – бұл мемлекеттік кірістердің негізгі бөлігінің тұрақты, ұдайы қалыптасуының эффективті және жан–жақты құралы. Сонымен бірге, кірістердің осылайша қалыптасуы:

  • біріншіден, өзінің түп негізінде саяси және конституциялық – құқықтық  дәйектемеге ие;
  • екіншіден, мемлекетте болып жатқан өз бетінше реттелетін экономикалық үрдістердің динамикасына тәуелді және;
  • үшіншіден, мемлекетті табыс табу қайнар көздерін іздеуден босатады, мемлекет енді өзінң капиталының тәуекелді салымдарын жасамайды, ол тек қана минималды шығындармен салықтардың тұрақты келіп отыруын қамтамасыз етеді. Бұл салық жинаумен айналысатын мемлекеттік органдардың бюджеттік қамсыздандырылуы арқылы жүзеге асырылады.

Осы уақытта, мемлекет алдында салық жүйесінің эффективті қызмет етуін құқықтық қамтамасыз етілуінің  механизмін құру мәселесі орын алады. Құқық –салық жүйесінің экономикалық құрылысы мен салықтарды жинау кезінде пайда болуы мүмкін барлық қатынастарды нормативті регламентациялау мәселелерін шешуге арналған.

Бүгінге, салықтар мен олардың қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету, қазіргі қоғамдағы  ең кең тараған әрі өте жиі талқылауға түсетін тақырып. Және бұлай болуы әбден түсінікті. Салықтар, барлық әлеуметтік топтарды қоса алғанда және әрбір азаматты жеке қарастырған уақыттағы мүдделердің жиынтығымен сипатталады. Салықтар қазіргі мемлекеттің өмір сүруі мен қызмет етуінің материалдық негізін құрудың құралы болып табылады. Әлеуметтік бағдардағы мемлекет үшін салық – бұл барлық қоғам мүддесін біріктіретін әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландырудың қайнар көзі. Қорытындылай келе, салықтар – бұл салық төлеушіні оның қаржыларынан айыратын, ақшалай төлемдер. Салықтық құқық – қатынастардың қатысушыларының мүдделерінің өздерінің  негізі бойынша қарама – қарсы сипаты, қазіргі күнде осы қатысушылар арасында белгілі–бір қатынастарды, келіспеушіліктерді туындатады. Сондықтан да, салықтық құқық – қатынастарды реттейтін құқық, осы қатысушылардың мүдделерінің «тұрақтылық» және «ойға қонымды үйлестіру» қағидаларына қарсы келмейтін нормалардың жиынтығынан тұру қажет.

Бүгінгі күнде, салықтарды орнату және оларды жинаумен байланысты мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселесіне көптеген теоретикалық ізденістер арналған. Салық міндеттемесі түсінігі қазақстандық салық құқығының жаңашылдығы болып табылады. Алғашқы қадам А.И.Худяковпен жасалды3, кейіннен осы мәселеге арналған Республикамыздағы салық құқығы аясындағы жетекші маманның – Е.В.Пороховтың монографиясында4 орын алды. Қазіргі уақытта аталған монография Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішіндегі ең ірі әрі қызық ізденіс болып табылады.

Осыған қарамастан, материалдық салықтық құқық–қатынас ретіндегі салық міндеттемесі  түсінігі, оның пайда болуы, қызмет етуі және тоқтатылуының негіздері, және оның орындалуының түсінігі мен орындалуының маңызды талаптары туралы мәселелер әлі күнге дейін өте аз зерттелген, және өзінің өзектілігін жоғалтпады. Керісінше, Республикамыздың сыртқы қатынастарының жаңа үрдіспен дамып келуіне орай олар жаңа халықаралық сипатқа ие бола бастады. Жоғарыда аталған түсініктер мемлекет азаматтарының салық төлеумен байланысты конституциялық–құқықтық міндетінің мазмұнын ашады, және нақтылай түседі. Осыған орай, мен өзімнің дипломдық жұмысымды жазу барысында аталған

 

 

мәселелерді зерттеуге, және де салық  міндеттемесінің орындалуының халықаралық  аспектілерін ашуға тырысамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. САЛЫҚ  МІНДЕТТЕМЕСІ  ИНСТИТУТЫ

 

1.1.Салық міндеттемесінің  пайда болу тарихы мен түсінігі.

