Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 16:45, курсовая работа

Описание работы

Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз.Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болмақ.

Содержание

Кіріспе. ..........................................................................................3
І-тарау. Салық түсігінің теориялық негіздері.
1.1. Салықтың түсінігі және қажеттілігі...........................................5
1.2. Салықтың түрлері, қағидаттары және атқаратын
қызметтері............................................................................................7
1.3. Салық жүйесінің құрылуы.........................................................11
ІІ-тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру.
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесі..............................15
2.2. Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту
Жолдары……………………………………………………………19
ІІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы салық салу жүйесін жетілдірудің жолдары.
3.1. Кәсіпкерлікке салық салу механизмін жетілдірудің
кейбір мәселелері...............................................................................22
3.2. Салық салу жүйесін жетілдірудің шетелдік тәжірибесі.........24
Қорытынды..............................................................................29
Қолданылған әдебиеттер.......................................................31
Қосымшалар.

Работа содержит 1 файл

курсавой салық.doc

— 205.00 Кб (Скачать)


                                             МАЗМҰНЫ.

    Кіріспе. ..........................................................................................3

     І-тарау. Салық түсігінің теориялық негіздері.

1.1. Салықтың түсінігі және қажеттілігі...........................................5

1.2. Салықтың түрлері, қағидаттары және атқаратын

қызметтері............................................................................................7

1.3. Салық жүйесінің құрылуы.........................................................11

     ІІ-тарау. Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру.

2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесі..............................15

2.2. Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту

Жолдары……………………………………………………………19

     ІІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы салық салу жүйесін жетілдірудің жолдары.

3.1. Кәсіпкерлікке салық салу механизмін жетілдірудің

кейбір мәселелері...............................................................................22

3.2. Салық салу жүйесін жетілдірудің шетелдік тәжірибесі.........24

     Қорытынды..............................................................................29

     Қолданылған әдебиеттер.......................................................31

     Қосымшалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Кіріспе.

 

        Курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының салық саясаты және оны дамыту жолдары». Жалпы салық – бұл заңды және жеке тұлғалардан алынатын міндетті төлем. Салыққа деген ғылыми көзқарас ерте ғасырларда пайда болған. Салық туралы В.Петти, Д.Рикардо, А.Смит, Ф.Аквинский сияқты ұлы ғалымдардың еңбектерінде кездестіруге болады.

       Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Ұйымдық – құқықтық   жағынан  салықтар – бұл  мемлекет  біржақты  тәртіппен  заң  жүзінде  белгілер, белгілі бір  мөлшерде  және  мерзімді  бюджетке  төленетін  қайтарусыз  және  өтеусіз  сипаттағы   міндетті  ақшалай  төлемдер .   

      Салықтар  мемлекетпен  бірге  пайда  болды  және   мемлекеттің  өмір  сүріп ,  дамуының  негізі  болып  табылады. Салықтар тауар-ақша  қатынастарының  ахуалына   әсер  ете  отырып,  олардың  дамыған  жүйесінде  айтарлықтай  өрбіді. 

     Салықтар  барлық елдерде  олардың  қоғамдық – экономикалық  құрылысы  мен  саяси  іс-бағытына     қарамастан мемлекет кірістерінің  негізгі  көзі – ұлттық  табысты  қайта  бөлудің  басты  қаржылық  құралы , мемлекеттің  кірістері  және  бюджеттің  кірістерін қалыптастырудың  шешуші  көзі-ұлттық  табысты  қайта  бөлудің  қаржылық  құралы,   мемлекеттің  кірістері  және  бюджеттің  кірістері  және  бюджеттің  кірістерін  қалыптастырудың  шешуші  көзі   болып  табылады .

    Курстық жұмыста жалпы салықтың мәні және Қазақстан Республикасындағы салық салу жүйесі туралы және т.б. ақпараттар берілген.

     Курстық жұмыстың мақсаты – салық түсінігінің теориялық негіздерін, салық жүйесінің құрылымын және де Қазақстан Республикасының салық саясатынын дамыту жолдарын ашып көрсету. Ал, осы мақсатқа сай келесідей  міндеттер қойылған:

-         салық түсінігін және оның түрлеріне, қағидаттарына анықтама беру;

-         зерттеу обьектісі ретінде, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ерекшеліктерін көрсету;

-         ҚР-ң салық жүйесінің дамыту жолдарын талдау ;

-         кәсіпкерлікке салық салу механизмін жетілдірудің кейбір мәселелерін қарастыру;

-         шетелдік тәжірибе бойынша салық салу жүйесін жетілдірудің бағыттарын көрсету.

      Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда, салықтың мәні, оның қажеттілігі, түрлері мен қағидаттарына анықтама берілген. Салықтың атқаратын қызметі және заң бойынша жіктелімі, Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы тізбесі көрсетілген.

      Ал, екінші тарауында, Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайында, оны дамыту жолдары жайында баяндалады.

     Үшінші тарауда, 2005ж. Республикалық бюджетті талдауы, кәсіпкерлікке салық салу механизмінің кейбір мәселелері қарастырылған. Республиканың Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006, 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауы көрсетілген.Сонымен қатар, шет елдердің салық салу жүйесінің ерекшеліктері қарастырылған.

     Сонымен қатар  қосымшалар да қолданылады. Бұл қосымшаларда  салық механизмі, әлеуметтік салық, жеке табыс салығының  және әртүрлі елдердің салық түсімдерін бейнелейтін кестелерді көруге болады.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау.  Салық түсігінің теориялық негіздері.

                   1.1.  Салықтың түсінігі және қажеттілігі.

      Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас ХVІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти. «Салық пен жиынтық трактаты» - (1662ж.), Д.Рикардо «Салық салу және саяси экономияның басталуы» - (1817ж.), А.Смит «Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу» - (1776ж.).

       А.Смит айтуы бойынша, салықты төлеушілер үшін, бұл құлдық емес, еркіндіктің белгісі. Ф.Аквинский салықтарды рұқсат етілген тонау нышаны ретінде анықталады. К.Маркс «Салық- бұл меншік, жанұя, тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай» деп анықталады. АҚШ-ның мемлекеттік қайраткері және ғалымы Б.Франклин «Өмірде салық пен өлімнен құтылатын ештеңе жоқ» деп айтты.

     Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз.Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болмақ. [1]

     Салықтар, пошлиналар және басқа төлемдер – бұл әртүрлі деңгейдегі бюджетке, бюджеттен тыс қорларға төленетін міндетті жарналар. Бұл жарналар екі функция атқарады: фискальды және реттеу.

      Салық механизіміне салық заңдарын өзгерту арқылы мемлекет заңдылық күш береді. Мемлекет салық заңдарын өзгерту арқылы өндірістің дамуына ықпал жасайды, тауар айналымының жеделдеуіне сол арқылы тұтынушылардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмылдырады.

     Бюджетке, бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жиынтығын, олардың әдістері мен принциптерінің құрылымын салық жүйесі деп атайды.

     Ұйымдық – құқықтық   жағынан  салықтар – бұл  мемлекет  біржақты  тәртіппен  заң  жүзінде  белгілер, белгілі бір  мөлшерде  және  мерзімді  бюджетке  төленетін  қайтарусыз  және  өтеусіз  сипаттағы   міндетті  ақшалай  төлемдер .

       Салықтардың   экономикалық    мәні   олардың  өзінің  функциялары  мен  міндеттерін   жүзеге  асыру  үшін  мемлекет  жұмылдыратын  ұлттық  табыстың  бір  бөлігі  болып  табылатындығында . 

     Салықтар  мемлекетпен  бірге  пайда  болды  және   мемлекеттің  өмір  сүріп ,  дамуының  негізі  болып  табылады.   Адамзат  дамуының  бүкіл  тарихы  бойына  салық  нысандары  мен  әдістері  өзгерді ,  игерілді , мемлекеттің  қажеттіліктері  мен  сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша  қатынастарының  ахуалына   әсер  ете  отырып,  олардың  дамыған  жүйесінде  айтарлықтай  өрбіді.  Мемлекет  құрылымының  өзгеруі,  өркендеуі әрқашан  салық  жүйесінің  қайта  құрылуымен, жаңаруымен  қабаттаса  жүреді.

