Әлеуметтік институттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 18:34, реферат

Описание работы

Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді атқара отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік мыңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мығынасыз болып қалады.

Содержание

1. Кіріспе

2. Әлеуметтік институттар түсінігі.

3. Институттың дамуы мен қалыптасуы және оның түрлері.

4. Әлеуметтік институттардың қызметтері.

5. Отбасы әлеуметтік институт қызметі.

6. Қорытынды.

7. Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтік институттар.doc

— 95.50 Кб (Скачать)

Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерін жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы-білім әлеуметтануды зерттейді. Ол білім жүйесінің белгілі бір заңдылықтары арқылы жеке әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі салаларымен, басқа да әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі басқа, да әлеуметтік жүйелерімен, процестермен, институттармен әр түрлі қарым-қатынасын, байланысын талдайды. Сонымен қатар білім жүйесі қоғамның әлеуметтік құрлымына, қоғамдық қатынастарға, еңбектің өнімділігіне, өндіріске және басқа іс-қызметтің тиімділігіне әсерін, жеке адамға тұлғаға айналдырудағы интелектуальды, білім процесінің рөлін, адамның табиғат және қоғам туралы білімді, озық тәжірбиені игеріп, бойына сіңіріп, оның үйлесімді дамуын, білім деңгейінің қызметке жұмысқа, тәртіпке әсерін, адамдардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайының өзгеруін, т.б. талдап зеріттейді.

Бұл тұғырда құқық жалпы әлеуметтік бүтіндіктің бір бөлігі ретінде қалады. Құқық әлеуметтік мұқтаждықтың, талап-тілектің негізінде пайда болып, өмірге келеді. Сондықтан ол қоғамның басқа да әлеуметтік институттармен бірлесе, байланыса отырып, қоғамның бірлігін, тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырады.

Құықтық институтционалдық сипаты оның басқа жақтарынан да көрінеді. Мысалы:  құқықтың іс-әрекеті, қызметі мемлекеттік институттардың іс-әрекеті, қызметі мемлекеттік институт арқылы қамтамасыз етіледі.

Оның ішінде құқықтық нормаларды орындау үшін мәжбірлеу шаралары қолданылады ал, құқықты бұзса, санкция белгіленеді. Дегенмен, әлеуметтанушылар әлеуметтік ұйымдар тұрғысынан құқықтық ережелердің алға қойған мақсатты орындауда, олардың қызметінің тиімділігінің артуына әр уақытта күдікпен қарайды.

Әлеуметтану тұрғысынан қарағанда құқықтық әлеуметтік үдеріс ретінде қаралуы тиіс. Ал, оны  осындай үдеріс ретінде түсіну - ол құқықтың ережелердің алға қойған мақсатты орындауда, олардың қызметінің тиімділігінің артуына әр уақытты күдікпен қарайды.

Әлеуметтануда құқықтық алуан түрлі әлеуметтік құбылыс, оның ішінде әлеуметтік институт ретінде қаралады. Бұл жерде құқық қоғамның обьективтік әлеуметтік нормативтік құрлымын белгілейді. Оның өзі оған әлеуметтік себептердің байланысын, шарттылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұған қоса құқықтық нормалардың  қоғамның әр түрлі жақтарына тигізетін нақты ықпалын, оны халықтың алуан түрлі топтарының қалай қабылдайтынын, адамдардың құқықтық нысана бағыттарына, заң шығарушы саласындағы мемекеттік және мемлекеттік емес мекеме ұйымдарының жұмыс қызметін, олардың тиімділігінің артуын, т.б. зерттейді. Сонымен қоғам обьективтік факт бола отырып, адамды индивид ретінде қалыптастырады да оны белгілі бір қызмет атқаруға мәжбүр етеді. Екінші жағынан индивиттердің іс-әрекеті негізінде қоғамның іргетасы қаланады. Сөйтіп қоғам бізді анықтайды, ал екінші жағынан, біз керсінше қоғамды анықтаймыз.

Бұл қағида әлеуметтануда  құқықты зерттеуге де қолданылады. Әлбетте, құқық әлеуметтік факт, ол обьективті тұрғыда қоғамдық өмірдің негізі параметірлерін анықтайды, бірақ, құқықтың күші адамның жеке-дара қасиеті арқылы оның заңдылық ережелер тәртібін мойындаумен анықталады.

Құқықтық әлеуметтік институт болып, қоғамдағы алуан  түрлі қатынастарды реттейді. Қоғамдағы  тәртіпті, әлеуметтік бірлікті, тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Қоғамдық ой-пікір  әлеумет зерттеушілердің басты назарын аударады. Құқықтық әлеуметтануда қоғамдағы адамдар тобының құқықтық санасының дәрежесі мен деңгейі, бұрынғы қолданыста немесе жаңадан қабылданған құқықтық заңдарға, актілерге заң жолымен реттелетін көкейтесті мәселелерге қатынасы, сот және құқықтық органдардың ой-пікірі, көзқарасы, жұмыс әдісі, т.б. зерттеледі.

 

 

 

Отбасы әлеуметтік институт қызметі

 

Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы – кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен қаны бір туысқанымен, тұрмысының ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілігімен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрлымының негізі болып табылады.

Ер мен әйел - отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелерін қамқорлықта осында іс асырылады. Отбасы құрылуы тұрмыстық қатынастырудың да алғашқы ұясының бірі.

Отбасы тарихы өзгеріп, отырған әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигимия ал, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол монологиялық отбасымен ауысады.

Отбасы некеге қарағанда  күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді.

Принципінде отбасы тұрақты үй. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі. Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайларыда бар. Олар: әлеуметтік, таптық ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің қабілетін, білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет - әрбір жаңа отбасының адамдық, экономикалық негізі.

Бұлар отбасы мүшелерінің  қабілетін, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуінен байланысты.

Отбасының маңызы оның атқаратын  қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты.

Отбасы қызметі деген  түсінік оның қоғаммен, қытынасының  жүйесін көрсетеді, сонымен қатар отбасы мен жеке адамның қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.

Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл бірақ тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, және адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде де болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазір де солай.

Отбасының ең маңызды қызметінің бірі - тәрбиелік міндеті,  оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды.

Оның негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге алған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдату, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу бойынша санасына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру, әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Отбасының жақсы әдет-ғұрпы, үлгі-өнегесі, ауызбіршілігі, ерлі-зайптылардың сүйіспеншілігі, кездескен қиындықтарды жеңе білуі, тұрмыстық салт, бұларды ұрпақтан ұрпаққа беру, жалғастыру отбасының міндеті, оны нығатудың шарты.

Сонымен, біз отбасының  негізгі қызмет-міндеттерін қысқаша  қарастырдық. Олардың іске асуы көптеген факторларға байланысты, атап айтқанда, қоғамның саяси-экономикалық, рухани жағдайларына некеде тұрған азаматтардың білім дәрежесіне, мәдениетіне, өмір салтына, олардың құндылық жайлы түсініктеріне т.б. байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қоғамдық өмірдегі кейбір әлеуметтік институттың маңыздылығын есепке ала отырып, басқа институттар олардың қызметін  алады. Мысалы: білім беру қоғамда мыңызды роль ойнайды, осы институтқа әсер етуге саяси ұйымдардан, өндірістік ұйымдардан діни ұйымдардан байқалады. Саясаткерлер патироттық сезім мен ұлттық сезімді қолдау үшін мектептің дамуына байланысты. Сонымен қатар қоғамдық өмірдегі кейбір әлеуметтік институттың маңыздылығын есепке ала отырып, басқа институтар маңыздылығын есепке ала отырып, басқа институтар олардың қызметтерін бақылауға алады. Мысалы, білім беру қоғамда маңызды рөл ойнайды, осы институтқа әсер етуге саяси ұйымдардан, өндірістік ұйымдардан, діни ұйымдардан байқалады. Саясаткерлер патриоттық сезім мен ұлттық сезімді қолдау үшін мектептің дамуына қатысады. Ал діни институтқа білім беру жүйесінің көмегімен оқушыларды өздерінің қағидаларын ұсынуға шақырады. Өндірістік ұйымдар оқушыларды өндірістік мамандықтарды меңгеруге бағыттайды, ал әскери ұйымдар әскерде табысты қызмет етіп, адамдарды тәрбиелейді.

Басқа институтта отбасы институтына әсер ету туралы айтуға болады. Мемлекет некелер мен ажырасудың балалардың туылудың санасын реттей отырып, балалардың минемальды қамқорлықтарын бекітеді. Мектепке ата-аналардың қатысуымен мұғалімдер кеңесін құрып, ата-аналар комитетін шақырады. Діни  мекемелер отбасылық өмірідің идеясын құрып, діни өлкеде отбасылық  іс-шараларды өткізуге тырысады.

Көптеген институтардың  рөльдер мен тұлғалардың бірнеше институттарға кетуіне байланысты жанжалдасады. Мысалы, карьера мен отбасын алсақ. Бұл жағдайда бірнеше институтық нормаларының ережелермен қақтығысамыз. Социологиялық зерттеулері бойынша әрбір институт өзіне кіретін индивиттердің басқа институттарда рөлдерді атқаратын жоғарғы дәрежеде болдырмауға тырысады.

Осылайша, «әлеуметтік  институт» әлеуметтану танымында  белсенді пайдаланатын базалық санаттардан  бірі болып табылады. Бұл ұғымды әлеуметтану тұрғысынан түсіну басқа  әлеуметтік ғылымдардың әлеуметтік институттар мен қоғамдық өмірді зерделуін толықтыра түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Ш.Қ. Қарабаев, «Әлеуметтану негіздері» -Алматы, 2007.

 

2. Ұ.Е. Сыздықов, Ц.Р. Розенберг «Инженерлік еңбектің соцологиясы» -Алматы, 2005.

 

3. М.М. Тәжин, «Әлеуметтану» Оқулық // ҚазҰУ. -Алматы 2008

 

4. Б.Ғ. Шынтемірова, Т.Т. Шайхиева «Әлеуметтану» -Орал,2005.

 

5. Человек и общество // Социально-политические науки 1992 № 8

 

6. Н.Смелзер. Соцология М.1994

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Әлеуметтік институттар