Әлеуметтану ғылымы

Дата добавления: 10 Марта 2013 в 18:46
Автор: s****************@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (8.58 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

1 Әлеуметтану ғылым ретінде.doc

  —  41.00 Кб

              1. Әлеуметтанудың пәні мен объектісі

Әр  ғылым басқа ғылымдардан өзінің  зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар  түрлі  құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді.  Бірақ әр ғылымның  зерттеу нысанына, біріншіден,   объективті шындықтың  белгілі жағы мен саласы, екіншіден,  тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады.  Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу  объектісін  құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады.  Тек жай қоғам емес, таным үрдісі  бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні  объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады.  Әлеуметтік танымның  пәнің белгілеу үрдісінде  шешуші  әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады.   Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді.  Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.

Атақты ағылшын  ғылымы ДЖ.Херд  «Әлеуметтануға кіріспе»  еңбегінде, әлеуметтану  адамзат қоғамы  жөнінде ғылым ретінде белгіленеді.  Оның отандасы Э.Гидденс қоғамды әлеуметтік кеңістікте, әлеуметтік уақытта  айқындалу формаларында қарастырады. «Әлеуметтану – бұл  адамның әлеуметтік өмірі, топтар мен қоғам  жөнінде оқу».

Әлеуметтану біржарым ғасыр аралығында өмір сүріп жатыр. Осы аралықта әртүрлі социологиялық ағымдар, бағыттар, мектептер қалыптасты. Олардың әрқайсысы  өз пән  саласын айқындады және оны белгілі танымдық нәтижилер шектеулерінде жетті.

Қазіргі уақытта  әлеуметтанудың ғылым ретінде  пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр.  Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен  байланысты. 

Біздің елімізде әлеуметтік зерттеулерді  экономикалық, саяси,  құқық ғылымдарына, философияға жақындату талпыныстары жүргізілді.  Әлеуметтануға  идеологиялық – апологетикалық роль берілді.

Әлеуметтану пәнінің  тарихында  екі негізгі тенденция  қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік  жүйелермен және   олардың  әртүрлі мәдениет  түрлерімен  өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза  ретінде қарастырады.

Микросоциология  әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа,  тұлғаның әлеуметтенуі мен  жекелендіруіне көңіл аударады.

В.А.Ядов «Осыдан  әлеуметтануды  анықтаудың екі  әртүрлі жолдары ажыратылады: бірінші, ғылым ретінде пәнінің  тұтас қоғамдық ағза, әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы, екінші, бұқаралық әлеуметтік үрдістер мен бұқаралық  тәртіп жөніндегі ғылым» деп жазады.

Әлеуметтану –  қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық  пән. Әлеуметтану  қоғамдық өмірді  қатынастар жүйесі ретінде  зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда -  еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда  әлеуметтану  нақты қызмет ететін  барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.  

2.Әлеуметтанудың басқа коғамдық ғылымдармен байланысы

 

Әлеуметтанудың  басқа ғылымдар мен байланыстыратын  негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы  даму  заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына  әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады.

 

Әлееуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысынң  екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырыфмдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады.

 

Әлеуметтанудың  басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономикалық ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыспен процесттерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнауы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде- құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен бірге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен бірге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтану, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары (барлығы 100-ге тарта) пайда болды.

 

Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысы олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларының (жалпы ғылымдарын) қағидаларын, заңдарын нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз.

Екінші  жағынан, әлеуметтану өзінің ой-пікірлерін, теорияларының тұжырымдамаларын, т.б. толық дәлелдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактілеріне, деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа қорытындылар жасап, орын алып отырған қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның даму тенденцияларын (бет алысын) анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін арттырады

 

3. Әлеуметтік білімнің құрылымы

  әлеуметтік білімнің құрылымы  деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуін, тәртіпке келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:

 

1. Қоғам  біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл  тұжырым, қағида өзінің зерттеу  объектісінде қоғамдық қатынастар  жүйесін, олардың мазмұнын зерттейді.

 

2. Қоғамның  жеке салаларының дамуын, атқаратын  қызметі туралы түсініктердің  байланысын- экономикалық, саяси, рухани, т.б. салаларын, әрбір салада жеке тұлғанын немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.

 

3. Қоғамның  әлеуметтік құрылымы немесе жалпы  әлеуметтік құрылым туралы білімді  қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесіндк алатын орны мен байланысы туралы білімдер болуы керек. Әлеуметтік топтар деп отырғанымыз – үлкен топтар, кішігірім топтар, кәсіби мамандандырылған топтар, демографиялық және этникалық топтар.

 

4. Саяси  әлеуметтануға кіретін алуан  түрлі ғылыми  түсініктер, ой-пікірлер, теориялар. Бұған жататын зертеу  объектілері:

 

а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;

 

ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;

 

б) қоғамның саяси жүйесінің құрылымы, қызметі және функциясы туралы;

 

5. Әлеуметтік  институттардың (мемлекет, құқық, ғылым,  мәдениет, отбасы, т.б.) қызметтері туралы  ғылыми түсініктер мен қортындылар;

 

6. Қоғамның  жеке салаларының және кішігірім  жүйесінің қызметтері туралы  теория. Оны мынандай объектілерді  зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес  топтар мен ұйымдар, адамдар  арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.

 

Әлеуметтік  білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процесттерді терең талдап, кең  қортынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік үш негізгі деңгейі бар:

 

а) жалпы әлеуметтану теориясы;

 

ә) эмпирикалық (тәжірибелік) әлеуметтану;

 

б) орта деңгей теориялар.

 

Осыларға  сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық  және эмпирикалық зерттеулер деп  екіге бөледі.

 

 


Описание работы
Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады
Содержание
содержание отсутствует