Әлеуметтік институт

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 16:32, реферат

Описание работы

Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Сериккалиев Әлеуметтік институт .docx

— 43.18 Кб (Скачать)

Институттардың интегративтік қызметі де маңызды болып табылады. Институттандырылған нормалардың әсерімен әлеуметтік топтар мүшелері бірігуінің, өзара тәуелділік пен жауапкершіліктерінің, өздерінің мақсаттарын салыстыруының әлеуметтік процестері табысты жүреді.

Әлеуметтік институттың трансляциялаушы қызметі қоғамда жинақталған әлеуметтік тәжірибе беруді қамтамасыз етеді. Жеке адамды әлеуметтендіру, тәрбилеу және дамыту процестері арқылы алдыңғы ұрпақтың нормативтік-құндылық элементтері, тыныс-тіршілігінің тәжірибесі игеріледі.

Институттардың коммуникативтік мүмкіндіктері арқылы олардың ішінде туған ақпарат оның құрамына енген жеке адамдар мен топтар арасында да, институттар арасында да таралады.

Әлеуметтік институттардың айқын  функциялары күтілетін және қажетті болып табылады. Егер де институт оларды игере алмаса, онда ол сөзсіз таратылады және өзгерістерге ұшырайды. Алайда әлеуметтік институттардың іс-әрекеттерінің жоспарланған нәтижелерімен қатар жасырын, түсініксіз не болмаса алдын ала жоспарланған нәтижелер де болады.

“Дисфункция” ұғымын алғаш енгізген американдық социолог Р.Мертон болатын, ол жүйенің бір бөлігінің екінші бөлігіне ықпалының теріс салдарларын бейнелеуге және қандай да бір жүйенің біртұтастыққа тұтасуы дәрежесін көрсетуге тиіс. Ол іс-әрекет пен мінез-құлықтың барлық институцияландырылған үлгілері қоғамның бірлігі мен тұтасуына қызмет ететіндігіне күмән туғызған және де дисфункцияларды зерделеуді маңызды деп ұйғарған .

Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның әлемдегі оқиғалар туралы неғұрлым жылдам және толық хабардар болуын қамтамасыз етуге және тиісінше коммуникация дәрежесін көтеруге тырысуы сенсация қууға және ақпараттарды бұрмалауға әкеп соғуы мүмкін. Ал бұл басқаның қайғысына, күш қолдануды қабылдауға, мораль талаптарына қоғамның сезімталдық қасиетін төмендетеді.

Сырт көзге әлеуметтік институттардың дисфункция құбылысы даярланған кадрлардың, материалдық қаражаттың жетіспеушілігінен, ұйымдастырудағы кемшіліктерден және т.б. болатын сияқты мүмкін. Мазмұндық көзқарас тұрғысынан дисфункциялар қызмет мақсатының айқын еместігінен, функцияларының анық еместігінен, сол институттың әлеуметтік мерейі мен беделінің түсуінен, жекелеген функциялардың бастапқы оңтайлы мақсаттарды орындауға емес, өзінің болмысын сақтауға арналған қызметіне ауысуынан көрініс табады.

Әлеуметтік институттардың өзгеруі  едәуір ұзақ та күрделі процесс. Олардың даму тарихы дәстүрлі нысандарының біртіндеп қазіргі заманғы түрге айналатындығын көрсетеді. Мысалы, отбасы, құқық, дін, билік институттарын алайық. Олардың жаңа ерекше түрлерінің пайда болуы жаңа әлеуметтік байланыстар мен қажеттіліктердің пайда болуымен байланысты. Мысалы, индустриалдық қоғамда жаңа - нарық, еңбек келісім-шарты, жарнама, бұқаралық мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, қоғамдық қозғалыс, жалғыз басты ата-ана, ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы және басқа институттар пайда болды.

Институттардың қоғамдық рөлін терең талдаған алғашқы социологтардың бірі Т.Веблен атап өткендей, әлеуметтік институттар қоғамның өмір сүру тәсілі ретінде өзгермейтін нәрсе емес. Әлеуметтік құрылысының эволюциясы айналасына неғұрлым лайықталған алуан түрлі институттардың “табиғи іріктелу” процесі ретінде орын алады. Институттардың өзгеруі өз кезегінде мінез-құлқы қоршаған ортаға неғұрлым лайықталған және көп бейімделген жеке адамдардың одан әрі іріктелінуіне әкеп соғады.

