Әлеуметтану, мәдениет

Дата добавления: 15 Ноября 2012 в 18:48
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: лекция
Скачать полностью (10.56 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Білім әлеуметтану.doc

  —  45.00 Кб

   Білім әлеуметтік құбылыс және үдеріс ретінде, әлеуметтік жүйе және әлеуметтік институт ретінде. Социологиялық талдауды қолдану нәтижесінде білімнің екі жақтары анықталады  – әлеуметтік және жеке. Олар білімді әлеуметтік институт ретінде қарастырылғанда біріктіріледі. Институционалды тәсіл арқылы білімді әлеуметтік және жеке деңгейлерде қарастыруға мүмкіндік береді. әлемдік білім беру жүйесі философиялық және мәдени дәстүрлері бойынша, мақсат пен міндет, өзінің сапалық жағдайымен  айырықшыланатын әртүрлі ұлттық білім беру жүйелерді қамтиды Әлемдік білім беру жүйесінің дамуының үш негізгі тенденцияларын бөліп көрсетіледі. Бірінші тенденция – көптеген елдер элиталық білім беруден көпшілікке бағытталған жоғары сапалы білім беру жүйесіне көшу. Екінші тенденция білім беру саласында мемлекетаралық қатынастардың дамуы. Үшінші тенденция әлемдік білім беру жүйесіне гуманитарлы ғылымдарды оқу үдерісіне қосу, яғни адамға бағытталған ғылыми және оқу курстарының қосылуы, мысалы саясаттану, психология, әлеуметтану, мәдениеттану, экономика, эргономика. Тағы бір маңызды тенденциялардың бірі – ол инновациялардың енуі  елдердегі қалыптасқан ұлттық дәстүрлерге және ұлттық ұқсастыққа қарсы келмеуі.

Саяси әлеуметтану.Саяси әлеуметтану қоғам және мемлекет арасындағы байланысты және қарым-қатынасты қарастырады. Ол қоғамның әсерінен саясаттың қалыптасуын және саясаттың қоғамға деген әсерін талдайды. Саясат –  үдеріс,  яғни әртүрлі қызығушылықтары бар адамдар топтарына бағытталған  қабылданған және орындалатын   шешімдер. Саси іс-әрекет билікті қамтиды, сондай-ақ үстемдік ретінде институционализацияланады. Үстемдіктің негізгі институты- мемлекет. Биліктің классикалық анықтамасын Макс Вебер берген. Билік – қандай да болмасын мүмкіндік,  қалыптасқан әлеуметтік ортада өз еркіндігін жүргізу. Жоғарыда келтірілген үшеуі – билік, үстемдік, мемлекет саяси әлеуметтанудың негізгі ұғымдары.

Партиялар – ол әртүрлі пікірлердің және қызығушылықтардың интеграциясын жүзеге асыратын институттар, ірі масштабты жобаларды ұсынады  және саяси шиеленістердің өткізілуіне және шешілуіне қатысады.

Саяси әлеуметтендіру – индивидтердің  саяси мінез-құлықты және саяси сананы анықтайтын тұлғалық сипатты, білімді, қабілеттерді және құндылықтарды игеру үдерісі. Саяси әлеуметтендіру агенттері ретінде әлеуметтендірудің агенттері алынады.

Саяси мәдениет – саяси мінез-құлықты басқаратын  саяси  құбылыстарға реттілікті және мазмұн беретін қондырғылардың, наным-сенімдердің, сезімдердің жиынтығы. Ол саяси идеалдарды және нормаларды қамтиды.

.Экономикалық әлеуметтану – социологиялық білімнің бөлігі. Экономика институті –  қоршаған ортаға әлеуметтік жүйенің бейімделу функциясын атқарады. Экономика адамдардың өндіріс, тұтыну және бөлу салаларындағы тәртіптерін реттейді.

Отбасы әлеуметтануы – әлеуметтік жүйе ретінде ыәлеуметтік институттың және кіші әлеуметтік топтың сипаттарын қамтиды.

  Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлар, ата-аналар, балалар және т.б. туыстар қарым-қатынастарын реттейтің әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерін сипаттайды. Отбасы әлеуметтік топ ретінде  неке немесе қандық туыстық нәтиижесінде қалыптасқан қауымдастық, мүшелері бір бірімен тұрмыс,  жұбайлардың өзара жәрдем, балалардың тәрбиесі және денсаулығына  деген моральдық жауапкершілікке ие адамдар жиынтығы ретінде алуға болады. Отбасының әртүрлі классификациялары бар. Отбасының негізгі қызметтеріне: 1. Жыныстық қатынастарды ретттеу. 2. Репродуктивті функция. 3. әлеуметтендіру қызметі. 4. Эмоционалды қанағаттандыру функциясы. 5. Статустық қызмет. 6. Қорғау функциясы. 7. Экономикалық қызмет.

Мәдениет әлеуметтануы. Мәдениет» ұғымының алғашқы мағынасы  (лат. cultura) — жерді өңдеу болған. Көбінесе мәдениетті адам қолымен жасалғанның барлығын дегенді білдіреді.Мәдениет – ол көпқірлі бірлік, адамдармен қоғам мүшелері ретінде қабылданған білімдер, наным-сенімдер, моральдық көзқарастар, заңдар дәстүрлер және т.б. дағдылар мен әдет-ғұрыптар. Көбінесе басым және азшылық топтың мәдениет түрлері бөліп көрсетіледі. Субмәдениет – жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келмейтін жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Контрмәдениет – жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келетін жалпы мәдениеттің бір бөлігі.Әр қауымдастықтың өзінің мүшелерінің мінез-құлықтарын басқаратын жәнебақылайтын модельдер, нормалар және құндылықтар бар. Сонымен мәдениетті рухани және материалды, элитарлы және бұқаралық, -  деп бөледі. Құндылық – тәжірибеден қабылданған жалпы және тұрақты түсініктер; ол – таңдау тенденциясы және мақсат пен  іс-әрекеттің нәтижесін критерийін орнату. Құндылықтардың  маңызы бірдей емес, олар маңыздылық деңгейіне байланысты бірреттілікте орнастырылады ол- құндылықтар жүйесі ретінде анықталады. Құндылықтар жүйесі әртүрлі модельдер және мінез-құлық арасында таңдауды бағыттайды және реттейді.  Өлшем (норма) — әлеуметтік топпен қабылданған және осы топ санкциялар арқылы бақылайтын мінез-құлық ережесі. Ауытқушылық — нормалардан бас тарттылған тәртіп. Аномия  (лат.)– нормалардың болмауы.  «Мәдени шиеленіс» индивидттердің негізгі құндылықтары сәйкес келмейтін және өз құндылықтарын қорғау үшін басқа құндылықтармен шиеленіске түсетін жағдайларды біріктіретін ұғым.

Бұқаралық қатынас әлеуметтануыКоммуникация (лат. communicatio "жалпы жасаймын, байланысытырамын"), кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері. Коммуникация теқ көптеген гуманитарлы пәндердің объектісі ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі..Әлеуметтік коммуникация, - деген қоғамда  әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.БКҚ үш түрі бөліп көрсетіледі: қоғамның  позитивті жағынан интеграцияның жоғарлатпайтын БКҚ,  қоғамның  позитивті және негативті  жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ; қоғамның  позитивті жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ.  БКҚ негізгі функциялары –

 

 

 

 


Описание работы
Білім әлеуметтік құбылыс және үдеріс ретінде, әлеуметтік жүйе және әлеуметтік институт ретінде. Социологиялық талдауды қолдану нәтижесінде білімнің екі жақтары анықталады – әлеуметтік және жеке. Олар білімді әлеуметтік институт ретінде қарастырылғанда біріктіріледі. Институционалды тәсіл арқылы білімді әлеуметтік және жеке деңгейлерде қарастыруға мүмкіндік береді. әлемдік білім беру жүйесі философиялық және мәдени дәстүрлері бойынша, мақсат пен міндет, өзінің сапалық жағдайымен айырықшыланатын әртүрлі ұлттық білім беру жүйелерді қамтиды
Содержание
содержание отсутствует