Қазақстандағы әлеуметтанудың дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 22:14, реферат

Описание работы

Қазақстандағы әлеуметтік ой-пікірінің дамуы (ХІХ ғасыр – ХХ ғасырдың бірінші жартысы).
ХІХ ғ.60-шы ж.ж патшалық Ресей қазақ даласын толығымен отарлауды іске асырған. Ол жүргізілген отарлау саясаты қазақ халқының әлеуметтік–экономикалық, мәдени-құқықтық және тағы да басқа өмір салаларына ай –
тарлықтай ықпал етті.Сол тұста қазақ даласына демократиялық көзқарас -тағы орыс ойшылдары әр түрлі себептермен келе бастаған. Солардың қа –тарында А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин және т.б болған. Қазақ ағартушылары өздері өмір сүрген тұстағы қоғамның тыныс – тіршілігін зерттеп, оның әлеуметтік мән-мазмұнын ашып тағы да басқа мәселелерін терең пайымдаулардан өткізді.

Содержание

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
“Зар заман” мектебінің өкілдері.
“Ағартушы” кезеңі өкілдері.
“Ш.Уалихановтың” әлеуметтік ой-пікірлері.
Ы.Алтынсариннің” әлеуметтік ой-пікірлері.
“А.Құнанбаевтың” әлеуметтік ой-пікірлері.
“А.Байтурсыновтың” әлеуметтік ой-пікірлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Абылхаятова Г..doc

— 180.50 Кб (Скачать)

     

      СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

            Қазақстан тарихы және саясаттану кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

      СӨЖ

 

 

Тақырыбы: «Қазақстандағы әлеуметтанудың дамуы»

Пән: Әлеуметтану

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              

                                                           Орындаған: Абылхаятова Г.А.

                                                                                      228-топ ЖМФ 

                                                           Тексерген: Марқабаева А.М

 

 

 

 

 

 

 

                                         Семей – 2013ж.

 

Жоспар:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  1. “Зар заман” мектебінің өкілдері.
  1. “Ағартушы” кезеңі өкілдері.
  2. “Ш.Уалихановтың” әлеуметтік ой-пікірлері.
  3. Ы.Алтынсариннің” әлеуметтік ой-пікірлері.
  4. “А.Құнанбаевтың” әлеуметтік ой-пікірлері.
  5. “А.Байтурсыновтың” әлеуметтік ой-пікірлері.
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

      Қазақстандағы әлеуметтік ой-пікірінің дамуы (ХІХ ғасыр – ХХ ғасырдың бірінші жартысы).

       ХІХ ғ.60-шы ж.ж патшалық Ресей қазақ даласын толығымен отарлауды іске асырған. Ол жүргізілген отарлау саясаты қазақ  халқының әлеуметтік–экономикалық, мәдени-құқықтық және тағы да басқа өмір салаларына ай –

тарлықтай ықпал етті.Сол  тұста қазақ даласына демократиялық көзқарас -тағы орыс ойшылдары әр түрлі себептермен келе бастаған. Солардың қа –тарында А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин және т.б болған. Қазақ ағартушылары өздері өмір сүрген тұстағы қоғамның тыныс – тіршілігін зерттеп, оның әлеуметтік  мән-мазмұнын ашып тағы да басқа мәселелерін терең пайымдаулардан өткізді.

       Зар заман ағымына анықтама берсек, ол отаршылдық дәуірдегі елдің әлеуметтік ахуалының көркем бейнелеуінің көрінісі.Асан ата айтып кеткен («Мұнан соң қилы-қилы заман болар,Заман азып,заң тозып, жаман болар»),Бұқар болжап берген («Күн батыстан бір дұшпан, Ақырда шығар сол тұстан») дәуір келіп жеткен соң ақын-жырауларының  өлең-толғауларының тақырыбы өзінен-өзі зар заман ағымына ойысты. Сондықтан бұл құбылыс басталар жері, тамамдалар тұсы айқындалған, тарихи өзгерістер аясында жетіліп, өркенделген, түйінделген ағым ретінде қарастырылады. Бұл сарынның ақындары қатарына Дулат Бабатайұлын\1802-1871\,Шортанбай Қанайұлын\1818- 1881\, Мұрат Мөңкеұлын\1843-1906\, Әбубәкір Кердері Шоқанұлын\1858-1903\ т.с.с. ақындарды қосуға болады

 Солардың көрнекті өкілдерінің бірі Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген әлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер.Қазақ даласына сауда капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде әсерлі суреттеледі:

Асылық азған заманда,

Алуан- алуан жау шықты.

Арам, араз хан шықты.

Қайыры жоқ бай шықты,

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты,-

 
деп ол бірде қазақ даласына келген сауданы айыптаса, елдің бас көтерер  азаматтарының байлыққа құнығуын, қанаудың күшейгенін сынға алады.

 

 

      Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.

      Ш.Уалиханов (1835—1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. 1856 жылы Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі - дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны “Манасты” көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уәлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі - ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”, “Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы”, “Қырғыздар туралы жазбалар” деген тарихи-этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі болатын. Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми мұрасы Қазақстанның және көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтардың проблемаларының өзекті тұстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге  де  үлкен  үлес  қосты.   

 

                      

 

Ш. Уалихановтың ғылыми еңбектерінің бәрінде,атап айтқанда,”Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы”,”Сот реформасы жайлы жазбалар”,”Баянауыл округі туралы”,”Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы ”, ”Сахарадағы мұсылмандық туралы” және т.б шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.

      Қазақ қоғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві болғанын,қоғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын

 

сынай отырып, қазақ елінің өркендеу болашығын реформамен тығыз байланыстырады,реформаға қалай әзірлену және оны қалай жүргізу қажеттігі жөнінде аса құнды ой-пікірлер тұжырымдады. Оның пікірінше, реформаға ғылыми тұрғыдан келу керек, нақты тарихи жағдайды есепке алу қажет. Сонда ғана реформа сәтті орындалады, соның негізінде қоғамдық организмнің дамуы іске асады. Мұндай реформа аяғына дейін жеткізу маңызды процесс деп санайды.

        Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны  жемісті жүргізу үшін өзгерістердің  ішкі қайнар көздерін көре  білу қажет болды. Сонымен қатар Шоқан қоғамдағы өзгерістерді жасау қажеттілігі қоғамның даму деңгейінен және бұқара халықтың өмір салтынан туындауы тиіс деп түйді.

        Ш. Уәлихановтың тұжырымдауынша, қоғамда жасалатын бетбұрыстардың  халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық  және әлеуметтік реформа, олар « халықтың  маңызды мұқтаждарына тікелей қатысы бар реформа деп саналады, ал саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды іске асырудың құралы ретінде қолданылуы тиіс, өйткені жеке алынған әрбір адам және барлық адамзат ұжымдаса отырып өзінің дамуында бір ғана түпкі мақсатқа – өзінің материалдық әл – ауқатын оңалтуға ұмтылады және осының өзі прогресс болып саналады ».

    Қоғамда жасалатын бет бұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік реформа. Шоқанның пікірі бойынша, экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық прогресске жетуді мақсат етуі керек ,ал қоғамдық прогресс өз кезегінде халықтың материалдық халін жақсартуға қызмет етуі тиіс. Саяси реформа белгіленген экономикалық мақсатқа жетудің құралы қызметін атқарады.Ал ол халықтың пайдасы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер материалдық қажеттілігіне және ұлттық мазмұнына орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы қажет.Оның аталмыш мұқтаждықтар мен сипаттар деп қазақтың ауылдық рулық қауымдастығының жерді ұжымдасып пайдалануы,еңбекші жұрттың  әлеуметтік қауымдастығы сияқты жақсы жақтары еді.

       Шоқан  реформаны халыққа таңуға да  қарсы болды. Оның көзқарасы  бойынша, «еріксіз, күштеп іске асырылған реформа қазіргі таңға дейін адамзатты ауыр зардапқа соқтырып келеді».

      Реформалардың  сәтті жүзеге асуын Шоқан олардың  дұрыстығымен байланысты қарастырады. Олар прогресс заңдарына негізделсе ғана дұрыс болады. Оның пікірі бойынша, дәл осындай жағдайда ғана қоғамдық организмнің дамуы дұрыс, орынды жүреді. Осыдан келіп халықтар: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және жазғыру іспетті саяси прерогативтерді жүзеге асыру тиіс.

    Шоқан қазақтың қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып,оның әлуметтік таптық құрамының қоғам дамуына сәйкес үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Оның тұжырымдамаларында қазақ қоғамының ақ сүйек және қара сүйек деп аталатын екі топқа бөлінуі феодалдық қоғам кезінде орын алғандығы тұжырымдалады. Қоғамның мұндай екі әлеуметтік топқа бөлінуінің себебін

 

ол адамның шыққан ата-тегіне, мал-мүлкінен, билік ету  деңгейінен көреді. Шоқанның әлеуметтанулық көзқарастары О.Конт, Г.Спенсер, т.б. Батыс әлеуметтанушыларының ой – пікірлерімен ұқсас. Шоқан олардың тұжырымдамаларының төңірегінде қалып қоймады.Қоғамның кейбір әлеуметтік мәселелері жөнінде олардан ілгері кетті.

       Шоқанның әлеуметтану саласындағы пайымдаулары қоғамдық ғылымдарға қосылған зор ілес. Шоқан сияқты қазақ қоғамына назар аударып,оны тұңғыш зерттегендердің бірі Ы.Алтынсарин.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа  бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы  қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен белгілі Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітатар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында жұрттың күткен мектебі ашылады.

                                 

    

     Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ы.Алтынсарин /1841-1889/ болды. Білімсіздіктің етек алуынан қазақ қоғамының надандық жайлап отырғанын айта келіп ,жұртты білім алуға шақырды. Сондықтанда  ол өзінің 25 жылдық өмірін жеткіншектерге білім беруге арнады.Жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады. Қазақ балаларына арнап оқулықтар,оқу құралдары және әдістемелік кітаптар жазды.Ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат ,ауыл шаруашылық және қолөнер училищелерін ашты. Қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен,білім-ғылыммен байланыстырды.

        Оның жазған кітаптары білім беру тарихтарында алғашқы қазақ оқулықтары ретінде әділ бағасын алды. ”Мақтубат”, ”Қазақ хрестоматиясы”,”Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралдары” атты төл шығармалары бүгінде қолға алынып жарыққа шығып жатқан оқулықтарды қалыптастырудың үлгісі болатын құнды туындылар. Ол қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын әлеуметтік білімдік құрылымы арқылы ғана қарастырып қоймаған,оның әлеуметтік таптық құрылымына да көңіл аударған.Қазақ қоғамының кесіндісі ретінде Торғай облысының халқыналып,оны әлеуметтік зерттеу обьектісі етеді.

      Көшпелі қазақ  елін отырықшылық өмірге көнуге, тек мал шаруашылығымен ғана  емес, егіншілікпен де айналысуға, бау-бақша отырғызуға, қолөнеріне үндеген. Дінді зерттеген.

     Өзінің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбегінде ол ислам туралы объективті түсінік беруге ұмтылыс жасады. Ол ислам негіздері жөніндегі қолда бар кітаптың «ешқандай да жүйесі» жоқтығын, тіпті

«көпшілік жағдайда мән-мағынасын» сақтайтындығын, «араб жазуы» мен «құран заңына» оқыту ісін көбінесе шала сауатты адамдар жүргізетіндігін айтып, мұның бәрі қазақтың жас ұрпағына «бүгінгі таңда жағымсыз ықпал етіп отыр, ал келешекте одан да бетер әсер етуі мүмкін» деп жазды.

Осыған байланысты Ы. Алтынсарин мұсылмандық  шариғатты оқиды  оқиды да, «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабын жазып шығарады.

             Ыбырайдың әлеуметтену тұрғысынан қарастырған мәселелері ,оның нәтижелері әлемдік әлуметтану үшін аса маңызды. Ы.Алтынсарин айтып отырған әдет-ғұрып,дәстүр нормалары қоғамдық мүдделерден шыға

білеген. Ы.Алтынсарин өз замамнының ақыл-ойшылы, ірі қоғам қайраткері. Оның жарқын бейнесі мен іс-әрекетінен қазақ халқының мәдени-экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксегенін біртуар асыл азаматты көреміз. Ыбырайдың бұл арманы Қазан, кейіннен қазақ топырағында толық іске асып, салтанат құрып отыр.

      Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтік көзқарастары осы кезде қалыптасты. Ол бағзыдағы кемеңгер ойшылдардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелерге жауап беруге ұмтылды.

     А.Құнанбаев пен Ш.Уәлиханов XІX ғасырдағы екі үлкен білім жүйесінің өкілдері болды: діни (мұсылмандық) және зайырлы (орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молдалар мен мұғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия, медицина, математика, лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды Ресейге қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызығушылық жолдарына салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар, оқытушылар, әскерилер,  дәрігерлер даярлады.

 

     Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. Өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын – ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтаға бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады. Яғни адамдарды ғылым және біліммен қаруландырып, олардың сана-сезімін, білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің ерекше маңызды

рөлі, т.б. туралы бірінші  болып терең ой-пікір айтқан және қоғам құбылыстарының даму қағидаларының  бағыты туралы алғаш рет мәселел  қозғап, өзінше шешкен. Абай сол кезде қазақ халқының саяси, мәдени, экономикалық жағынан кенже қалу себебін оның көшпенділігінен, бытыраңқылығынан екендігін халыққа түсіндірмекші болды.

                              

       Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуна орыс революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушылардың еңбектері ықпал етті. Абай Г. Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен танысып, оның эволюциялық теориясын қабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулының өзгермелігі туралы ой Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде жиі ұшырасады. «Жиырмасыншы қара сөзінде»: «Дүние бірқалыпты тұрмайды» десе, өлеңінде: «адамзат күнде өзгерер» дей келіп, патриархиалды-феодалдық құрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамда өтерін зор сеніммен қарайды.

Информация о работе Қазақстандағы әлеуметтанудың дамуы