 

Салық міндеттемесі институты – салық заңдамасы  үшін де, салық  жүргізу үшін де жаңа, бірақ салық құқығының қойнауларында  ол объективті  категория ретінде салықтардың өздерінің пайда болу уақытынан бері өмір  сүріп келеді деп ойлау керек. Осылайша, бұл категорияға оң көзқараспен  қатар (бұл  көбіненсе  қаржы – құқығы  өкілдеріне  тиісті ), біршама сынды  бағалар да айтылып жатыр (ал  бұл  азаматтық құқық  ғылымының  өкілдеріне  тиісті).

Сонымен қатар, салық міндеттемесі институты мүлде жоқ деген де пікірлер айтылып жатыр. Осы орайда В.В. Витрянский  былай  деп  жазады: «Салық төлеушінің негізгі міндеті – салықтарды уақытылы әрі толық көлемде төлеу болып табылады, ал мемлекет өзінің салық органдары арқылы одан  бұл міндеттемені мүлтіксіз орындауын талап етуге құқылы, және салық  міндеттемесін орындамау жағдайында салық төлеушіге айып түріндегі  шараларды қолдануға құқылы. Дегенмен, салық органдары арасында  орнығатын құқық қатынастар, міндеттемелер болып таныла алмайды. Одан  артық, азаматтық заңдама нормалары салықтық  немесе  басқа  да  қаржылық  қатынастарға қолдануға жатпайды.»5

Шамамен осы  сияқты ойды қазақстандық цивилист профессор  М.К.Сүлейменов ұстанады, оның ойынша, міндеттеме тек қана азаматтық–құқықтық категория бола алады. «Міндеттемелер теориясы азаматтық–құқықтық категория институты ретінде сонау рим құқығында пайда болған еді, және  де сол уақыттан бері ұлы ғалымдардың немесе  заңдамашылардың ешқайсысы бұл категорияны, біздің ер  салықшыларымыздан басқалары, басқа құқық салаларының құқық-қатынастарына қатысты қолдануға талпынбады», - деп жазады.6

Мұндай тұжырымдамалармен  келісу қиын, себебі:

Бріншіден, салықты  орнату кезінде, азаматтық-құқықтық емес  қаржылық-

құқықтық (дәлірек  айтсақ  салықтық-құқықтық) міндеттеме пайда болады. Сондықтан да, салық міндеттемесі туралы сөз қозғалғанда, бұл салықтық-құқықтық қатынастарға азаматтық-құқықтық заңдама қолданылады дегенді білдірмейді.

Екінішіден, «міндеттеме» термині азаматтық құқықтың «монополиялық  меншігі» деген пікір негізсіз, себебі құқық салаларын белгілі-бір  терминологияны немесе институттарды ғана қолдануға міндеттейтін заңды түрде  бекітілген «бұйрық» жоқ.

Үшіншіден, қандай-да бір түсінікті қолдану, ол осы түсінікпен  сипатталатын заңи конструкцияның негізінің қаншалықты нақты  көрсетілуімен  анықталады.

Жоғарыда аталған  негіздемелер, «міндеттеме» түсінігі тек қана  азаматтық-құқықтық  қатынастар аясында ғана емес,  басқа  да құқық салаларында  қолданылатындығын дәлелдейді. Мысалы, «халықаралық міндеттемелерді сақтау» тіркесі ешкімнің  наразылығын тудырмайды, және азаматтық құқықпен байланыссыз болса  да, баршаға  да  түсінікті. Әдеби қайнар көздерде жиі кездесетін «мемлекет  алдындағы қаржылық міндеттер» (жоғарыда айтылып кеткендей, ол «салық  міндеттемесі» түсінігімен теңдес) тіркесі жөнінде ешкім қарсылық  білдірмейді.

Информация о работе Қазақстандық және халықаралық құқықтағы салық міндеттемесінің орындалуы