Қоғам туралы социологтардың ойлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:08, лекция

Описание работы

Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.

Работа содержит 1 файл

Мереева Зере.docx

— 15.20 Кб (Скачать)

                                                                       ВТиПО  2 'А' группа

                                                                                      МЕРЕЕВА ЗЕРЕ

 

                       Қоғам туралы социологтардың ой-пікірі (эссе)

 

    Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.

 

Я, қоғам отбасы, топ , мемлекет болмаса өздгінен дами алмайды.

 

Француз әлеуметтанушысы  Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке  қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі –  коллективтік, жалпыға тән сана деген  тұжырымды айтады.

 

Яғни, ұйымдастырушылық, ауызбіршілік, ойдың бір жерден шығып  тұжырымдалуы.

 

Белгілі социолог П.Сорокиннің атап көрсеткеніндей, қоғам деген  – ол бір адам емес, ең кемінде  бір-бірімен байланысты екі адам.

 

Қоғам жалғыз адамнан  құрыла алмайды. Аз дегенде екі адамнын  қарым-қатынасы болып табылады.

 

Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.

 

Адамдардың бір-біріне ықпалы, әрекеті болмаса қоғам  бола алмайды.

 

Американдық әлеуметтанушы  Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар  арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың негізі –  ережелер (нормалар) мен құндылықтар  болып табылады деген.

 

Қоғамды адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы құрайды. Қарым-қатынастардың өзіндік нормалары мен құндылықтары болады.

 

Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде  пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде  түсіндіреді.

 

Қоғам адамдардан құралады. Адамдар бір-бірімен тығыз  байланыста болмаса, қоғам дұрыс  құрыла алмайды. Ал егер бірлесіп қызмет етіп, бір-біріне қолдау көрсете білсе, ол қоғамның тамыры терең болмақ... Қоғамға әр түрлі анықтама беріледі. Қоғам туралы анықтамалар көп... Қоғам адамдармен тығыз байланыста болады. Адамдар қоғамсыз, қоғам адамдарсыз дами алмайды.


Информация о работе Қоғам туралы социологтардың ойлары