Киын балалармен әлеуметтік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 06:58, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Әлеуметтік педагог қиын балалармен жұмыс жасағанда жуапкершілікпен, оны қайта тәрбиелеу жолына түсірумен айналысуы керектігі жайында, адамдармен қарым-қатынасын түзету жонінде қарастыруы қажет етуі.
Мақсаты. Педагог қиын балалардың бойындағы қиындықтарды (дұрыс қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, өзіндік бағалануы төмен , ұялшақ) тұзету.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………….1
Негізгі бөлімі……………………………………………………………..2
I Қиын бала туралы түсінік……………………………………………...3
1.1 Қиын баланың пайда болуы, оның әлеуметтік педагогикада зерттелуі………………………………………………………………...4-5
1.2 Әлеуметтік педагогтың қиын баламен жұмысының түрлері……6-7
1.3 Тәрбиеленуі қиын балалар туралы түсінік…………………………8
II Қиын балалармен жұмыс жүргізетін әлеуметтік педагогтың жұмысын талдау………………………………………………………………………9
2.1 Мінез-құлқында қиындығы бар балалар мен жұмыс жүргізетін әлеуметтік педагогтың жұмысының түрлерін қарастыру………………………10-11
2.2 Қиын балалардың қарым-қатынасындағы шиеленістіретін фактор, олардың туындау себептері. ……………………………………………12
III Қиын балаларды қайта тәрбиелеуде әлеуметтік педагогтың жұмысын жетілдіру шаралары……………………………………………………….13
3.1 Қиын балаларды қайта тәрбиелеу және коррекциялау жолдары, оларды жетілдіру жолдары………………………………………………………14-16

Работа содержит 1 файл

курсавой Назгул.doc

— 150.50 Кб (Скачать)
  • дайындық кезеңі;
  • қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;
  • екінші кезең – қиын оқушылар  мен көш жора – жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.

Үшінші кезең  өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың  ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл  бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың  арасында күрес басталады. 

Соңғы кезең  бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы  мінез құлқындағы адамгершілік мәнді  өзгерсітер болған сайын, өзін - өзі тәрбиелеуге  талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.

3.Қазақ халқы-ғажап тәлімгер.

Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін ,тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-оқушыға  қажет.

Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтанарашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне дегенөзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс анна тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген,әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін,ерптегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.

«Елдің көркі  тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса.олар өз анна тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.

Бүгінгі ХХІ  ғасыр талабында Жан-жақты ел тарихын жетік білетін , заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты міндет.

 

 

 

 

 

 

 

1.3  Тәрбиеленуі қиын балалар туралы түсінік.

 

Ата-аналарға да, мұғалімдерге де тәрбиенің әсеріне көнуі қиын балалармен жиі кездесуге тура келеді. Мұндай балалар отбасында күн тәртібін бұзады, үй іші заттарын бүлдіреді, оларды еш нәрседе тоқтата алмайды. Мектепте олар төбелестің бастаушысы, сабақтардың бұзушысы, әр түрлі қрыс-жанжалдардың ұйымдастырушылары болады. Олар сабаққа әзірленбейді, бір қалыпты оқымайды, мұғалімдермен дөрекі сөйлеседі. Мұғалімдер ата-ананы мектепке жиі шақырады, мектептегі балалар ұйымы «талқыға салады» осының бәрінің де нәтижесі шамалы.

Тәрбиеленуі қиын балалармен не істеу керек? Алдымен бұл сұраққа жауап беруден бұрын, балалардың неге тәрбиеленуі қиын балаларға айналатынын анықтап алу керек. Бұның ең басты себебі- тұрмыс жағдайының қолайсыздығы мен отбасындағы тәрбиенің дұрыс еместігі. Отбасындағы үлкендер тарапынан болған әділетсіздікке ол әдепсіздікпен, бағынбаушылықпен қарсылық көрсетіп жауап береді. Бірте-бірте баланың баланың мұндай тәртібі тұрақты сипат алып, ол үшін кез келген жағдайда да әдеттегі дағдыға айналады.

Қолайсыз жағдаймен  балаға тиісті көңіл бөлмеушілік  оны қаншалықты тәрбиелеуге қиын етсе, шеттен тыс қолайлы жағдай мен шектен тыс көңіл бөлуде тәрбиеленуді соншалықты қиын етеді. Үлкендердің барлығыда шолжыңның қандай орынсыз тілегін болса да орындауға дайын тұратын, оған ешқандай шек қойып, тиым салмайтын отбасыларда болады. Сөйтіп балада оған барлығын да істеуге болады екен деген сенім пайда болады. Ата-ана бір жағымсыз бір істен тоқтатқысы келсе де, оған қорғалақтап, батыл тыйым сала алмайды. Ондай ата- ананың пікірімен санаспауға болады деген пікір оңай шығады. Тәрбиеленуі қиын бала мектепте жамандардың қатарында болады.

Тәрбие жұмысында  болған кемшілікті түзетіп, тәрбие жұмысын дұрыс жолға қойып, баланың тұрмысында қалыпты жағдай туғызуға болады. Тәрбиеленуі қиын бала шын жүректен сенімділік, қайырымдылық және сүйіспеншілік көрсетсе, өздеріне мұндай қатынасты көксейтін олар да, қайырымдылыққа, оның күші мен қабілеттілікке сенушілікке шын көңілде адалдықпен, қайырымдылықпен жауап береді. Әрине, олар үлкендердің өзіне қатынасы өзгергенін аңғартып, оған өте сезіктене қарайды, өзіне үйреншіксіз мұндай қатынасқа ол бірден сене қоймайды, мұндай қатынас әдейі тек оны «тәрбиелеу» үшін ғана болып отырғанын сезсе, ол қатулана түседі. Бала отбасы өмірінің ең маңызды мәселелеріне батыл араластырылып, оның берген кеңесі мен пікірлерін силап,  оған маңызды істер тапсырылып, ақылдың көмегінсіз-ақ, оның тентектігі мен жаман қылығы неге әкеп соқтыратындығын өзі түсінетіндей жағдай туғызу  қажет.  

 

 

 

II Қиын балалармен жұмыс жүргізетін әлеуметтік педагогтың жұмысын талдау.

 

 

Әлеуметтік  педагогтың қиын балалармен жұмысы- бала бойындағы қиындықтарды анықтап, оларды түзету жолдарын дұрыс ұйымдастыра білу. Егер де, педагог өз жұмысына немқұрайлы қараса оқушылардың келесі қиындықтарын анықтауға болады;

  1. Оқушының қоршаған ортамен қарым-қатынасының бұзылуы.
  2. Ерке балалар.

Бұндай оқушылар көбінесе барлық жағдайды қажеттіліктің қалыптасу деңгейінің бағыттылығын ескеру керек. Педагог отбасының тәрбиенің жағымды жақтарына сүйенеді. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, өсуі, оқуы  керек. «Қиын» балалықты біршама диагностикалаудың құнды ойларын Л.С.Выготский жасаған болатын. Ол баланың дамуындағы сапалы жылжулар идеясын, жаңа құрылымның пайда болуын және даму кезеңінде функция аралық қатынастардың өзгеру идеясын көрсетті.

Жетекші жастағы  оқушылардың жеке басын қалыптастыруда үлкен орынды эмоция иеленді. Оларды, жарқын күшті көңіл-күйлер басым болады. Бірақта кейбір жағдайларда, өзіне маңызды болып саналатын іс-әрекеттер қанағаттандырылмаса, онда балаларда жан күйзелісті қайғырулар болуы мүмкін.

Д.Б.Эльконин мұғалім  мен балалардың арасындағы қарым-қатынас оқушылар өте байқампаз болып келетіні айтады. Егер оқушы мұғалімнің сыныпта басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар екенін байқаса, онда мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде оқушылар педагогтың айтқанымен жүреді, яғни мұғалімнің айтқаны олар үшін-заң. Егер де мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көз-қараста болмаса, баланың оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзгелерден өзіне жақын тартатын оқушысы басқалардан өзін жоғары ұстайды да, соның нәтижесінде «сөз тасығыш» балалар пайда болады. Бала мектепте өзін жақсы сезінсе, онда үйде де,  құрбыларымен де қарым-қатынасы оңдағыдай болады.