       Салықтар  барлық елдерде  олардың  қоғамдық – экономикалық  құрылысы  мен  саяси  іс-бағытына     қарамастан мемлекет кірістерінің  негізгі  көзі – ұлттық  табысты  қайта  бөлудің  басты  қаржылық  құралы , мемлекеттің  кірістері  және  бюджеттің  кірістерін қалыптастырудың  шешуші  көзі-ұлттық  табысты  қайта  бөлудің  қаржылық  құралы,   мемлекеттің  кірістері  және  бюджеттің  кірістері  және  бюджеттің  кірістерін  қалыптастырудың  шешуші  көзі   болып  табылады . Салықтарда  мемелекеттің  экономикалық  мазмұны  нақты  түрде  көрінеді ,  ал  салықтардың  әлеуметтік – экономикалық    мәні, олардың  түрлері  мен  рөлі  қоғамның    экономикалық  құрылысымен, мемлекеттің  табиғатымен  және  функцияларымен  айқындала-ды.  Белгілі  философ   Фрэнсис  Бэкон  салықтарды  төлеу  әрбір  азаматтың  қасиетті   борышы  деген  еді.

      Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде  құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік – кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік – кепілдік қызметінің мүмкіндігі болады.

      Экономикалық мазмұны жағынан салықтар – бұл заңды белгіленген ретпен тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынатын міндетті төлемдер жүйесі. Табыстардың әртүрлі нысандарының салық көздері мыналар болып табылады: пайда, процент, жалақы, дивидент, рента т.б. Салықтардың мәжбүр ету сипатынан басқа ерекше қасиеті – олардың салықты өндіріп алу ретімен төленген сомасының мөлшері мен салық төлеушілердің мемлекеттен алатын қызметтерінің құнының арасындағы сәйкессіздік болып табылады.

     Барлық міндетті төлемдер заң бойынша үш топқа бөлінеді:

1) федералды;     2) аймақтық;       3) жергілікті.

Бұдан басқа арнаулы салықтар мен жинақтар болады, олар бюджеттен тыс қорларды жасақтайды: 1. зейнетақы қоры, 

2. әлеуметтік қамсыздандыру қоры, 3. жұмысқа қамту қоры,

4. міндетті денсаулық сақтау қоры.

     1) Федералдық салықтар – барлық салықтан түскен түсімнің бөлігін құрайды. Оған: ҚҚС, тауарларға акциздер, бағалы қағаздар сатуға салық, транспорттық салық т.б. кіреді.

     2) Аймақтық салықтар: кәсіпорын мүліктеріне, орманға, суды пайдаланғанға, кәсіпорын, мекемелерді тіркегеннен, сату правосы үшін төлем, жарнамаға төлем, азаматтардың мақсатты төлемдері т.б.

     3) Жергілікті салықтардың көпшілігін кәсіпкерлер және азаматтар төлейді. Оған азаматтардың мүлкіне салық, жер салығы, кәсіпкерлік іспен айналысатын азаматтардан тіркеу үшін төлем, сауда жасағаны үшін және азаматтар мен кәсіпорындардан мақсатты төлем, жарнамаға салық.

      

    1.2. Салық түрлері, қағидаттары және атқаратын      қызметтері.

 

      Нарықтық экономика жағдайында салықтар үш қызмет атқарады: фискальды (мемлекеттік табыстарды жинау) , қайта бөлу, реттеуші. Салықтың фискальдық қызметі – мемлекеттің салық саясаты тұтқаларының көмегімен нарық коньюктурасының жағдайына әсер етуде, экономикалық өсуді тұрақтандыру және ынталандыруға тырысуында тұр. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар, мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады. Салық қаражаттары ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, прогрессивті технология мен өнім түрлерін игеру, экономикада құралымдық өзгерістер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, әлеуметтік саланың обьектілерін ұстау үшін белсенді түрде пайдаланады.

     Салықтың қайта бөлу қызметі – салық механизмі арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің едәуір бөлігін жұмылдыруда тұр. Батысқа және біздің елімізде мемлекеттік бюджет арқылы ЖҰӨ-нің 30%-тен 50%-ке дейінгі қайта бөлінеді. Салық түсімі есебінен мемлекет әскери бағдарламаларды қаржыландырады.    

      Реттеу қызметі дегеніміз – салықтарды бөлу, қайта бөлу арқылы ұлғаймалы ұдайы өндірістің қарқынын өркендетуге немесе бәсеңдетуге болады, немесе халық шаруашылығының бір саласынан екінші саласына күрделі қаржы салу арқылы халықтың әл-аухатын арттыру үшін.

       Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

       Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

     Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын А.Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:

      1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);

      2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);

      3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);

      4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).

      Бұл қағидаттарды пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процесске реттемелеуді енгізді және А.Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру