Азия елдеріндегі әлеуметтік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:06, реферат

Описание работы

Әлеуметтік жұмыс кәсіби іс - әрекет ретінде ХХ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс елдерінде дүниеге келе бастады. Көпке мәлім, 1936 жылы Үндістанда Әлеуметтік ғылымдар институты ашылды, онда ұйымдастырылған әлеуметтік көмек пен қайырымдылық қорларына бағытталған мамандар даярланды. Шамамен сол кездерде кейбір араб елдерінде де әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау қолға алына бастады. Алайда, Азияда әлеуметтік жұмысты институционализациялау процесі Батысқа қарағанда баяу жүрді.