Бүгінгі таңда  әрбір жас адамның жеке тұлға  ретінде қалыптасуы үшін адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалана алуы үшін әр бәр адамның психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінезі жаман оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет.   

 

 

 

 

    1. Мінез-құлқында қиындығы бар балалармен жұмыс жүргізетін әлеуметтік педагогтың жұмысының түрлері.

 

Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы-оқушыларды негізгі пәндермен тереңде берік қаруландыру, ал білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейінде іскерлікпен қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін  мұғалім оқушының мінез-құлқының, сана сезімінің жетілу дәрежесін, таным процестерінің дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыру қажет. Мұғалім мен қиын баланың арасындағы қарым-қатынаста мұғалімнің негізгі жұмыс бағыттары;

  1. Оқушының жеке дамуын бақылау оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына, мінез-құлқының қалыптасуына тиімді жағдай жасау.
  2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
  3. Оқушыларды қоғамдық құндық қатынастарға жетелейтін әрекеттің барлық түрлерін ұйымдастыру.
  4. Оқушылардың еркіндіктері мен құндылықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.
  5. Сыныпта оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. 

Алдымен мінез-құлықында қиындығы бар оқушылардың дара ерекшеліктерін жан-жақты қарастыруымыз керек. Мысалы, белгілі психолог К.К.Платоновтың көзқарасы бойынша «жеке адамның псих.ық құрылымы» төрт бөліктен тұрады;

  1. оның жынысы, жас өзгешеліктері, биологиялық қасиеттері;
  2. оның даму барысының дербес ерекшеліктері;
  3. баланың әлеуметтік тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі.
  4. оның жалпы адамгершілік қасиеттері, жеке адамның бағыттылығы.

Мұғалімнің негізгі  міндеті бала бойындағы қиындықтарды анықтап, оларды дұрыс жолға салу.

Мінез құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың  психологиялық ерекшеліктерін еске алып отыру қажет.

Конформдық түрге жататын  балаларға қайырымдылыө, жақсылық жасалынатын  қатынастар, олардың адалдық және ынталылықтарын мадақтап, дем беретін қолайлы орта болуы керек.

Мазасыз түрге жататан  балалар тыныш, қайырымды жағдайды қажетсінеді. Мұндай балалардың денсаулығына қатты көңіл бөлінгені абзал.

Мұғалімдер мен тәрбиеленушілер, әсіресе интровертивті түрге жататын балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алу шарт, олардың ақыл ой функцияларын дамытуға әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және әлеуметтік мөлшерді меңгеруге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарын өзара қатынастарын «жақсартуға» көмек қолын тигізу керек.

Инфантильді түрге жататын  балалардың тұрақты оқуға деген  қызығушылығын, мультивациясы  мен  дағдысын  кеңейту, белсенді ойлау әрекеттері мен ойын әрекеттеріне еліктеу, қызығушылықтарын арттыру, дербестікке ынталандыруды қалыптастыру қажет.

        Өзін-өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар береді. өзіне деген сенімді өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналасындағы адамдар балаға үнемі дұрыс көзқарас жасаса, онда ол өзін осы силастыққа лайық екенмін деп санайды., ал егер керісінше оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрысып, жаратпай жатса, оған өзіме лайық емеспін дегеннен басқа түк қалмайды және бұл жағдайда баланың реакциясы әртүрлі (шеттен шыққан арсыздық) болады. Мінез-құлқында айтарлықтай ауытқуы бар оқушылардың көпшілігінде, өзінің талаптану, тілек-ықыласы, сезіміне деген төзімі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларда олар ата-аналардың, мұғалімдердің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау-жанжал тудырып жатады. Бұл жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Оларға айқайлау, белдікпен ұру, желкеге ұру деген сияқты көріністер керек емес, оларға жан-жақты көмек, жан-жақты көмек, адамдық сезімнің жылылығы, шын көңілмен сүю, ұғу қажеттірек. Тіпті жай ғана бір мысалы алап көрейікші; егер де гүлді күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, сонда жайылып өседі. Адамдарға өзінің әсемдігін, түсін береді, ал оны қарамасаң, күтпесең, таптасаң, ол сарғайып, солып қалады. Міне бұл қарапайым шындық. Бірақта бұл шындықты сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп отбасында қмытылып жатады немесе бұл туралы ойлағысы келмейді. Әрине мұндай отбасында тәрбиеленіп жатқан баланың психикасы бұзылады яғни мінез-құлқы бұзыла бастайды.

