Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 16:45, курсовая работа

Описание работы

Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз.Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болмақ.

Содержание

Кіріспе. ..........................................................................................3
І-тарау. Салық түсігінің теориялық негіздері.
1.1. Салықтың түсінігі және қажеттілігі...........................................5
1.2. Салықтың түрлері, қағидаттары және атқаратын
қызметтері............................................................................................7
1.3. Салық жүйесінің құрылуы.........................................................11
ІІ-тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру.
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесі..............................15
2.2. Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту
Жолдары……………………………………………………………19
ІІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы салық салу жүйесін жетілдірудің жолдары.
3.1. Кәсіпкерлікке салық салу механизмін жетілдірудің
кейбір мәселелері...............................................................................22
3.2. Салық салу жүйесін жетілдірудің шетелдік тәжірибесі.........24
Қорытынды..............................................................................29
Қолданылған әдебиеттер.......................................................31
Қосымшалар.

Работа содержит 1 файл

курсавой салық.doc

— 205.00 Кб (Скачать)

     Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды:

     1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:

      а) «деңгейлес теңдікке» жету – салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;

      ә) «сатылас теңдікті» сақтау – жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті тәсіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.

     2. Қарапайымдылық қағидаты . Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.

     3.Салықтардың анықтығы – алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.

     4.Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субьектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.

     5.Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономикалық жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.

     6. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.

     Салық сипаты тұрғысынан тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық мемлекет тарапынан кәсіпорын және тұрғындар табыстарынан алынады. Осы салықтың түрлеріне – айлықтан алынатын, пайдадан алынатын, жылжымайтын мүліктен, бағалы қағаздар операциясынан алынатын т.б. салықтар жатады.

      Жанама салықты мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, ққс жатады. Жанама салық мемлекеттік реттеудің бірден-бір тәсілі ретінде қолданылады.

      Салықтың түрлеріне қосылған құн салығы, акциз, корпоративтік табыс салығы, мүлікке салынатын салық, пайдаға салынатын салық т.б. жатады.

     Қосылған құнға салық. Бұл салық бұрынғы тауар айналысына және сатуға салынатын салықтың орнына келді. Төлем төлеушілер: өндірістік және коммерциялық істермен айналысатын заңды мекемелер, дербес, жанұялық кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер және шетелдік заңды мекемелер.Салық салынатын обьектілер:

-         салық обьектісі болып өз тауарларын және шеттен алынған тауарларды сатудан түскен түсімдер;

-         кәсіпорын ішінде өндіріс шығынына және тауар айналыс шығынына кірмейтін, кәсіпорынның өзіне қажетті тұтыну және өз қызметкерлеріне сатуға арналған тауарлар.

     ҚҚС мемлекеттік бюджет кірісінің жалпы сомасында үлес салмағы 27,1%.

     Акциздер. Акциз-  тауардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салық. Қазіргі кезде Қазақстанда акцизделетін тауарларға мыналар жатқызылады: спирттің барлық түрлері; алкоголь өнімі; темекі бұйымдары; құрамында темекі бар басқа бұйымдар; бензин, дизель отыны; жеңіл автомобильдер; ішкі мұнай,газ конденсаты; ойын-сауық бизнесі; лотереяны ұйымдастыру мен өткізу. Мемлекеттік бюджеттің кірісіндегі акциздердің үлес салмағы: 2000 ж. – 3,7%; 2002ж.-3,4; 2003ж.- 2,8%; 2004ж.- 2,5%, 2005ж.-2,7%.

     Кәсіпорын мүлкіне салық. Салық обьектілері: кәсіпорын балансындағы негізгі қорлар, материал емес активтер, төлеушінің балансындағы артық қорлар және материалдық шығындар. Төлемнен босатылатын мекемелер: бюджеттік заң және билік атқару мекемелері, бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін, сақтайтын кәсіпорындар, кітапханалар т.б. 

     Жер салығы – мөлшерлемесі жердің сапасына, тұрған орнына, сумен қамтамасыз етілуіне қарай сараланған және жер алаңының бір өлшеміне – гектарға, шаршы метрге белгіленген. Коммерциялық мақсаттарда пайдаланатын жерлерге елді мекендердің базалық мөлшерлеменің 2 еседен 10 есеге дейін көбейтілген мөлшерлемелері белгіленген.

      Көлік құралдарына салынатын салық. Жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар, мамандандырылған медециналық көліктері салық салу обьектілері болып табылмайды. Салық мөлшерлемесі көлік құралдарының двигательдерінің көлеміне, қуатына, жүк көтергіштігіне қарай айлық есептік көрсеткіштерге белгіленген.

      Корпорациялық  табыс  салығы  ҚР – ғы  резидент  және  резидент  емес  заңды  тұлғалардың  аталған  мемлекет  аумағында  салық  жылы  ішінде  тапқан  таза  табыстарынан   (жиынтық  жылдық  табыстары  мен  одан  жасалынған  шегерімдер  арасындағы  айырмадан ) алынатын  тікілей  салық  ретінде  көрініс  табады .

     Корпорациялық  табыс  салығын  төлеушілерге : 1)  ҚР – ның  резидент  заңды  тұлғалары ; 2) ҚР – ғы  қызметтерін  тұрақты  мекемелері  арқылы  жүзеге  асыратын  немесе  ҚР – ғы  көздерден  табыс  алатын  резидент  емес  заңды  тұлғалар – салық  төлеушілер  жатады .  Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінде 27,2%.

