Қазақстан Республикасы прокуратура туралы заң

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:19, реферат

Описание работы

1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 55.85 Кб (Скачать)

12-бап. Бас прокуратура       

1. Қазақстан Республикасының Бас  прокуратурасына Республиканың  Бас Прокуроры басшылық етедi. 
      2. Республиканың Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары және орынбасарлары болады. 
      3. Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгiлейдi. 
      4. <*> 
      5. Бас прокуратура:  
      1) Республика прокуратура органдарының iс-қимылдарын олардың қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша үйлестiрiлуi мен орайластырылуын қамтамасыз етедi; 
      2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына талдау жасайды; 
      3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 
      4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөнiндегi жұмысын бақылайды; 
      5) заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады; 
      6) кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және жүргiзедi; 
      7) норма шығарушылық қызметiне қатысады; 
      8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi. 
      6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жыл сайынғы жиынтық жоспарын ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтына орналастырады.  
      

13-бап. Облыстардың прокурорлары      

 Облыстардың прокурорлары және  оларға теңестiрiлген прокурорлар: 
      1) облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық жасайды; 
      2) бағынысындағы барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.    

  

14-бап. Облыстардың прокуратуралары      

1. Облыстардың прокуратураларына  және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республика Президентiнiң келiсiмiмен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi. 
      2. Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi болады. Облыстардың прокурорларының орынбасарлары облыстық прокуратуралардың тиiстi басқармаларының бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн. 
      3. Облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда басқармалар мен бөлiмдер болады. Басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтары тиiсiнше облыстар прокурорларының аға көмекшiлерi және көмекшiлерi болып табылады. Басқармалар мен бөлiмдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың лауазымдары белгiленедi.  
      

15-бап. Қалалық, аудандық  және оларға теңестiрiлген өзге де прокурорлар мен прокуратуралар     

1. Қалалық, аудандық және оларға  теңестiрiлген прокуратураларға  Республиканың Бас Прокуроры  бес жыл мерзiмге тағайындайтын  тиiстi прокурорлар басшылық етедi. 
      2. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi болады. 
      3. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларда бөлiмдер құрылуы мүмкiн.  
    

16-бап. Төменгi прокурорлардың  жоғары тұрған  прокурорларға бағыныстылығы      

1. Прокурорлардың бағыныстылығы: 
      1) жоғары тұрған прокурорлардың ұйымдастыру және қызмет мәселелерi жөнiндегi нұсқауларының төменгi прокуратуралар үшiн мiндеттiлiгiн; 
      2) төменгi прокурорлардың жоғары тұрған прокурорлар алдында қызмет мiндеттерiн орындауы үшiн жауапкершiлiгiн; 
      3) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төменгi прокурорлардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруын; 
      4) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлар актiлерiнiң күшiн жоюын, қайтарып алуын, өзгертуiн; 
      5) жоғары тұрған прокурорлардың төменгi прокурорлардың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жасалған шағымдарды шешуiн қамтиды. 
      2. Республиканың Бас Прокуроры төменгi прокурорлардың бағыныстылығының өзге де нысандарын белгiлеуi мүмкiн.    

  

17-бап. Прокуратура органдарындағы  алқалар     

1. Бас прокуратурада, облыстардың  прокуратураларында және оларға  теңестiрiлген прокуратураларда алқалар құрылады. 
      2. Алқа отырыстарында прокуратура органдары қызметiнiң мәселелерi, сондай-ақ заңдардың бұзылуының анықталуына байланысты Бас Прокурордың, облыс прокурорының немесе оған теңестiрiлген прокурордың ұйғарымы бойынша заңды бұзған лауазымды адамдардың қатысуымен алқалы түрде қарауды қажет ететiн өзге де мәселелер қаралады. 
      3. Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. 
      4. Алқаның шешiмдерi тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен iске асырылады және прокуратура органдарының қызметкерлерi үшiн мiндеттi. Заңның бұзылуының анықталуына қарай прокурорлық қадағалау актiлерi қабылданады. 
      5. Алқа жұмысының регламентiн және алқа мүшелерiнiң мәртебесiн Республиканың Бас Прокуроры айқындайды. 

 

3 ТАРАУ  
Прокуратураның құқықтық актiлерi     

  

18-бап. Прокуратураның  құқықтық актiлерiнiң жүйесi     

1. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесiн: 
      1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсiндiрме; 
      2) Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды. 
      1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актiлерi жариялануға тиiс. 
      2. Прокуратураның ережелерi мен нұсқаулықтары тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен бекiтiледi.  
      

19-бап. Наразылық     

1. Прокурор Конституцияға, заңдарға  және Республика Президентiнiң  актiлерiне қайшы келетiн нормативтiк  және өзге де құқықтық актiлерге,  мемлекеттiк органдар мен лауазымды  адамдардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық жасайды. 
      2. Наразылық оны шығарған органға немесе жоғары тұрған органға берiледi. Лауазымды адамның заңсыз шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне наразылық нақ осындай тәртiппен жасалады. 
      3. Прокурордың наразылығын тиiстi орган немесе лауазымды адам он күн мерзiм iшiнде қарауға тиiс. Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын күнi туралы прокурорға хабарлауға мiндеттi. Наразылықтың сотта қаралу мерзiмi заңдарда белгiленедi. 
      4. Наразылықта прокурор заңсыз актiнiң күшiн жоюды не оны Конституцияға және заңдарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекеттерiн тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтiрудi талап етедi. 
      5. Прокурор наразылық жасалған актiнiң не iс-әрекеттiң орындалуын наразылық бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тоқтата тұруға хақылы. Заңдарға жасалған наразылық олардың қолданылуын тоқтатпайды.    

  

20-бап. Қаулы     

1. Заңның бұзылу сипатына қарай  прокурор қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөнiнде қаулы шығарады. 
      2. Прокурор заңның қолданылуына тексерiс жүргiзу туралы, заңсыз құқықтық актiнi алдырып тастау, қарау, тұмшалау салу туралы, тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды жою немесе алып тастау туралы, күшiн тоқтата тұру туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткiзу (күштеп әкелу) туралы, сондай-ақ заңда көзделген басқа да реттерде қаулы шығарады. 
      3. Прокурордың қаулысын уәкiлеттi орган немесе лауазымды адам заңмен белгiленген мерзiмде, ал мұндай мерзiм болмаған жағдайда, прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындауға тиiс. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде орындамау Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.  
      (583-бапты қараңыз K010155) 

21-бап. Санкция      

1. Прокурор жазбаша түрде:  
      1) алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 N 65-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;  
      2) қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайларда тiнтуге; 
      (232-бапты қараңыз K970206) 
      3) айып тағылған адамды қызметтен шеттетуге, сезiк келтiрiлген немесе айып тағылған адамды сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге орналастыруға; 
      4) Конституциямен және заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтiмдерi құпиясына, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұғылмау құқығына қатысты жедел-iздестiру шаралары мен тергеу әрекетiн жүргiзуге; 
      5) шетелдiктердi әкiмшiлiк тәртiппен аластау үшiн ұстауға;  
      5-1) бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау мен жазып алуға, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау мен жазып алуға;  
      5-2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын қоспағанда) банктiк құпиясы бар құжаттарға қол жеткiзуге;     

5-3) жеке және заңды тұлғалардың банктердегi ақшасы мен басқа да мүлкiне тыйым салу; 
      5-4) Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялауға; 
      6) тiкелей заңмен көзделген өзге жағдайларда санкция (келiсiм) бередi. 
      2. Көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға санкция берудi немесе оны беруден бас тартуды прокурор санкция сұрауға негiз болған материалдарды зерделегеннен кейiн лауазымды адамның қаулысына қарар түрiнде немесе өзге жазбаша нысанда жиырма төрт сағаттың iшiнде ресiмдейдi. 
      3. Адамның және азаматтың бостандық құқықтарын шектеуi мүмкiн жедел-iздестiру және өзге қызмет мәселелерi жөнiндегi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына келiсiм бередi.  
 

22-бап. Нұсқау      

1. Прокурор: 
      1) қылмыстық iстердi қозғау мен тергеу жүргiзуге байланысты анықтама және тергеу органдарына; 
      2) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға;  
      3) заңмен белгiленген өзге де жағдайларда нұсқау бередi.  
      2. Республика Бас Прокурорының жедел-iздестiру қызметi, анықтама және тергеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк сипаттағы нұсқауын барлық тергеу және анықтама органдары, жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар орындауға мiндеттi.    

  

23-бап. Өтiнiш     

1. Прокурор заңға сәйкес бұзылған  құқықтарды қалпына келтiру және  мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талаптық өтiнiш жасауға хақылы. 
      2. Прокурорлық қадағалау актiлерi қабылданбаған немесе олар заңда белгiленген мерзiмде қаралмаған жағдайларда прокурор органдар мен лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi мен актiлерiн жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ заңды бұзушылықты болдырмау туралы сотқа өтiнiш беруге құқылы. Прокурор наразылық келтiрiлген актiнiң күшiн арызды сот қарағанға дейiн өз қаулысымен тоқтата тұруға құқылы. 
      3. Сотқа берiлген прокурорлық қадағалау актiлерiнiң қабылданбауына немесе қараусыз қалдырылуына байланысты өтiнiштi сот заңда белгiленген тәртiппен қарайды. 
      4. Прокурордың өтiнiшiне мемлекеттiк баж бен өзге де алымдар салынбайды.  
      

