Құқық әлеуметтануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 19:02, реферат

Описание работы

Құқық әлеуметтануы — құқықтың пайда болуының әлеуметтік себептерін; қалыптасу процесін; қоғамдық катынастар жүйесіндегі себеп-салдарлық байланыстардағы арнайы әлеуметтік институт есебіндегі орнын; оның қоғамдық басқа институттар мен жеке адамға тигізетін әсерін; құқықтық мемлекет орнатудағы көкейтесті мәселелерді шешудің шараларын зерттеп, негіздейтін жалпы әлеуметтану ғылымының арнайы саласы

Работа содержит 1 файл

Құқық әлеуметтануы.doc

— 98.00 Кб (Скачать)

Бұл жерде біз  құқықтық әлеуметтанудың кейбір көкейтесті мәселелеріне көңіл бөлгенді жөн  көрдік.

Біріншіден, құқықтық және нақтылы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін айыра білу қажет, өйткені, қоғамдағы ережелер (нормалардың) ондағы индивидтердің (адамдардың), әлеуметтік топтардың, жіктердің мұң-мұқтажы, талап-тілектерінің жанама түрде байланысты болады, ал ресми қабылданған құқықтық ереже (норма) қоғамда құқық жүйесінің жалпы өмір сүруін қамтамасыз ететін бірден бір шарт болып есептеледі.

Алуан түрлі мекемелердің, ұйымдардың әлеуметтік топтардың, индивидтердің, т.б. әр қайсысының өзіне тән, ерекше талап-тілегі, мұң-мұқтажы, мүддесі  болғандықтан қоғам әр қилы “Әлеуметтік кеңістіктегі” күштердің жиынтығынан тұрады десек, қателеспеген болар едік. Сондықтан бұлардың әр қайсысы әлеуметтік өмірде әр түрлі орында, ортада, жағдайда болып, әлеуметтік ресурстарда (мысалы, экономикада, саясатта, өнерде, т.б.) теңсіздікте болады. Әлеуметтік ресурстардың негізгі бір түрі “құқықтық ресурс” деп аталады. Осыған байланысты әлеуметтанушы мынындай мәселеге ерекше назар аударуы мүмкін. Қандай кезеңдерде немесе жағдайларда болмасын, кейбір әлеуметтік жағдайы біршамиа жоғары және көптеген әлеуметтік ресурстармен қамтамасыз етілген жеке адамдар мен топтар әрекет, қызмет етіп отырған құқықтық ережелерді (нормаларды) шектеуге мүмкіншіліктері бар ма, қолданыстағы, яғни, олардың жұмысын біршама тоқтата ала ма немесе кейбір құқық ережесі (нормасы) басқа бір адамдардың, топтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне қарсы тұрып, кедергі келтіре ала ма немесе қоғамда жоғары тұрған адам немесе топ бола ма, т.б.

Құқықта бекітілген құқықтық актілер ережелердің (нормалардың) жиынтығы десек, онда құқық таза (яғни, юриспруденция) ғылымына жатады да әлеуметтік сипаты болмайды.

Шетелдік құқықтық әлеуметтануда құқықтық қатынастардың  бейнесі құқық туралы кітап (кодекс) және “өмірдегі құқық” қағидаларында  нақты тұжырымдалған. Біріншіболып мұндай қағиданы өзінің “ Тірі құқық” атты еңбегінде Е.Эрлих, ал ондағы алдынғы қатарлы ой-пікірлерді америкада кең таратқан Р.Паунд болды. Осы нақтылық құқық пен жалпы және құқықтық қатынастардығы айырмашылықтарды көрсетуде М.Вебердің іс-әрекетті бір қалыпқа, ретке келтіретін “эмпирикалық” және “ нормативтік” тұжырымдамасының маңызы зор.


Информация о работе Құқық әлеуметтануы