Ауырып ем ізденгенше

Дата добавления: 27 Февраля 2013 в 10:03
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (39.51 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Ауырып ем ізденгенше.docx

  —  42.09 Кб

Ауырып ем ізденгенше, 
Ауырмаудың жолын ізде.

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз. 
“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…” 
Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін. 
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. 
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. 
Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. 
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады. 
“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.

 

 

 

 

 

 

 

Дене тәрбиесі жаттығуларын гиподинамияның әсерінен  пайда болған көптеген аурулардың профилактикасы ретінде қарастыруға болады. Адамның денсаулығының  тез жақсаруы мен еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде  дене шынықтыру жаттығуларын  емдік шара ретінде қолдану өте дұрыс.

Емдік дене шынықтыру жаттығулары   ауру немесе сырқат  адамның денсаулығын жақсарту және еңбек қабілетін қалпына келтіру мақсатында емдік профилактикалық әдіс ретінде қолданылады. Емдік дене шынықтыру  дене тәрбиесінің бір бөлігі ретінде, дене  күшінің дамуына, қимылдың  координациясы мен жылдамдығын артуына, ептілікті, батылдықты, төзімділікті  және басқа да адамның еңбек пен қоғамдық өміріне қажетті физикалық психологиялық қасиеттерді дамытуға өз үлесін қосады.  Сондықтан дене шынықтыру жаттығуларын  қолданудың тек емдік ғана емес,  сонымен қатар тәрбиелік те  мәні зор.

Емдік дене шынықтырудың негізгі құралы  белгілі бір мақсатта қолданылатын, жалпы аурудың жағдайына және өту  ерекшеліктеріне байланысты мөлшерленіп белгіленген физикалық жаттығулар. Емдік  дене жаттығулары , адам денесіне әсер еткенде күрделі құбылысқа сүйенеді. Олар  орталық жүйке жүйесі арқылы ауру ағзасындағы күрделі процестерді ынталандырады және қалпына келтіреді. Негізінде емдік дене  шынықтырудың ағзаға әсер етуінің төрт механизмі бар: денені сергіту (тонусты жоғарылату),  қоректендіру (трофикалық), қалыпқа келтіру (компенсаторлық) және реабилитациялық.

Сергіту қызметі (жалпы тонустың жоғарылауы) дене шынықтырудың барлық түрінде кездеседі және негізі болып табылады. Бұл кезде ОЖЖ-дегі  жүйкелік процестердің артуы, ішкі бездердің қызметтерінің белсенділігі жоғарылауы, зат алмасу, тыныс жүйесі және жүрек-тамыр жүйесі қызметінің артуы болады. Дұрыс қолданылған  дене жаттығулары ағзаны сергітіп, жақсы әсер береді.

Трофикалық қызметі тіндер  қызметінің бұзылысында көрініс табады. Бұл кезде тіндер мен жасушалардағы қан айналысы жақсарады және олар қоректік заттармен қамтамасыз етіледі.

Компенсаторлық (қалпына келтіру механизмі) – бүлініске ұшыраған ағзалардың қызметін уақытша немесе толық  қалпына келтіру.

Реабилитациялық қызметі – денсаулықты жақсарту және еңбек қабілетін қалпына келтіру мақсатында қолданылатын психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік шаралардан тұратын кешенді емдік тәсілдері.

Гиподинамия салдарынан  болатын аурулардың алдын алу мақсатында  әрбір адам  қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына орын алып отырған қиындықтарға қарамастан өз денсаулығына аса мұқияттылықпен қарағаны дұрыс. Адамзаттың данасы Аристотельдің  «жанды дене қозмалмаса  өледі» деген қағидасын әр адам күнделікті тіршілігінің бағдарламасы деп түсінуі керек.

Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамдағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады.

Шопенгауердің  «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.   Ал денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарының бірі, біз жоғары да айтып өткендей салауатты өмір салтын ұстану және күнделікті өмір тұрмысына дене шынықтыру жаттығуларын енгізу.

Дене шынықтыру жаттығулары  деп жалпы және арнайы таңдалған қимыл кешенін, емшара ретінде дене шынықтыруда және дене тәрбиесінде қолданылатын жаттығуларды айтады. Дене шынықтыру жаттығулары денсаулықты нығйтып, ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіреді және сонымен бірге дене шынықтыру жаттығулары адам ағзасындағы бұлшық еттерге физиологиялық әсер етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Икиманова Г.К.  «Емдік гимнастика». Алматы-2001 
2.Мустафина Т.К.-Спорттық медицина. Оқулық- А., 1997. 
3.Нұрмұхамбетұлы Ә.Н. Патофизиология. Алматы-2007 
4. Попов С.Н. «Лечебная физическая культура», М., 1988 
5.Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы-2005.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өскелең ұрпақты дене шынықтыруға тәрбиелеуде қазақ күресін қолдану мүмкіндіктері» атты бөлімінде сауалдама алу мен дене шынықтыруға даярлықты сынап көру нәтижелері келтірілген.  Өскелең ұрпақты дене шынықтыруға даярлау мен денсаулығын нығайтудың пәрменді құралы ретінде жалпы қазақ күресі тиімділігінің, дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру және аз қозғалудың орнын қозғалыс белсенділігімен өтеу негіздемелері келтірілген.

Оқушылардың дене тәрбиесінде қазақ күресін қолдану тиімділігі қазақтың ұлттық күресімен шұғылдануға деген тілекті қоса алғанда оқу-жаттығу сабақтарының денсаулықтың, дене шынықтыруға даярлықтың деңгейіне, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға уәж қарқынына оң ықпалын айқындауға мүмкіндік береді.

Спорттық шеберліктің өсуіне қарай рөлі артатын, дене тәрбиесі мен спорттың құндылықтарын одан әрі игеруге маңызды негіз болып  табылатын дене шынықтыру құралдарын орынды қолдануға оқу-жаттығу әсерлерінің бағытталуы шұғылданушылардың дене шынықтыруға даярлық пен спорттық шеберлікті арттыруды анықтайтын факторлардың бірі болып келеді.

Анкеталық сауалнама нәтижелері бойынша Қазақстанның ұлттық спорт түрлері тек көрермендер үшін ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен студенттер арасындағы  дене тәрбиесінің спортпен шұғылдану тәсілі ретінде оған қоса тұрғын халықтардың қозғалыс белсенділігіне қолдау көрсету тәсілі ретінде лайықты орынға ие болып келеді. Оқу бағдарламаларын талдау кейбір оқу орындарында дене шынықтыру мен дене тәрбиесі сабақтарында қазақ күресін, ұлттық ойындардың кейбір қимыл және ойын тәсілдерін меңгеріп, оларды сабақтың кіріспе, негізгі бөлігінде қолдану қарастырылғандығын анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеулер дәлелдегендей, қазақ күресінің қимылы мен әдістік іс-әрекетттерін мектеп оқушалары мен студентердің дене тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану оқушы жастардың физиологиялық дене дамуы мен дене даярлығын жетілдіруге және күнделікті белсенділіктерін арттыруға зор ықпалын тигізеді [Қ.А. Усин, Ж.А. Усин, 2009; Ж.С. Байшулаков, Н.М. Шепетюк, 2008 және т.б.].

Қазақстанның ұлттық спорт түрлері тек көрермендер үшін ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен студенттер арасындағы дене тәрбиесінде және спортпен шұғылдану тәсілі ретінде, соған қоса жергілікті халықтың қозғалыс белсенділігіне қолдау көрсету қажеттілігіне сәйкес келеді. Респонденттер қазақ күресіне ұлттық спорт түрлері арасында ерекше орын береді. Ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептерінің сауалнама жұргізілген оқушылары арасында  30% пайыздан астам респондент дене шынықтыру сабақтары мен сыныптан тыс сабақтар барысында спорт түрлері арасынан қазақ күресін таңдаған.

Дене тәрбиесі және спорт түрлерінен мамандарды даярлауда дене шынықтыру саласы бойынша жасөспірімдер мен ересектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру және қозғалу белсенділігін арттыру, балалардың денсаулығын жақсарту, спорттық жаттығулар туралы білік пен дағды, білім щеңберінің аясын кеңейтуді міндетті түрде жоспарлау болып табылады. Спорт түрі бойынша теория мен тәжірибелік курстан басқа, мамандық бойынша айналысатындарға, сабақтарды кәсіби деңгейде өткізу, жарыстарды ұйымдастыру, әдістік, алайлылық (тактикалық), психологиялық, дайындау және ұзақ уақыттық жеке дайындық жұмыстарын жоспарлау қарастырылуы керек.

Адамның салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз байланысы сөзсіз. Табиғат өскелең ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі байқалады. Үйде, бала бақша мен мектептерде балалардың қозғалыс мұқаждығы өте төмен.

Балалар мен жасөспірімдердің ағзаларының (жүрек, кан тамыр, тыныс жүйелерінің және т.б.) функционалдық мүмкіншіліктерін арттыратын, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратына дамыту әсерін беретін және гиподинамиялық өтімділікті алдын алатын дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жеткілікті шұғылдану қажет болып саналады [А.А. Виру, 1991; Я.С. Вайнбаум, 1993; Г.Д. Иванов, А.Қ. Құлназаров, 2008  және т.б.].

Жоғары оқу орындарында болсын, мектепте де оқушылардың дене тәрбиесі сабағынан білімін жетілдіру керек, өйткені дене жүктемелерін дұрыс қолдану, оны ары қарай жетілдіру жолдарымен оқушы жастар таныс емес. Дене жүктемелерінің адам ағзасына пайдасы мен қаншалықты әсер ететінін осы дене тәрбиесі білімі арқылы көпшілікке жеткізу дене тәрбиесі мен спорт мамандарының міндеті болып табылады. Жан-жақты қарастырып оны жақсы түсіндіріп, студенттер мен оқушыларға дене тәрбиесінен білім беру қажет.

Мамандарға сауалнама жүргізу бойынша, кезеңдегі дене тәрбиесі, көбінесе, практикалық сабақ, ал дене тәрбиесінен білімін жетілдіруге көңіл бөлінбейді. Оқушыларды дене тәрбиесі сабағымен шұғылдандырып қана қоймай, дене тәрбиесінен білімдерін де жетілдіруге болады.

Мысалы, күрес түрлерімен айналысу адам ағзасы мен ішкі ағзаларының дамуына, жыныс бездері мен дене күшінің дамуына және денсаулығының мықты болуына әсер етеді, жастардың адамгершілік пен жігерлік және басқа да психологиялық сапаларын қалыптастыруға тәрбиелеуде, дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б.) дамытуда тиімді әдіс болып табылады. Сонымен қатар, арнайы қозғалыс дағдыларын: күрестің барлық әдістерін, арнайы жаттығулар мен палуандар акробатикасын, дененің қауқарсыз мүшелерінің жарақатының алдын алу, күрестің тактикасын, жарақаттан қауіпсіздендіру тәсілдерін және т.б. нәрселерді меңгеру қажет. Өз пәні бойынша жалпы дамыту жаттығулары мен жалпы дене даярлығын арнайы дайындықтан ажырата білу, бастауыш топтағы спортшылардың дайындық кезеңін дұрыс жоспарлау және оларды спорттық шеберліктің әртүрлі кезеңдерімен алмастыра білу дағдысын қалыптастыру білімін жетілдіру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен кимыл әрекеттің  негізі, ол- шені мен мақсаты, жер  шарындағы небір ғаламат табыстардың  қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті  иесі. Адам баласы өз денсаулығының  қожасы. Әр кезде де тұмаудың, суық тиюдің алдын алу жолы бар екенін, қартаюды кешіктіруге болатынын есте сақтау қажет. Бүгінгі күнде мықты денсаулық  материалдық құндылықтар қатарында  екенін түйсінуіміз қажет.

Мектеп жасындағы  балалар белсенді түрде дене шынықтырумен, суға түсумен, таза ауада көп жүруі  керек. Мектеп жасындағы балалар  сенгіш келеді, сондықтан спорт пен  дене тәрбиесі туралы ақпарат беріп, спорт жаттығуларын әдетке айналдыруға  ықпал ету керек. Дене белсенділігі өмір салтымызға айналу керек.Мүмкіндігінше  күнделікті жаттығумен айналысқан жөн. Дене шынықтырумен айналысу үшін ең бастысы  бос уақыт керек. Өкінішке орай, көп  уақытымыз жұмыс пен тұрмысымыздың  бос әурешілігіне кетеді.Әйтседе  бос уақыт табуға бәріміздің де мүмкіншілігіміз  жетеді. Денені шынықтырудың қажеттілігін өзгенің нұсқауымен, күшпен емес, іштей түсініп, сезініп айналысса нәтижелі болады. Дене шынықтырудың көмегімен аурудың алдын алу, салауатты өмірді қалыптастыру адамның өмір құндылықтарына жауапкершілігін арттырады, өмірге қөзқарасын өзгертеді, ойы сергек болып жетістікке ұмтылады. Жас кезден бастап үзбей жаттығумен айналысу белсенді өмір сүрудің кепілі. Дене шынықтырумен айналысқанда әр түрлі жаттығуды  орындаған дұрыс. Әсіресе, қиын орындалатын жаттығулар пайдалы. 

«Үлкен жетістікке жету үшін, алдымен өзіңді жеңуің қажет» – деген қағида барлық жастағы  адамдарға сай келеді. Егер дене шынықтыруда үзіліс болса, онда жаттығуды  қайтадан жеңіл түрден бастап, бірте- бірте ағзаға салмақ түсіру қажет. 

Страницы:12следующая →
Описание работы
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.
Содержание
содержание отсутствует