Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы салық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 20:43, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс мақсатына сәйкес оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:
 Салық ұғымын және оның әлеуметтік-экономикалық мәнін ашып көрсету;
 Салықтың атқаратын қызметтерін, принциптерін қамту;
 Салық түрлерін жеке-жеке қарастыру;
 Қазақстан Республикасының салық реформасының кезендерін талдау;
Қазақстан Республикасының егемендігі, оның әлеуметтік бағдары нарықтық қатынастырға бағытталған даму жолына көшуі, мемлекет және қоғам мүддесіне қажетті қаржы-қаражаттардың мемлекет құзырында
орталықтандырылуы, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеу барысында пайданылатын салықты экономика және құқық аяларын өзіне тиесілі орнын алуының басты себебіне айналып отыр.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
I бөлім. Салықтың экономикалық мазмұны, қажеттілігі.
1.1.Салық және салық салу ұғымдарының сипаттамасы.............................6
1.2. Салықтың түрлері ....................................................................................10
1.3. Салықтың атқаратын қызметтері, принциптері....................................13
ІІ бөлім. ҚР-ғы қазіргі жағдайдағы салық саясаты.
2.1. Қазақстан Республикасының салық реформасының кезеңдері.......... 20
2.2. Салық саясатындағы кемшіліктерді шешу жолдары.......................... 27
Қорытынды.........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................31

Работа содержит 1 файл

салык саясаты - курсовой1.doc

— 172.00 Кб (Скачать)


Жоспар:

 

 

 

 

Кіріспе...................................................................................................................3

 

I  бөлім. Салықтың экономикалық мазмұны, қажеттілігі.

     1.1.Салық және салық салу ұғымдарының сипаттамасы.............................6

     1.2. Салықтың түрлері ....................................................................................10

              1.3. Салықтың атқаратын қызметтері, принциптері....................................13

 

ІІ  бөлім. ҚР-ғы қазіргі жағдайдағы салық саясаты.

2.1. Қазақстан Республикасының салық реформасының кезеңдері.......... 20

2.2. Салық саясатындағы кемшіліктерді шешу жолдары.......................... 27

 

Қорытынды.........................................................................................................29

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Осы курстық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы салық саясаты». Курстық жұмыстың мақсаты - Салық жүйесінің мәні мен мазмұнын ашу, ҚР салық жүйесінің тұрақтылығын көрсету.

Курстық жұмыс мақсатына сәйкес оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:

                  Салық ұғымын және оның әлеуметтік-экономикалық мәнін ашып көрсету;

                  Салықтың атқаратын қызметтерін, принциптерін қамту;

                  Салық түрлерін жеке-жеке қарастыру;

                  Қазақстан Республикасының салық реформасының кезендерін талдау;

Қазақстан Республикасының егемендігі, оның әлеуметтік бағдары нарықтық қатынастырға бағытталған даму жолына көшуі, мемлекет және қоғам мүддесіне қажетті қаржы-қаражаттардың мемлекет құзырында
орталықтандырылуы, сондай-ақ  өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеу барысында пайданылатын салықты экономика және құқық аяларын өзіне тиесілі орнын алуының басты себебіне айналып отыр.

Мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғам өмірінің айрықша экономикалық аясының тоғысатын жері, көбінесіне обьективті қаржылық құбылыс ретінде жарқын көрініс табатын салық салу саласы әрқашанда мемлекеттің салықтық реттеуші ықпалының ауқымды ретінде көрініс табады.

Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасында қоғамдағы қандай болмасын процесстерге мемлекеттік әкімшілік жүргізу арқылы тікелей ықпал ету мүмкіндігінің тарыла бастағаны бүгінде баршаға аян.Ал салық саясаты - мелекетіміздің тәуелсіздігінің ең басты шарттарының бірі болып табылатыны осы бөлімдерде қарастырылып және танысып талқылау арқылы айқындалған.

