Әлеуметтану заңдары және категориялары

Дата добавления: 01 Декабря 2011 в 19:35
Автор: m*********@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (15.96 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Әлеуметтану заңдары.docx

  —  18.62 Кб

   Әлеуметтану заңдары - қоғамды зерттей отырып, әлеуметтану ғылымы әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастарды заң және заңдылық деңгейінде зерттейді. Әлеуметтану заңдарында біреудің екінші біреумен, қандай да бір кауымдастықтың қоғаммен, жеке тұлғаның қоғаммен, әлеуметтік жүйелердің, процестердің, институттардың бір-бірімен және қоғаммен байланыстары туралы сөз болады. Әлеуметтану заңдарын қоғам тудырады және ол заңдар сол қоғамда қолданылады. Әлеуметтану заңдарының неғұрлым елеулі белгілері:

  • Бірінші маңызды белгісі — қоғамның әлеуметтік жүйелерінің, оның қауымдастықтарының, институттарының, ұйымдарының жасампаздық күшін көрсететіңдігі. Солар арқылы қоғамның және оның құрамдас бөліктерінің оң және теріс қызметі, әлеуметтік белсенділігі көрсетіледі. Кез келген әлеуметтік объект осындай іс-әрекет арқылы қоғамдағы қайшылықтарды, ескі ұғымдарды жеңіп, жаңаны нығайта отырып, болашаққа жол ашады.
  • Екінші белгісі — әлеуметтану заңдарының бір-бірімен өзара байланыстылығы, тәуелділігі. Қоғамдар арасында немесе қоғамның ішінде қандай деңгейде, қоғамның қандай бөлігінде қолданыста болатыңдығына қарамастан, әлеуметтану заңдары бірін-бірі өмірге келтіреді, бірін-бірі толықтырады, олардың қолданылу және көріну механизмдерін жасайды.
  • Үшінші белгісі — жеке әлеуметтану заңдары арасындағы тұрақты өзара шарттылық пен бір-бірін толықтырып отыру. Олардың бірде-бірі екіншісінен оқшау бола алмайды. Қоғамның барлық құрамдас бөліктері, әсіресе әлеуметтік ішкі жүйелер, процестерқауымдастықтар, институттар, ұйымдар өзара байланыста, өзара шарттылықпен дамиды.
  • Төртінші белгісі — әлеуметтану заңдарының әлеуметтік табиғаты. Ол — әлеуметтік организмнің қозғаушы күші, ол қоғамдағы байланыстардың әлеуметтік ерекше сипатын көрсетеді. Бұл оларға басқа ғылымдардың заңы бола алмайтын ерекшелік береді.
  • Бесінші белгісі — бұл әлеуметтану заңдарының субъективті жағы. Әлеуметтану заңдары субъективті жағдайды оларды саналы тіршілік иесі ашып, танып, қалыптастыратын болғандықтан ғана емес, сонымен бірге өздерінің табиғаты адамзаттың, адамның қызметі нәтижесінде туындап, дамитын болғандықтан да иеленеді.

      Әлеуметтану заңдары жалпы және жеке болып бөлінеді. Бөлу өлшемдері ретінде заңдармен бейнеленетін объектінің көлемі алынады: қоғам тұтас жүйе немесе қоғамның ішкі жүйесі, оның құрамдас бөлігі ретінде бейнеленеді, пәрмені шағын топтарға, белгілі бір әлеуметтік стратаға, әлеуметтік топқа немесе тапқа және тұтас қоғамға қолданылатын заңдар бар.

      Жалпы әлеуметтану заңдары — өздігінен  дамитын әлеуметтік жүйе ретінде  бүкіл коғамның маңызды байланыстарын  көрсететін заңдар. Жеке әлеуметтану  заңдары қоғамның құрамдас бөліктерінің маңызды байланыстарын, олардың  ішкі дамуы мен қызмет атқаруын, сондай-ақ тұтас әлеуметгік организм ретінде қоғаммен байланысын көрсететін заңдар болып табылады. Бұдан басқа, әлеуметтануда әлеуметтану заңдары  бес топқа бөлінеді, олар:

  1. әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүруін көрсететін заңдар.
  2. әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланысты белгілейтін заңдар.
  3. даму үрдістерін белгілейтін заңдар.
  4. әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыс себебін белгілейтін заңдар.
  5. әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстардың мүмкіндігін немесе ықтималдығын бекітетін заңдар.

Әлеуметтану заңдарының қоғамдық құбылыстарды зерттеуде, әлеуметтік процестерді басқаруда маңызы зор. Әлеуметтану заңдарыдың болуы әлеуметтануда ғылыми тәсілді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын алдын ала болжауға болмайтындығын, оның ретсіз және ала-құла екенін ғылыми әдістердің көмегімен зерттеу мүмкін емес; керісінше адамның мінез-құлқын алдын ала болжауға болатындығы, оның қайталанып отыратындығы, көптеген қырларының кездесетіндігі адамзат қоғамын зерттеумен шұғылданатын ғалымдарға әлеуметтік заңдар айтуға, олардың қолданылу шарттарын анықтауға және әлеуметтік топтар мен қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын алдын-ала көре білуге мүмкіндік береді

Описание работы
Әлеуметтану заңдары - қоғамды зерттей отырып, әлеуметтану ғылымы әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастарды заң және заңдылық деңгейінде зерттейді. Әлеуметтану заңдарында біреудің екінші біреумен, қандай да бір кауымдастықтың қоғаммен, жеке тұлғаның қоғаммен, әлеуметтік жүйелердің, процестердің, институттардың бір-бірімен және қоғаммен байланыстары туралы сөз болады. Әлеуметтану заңдарын қоғам тудырады және ол заңдар сол қоғамда қолданылады.
Содержание
содержание отсутствует