Әлеуметтік институттардың дамуы эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) факторлардың ықпалымен жүреді. Сыртқы факторларға күнделікті тыныс-тіршіліктің өзгерістері, жаңа құндылықтардың, мәдениеттің дамуы, адамзаттың жаңа білімдерді жинақтауы жатады. Әлеуметтік институттар қоғамдық өзгерістерге бастама көтерген көрнекті тұлғалардың ықпалымен де қатты өзгеруі мүмкін. Мысалы, Лютер идеяларының әсерімен шіркеудің реформалануын айтуға болады.

Өзгерістер тудыратын ішкі факторларға жеке институттардың өзінің қоғамдық функцияларын тиімді орындау, белгілі бір әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мүдделерін жүзеге асыру қабілеттері жатады. Егер де институт қызмет көрсететін әлеуметтік қажеттілік елеусіз болып қалса немесе жоқ болса, онда бұл институттың өмір сүруі мағынасыз болып қалады және біртіндеп жоғалады. Сондықтан да институттар өзгеріп жатқан әлеуметтік шынайылыққа сәйкес келетін қайта жаңғыртуды, мамандандырылуын тереңдетуді, жаңа нормалар, құндылықтар, ережелер жасауды қажет етеді.

Мысалы, әлеуметтік шығыстарға арналған бюджетті қысқарту жағдайында Қазақстанда әлеуметтік қорғау институты қайта құрылды. Бұрын ол әлеуметтік қауіп-қатерден халықтың барлық топтарын қорғауға бағытталған болатын, алайда өтпелі экономикадағы мемлекетте оның әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындау мүмкіндігі де, қаражаты да жоқ. Сондықтан 2000 - 2001 жылдары атаулы әлеуметтік көмек институты болып өзгертілді. Бұл халықтың неғұрлым кедей және мұқтаж топтарына тиімді әлеуметтік қолдау көрсетуіне мүмкіндік береді және де адамдардың өздерінің материалдық жағдайын жақсартуына деген жеке белсенділігі ынталандырылады.

Қоғамның дамуына қарай бір әлеуметтік институттар басқа институттарға өзінің негізгі функцияларын береді немесе бөліседі.

Егер де дәстүрлі қоғамда балалар тәрбиесін отбасы өз мойнына алған болса, ал индустриалдық қоғамда бұл функцияларын дін институттарымен ғана емес, мемлекетпен, мектепке дейінгі және мектептегі білім берумен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және басқалармен де бөліседі.

Социологияда социологиялық зерттеулердің жеке бағыты қалыптасқан, онда институттарды орнықты әлеуметтік қатынастар ретінде зерттеу адамзаттың әлеуметтік қызметінің ішкі механизмдерін айқындауға мүмкіндік береді. ªазіргі заманғы экономика, саясат, мәдениет, күнделікті өмір саласындағы институттану нысандарын зерттеулер социологиялық білімнің дамуына маңызды үлес қосуда [43]. Микродеңгейдегі зерттеулер қалыптасып отырған әлеуметтік практикаларды бөліп қарауға және сипаттауға мүмкіндік береді, олар одан әрі институттандырылады және әлеуметтік шектеулердің және мүмкіндіктердің жаңа кеңістігін қалыптастыра бастайды. Мысалы, желілік маркетингке адамдарды барған сайын көп жұмылдыру адамдардың жаңа тұтыну мүдделерін қалыптастырады, сән көрсетудегі, жарнамаланатын тауарларды тұтыну мәдениетін таратады.

Макродеңгейдегі зерттеулер қоғамның социетальді табиғат беретін және тікелей экономикалық, саяси және әлеуметтік қызмет процесінде институттанулық түрленулер шеңберін қалыптастыратын базалық институттарды бөліп қарайды. Нарықтық институттардың қалыптасуы адамдардың еңбек құндылықтарының өзгеруіне ықпал етеді.

Зерттеулердің макро- және микродеңгейлері жүріп жатқан өзгерістер тереңдігін түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, нарықтық еңбек қатынастары институттануының нақты әлеуметтік социологиялық зерттеулері қоғамның социалистіктен нарықтыққа шын мәнінде өзгерген бе, жұмыс берушілер мен жалданушы қызметкерлердің өзара қарым-қатынастарының жаңа ресми ережелері жұмыс істейді ме, бұл нормалар екі жақтың да мүдделерін қамтамасыз етеді ме, міне осыларды көрсетеді .

Осылайша, “әлеуметтік институт” социологиялық танымда белсенді пайдаланылатын базалық санаттардың бірі болып табылады. Бұл ұғымның социологиялық түсінігін басқа ғылымдардың әлеуметтік институттар мен қоғамдық өмірді зерттеуі толықтыра түседі.