3

 



I бөлім Салықтың экономикалық мазмұны, қажеттілігі

 

1.1 Салық және салық салу ұғымдарының сипаттамасы.

 

Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

              Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлкеттің тұрақты қаржы көзі.

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджет ақшалай төленетін қайтарусыз жэне өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялар мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстыстық бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылатын. Адамзат дамуынының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді.

Салықтар тауар - ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып,     олардың дамыған жүйесінде айталықтай өрбіді. Мемлекет құрлымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі -ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері жэне бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көз болып табылады.

Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың әлеуметтік түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғаттымен және функцияларымен айқындалады.

Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімннің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидасы қалыптасқан;

1) пайда қағидасы

2) "қайыр көрсету" қағидасы,

Алынган игіліктерге және төлем қабілеттігіне салық салудың қағидаларын пайдалану салық мөлшерлерін белгілеуге жэне табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.

Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын А.Смит ұсынған еді. Олар мынаған сыяды:

1. салық, салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс.

2. салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы тиіс;

З. әрбір салық, салық төлеу үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс

4. салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс. Бұл қағидаттарды пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және А.Смитке "салықтар - оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны" деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды.

1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:

а) "деңгейлестеңдікке" жету салық төлеушілердің табыстарына тең   жағдайда біркелкі салық салынады;

ә) "сатылас теңдікті" сақтау жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті мәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс;

2. Қарапайымдылық қағидаты, салық механизмі салық төлеушіге   түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.

3. Салықтардың анықтығы – алдын-ала белгіленген шарттар мен  талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық  аумағында және барлық     шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың
біркелкілігі.

4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.

5. Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономикалық жұмыс істеуін жақсартуға жэне инвистициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.

6. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.

Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық жэне бюджетке төленетін басқа да міндетті, төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртүтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттарына негізделеді.

Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде жэне белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болу тиіс.

Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының жэне тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.

Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік - құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдарды белгілейтін түрлі міндетті мақатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.

3

 



1.2 Салық түрлері

Салық салу обьектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар  болып жіктеледі.

Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.

Тікелей салықтарға мына салықтар жатады :

-Занды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық

-мүлік салығы

-жер салығы

-бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық

-жер қойнауын пайдланушылардың арнайы салығы мен төлемі

-көлік құралына салынатын салық және т. б.

Жанама салықтарға мына салықтар жатады: 

-         қосылған құнға  салынатын салық

-         акциздер

-         баж салықтар

            Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.   

Салық түрлеріне мыналар жатады:

-    корпорациялық табыс салығы

-         қосымша құн салығы

-         жеке табыс салығы

-         әлеуметтік салығы

-         меншікке салынатын салық

-         жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары.

Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шыққан шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу обьектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімде кешенді шығыстар, мысалы жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.

Демек, бұл салық ерекшелігі - оның салық салынатын обьектісі сатудан түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық салыңатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республиканың кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру жэне олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша бір бюджетке аударады.

Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады. Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент - заңи тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент - заңды тұлғалар төлейді.

Арнаулы салық режимін қолданушы заңи тұлғалар-шағын бизнестің субьектілері, шаруа қожалықтары, заңи тұлға - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді.

Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңи тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.

Негізгі шектерде бұл механизм заманға сәйкес мынаған саяды.

Салықты табыс алатын заңи тұлғалар, резиденттер мен бейрезиденттер, соның ішінде кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да төлейді.

Салық кезеңі кезіңі ішінде енгізілген аванстық төлемдердің сомасы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі мағлұматтар бойынша есептеп шығарылған оны төлеу есебіне жатқызылады.

Әлеуметтік салық - мемлекетте              алынатын салықтардың бірі.

Әлеуметтік салықтан түсетін              түсімдер мемлекеттік бюджетке 15,7% алады.

Қазақстан Республикасының резидент заңи тұлғалары, шетелдік заңи тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдағы салық саясаты