24-бап. Ұйғарым     

1. Заңды бұзушылықты жою туралы жазбаша ұйғарымды прокурор енгiзедi және оны заңды бұзуға жол берген органға немесе лауазымды адамға, не жiберiлген заң бұзушылықты жоюға өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға жiбередi. Егер заңды бұзу ашық сипатта болып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн болған және ол дереу жойылмайтын болған жағдайда, ұйғарым енгiзiледi. Ұйғарымды нормативтiк құқықтық актiлерге енгiзуге болмайды. 
      2. Ұйғарымда Конституцияның, заңдар мен Республика Президентi актiлерiнiң бұзылған нормалары көрсетiлiп, құқық бұзушылықтың сипаты мен заң бұзушылықты жою жөнiндегi шаралар туралы нақты ұсыныстар болуға тиiс. 
      3. Ұйғарым прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындалуға тиiс. Ұйғарымның орындалуы туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың ұйғарымын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. 
      4. Ұйғарымға жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Ұйғарымға шағымның берiлуi оның орындалуын тоқтата тұрмайды. 
      5. Жоғары тұрған прокурор немесе сот шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн ұйғарымның орындалуын тоқтата тұра алады.  
      

25-бап. Ұсыныс     

1. Прокурор өз құзыретi шегiнде: 
      1) заңдылықты бұзуды болдырмау туралы;  
      2) қылмыс жасауға және басқа тәртiп бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы;  
      3) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қол сұғылмау құқығы бар адамдарды одан айыру мәселелерi бойынша;  
      4) заңда белгiленген өзге жағдайларда ұсыныс енгiзедi.  
      2. Ұсынысты лауазымды адам немесе орган заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы шараларды мiндеттi түрде қабылдай отырып, бiр ай мерзiмде қарауға тиiс. Прокурор ұсынысты қарауға қатысуға хақылы. Ұсынысты қараудың нәтижелерi және қолданылған шаралар туралы прокуратураға хабарланады.  
     

26-бап. Заңды түсiндiру     

1. Органның немесе лауазымды  адамның не азаматтың заңдарды  бiлмеуi немесе дұрыс түсiнбеуi салдарынан  оларды дұрыс қолданбауға әкелiп  соғатын жеткiлiктi негiздер бар  деп санаған ретте, прокурор  заңның мазмұнын, ал қажет болған  жағдайда заңды бұзғаны үшiн көзделетiн жауапкершiлiктi түсiндiредi. 
      2. Құқықтық актiнiң жобасы заңға сәйкес келмеген жағдайда прокурор актiнi қабылдайтын органға немесе лауазымды адамға заңның талабын түсiндiредi.    

  

26-1-бап. Прокурордың құқықтық  актiлерiн мәжбүрлеп орындату шаралары      

1. Прокурордың қаулылары мен  ұйғарымдарын өз еркiмен орындамаған  жағдайда, ол мүлкiнен мәжбүрлеп  айыруды көздейтiндерiн қоспағанда, прокурордың талаптарын мәжбүрлеп  орындату туралы қаулы шығаруға және оны орындау үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жiберуге құқылы.     

2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар  прокурордың тиiстi қаулысын алған  бойда оны орындауға дереу шаралар қолдануға мiндеттi.     

3. Лауазымды адамдар, азаматтар  айғақтар беру үшiн прокуратура  органдарына келуден бас тартқан жағдайда, прокурор ондай адамды прокуратура органдарына жеткiзу (күштеп әкелу) туралы қаулы шығаруға құқылы, оны жиырма төрт сағат iшiнде iшкi iстер органдары орындайды.  
       

27-бап. Прокурорлық қадағалау  актiлерiн жариялау     

 Өз қызметiнiң жариялылығын  қамтамасыз ету үшiн прокуратура  органдары адамның және азаматтың  конституциялық және заңмен қорғалатын  өзге де құқықтарын, заңды тұлғалар  мен мемлекеттiң мүдделерiн бұзған  органдар мен лауазымды адамдардың  заңсыз iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне прокурорлық қадағалау актiлерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай алады.  
 
  

Информация о работе Қазақстан Республикасы прокуратура туралы заң