 

     Отбасы  социологиясы — отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.

     Отбасы сияқты әлеуметтік  институттардың табысты қызмет  өтуін тарихтың қозғаушы күшіне  жатқызуға болады. Отбасының дүниеге  келу сәті бізге белгісіз, бірақ  оның пайда болуы отбасылық  үй шаруасы, отбасының бірлескен  әлеуметтік және өндірістік әрекеттері  негізінде отбасын нығайтудағы  әр түрлі қызметке байланысты.

     Социологтардың отбасын  бірнеше ондаған жылдар бойы  зерттегеніне қарамастан, қоғамның  осы бөлігін анықтауда келісім  де, оны зерттеуде бір ізді  әдіс те жоқ. Социологияның  пайда болуымен есімі тығыз  байланысты Огюст Конт қоғамды  отбасы арқылы тану керек, өйткені  отбасы — адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық  деңгейде дами алмайды,- дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытындысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.

 

 

Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымының  басты элементтеріне әлеуметтік институттар жптады дедік. Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің  бірлесіп өмір сүрлеруін ұйымдастыру  мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан  тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға  келтіріліп, олардың мінез-құлықтары  мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам  өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік инстиуттар қоғамның, адасдардың қажеттілігінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігін полиция (милиция) институты пайда  болды.

Қоғамда қызмет ету салаларына қарай  әлеуметтік институттардың 4 тобын  атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы  өздерінің функцияларын атқарады:

1) Экономикалық инстиуттар экономиканың  тиімді дамуын қамтамасыз ету  мақсатында шаруашылықты басқару  мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа  да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар  айырбасының жалпылама эквиваленті  болып табылады.    

Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.

2) Саяси институттар қоғамды  билеу және басқару қызметтерін  жүзеге асырып отырады. 

3) Рухани саланың институттары  ғылым мен білімнің, өнердің дамуына  және қоғамдағы моральдық   құндылықтарды қолдауға ықпал  етеді.

4) Отбасы институты - әлеуметтік  жүйенің негізгі және маңызды  саласы. Отбасы саналы азаматтың  қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі  болуына тұтас қоғамның тұрақты  болуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

 

Жылуэнергетика факультеті

 

 

 

 

Әлеуметтік пәндер

кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтану пәні бойынша

№ 1 семестрлік жұмыс

 

Тақырыбы: Әлеуметтік институттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: БТЭк-10-01 тобы

                                                                             студенті Серікқалиев Б.С.

                                                                     Тексерген: Аташ Б.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012

Мазмұны

 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Әлеуметтік институттар туралы түсінік
  1. Әлеуметтік институттар түрлері қызметтері
  2. Отбасы социологиясы

ІІІ.      Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бұл семестірлік жұмыста қаралатын  негізгі тақырып әлеуметтік институттар  және олардың жіктелуі. Менің осы  семестрлік жұмыста әлеуметтік институттардың кай кезде құрылғаны үрдісінің  мәні мен кезеңдерін және осы институттардың тұрпаттары мен қызметтері, міндеттері туралы өзекті – өзекті материалдарды  қарастырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Әлеуметтік институттар-жеке адамдар  мен топтардың әрекет ету тәсілдерінің жүйесін, әлеуметтік бақылау құралдары  мен топтардың әрекетін, қоғам  мүшелерінің әлеуметтік өмірін реттеп, қамтамасыз ететін жүйесін білдіреді. Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады. Осылайша әлеуметтік институттар маңызды қоғамдық құндылықтар мен әлеуметтік байланыстардың орнықты нысандары арқылы әлеуметтік құрылымдар мен қоғамдағы тәртіпті ұстап тұрады. Оларды қоғам мүшелері орындайтын әлеуметтік құндылықтар, нормалар және мінез-құлық үлгілері беретін өздерінің әлеуметтік рөлдері негізінде мақсатқа бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ететін белгілі бір әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтын адамдардың ұйымдасқан бірлестіктері ретінде алып қарауға болады .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Аитов Н.А., Бикенов К.У. Социология. – Алматы: Қазақ университеті, 2002 ж.
  2. Добреньков В.И., Кравченко А.И. Социология в 3 – х томах. – М.: Наука, 2000 г.
  3. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы, 1997.
  4. Андрушенко В.П., Горлач Н.И. Социология: наука об обществе. Харьков, 1996.

Информация о работе Әлеуметтік институт