    Жеке табыс салығы – қаражаттардың түсімі (2001ж. дейін- жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 0,9% алады. Салық мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген (Қосымша -1). Дивиденттер мен сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстарға 15% мөлшерлеме, адвокаттардың және нотариустардың табыстарына 10% мөлшерлеме бойынша салық салынады.

     Әлеуметтік салықтар – мемлекетте алынатын салықтардың бірі. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 15,7% алады. ҚР-ң резидент-заңи тұлғалары, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер шетелдік заңи тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері 2 – қосымшада көрсетілген мөлшерлеме бойынша салық салынады.

                      

                           1.3.  Салық жүйесінің құрылуы.

 

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

     1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес Республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. 1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді. Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде ҚР-сы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды . ҚР Президентінің бұл жарлығы ҚР-ның 1999 жылғы шілденің 16-сындағы 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР-ның заңдарымен бұл заңға өзгерістер толықтырулар енгізілді.

    Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі:

-         салық салу обьектілері бойынша;

-         салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;

-         пайдалану тәртібі бойынша;

-         обьектінің экономикалық белгісі бойынша.

       Салықтарды салу обьектісі бойынша тура, жанама болып бөлінеді.

     Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті салықтарды ажыратады.

     Пайдалану тәртібіне қарай жалпы және мақсатты болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландырылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланады. Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады.

     Экономикалық белгісі бойынша табысқа салынатын және тұтынуға салынатын салықтар. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салық – тауарлар мен қызметтер көрсетуді тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

      Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын кіріктіреді.

      ҚР-дағы салықтардың, салық сипатындағы тізбесі мыналарды кіріктіреді:

      1) Салықтар.

1.     Корпорациялық табыс салығы.

2.     Жеке табыс салығы.

3.     ҚҚС.

4.     Акциздер.

5.     Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдер.

6.     Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.

7.     Әлеуметтік салық.

8.     Жер салығы.

9.     Көлік құралдарына салынатын салық.

    10. Мүлікке салынатын салық.

    11. ҚР-ның жасалған келісімшарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі.

     2) Алымдар.

1.     Заңи тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

2.     Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

3.     Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

4.     Радиоэлектрондық құралдарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

5.     Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6.     Теңіз, өзен кемелері шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

7.     Азаматтық әуе кемелері мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8.     Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

9.     Автокөлік құралдарының ҚР-ң аумағы арқылы жүру алымы.

10. Аукциондардан алынатын алым.

11. Консулдық алым.

12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

     3) Төлемақылар.

1.     Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем.

2.     Жер бетіндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

3.     Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

4.     Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем.

5.     Орманды пайдаланғаны үшін төлем.

6.     Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем.

7.     Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем.

8.     Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

9.     Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

4) Мемлекеттік баж.

5) Кедендік төлемдері:

1.     Кеден бажы

2.     Кеден алымдары.

3.     Алдын ала шешім қалдағаны үшін төлемақы.

4.     Алымдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен Қазақстан   Республикасының салық қызметін ұйымдастыру.

            2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесі

 

              «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы  тығыз байланысты. Мемлекетте  алтынатын салық  түрлерінің  оны құру  мен алудың  нысандары мен  әдістерінің  салық службасы  органдарының  жиынтығы әдетте  мемлекетік  салық жүйесін  құрайды.

1991 жылға дейін, яғни КСРО  ыдырағанға  дейін  елде көбнесе  экономиканы  басқарудың  әміршіл - әкімшіл  жүйесіне,  бағаларға қатаң мемлекеттік  реттеуге  сәйкес  келетін салық   жүйесі қызмет етті. Бюджеттің бьасты кіріс көқздерінің бірі болған айналым  салығы тіркелген  бөлшек сауда  және  көтерме сатып алу  бағаларын  қолдануға және  мемлекеттік  реттеп  отыруға бағытталған  болатын. Қазақстан  егемендікке  ие болғаннан кейін 1991 – 1995 жылдары  қабылданған бірқатар  заңдарға  сәйкес  республикада  жаңа  салық жүйесі  қалыптасты.

1991 жылғы  желтоқсанның 25 – інен бастап  біздің елімізде  тұңғыш салық  жүесі  жұмыс істей  бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі  туралы» заңға негізделеді. Бұл салық  жүйесін  құрудың қағидаттарын,  салықтар мен алымдардың  түрлерін,  олардың  бюджетке  түсу  тәртібін  белгілеген  алғашққы  құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы  қаңтардың 1 - інен бастап 13 жалпы  мемолекеттік салық, 18 жергілікті  салықтар мен  алымдар енгізілді.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі 1995 жылдың  басында салық  реформасының  ұзақ  мерзімді  тұжырымдамасын  қабылдап, онда еліміздің  салық жүйесі  мен салық  заңнамасын  бірте – бірте  халықаралық салық  салу  қағидаттарына  сәйкестендіру көзделді.ү Осыған байланысты «салық және бюджетке төленетін басқа  да төлемдер  туралы» 1995 жылңғы сәуірдің  24 – інде  Қазақстан республикасы Президентінің  заңі күші бар  жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салыққтар  мен алымдар  едәуір  қысқартылып,  оларлдың саны небәрі  11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы  Президентінің 1995 жылғы сәуірдің  24- індегі заң  заң күші бар жарлығы  Қазақстан Республикасының 1999     жылғы шілденің  16 – сындағы № 440 – і заңына сәйкес  заң мәртебесін  алды. Осы уақыт  аралықтарында Президент  жарлықтарымен  және Қазақстан Республикасының  заңдарымен  бұл заңға  өзгертулер мен  толықтырулар енгізілді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру