Ұлттық қауіпсіздігіміздің өзекті мәселесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 07:56, реферат

Описание работы

Қазақстанның жетістіктері туралы көп айтуға болады. Бірақ «сын түзелмей, мін түзелмейді» демекші, еліміздің басты кемшілігінің бірі – сыбайлас жемқорлық күннен-күнге тамырын кеңге жайып барады. Қазіргі кезде жемқорлық мемлекеттік және әлемдік масштабтың бизнес көзіне айнала бастады. Соңғы есептеулерге қарасақ, коррупциялық схемаларда айналатын ақша көлемі мемлекеттік бюджеттің мөлшерінен асып түседі. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қорғаудың өзекті мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Аймақтық экономика.docx

— 28.37 Кб (Скачать)

Ұлттық қауіпсіздігіміздің өзекті мәселесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

     Қазақстанның  жетістіктері туралы көп айтуға болады. Бірақ «сын түзелмей, мін түзелмейді»  демекші, еліміздің  басты кемшілігінің бірі – сыбайлас жемқорлық күннен-күнге  тамырын кеңге  жайып барады. Қазіргі кезде жемқорлық мемлекеттік және әлемдік масштабтың бизнес көзіне айнала бастады. Соңғы есептеулерге қарасақ, коррупциялық схемаларда айналатын ақша көлемі мемлекеттік бюджеттің мөлшерінен асып түседі. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қорғаудың өзекті мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.

     Сыбайлас  жемқорлықпен көптеген әлем елдері, оның ішінде әсіресе нарықтық экономикасы  және демократиялық басқаруды құру жолындағы дамушы елдер басынан  кешіріп келеді. Мысалы, Нигерия, Индонезия, тіпті дамыған деген АҚШ, Италия секілді елдердің экономикасында да оның зардаптарының табы бар.Жемқорлық  мәселесін жеңіп шыққан көптеген мемлекет экономикалық жетістік пен  әлеуметтік ауқаттылыққа жетуде. Сондықтан  бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы  күрес біздің ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің  міндетті шарттарының және Қазақстанның дамуын тездетудің маңызды факторларының  бірі болып саналады.Сыбайлас жемқорлық  едәуір қауіп-қатер төндіретін маңызды  салалар бар. Олар – қазақстандықтардың күнделікті тіршілігіне тікелей  қатысы бар денсаулық сақтау, білім  беру, тұрғын үй шаруашылығы салалары мен мемлекеттік органдардың  төменгі тармақтары.Мемлекеттік  органдарда сыбайлас жемқорлыққа әсер етуші факторлардың бірі – мемлекеттік  қызметкерлер еңбекақысының төмен  болуы. Әсіресе мемлекеттік қызметкерлердің ішінде минималды тұтынушы қоржыны деңгейінен төмен еңбекақы алатындар да кездеседі. Сондай-ақ жеке секторда да еңбекақы көлемі өте төмен белгіленетін жайттар болады. Сондықтан да соңғы бірнеше жыл бойы маңызды мәселелердің бірі – бюджеттің табыс мөлшерін орындау және оның шығыс мөлшерін дұрыс бақылау болып келеді.Жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін құру бағыттарының бірі Қазақстан халқына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы» Жолдауындағы «Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту және қауіпсіздігі мен гүлденуі» деген тарауда нақты көрсетілген. Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асырудың нақты шаралары қабылданды. «Административтік іс бойынша» қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізілді.2000 жылдың сәуірінде Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлық және қылмысқа қарсы күрес жүйесін жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» қаулы қабылдады. Қазақстанда осы мәселемен күресу үшін арнайы құрылымдар, жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша ҚР Президентінің комиссиясы, экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөнінде республикалық агенттік құрылған. 2006-2010 жылға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша бағдарлама да қабылданды.

     Менің ойымша, қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды  факторларына нормативтік-құқықтық базаны ары қарай жетілдіру, жемқорлыққа  қарсы шараларды күшейту, халыққа  қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін көптеген әкімшілік тосқауылдарды  болдырмау тәрізді шаралар жатады. Осыған байланысты іске асыратын негізгі шараларға – мемлекеттік органдардың жұмыстарын ашық және анық қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты стандарттарын енгізу әрі шешімдерді қабылдаудағы тиімділікті арттыру мәселесіне кешенділікпен келуге тиіспіз. Қорытындылай келсек, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажет. Бұл құбылысқа қарсы тиімді іс-әрекетке жетуді тек азаматтық қоғамның барлық институттарының күшін біріктіру арқылы жүзеге асыруға болады. Тек осылай ғана біз ең мықты дамыған, экономикасы бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кірудің ұлттық идеясын жүзеге асыра аламыз.

Cыбайлас  жемқорлықпен күрес

     Қазіргі таңдағы жағдайды бағамдап, саралап  қарасақ, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне және жұмыстарының тиімділігіне кері әсер ететін бірқатар мәселелердің бар екендігіне көз жеткіземіз. Қоғамның дамуына кедергі келтіретін теріс  және аса қауіпті құбылыстардың  бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады және ол елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелеріне кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты, елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы  мемлекеттік саясат мәртебесі берілген, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жалпы жүйелік  және кешенді сипатқа ие болып  отыр. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында  тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік  саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері  деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту  бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

     Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге  тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту  және құқық қорғау қызметін одан әрі  жетілдіру жөніндегі қосымша  шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін  жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда  жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

     Қызмет  құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс  кодексі талаптарының сақталуын  қадағалап, аталған заңнама мен  кодекс талаптарының бұзылуына жол  берген қызметкерлердің тәртіптік  жауапкершілігін қарау белгіленген.Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық  мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы  мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер  әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік  саясатының негізгі басымдылықтарының  бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

     Жоғарыда  аталған Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға  теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн  және соған байланысты мүмкiндiктерiн  пайдалана отырып, не мүлiктiк пайда  алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн  өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар  арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк  игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған  игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа  қарсы беруi арқылы оларды сатып  алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрестің өзектілігі бәрімізге  айқын. Атап айтқанда, ол сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңнаманы, құқықбұзушылықтың  деңгейін төмендету бойынша арнайы шараларды жетілдіруге құқық  қорғау және сот жүйесі қызметін оңтайландыруға, азаматтық қоғаммен өзара әрекетке, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа  қарсы саясатын насихаттау мен халықаралық  ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Сондықтан да, әрбір Қазақстан Республикасының  азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол  бермеуге міндетті.

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ. Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.Себебі, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Елбасы  мемлекеттік құрылымдардың сәйкесінше тиімді және бағытталған жүмысты  күтеді. 2005 жылы қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы  күрестің негізі болып табылады. Оның жүзеге асырылуы мемлекеттік органдардың  және азаматтық қоғам институттарының  өзекті мәселесі. Бұл бағдарламаның  басты мақсаты–мемлекеттік органдардың  және азаматтық қоғам институтары  қызметін үйлестірудің тиімділігін  арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық  деңгейін төмендету.

     Сыбайлас  жемқорлық, құқық бұзушылық әр түрлі  сипатта болады. Соның ішіндегі ең қауіптісі – парақорлық. Әрине  сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде  тамырын тереңге жіберген. Сондықтан  онымен күресу ымырасыз, тоқтаусыз  және барынша қатал түрде жүргізілуі тиіс.

Сыбайлас  жемқорлықпен күресу – баршамыздың  міндетіміз.Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алу. 
Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, тұтастай алғанда ТМД бойынша да жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел болып табылады. Мұндай құқықтық актілердің қатарына 1998 жылғы “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңды, Жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қосуға болады. 2005 жылы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі бекітілді. Ал 2007 жылдың 12 қаңтарында “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” заң қабылданды.Бұл заңнамалық актілердің мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлеу, мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына қойылатын талаптарды арттыру.Сонымен қатар демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.  
           Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді. 
        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы болып табылады. Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мынадай бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді: 
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басымдығы, оны тудыратын себептер мен оған ықпал ететін шарттарды жою; 
- мемлекеттік ресурстарды бөлуді бақылауды күшейту; 
- мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын іске асыруын бақылау; 
- сыбайлас жемқорлықпен күреске өкілетті билік органдарын кеңінен тарту; 
- әр түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың орын алу деңгейін анықтау кезінде халықаралық рейтингтер жүйесін пайдалану; 
- халықаралық институттардың, отандық үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуы. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын ала іс-қимыл жасаудың мемлекеттік саясаты билік құрылымдарының ашықтығы мен қоғамның бақылауында болуын; мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуды және мемлекеттік бақылау органдары жүйесін оңтайландыруды; сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін фактор ретінде мемлекеттік қызметшілер жағдайының тұрақсыздығын болдырмайтын кадр саясатын жүргізуді; азаматтардың тәуелсіз, сырттан және әсіресе сот жүйесінің өзінен сыбайлас жемқорлық әсер етуден тәуелсіз сотқа жүгіну құқығын қамтамасыз етуді көздейді. 
Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған. 
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен сал¬дарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия - Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. 
           Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. 
           Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

         Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты.Тамыры тереңге кеткен жемқорлықтың бүгінгі деңгейі алаңдаушылық тудырып отырғаны орынды. Бұл жағдаймен еліміздің әрбір тұрғыны күнделікті кездесіп тұрады десек, артық айтқандық емес. Сыбайлас жемқорлық – заң бұзушылықтың ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті. Басты қадағалау заң қызметкерлерінен болуға тиісті. Әрине соған қарамастан, арамызда лауазымын асыра сілтеп, жемқорлар санын көбейтушілер жоқ емес. Жемқорлықтың тамырына көпшілік болып күрескенде ғана балта шабатынымыз белгілі. Бізде заң көп, бірақ орындап жатқан ешкім жоқ. Парақорлық сол заңның орындалуына кедергі келтіруде. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық өмір сүріп тұрғанда, бізде ешқандай заң жүзеге аспайтыны анық.Қоғамның мақсаты – мәселені көтеру, оны шешу үкіметтің міндеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның талаптары қолданысқа енгелі бері заң құрығынан таза шығудың айла-шарғылары да сан құбылып өзгеріп келеді. Бір сөзбен айтқанда заң талабы түзу болғанымен оның тетіктері терең ойластырылмағандықтан қашан да ол қозғалысқа енбей малтығып қалады. Оны құқық қорғау органдарының осы бағыттағы жүргізіліп жатырған іс-қимылдарынан да анық байқауға болады. Бір сөзбен айтқанда заңның бағыты дұрыс болғанымен, шын мәнінде оның тетіктерін тежейтін, заң орындары кінәлі басшының абыройын қорғауға мүдделік таныта қалса, қалған жағына қарай икемдеп, бұрып әкетуге ыңғайлы келетін осындай түйе тайлы баптар жетерлік.      Дегенмен, жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Бұл тарапта заңгерлердің әрекеті проблеманы толыққанды шешуде аздық етеді. Ал бұдан да жақсы жетістікке жету үшін барлығымыз жұмыла дертпен күрескеніміз абзал.

Информация о работе Ұлттық қауіпсіздігіміздің өзекті мәселесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес