Әлеуметтік саланы сапалық жаңартудың басым бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:53, реферат

Описание работы

Елбасының Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы тапсырмалары еңбек адамдарын жігерлендіріп, олардың қызу қолдауын туғызды.Әлемдегі 2,5 мыңнан астам халықтар мен ұлыстардың барлығы бостан, тәуелсіз болғысы келеді. Бірақ, өкінішке қарай, өз мемлекетін құрып, шын мәніндегі тәуелсіз ел болып отырғандары олардың 200-ден астамы ғана. Өмір сүру барысында мәңгі бодан болып өткен халықтар қаншама. Көне тарихта көпшілігі өзінің ешбір ізін қалдырып кетуге шамалары жеткен жоқ. Бақытты, тәуелсіздікті армандап, оған қолдары жетпей арпалыспен өтті талай ұлыстар

Работа содержит 1 файл

Баяндама1.docx

— 20.32 Кб (Скачать)

 

Әлеуметтік саланы сапалық  жаңартудың басым бағыттары.

      Елбасының Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы тапсырмалары еңбек адамдарын жігерлендіріп, олардың қызу қолдауын туғызды.Әлемдегі 2,5 мыңнан астам халықтар мен ұлыстардың барлығы бостан, тәуелсіз болғысы келеді. Бірақ, өкінішке қарай, өз мемлекетін құрып, шын мәніндегі тәуелсіз ел болып отырғандары олардың 200-ден астамы ғана. Өмір сүру барысында мәңгі бодан болып өткен халықтар қаншама. Көне тарихта көпшілігі өзінің ешбір ізін қалдырып кетуге шамалары жеткен жоқ. Бақытты, тәуелсіздікті армандап, оған қолдары жетпей арпалыспен өтті талай ұлыстар. Өзінің отауын, егемен елін құра алған халықтар сақталып қана қойған жоқ, әлемдік үдерістерге өз әсерін тигізді, мықтылары тарихтан өз орындарын ойып тұрып алды. Қуатты әскери, экономикалық державалар құра алған халықтар әлемдік өркениеттің эволюциялық өркендеуіне үлкен үлес қосты. Н.Назарбаевтың  мемлекет пен халық тағдырына қатысты өзекті мәселелерді болжай білгіштігі. Алысты болжай алмаған мемлекетте болашақ жоқ. Қиыншылықтар өршіп, экономикалық дағдарыс елді белінен басып тұрған кезеңде – 1997 жылы Президент «Қазақстан–2030. Барлық қазақстандықтардың қауіпсіздігі, материалдық әл-ауқатының жақсаруы» атты мемлекеттің тәуелсіздігін толық баянды етуге, дамыған экономика құруға бағытталған стратегиялық жоспарын жария етті. Бұл Жолдауда «Қазақстан 25–30 жыл көлемінде дамуының деңгейі жағынан әлемдегі орта дамыған мемлекеттердің тізіміне енуі керек» делінген. Осы тағдыршешті мақсатты Елбасының дана басшылығымен Қазақстан 30 жылда емес, 15 жыл мерзім ішінде орындап үлгерді. Егер 1997 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 1000 АҚШ доллары көлемінде болса, қазір бұл көрсеткіш 11000 доллардан асып түсті. Елдің экономикалық қуаты 15 жылда 11 есеге артты. Мұндай елеулі табыстарға қол жеткізген мемлекеттер әлемде бес-алтау ғана. Демек, Президент таңдаған нарықтық экономиканы жаңғырту саясаты ең тиімді, ең қуатты саясат екендігін барлық дағдарыстарды мен қиыншылықтарды, әлемдік қаржылық соққылар мен жаһандық қайшылықтарды жеңіп қана қойған жоқ, еліміз қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қамтыған жаңару жолына түсіп үлгерді. Сөйтіп, экономикалық және әлеуметтік қатынастарды жаңарту кезеңі басталды. Бұл жаңа кезеңді тәуелсіздіктің тарихи жеңіс кезеңі деп бағалауға болар. Жаңа даму кезеңінің басты белгісі – Қазақстанды орта дамыған елдер қатарынан шығарып, дамыған елдер сапына қосу. Елдегі даму үрдістері Қазақстанның дамыған Батыс елдерін қуып жетуіне мүмкіндігі бар екендігін дәлелдеп отыр. Бүгінгі таңда Елбасы әлеуметтік әділеттілік қағидатын халықаралық қатынастарда және елдің ішкі қатынастарында басымдыққа айналдыруға шақыруда.

 

     Еліміздің әлеуметтік саладағы барлық іс - әрекеттерінің нәтижелігінің басты өлшемі Қазақстан халқы өмірінің сапасы мен әлеуметтік қалпын әлемнің анағұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің деңгейіне сәйкес келетіндей етіп орнықты түрде арттыру болуға тиіс.Сондықтан әлеуметтік саланы одан әрі жедел жаңартудың неғұрлым басым бағыттары мыналар болып табылады. Сондықтан әлеуметтік саланы одан әрі жедел жаңартудың неғұрлым басым бағыттары мыналар болып табылады.

  1. Тұрғын үй халықтың анағұрлым «осал» топтарын атаулы әлеуметтік жағдайда қолдауды дамыту.

     2. Әлеуметтік көмек жүйесін нарық жағдайларына сәйкес келтіру.

     3. Әлеуметтік саладағы жаңа қызмет түрлеріне сұранысты қалыптастыру.

     4. Осы заманғы  білім беру және білікті кадрларды дайындау жүйесін дамыту.                  

     5. Кадрларды қайта даярлау.

     6. Тұрғын үй құрылысы мен жылжымайтын мүлік рыногын дамыту мәселелері.

     7. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті ұйымдастыруда осы заманғы                       қағидаттар  мен үлгі – қалыптарға көшу.

    8. Қоршаған ортаны қорғау.

    9. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін басқарудың халықаралық үлгі–   қалыптарын енгізу.

  10. Қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті көлік – коммуникациялық     инфрақұрылымды дамыту.

Үкімет Қазақстанның халықаралық  бәсекеге қабілеттілігін және ел азаматтарының  өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы  институционалдық және экономикалық жағдай жасауды басты мақсат ретінде айқындады.

      Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын топтастыратын, жасампаздыққа бастайтын позитивті идеяларымен және өзінің ел үшін аянбас еңбегімен тәуелсіз мемлекет құра алды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде танылу үрдісін Н.Назарбаевтың Ұлт көшбасшысы ретіндегі қызметінің нәтижесі деп білсек, қателеспейміз.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасында еліміздің әлеуметтік дамуының басым бағыттарын тағы бір тиянақтап, алда атқарылар істердің ауқымын айқындап берді. Нұрсұлтан Әбішұлы белгілеп берген 20 тапсырманың барлығы да саламатты қоғам құруға, сауатты ұрпақ тәрбиелеуге, өркениетті елдер өнегесінен үлгі алуға, әлеуметтік еңбек қарым-қатынасын дамытуға бағытталған. Ел Президенті бұл жолы да кәсіби біліктілікті жетілдіруге, адам мүмкіндігінің деңгейін көтеруге, медицина қызметінің сапасын арттыруға және қолжетімділігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік әділетті өмір салтын қалыптастыруға айрықша назар аударған екен.

Елбасы осы бағдарламасында  «…Тәуелсіздіктің барлық жылдарында мен халық денсаулығына бөлекше  көңіл бөліп келемін» дей келіп, «Қазақстандағы орташа өмір жасы Еуропадағыдай  болуын қаласақ, онда өзіміздің денсаулығымыз туралы ойланайық» деп қадап айтқан. Бұл заңды да, себебі, ұлт денсаулығының деңгейі – мемлекеттің даму көрсеткіші болып табылады. Елімізде «Саламатты Қазақстан-2015» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда, денсаулық сақтау саласы сапалық дамуда. Бала туу артып, адамдардың өмір жасы ұзарды. Қан айналымы ауруларынан болатын адам өлімі 1,7 есе кеміді.

Экономиканың көтерілуі нәтижесінде  еліміздің денсаулық сақтау саласына мемлекеттік сондай-ақ, мемлекеттік емес секторға инвестиция салу арта түсті. Тәуелсіздік жылдары денсаулық және білім беру салалары ырғақты дамуда, олардың материалдық-техникалық базалары кең көлемде жаңартылды, мамандар даярланды, осы заманғы озық технологиялар мен техникалар қолданылуда. Әлеуметтік саланың құрамдас бөлігі болып табылатын денсаулық сақтау мәселелері басымдылық жағдайда шешімін табуда. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – медициналық қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын құру жолымен медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету негізінде тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту болып табылады. Облыста тұрғындардың денсаулық көрсеткіші анағұрлым жақсарды. Ана мен бала өлімі, туберкулезбен ауру және құрт ауруынан болатын адам өлімі көрсеткіштері республикалық орта деңгейден төмен. Өңір экономикасының тұрақты дамуы медицина қызметкерлерінің материалдық және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беруде. Емдеу-профилактикалық мекемелердің материалдық базасы түбегейлі жақсарды, 149 нысан жаңадан салынып, пайдалануға берілді, 340 нысан күрделі жөнделді. Олардың барлығы да әлемдік стандарттарға сәйкес келетін емдеу-диагностикалық аппараттармен жабдықталды. . Сондықтан біздің әрқайсымыз саламатты өмір салтын ұстанып, елді мекендерде, мекемелер мен ұйымдарда, еңбек ұжымдарында бұқаралық спортты дамытуға ұйтқы болуымыз қажет.

 

 

Адамдардың белсенді демалысын ұйымдастыру, оқу орындарында спорт секцияларын көптеп ашу да кезек күттірмейтін міндет болып табылады. Елбасының осы бағдарламалық тапсырмасында «Өзінің жеке басының денсаулығын адамның өзі ойлауы керек. Егер денсаулықты ойлау әр отбасының шаруасы болса, онда мемлекет жүзеге асырып жатқан қадамдар әлдеқайда тиімді шығар еді» деуі де тегін емес. Қаншама емдеу мекемелерін іске қосып, саланы дамытуға қыруар қаржы бөлгенмен оның қайтарымды болуы адамдардың өз денсаулығын күтуге деген шынайы көзқарасына тәуелді екені рас. Сондықтан денсаулық сақтау саласын дамытумен бірге адамдардың да осы бағыттағы белсенділігін арттыруға ықпал етуіміз керек-ақ.

Елбасы өз сөзінде әлеуметтік жаңғыртудың  барлық қырларын қолға ұстатқандай  айқындап берді. Енді Үкімет пен салалық  министрліктер, жергілікті билік буындары осы тапсырмаларды орындаудың белгіленген  жолдарын бағдарға алып, кешенді істерді жүзеге асыруға кірісуі қажет. Бұл мемлекетіміз үшін, барша қазақстандықтар үшін қажет іс. Әлеуметтік ілгерілеуге із ашатын ауқымды жұмыстарға негізделген тапсырмаларды орындау арқылы біз өз өмірімізді мәнді етіп, дамудың жаңа сатысына көтерілеміз. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы алға қойған 20 тапсырманы әлеуметтік салаға серпін беретін 20 қуат көзі деп қабылдауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Әлеуметтік саланы сапалық жаңартудың басым бағыттары