әлеуметтану кезеңдері

Дата добавления: 19 Февраля 2013 в 10:26
Автор: b**********@mail.ru
Тип работы: доклад
Скачать полностью (19.68 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

жадыра.docx

  —  22.08 Кб

Қоғамдағы көптеген негізгі құрал – әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады.

Әлеуметтік нормалардың негізгі түрі ретінде құқық нормасы – мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формальды анықталған мінез – құлық ережесі; Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі – құқықтық нормалар. Әлеуметтік норманың барлық сапаларын иемдене отырып, олар мемлекетпен ажырағысыз байланысы арқылы анықталатын арнаулы ерекшеліктерімен де сипатталады: көрініс табуының, бұзудан қорғаудың үлгісі ерекше болады.

Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған әрекет тәртібі. Құқықтық норма – әлеуметтік құрылым ретіндегі құқықтың бастапқы элементі, бүкіл құқықтық жүйенің негізгі түсінігі. Құқықтық норманың салыстырмалы толық түсінігін анықтау үшін, оның құрулы процесін, негізделуін, табиғатын, қасиеттерін, әлеуметтік ролін ұғыну керек.

Құқық нормасы туралы мәселе заң ғылымында даулы сұрақтардың бірі. Аталмыш дипломдық жұмыста зерттеудің мақсаты: құқық нормасының мазмұнын, оның құрылымдық сипаты мен құрылымдық бөліктерін жан – жақты қарастыру. Жұмыстың мақсатынан кейін, оның негізгі шешуші жолдары ретінде мынадай міндеттер қойылады:

- құқық нормасының түсінігін  анықтау;

- құқық нормасының мәні мен  маңызын қарастыру;

- құқық нормасын жіктеу;

- құқық нормасының құрылымын  талдау;

- құқық нормасының элементтерін зерттеу;

Жұмыста ғылыми зерттеудің жалпы және жеке әдістері: диалектикалық, тарихи, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, лингвистикалық, конкретті (нақты)-әлеуметтік қолданылды. Жазбадағы көптеген ережелер, көрсетілген тұжырымдамалық мәні бар және дамудың келешегі үшін қолданылуы мүмкін.

Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

 

 

 

 

 

Құқықтық норма  ұғымы. Норма дегеніміз – бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже.

Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың  жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын  және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады. 

 

 

            Құқықтық нормалардың белгілері:

  1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
  2. Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
  3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
  4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
  5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

 

 

Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида. 

 

Құқықтық  норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция. 

 

Диспозициця – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.

Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады. 

 

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.  

 

Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.  

 

Құқықтық  нормалар бірнеше түрге бөлінеді:  

 

<!--[if !supportLists]-->1.                  Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.<!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->2.                  Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.<!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->3.                  Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.<!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->4.                  Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.<!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->5.                  Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.

 

 

 

 

 

 

Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын  философы мен  әлеуметтанушы- позитивисты әлеуметтануда  натуралистік бағыттың  көрнекті өкілі болып келді.  Ол қоғамды  биологиялық ағза  аналогиясында қарастырды.  Спенсердің әлеуметтік  оқулары «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша қоғам жанды дамушы ағза ретінде оның негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде қарастырылады. Қоғам функциялары  тірі ағза функцияларымен  ұқсас келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл   құрылымдық-функционалдық және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза  үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын  қалыптастыру» және «үлестіруші».

Спенсер қоғамның екі түрін  ажыратты: әскери және өндірістік. Олардың  әрқайсысында  өмір сүру күрес құралдары әртүрлі келеді. Қоғамның бірінші түрі  әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске жетеді. Осындай күрес түрі қоғам үшін қолайлы, себебі  бұл қоғамның интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты, Спенсер әлеуметтік дамудың  органикалық үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді.  Бір уақытта ол теңдік жақтасы болып, тұлғаның құқық еркіндігі мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді.  Спенсердің әлеуметтік қағидасы  функционализм және құрылымдық функционализм сияқты батыс мектептердің қалыптасуына  елеулі әсерін тигізді.

 

 

 

Неміс социологы М. Вебер  де әлеуметтанудың дамуына елеулі үлес қосты. К.Маркстың отандасы Дюркгейм мен  бір уақытта өмір сүруіне қарамастан,  көз-қарастарымен елеулі ажыратылды. Дюркгейм мен Маркс жетекшілікті қоғамға бағыттаса,  Вебер жеке адамға және қоғамның  даму себебіне  әлеуметтік құндылықтарды жатқызды.  Вебер бойынша, тек жеке адам ғана қызығушылықтарға, мақсат пен танымға ие болады. Ғылыми айналымға «рациональдылық», «идеалды тип» түсініктерін еңгізді. 

Вебер социологиясының негізі болып идеалді түрлер жөнінде  ілім болды. Идеалді түр – бұл  объективті эмпирикалық ақиқатты емес, ойлаудың нәтижесін, ғалымның іс-әрекетін бейнелейтін теориялық конструкциясын айқындады.  Идеалды түр – бұл зерттеуші-социологтың нақты материал танып, білудегі жүйелеу әдісі. Идеальды түрлер 2 түрге бөлінеді: тарихи (тарихты бейнелейді), социологиялық (ғалыммен жасалады).

Оның идеалды түрлер жөніндегі  ілімі «түсінетін» социологияның  негізі болып табылады. Әлеуметтанудың пәні болып адамның және әлеуметтік топтардың әрекетін зерттеу саналады. Әлеуметтанушы адамның әрекетін қызықтыратын сол, адамдар өздерінің  іс-қимылдарына белгілі бір мән  береді. Мұндай мәндік әрекеттерді  зерттеу «түсінетін» социологияның  пәні болып табылады.

Вебердің маңызды идеясы бұл елеулі экономикалық тиімділікті  алуға бағытталған рационалдықтың, рационалды әрекет идеясы. Бұл тенденция  қоғамдық өмірдің барлық саласын  қамтиды. Ал бұл рационалдықтың капиталистік қоғамда ең шығанағы – бюрократия, қоғамды бюрократияландыруға бағытталған  тенденция саналады.

Батыс социологиясының дамуында сонымен қатар, веберлік дін әлеуметтенуы  үлкен рөл ойнады. Оның пәні болып батыс еуропалық капитализмнің құрылуында протестанттық шаруашылық этиканы зерттеу болады.

Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде  ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық  социологиялық зерттеулердің  қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық  әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б.  19 ғ. аяғы мен 20 г. басы  әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет  мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм  және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі  негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен  зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.  

Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың  француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір  құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б.  Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды  эмпирикалық және аналитикалық  түрде зерттеу және фактілер негізделу  қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық  өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады.  Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика  қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі  жағдайы ретінде зерттейді және негізгі  заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың  қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші  күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру  заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік.


Описание работы
Қоғамдағы көптеген негізгі құрал – әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады.
Содержание
содержание отсутствует