Оқушының мінез-құлқының айналасындағылардың ықпалы күшті. Бұдан балалар мінез-құлқының бірі еліктегіштікті байқауға болады. Егер бала жақсы өнеге көрсеткен адамдармен араласа бұл жақсы нәтиже береді. Өкінішке қарай, бала жаман қылықтарғада еліктейді. Мұғалім балалардың бұл ерекшеліктерін пайдалана отырса, оларға тиісті ықпал жасай алады.

Қазақстанда отбасы тәрбиесі мәселесәмен шұғылданып жүрген ғалымдар; Г.А.Уманов, Ж.Қоянбаев бұл авторлар отбасы тәрбие провлемасын әр қырынан  қарастырған. Ата-ананың міндеттері, мектеп пен жұртшылық байланыс мәселелері және отбасы тәрбиесіне нұқсан келтірген. Оның сапасы бірнеше деңгейлер, салалар арқылы анықталады. Әлеуметтік мәдени деңгей ата-ананың мәдени өмірі мен қоғам өміріне қатысуына, әлеуметтік экономикалық деңгейі тұрмыстық жағдайға, ата-ананың жұмыс бастылығына, техникалық-гигеналық деңгейі үйінің жабдықталуына, өмір сүру ерекшеліктеріне, демократиялық деңгейі отбасы құрылымына байланысты.                             

 

 

 

 

 

    1. Қиын балалардың қарам-қатынасындағы шиеленістіретін фактор, олардың туындау себептері.

 

Оқушылардың    қарым-қатынасындағы мінез ерекшеліктері;

А) Қоғамдық ортада, қндіріс  коллективте, жора-жолдастары мен басқа адамдармен қарым-қатынасы еліміздегі жаңалықтардан хабардар, хабардар емес, айналасымен байланыс жасай алады, шындықты айта және жақтай алады, үлкен кішіні силайды, силамайды, өзін-өзі ұстай алмайды., ызақор, ашуланшақ, тұйық т.б.

Ә) Қатар құрбылары  мен мектеп оқушыларымен қарым-қатынасы, өзін іркелкі ұстау, силасымды, ұстанымды, артықшылығын сезіну, күш көрсету, жәбірлеу зорлықты сезіну, зорлық-зомбылық жасау, қорқақ, ұяң, ұялшақ т.б.

     1. Жеке өз басына қатысты;

А) жеке өз басына сын  көзбен қарау, дұрыс баға беру, артық  санау, қатал, өзіне сенімді, сенімсіз, төмен санау.

Ә) дене күшіне сену, басшылыққа ұмтылу, абырой, жарамсақтану, жалынышты болу.

Б) үлкендерге ұқсауда  өз пікірі болуы, бағынышты болмауы, өздігінен талаптануы, ешкімге қажет  емеспін деп сенуі.

    2. Жеке басының ынта-ықыласы, құштарлығы, талап, тілегі;

А) творчестволық, ұйымдастыру  істер мен техникалық, математикалық, музыкалық бейнелеу өнеріне бейімділігі спорт ойындарына икемділігі бар немесе жоқ.

Ә) Үйірме және секция жұмыстарына  қатысады, қатыспайды.

Б) Көркем әдебиет, газет  журналдарды оқиды, оқымайды, спектакльдер мен кинофильм, теледидарды тиянақты көреді, көрмейді.

Информация о работе Киын балалармен әлеуметтік жұмыс